Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет30/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

ТЫҢДАЛЫМ
Ә.Нұршайықовтың халқымыздың біртуар ұлы Б.Момышұлы жайлы жазған 
«Ақиқат пен аңыз» роман диалогынан үзіндіні тыңдап, түсініп, зердеге түйіп 
алыңыздар:
Автор: Бұрынғы мен бүгінгіні, онымен болашақты салыстыра отырып, арт пен 
алға көз жібере келіп, жас ұрпаққа қандай ақыл айтар едіңіз?
Бауыржан: – Ей, бүгінгі жас қауым, бейтаныс арғы ұрпақ! Әр әке балам бақыт-


38
39
ты болса екен, үрім-бұтағым үзілмесе екен, өшпесе екен деп тілейді. Осы мақсатпен 
әкелеріміз бізге қан кешіп жүріп, кең байтақ Отан жасап берді. Олар бізге: құрылыс 
жақсы болса – тұрмыс жақсы, бірлік мықты болса – тірлік күшті. Осы құрылыс пен 
бірлікті көздің қарашығындай сақтаңдар деп өсиет етті. Біз бұл өсиетті абыроймен 
орындап, Отанымызды Гитлер сияқты ең жауыз жаудан сақтап қалдық. Туысқандық 
бірлігімізге титтей де дақ түсірмедік. 
Сөйтіп, Ұлы Отан соғысында қабырғадан қан кешіп жүріп, біз де сендерге бақыт 
әпердік, жас ұрпақ. Ол – қазіргі кең жазира Отаның сенің. Өйткені – Отансыз өмір, 
онсыз қуаныш жоқ. Соны көздің қарашығындай сақтаңдар. Соңғы үш ғасырда дү-
ниеге үш жалмауыз берген адамзат жауыз ұлға қысыр болып қалмас. 
Бір ғасырда бір Наполеон, екі жүз жылда есуас Гитлер тумай қоймас. Ондай жауыз-
дардан елді, жерді, қоғамды сақтап қалу – сенің борышың, алғы ұрпақ. Ұзын бой қыс-
қарады, үлкен дене кішірейеді, адам ақыры өледі. Ол –табиғат заңы. Адам өлгенімен, 
оның еңбегі өлмейді, ерлігі өлмейді, от атқарған ұлы іс өлмейді. Ұлы іс Отанға деген 
сүйіспеншіліктен, халыққа деген құрметтен, осы екеуі үшін аяусыз еткен еңбек пен 
ерліктен туады. Өткен Отан соғысында он тоғыз-жиырма жасар азаматтар ерекше 
ерлік көрсетті. Жиырма жас – тарихи ерліктер жасайтын жас. Осыған әрқашан да 
әзір болу керек. Жастарым Отаншыл болсын. Отаншылдық – әр адамға керекті ең 
ұлы қасиет. Ал Отаншылдық өз үйіңнен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақтаса, 
сол ата-анадан бірге туған бауырларымен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, 
туған ұлтын сыйлап, қадірлесе сол адам отыншыл болады. Өйткені, өз әке-шешесін 
ардақтамаған, өзгенің ата-анасын құрметтемейді. Үйде бауырмал болмаған, түзде 
интернационалист болмайды. Өз ауылының тасын сыйламаған, өзге ауылдың тауын 
қадірлемейді. Өз ұлтын жақсы көрмеген, өзге ұлттарды ұнатпайды. Мұны ұлтшыл-
дықпен шатастырмау керек. Екеуі аспан мен жердей екенін жастар ажырата білуі 
шарт.
Намыс – азаматтың алтын туы. Әке-шешесін сыйлаған балада ғана намыс бола-
ды. Оларды ұялтпайын, сүйегіне таңба түсірмейін, өлсем өлейін, бірақ ата-анамды, 
ағайын жұртымды жерге қаратпайын дейді. Ер жігіттің елі – ата-анасы, Отаны – өз 
үйі кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың 
берік тұтқасы болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет