Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет28/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

Қажетті сыңарлары:
Бір қарғаға жем болар. Ырыс бірге жүреді. Татулыққа не 
жетер? Ынтымақ – ұйымнан. Қосылып еккен ағаш – орман. Тірлік, тірлік түбі – бірлік.


35
34
Топтық жұмыс
1- Төмендегі ұйымдардың бірін таңдап алыңыздар. Өзара топтарға бөлініп, 
әр ұйымның қызметін таныстырыңыздар.
7 - БӨЛІМ
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫ
Ой бөлісейік
1. Төменде берілген екі сөздің мағынасын ашып айтыңыздар. Бұл сөздердің тақы-
рыпқа қандай байланысы бар деп ойлайсыздар?
2. Сіз өз құқығыңызды білесіз бе? 
3. Не істеуге құқылысыз, не істеуге құқығыңыз жоқ? 
ОҚЫЛЫМ
Мәтінді түсініп оқыңыз. Жоспар құрып, түсінгеніңізді айтып беріңіз.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген аталы сөз бекер айтылмаған. Әр 
адам мемлекеттік заңдарды кұрметтеп, ата бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда 
ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау иесі» деп атаса, ал қазіргі 
Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жас-
тан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік 
басталады, азаматтық жеке куәлік алады. Заңды білу – заман талабы. Адамның 
негізгі міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін 
орындау. Өйткені заң дегеніміз – өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы – атында емес, 
адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан 
мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. 
Енді осы кезге дейін жүріп өткен құқықтық жолымызға көз салып көрелік: 
1787 жылы Дүниежүзіндегі тұңғыш Конституция қабылданды. 
1789 жылы 26 тамызда Адам және азаматтардың кұқықтары декларациясы 
қабылданды. 
1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ да Адам құқықтарының жалпыға ортақ деклара-
циясы қабылданды. 
1959 жылы 20 қарашада БҰҰ ның Бас Ассамблеясында Балалар құқығы декларация-
сы қабылданды. 
1989 жылы Бала кұқығы туралы конвенциясы қабылданды. 
1993 жылы 28 қаңтарда егеменді еліміздің алғашқы Конституция қабылданды. 
1995 жылы 30 тамызда референдум арқылы бекіткен екінші Конституциямыз 
қабылданды. 
2002 жылы 8 тамызда Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары тура-
лы заңы қабылданды. 
2004 жылы 7 шілдеде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты 
Заңы қабылданды.
«Тәртіпке бас иген құл бол-
майды, тәртіпсіз ел болмайды»
Б.Момышұлы.
«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, 
оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындал-
ғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз»
Н.Назарбаев.


36
37
Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны сияқты, ға-
ламшарды мекен еткен әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның бар-
лық тілдердегі мойындалған атауы – Конституция. Еліміз 1995 жылы өзінің талғам 
талқысынан өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. 
Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын іс-
теріміздің қайнар бастауына айналды. Қастерлі кұндылығымыздың қағидаттарын 
бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді 
орнатып, тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік. Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыз-
дың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың 
берік тұтқасы болды. 
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер:
1. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегенді қалай түсіндірер едіңіз?
2. Әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік дегенді ашып айтып берсеңіз. Ол неше 
жастан басталады екен?
3. Тұрақтылық пен татулық деген сіздің ұғымыңыз бойынша не?
4. Татулыққа қатысты тұрақты тіркес, мақал-мәтел айта алысыздар ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет