Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Жұмыс уақыты туралы сіздің ойыңыз қандай?
2. Стив Джобс «12 сағат жұмыс істеу міндетті емес, баспен жұмыс істеу керек»
деген екен. Сіздің пікіріңіз.
ТЫҢДАЛЫМ
Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» мултьфильмін көріңіздер.
https://www.youtube.com/watch?v=LxqudWHXZe4&feature=share
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір
ескі тағасын көріп, баласына айтты:
- Анау тағаны, балам, ала жүр, - деп.
Бала әкесіне:
- Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, - деді.Әкесі үндемеді, тағаны өзі
иіліп алды да, жүре берді:
Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі қайрылып, ма-
нағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырған-
дардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп,
шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер
өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-
ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден біраз өткен соң және
бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп,
жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен
беріп тұрып айтты.
- Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің,
енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он
еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын; аз жұмысты қиынсынсаң – көп жұмысқа тап
боласың; азға қанағат ете білмесең – көптен де құр боласың, - деді.
Сұрақтарға жауап беріңіздер:
1. Ы.Алтынсарин осы әңгімесі арқылы нені айтқысы келді?
2. «Таға» сөзінің мағынасын білесіз бе? Өзіңіз тағаны көрген бе едіңіз?
3. Ұста деген қандай кәсіп иесі?
4. «Аз жұмысты қиынсынсаң – көп жұмысқа тап боласың»; «Азға қанағат ете біл-
месең – көптен де құр боласың» деген мақалдардың мәнін түсіндіріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |