52
53
Тұңғыш рет ақылы бар робот жазған мақала-
ны Los Angeles Times сайты жариялады. Мақала
мәтініне зер салсақ: «Геологиялық қызмет көрсе-
ту орталығының мәліметіне сүйенсек, дүйсенбі
күні таңғы сағат 6:25-те Калифорния штатында
4,7 балдық жер сілкінісі болды. Соңғы он күн-
де бұл аймақта үш балдан артық жер сілкінісі
болмаған», - деп жазған. Демек, компьютер сөй-
лемнің құрылымын түсініп қана қоймай, барлық
заңдылықтарды сақтай отырып,
ақпарат бере
алған.
Компьютерлер өзін-өзі жөндеумен ғана шектелмей,
тіпті, өзін-өзі оқыта алатын деңгейге жеткен. Мысалы:
Google компаниясының суперкомпьютері өздігінен
2600 компьютерлік ойынды ойнауды үйреніп алған.
(http://el.kz/kz)
ТЫҢДАЛЫМ
Абай Құнанбайұлының
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
өлеңін мұқият
тыңдаңыздар.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,
Қолымды
дөп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын
шен алсын деп бермедім
Өзім де басқа шауып төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.
Достарыңызбен бөлісу: