СӨЙЛЕСІМ ҚР Конституциясында берілген кейбір баптарды оқып түсініңіздер және қазіргі
шынайы өмірмен байланыстырып, мысалмен дәлелдейік.
Бап Сипаттама Орындалуы Неге? 7-бап. 1.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
тіл – қазақ тiлi.
Қазақстан аза-
м а т т а р ы н ы ң
бәрі мемлекеттік
тілде сөйлемейді
Ресми тіл
– орыс
тілі
9-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік
рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимнi бар.
Олардың сипаттамасы және ресми пайда-
ланылу тәртібі конституциялық заңмен
белгіленеді.
14-бап. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
15-бап. Әркiмнiң өмір сүруге құқығы бар.
18-бап. 1. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына,
өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-
намысы мен абыройлы атының қорғалуына
құқығы бар.
27-бап
1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала
мемлекеттің қорғауында болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және олар-
ды тәрбиелеу – ата ананың етене құқығы әрі
мiндетi.
3. Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi бала-
лар еңбекке жарамсыз ата – анасына қамқор-
лық жасауға мiндеттi.
29-бап. 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының
денсаулығын сақтауға құқығы бар.
30-бап. 1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орында-
рында тегін орта бiлiм алуына кепiлдiк берi-
ледi. Орта бiлiм алу мiндеттi
34-бап. 1. Әркiм Республиканың мемлекеттiк рәміз-
дерін құрметтеуге мiндеттi.
Топтық жұмыс «Біз өз құқығымызды қорғай аламыз ба?» тақырыбына әңгіме-сұхбат жасаңыздар. Қызықты дерек ҚР Конституциясы туралы қызықты мәліметтер 1995 жылы Конституция жобасын талқылауға үш милионнан астам Қазақстан
азаматы жұмылдырылды.
ҚР Конституциясы қабылданғаннан кейін небәрі үш-ақ рет өзгертулер мен то-
лықтырулар енгізілді. 1998, 2007 және 2011 жылдары өзгерістер енгізілді.
Тәуелсіздіктің 10 жылдық, 15 жылдық, 20 жылдық мерейтойлары құрметіне ар-
найы пошта маркалары жарық көрді. 2005 жылы 10 жылдық құрметіне 72 теңгелік
номиналды марка, 2010 жылы 15 жылдыққа, 2015 жылы 20 жыл толуына орай пош-
талық марка шығарылды.
Ата заң мәтінінің орысша нұсқасына (7 168 сөз) қарағанда қазақ тіліндегі нұс-
қасында (8 904) сөз көп. Оның ішінде Республика сөзі 260 рет (орысшасында 305),
Қазақстан сөзі 111 рет, Парламент сөзі 82 рет кездеседі.
Конституциядағы ең көп баб қарастырылған бөлім – «Парламент» (61 бап), ал ең
аз бапты «Адам және азамат» (39 бап).
Ең алғашқы конституция Қазақ Автономиялы республика кезінде 1926 жылы 18
ақпанда қабылданған.
Әлемдік желіде конституция баспалық нұсқасының 30-дан астам түрі бар. Оның
ең қарапайым, жұмсақ мұқабалы түрін 200-500 теңгеге сатып алуға болады. Өте
қымбат тұратын түрлері де бар. Ғаламтор арқылы өткізілген бәссаудада Конститу-
цияның ең қымбат нұсқасы 130 мың теңгеге сатылды, онда президенттің қолтаңба-
сы бар болған.
(massaget.kz)