Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет32/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

ОҚЫЛЫМ
Отбасы – тәрбиенің ең тамаша мектебі
Қазақтар амандасқанда, «мал-жаның, отбасың аман ба?» деп жатады. Неге солай? 
Ол – өз отбасың, мал-жаның үшін сен кез келген қазақтың алдында жауап бересің 
деген сөз. Біздер оны қазір жай әдет шығар деп есептейміз. Ілкіде олай болмаған. 
Ол – басқалардың алдында сенің өз отбасыңды қалай басқарып отырғаның туралы 
есеп беру.
Отбасы дегеніміз – тұрмыс құрған екі адамнан өрбіген ұрпақ. Отбасын бұзбау ке-
рек. Мал да, жан да сол ұяда қалса абзал. Бүкіл дүниежүзінің түсінігі басқаша болса 
да, қазақтың өз ұясына түсінігі – ата-баба түсінігінде, солардың заңдарды мен жарғы-
ларына бағындырылуы шарт.
Адамзат баласы үшін басын қатерге тігеді, қолын отқа салады. Егер біздің заңы-
мыз отбасы бұзылған жағдайда «мал-жанын» ата шаңырақ меншігі етіп қалдырса
«бауыр еті – баласын» көзі қиып тастап кетушілердің табыла қоюы да екіталай. Со-
ның арқасында кездейсоқ болып қалған сәл реніш үшін баласын қолтығына қысып 
алып, төркіншілейтіндердің де саны азаяр еді. Мұндай заң әйелдің тең құқықтығын 
әлсіретпейді, қайта бақытты болуына, бесіктен бастап, отбасының тұрақты болуына 
әсер ететін тәрбие алып шығуына, жар таңдауда ұшқалақтық істемеуіне итермелейді.
Біздердің бұрынғы аналарымыздың «ері өлгенде де елден кетпеуі» сол «бауыр еті-
не» деген сүйіспеншіліктен туындайтын инабаттылық болса керек.
С.Тоқтамыс
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз:
1. «Отбасың аман ба» деп сұрау ненің белгісі?
2. Қандай жағдайда отбасы бұзылмас еді?
3. Үйленуге ең қолайлы жас неше жас деп ойлайсыз?
Біле жүріңіз!
Отбасы шежіресі
Ата  әкенің әкесі. Атаны жасы кішілер құрметпен «аксақал», «қария» деп атайды, 
шал деуге болмайды, ол сыйламағандық болып есептеледі.
Әже  әкенің шешесі. Ұлы мен келіні әжесінің айтқанын екі етпеуге тиіс. Әже де 
«немерелерін» ерекше жақсы көреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет