48
49
ЖАЗЫЛЫМ
Қазақстанның білім жүйесі мен басқа мемлекеттің білім жүйесін салыстырып
жазыңыздар:
Ұқсастығы
Айырмашылығы
Мәтінді түсініп оқып, мәтін бойынша тапсырмаларды орындаңыздар:
Ертеректе екі жас бір-бірін ұнатысып, табысқан соң екі
шопан құда болыпты. Қыздың әкесінде С.Мұқановтың
«Ботагөз» романы бар екен. Ол кітабын мал жайған сай-
ын алып шығып, қайталап оқи беретін көрінеді. Жігіттің
әкесі құдасынан «Ботагөзді» өтініп сұраса керек. – Қа-
лағаныңды ал, - дейді қыз әкесі, - қалың кілем дейсің бе,
жүйрік ат па, бәрін берем, тек «Ботагөзді» сұрама. Жігіт
әкесінің де кітапқа көңілі түсіп, басқа ештеңе керек бол-
мапты. Құдалардың арасына сызат түсіп, ренжісе бастай-
ды. Сатып алайын десе дүкенде жоқ, қала алыс, содан жігіттің әкесі С.Мұқановқа хат
жазады. Хатты алған Сәбең тойға бара алмайтынына кешірім сұрап, «Ботагөздің» 10
данасын салып жіберіпті. Ұлы жазушының арқасында екі құда татуласыпты дейді.
Достарыңызбен бөлісу: