Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет27/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

ТЫҢДАЛЫМ
Мәтінді түсініп тыңдаңыз. «Ынтымақ» сөзінің мағынасын мәтін желісі арқы-
лы ашыңыз.
Бір қалада ағайынды үш жігіт өмір сүріпті. Олардың әрқайсысының өз шебер-
ханасы болыпты. Үшеуі де темір тостақ жасаумен айналымыпты. 
Бір күні олар бірге ақылдасады. «Біз үшеуміз де бір кәсіппен айналысамыз. 
Бұдан кейін біздің бірігіп жұмыс істеуіміз керек. Үш «бір» бөлек тұрса, «бір» саны бо-
лып тұра береді. Ал үш «бір»-ді бірге қойса, «жүз он бір» болады. Бір адамның істеген 
жұмысы мен жүз он бір адамның жұмысын салыстыруға бола ма?
Сол үшін күнделікті жұмысымызды үшке бөлуіміз керек. Сонда ғана жұмысы-
мыз өнеді», - дейді де, үшеуі бір шеберханада жұмыс істеуге кіріседі. Біреуі от жа-
ғумен және темір ерітумен шұғылданады. Екіншісі темірді балғамен соғып, тостақ 
жасауды өз мойнына алады. Дайын болған тостақтың бетіне әртүрлі сурет салу, ою 
жасау үшіншісіне тиеді. Сөйтіп, олардың жұмыстары жеңілдеп, өнімдері көбейеді. 
Бұрын әрқайсысы бір күнде он тостақ жасайтын. Енді үшеуі бір күнде жүз тостақтан 
көп жасайтын болды. Сатып алушылар да тостақтың жақсы болғанын айтып, көптеп 
сатып ала бастайды. 
Мәтін мазмұнын «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы талдаңыз.
1. Пікір. 
Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірлеріңізді бір сөйлеммен 
жазыңыз.
2. Дәлел.
 Өз пікірлеріңізді бір сөйлеммен делелдеңіздер.
3. Мысал.
 Пікірлеріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіздер.
4. Қорытынды.
 Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыздар.
Біле жүріңіз!
Ынтымақтастық
– түрлі мүдделі топтардың 
бейбіт
қатар өмір сүру жағдайын-
да экономикалық, 
саяси
-әлеуметтік, 
рухани
-мәдени және халықаралық мәселелерді 
бірлесіп шешудегі қабілеттілігі. Ынтымақтастық қоғамдық қатынастардың әртүрлі 
деңгейінде көрінеді. Микродеңгейдегі ынтымақтастық ретінде түрлі топтардың, 
ұйымдардың, партиялардың, қоғамдық ұйымдардың белгілі бір мәселелерді ұйым-
дасып шешіп отыруға ниетін атауға болады. Мезодеңгейдегі (орта) ынтымақтас-
тыққа әлеуметтік топтар мен топтар, халықтар мен 
этностар
арасындағы ортақ мә-
селелерді (
экономикалық
даму, әлеуметтік мәселелер, 
этнографиялық
даму) және 
міндеттерді шешуде бірігіп әрекет етуді жатқызуға болады. 
Макродеңгейдегі ынтымақтастыққа мемлекеттер, халықаралық ұйымдар ара-
сындағы ғаламдық планетаралық мәселелерді шешуге бағытталған ұжымдық іс-әре-
кеттерді жатқызамыз. 
Ынтымақтастық қазіргі адамзаттық өзара түсінісуінің, ортақ мәселелерді бірік-
кен әрекеттермен шешуге ұмтылуын, бейбітшілікті қамтамасыз етуінің негізгі фор-
масы болып табылады.
Мамыр айының 1-і күні – Халықаралық ынтымақтастық мерекесі. Қазақстан – 
көпұлтты мемлекет. Біздің елімізде 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. 
Олар өздерінің тілін, мәдениетін, салт-дәстүрлерін сақтаған. Бір-бірімен тату-тәтті, 
бейбіт өмір сүреді. Бұл ынтымақтастықты нығайту Қазақстан Республикасының Пре-
зиденті жанындағы Халықтар достығы ассамблеясына жүктелген. 
 (https://kk.wikipedia.org/wiki], 
«Сен білесін бе?» энциклопедиясы)
ЖАЗЫЛЫМ
1. Төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, ойтолғау жазыңыз.
Ынтымағы жарасқан Қазақстан
ЬІнтымақ қайда болса – ырыс сонда (мәтел) 
Бірлігі кеткен ел жаман, егесіп өткен ер жаман (Қазыбек би)
Ырыс алды – ынтымақ (мәтел)
2. Берілген мақалдардың жалғасын жазып, жаттап алыңыз.
Теңге – тиыннан,
............................ .
Ынтымақ түбі – игілік,
....................................... .
Екі құзғын таласса,
................................ .
Ынтымақ – бұзылмайтын қорған,
......................................................... .
Аз да бітер, көп те бітер,
.......................................... . 
Ынтымақ жүрген жерде,
.......................................... . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет