Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет36/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

«Абай жолы» романынан үзіндіні оқыңыздар, қазақ әйелдерінің отбасы тәр-
биесіндегі қандай тамаша үлгіні байқадыңыздар?
... Бала көп ішінен, ең алдымен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді, 
шешесі анадай жерде тұрып:
– Әй, шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр...Сәлем бер!- деді. Абай жалт 
қарап барып жаңа көрді. Анадай жерде, қонақ үйдің сыртында, қасында екі-үш үлкен 
кісі 
бар – әкесі Құнанбай тұр екен. Ыңғайсыздықпен қысылып қалған бала, шешесінің 
сондайлық салқын сабырының мәнін ұқты да, әкесіне қарай тез бұрылды.
Сұрақтарға жауап беріңіздер:
1. Әке мен ананың отбасындағы рөлі қандай?
2. Қазіргі жастар отбасы тәртібін біледі деп ойлайсыз ба?
3. Ата-бабамыз неге ажыраспаған? 
4. Қазақта жеті атаға толмай қыз бермеген. Осының себебі не деп ойлайсыз?
ТЫҢДАЛЫМ
Мәтінді мұқият тыңдаңыздар.
...Бағанағыдай емес, Қамар еңсесін жазып, ашылып сөйлей бастады. Көзіне ерік 
беріп жылап та алды. Бас тарта алмаймын дейді. Әке-шешесі де ықтиярын беріп қой-
ған екен. Келер жылы үйленбекші көрінеді. Бірақ оның айтқандары мен үшін сынық-
қа сылтау, құлаққа кірмейтін сөз.

Қазақ жігіті жоқ па? Шыңжаңдықтар Бейжіңде толып жүр емес пе?
- Бар ғой, бірақ олармен әйтеуір тіл табыса алмай-ақ қойдым. Қанша мәрте 
жақындасайын десем де, қазақшам шорқақ болған соң соқырішектей бөлектенемін 
де тұрамын дейді. 

Қазақстанға жүрсеңші, бізбен бірге. Өзім қамқор боламын... Қазақстан қаза-
қыланып жатыр, орыс тілінсіз де өмір сүруге болады. Бүгінде жетпіс пайыздан астық, 
Құдайға шүкір.
Бірақ менің бұл сөзім Қамарға күлкілі көрінді. «мырс» етіп кекесін танытты. 

Орыстандың не, қытайға сіңдің не? Бәрібір емес пе?! Қайда барсаң да біреуге 
кіріптар боламыз ақырында. Осында оқып жүрген Қазақстан жастарын көріп жүрміз 
ғой аға, қазақшасы менен нашар. Бір-бірімен орысша шүлдірлеседі. 
... Өз елінде жүріп, ана тілінен мақұрым қалған бауырларымды былайғы күнде 
жақтырмасам да бұл жолы жақтай сөйледім. Біраз жерге дейін көсілгенімді білемін, 
әйтеуір дәл қазір қазақ үшін аралас неке қылмыс деп тұжырғаным есімде.
- Неге? Басқаларға болғанда қазаққа өзге ұлтпен бас қосуға болмай ма? Әрі-
беріден соң Қазақстанда жүріп те қазақ қыздары шетелдіктерге үйленіп жатыр емес 
пе? – деп жабыса кетті.

Болмайды, олар шіріген жұмыртқа, жоғалған ұрпақ. Өзгеге қыз бермек түгіл, 
қыз алуға да болмайды. Өйткені олардан туған бала бәрібір қазақ болмайды.
- Неге?

Өйткені қазақ ұзақ жылғы зобалаңда ұлттық имунитетін әлсіретіп алған ха-
лық. Біз біреуді сіңіріп алам дегенше, біреуге сіңіп кетуге бейім тұрамыз. Орыспен 
жақындассақ, орыс боп кетеміз, қытайға қыз беріп, қыз алсақ қытай боп шыға ке-
леміз. Өзгенің тілінде жүйріктей жүйткиміз, өзіміздің тілде тұсаулы аттай шоқырақ-
таймыз. Оның себебін өзім де білмеймін.

Ал мен баламды қазақ қылып өсірем десем сенесіз бе?

Сенбеймін, - дедім шорт кесіп. Өйткені сен өзің шала қазақсың...
(Есболат Айдабосын «Тибет аруы»)


45
44


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет