Ортасы
6мин
15мин
|
Кіріспе тапсырма. Сабақты тәжірибе жасаудан бастау. Оқушыларға “Алмаларды санаймыз” деген жаттығу жұмысын ұсыну. Санау материалдарының топтамасындағы алмалардың суреттерінен әрбір оқушыға 20-дан таратып беру. Егер ондай материал жоқ болса, алманың суретін қағаздан жасалған дөңгелектермен ауыстыруға болады. Оқушыларға себеттегі алмалар санына тең қағаздан жасалған дөңгелектерді үстелге санап қоюды ұсыну. Екі-екіден қосып санау үшін орындалатын жаттығуға арналған нұсқаулық:
— Себетке 2 алма салынды. (Оқушылар үстелге 2 дөңгелек қояды). Себетте неше алма болды? (2) — Тағы 2 алма қосты. Себетте енді неше алма болды? (4)
— Тағы 2 алма қосты. Себетте енді неше алма болды? (6)
— Тағы 2 алма қосты. Себетте енді неше алма болды? (8)
— Тағы 2 алма қосты. Себетте енді неше алма болды? (10) Дәл осылайша себетте 20 алма болғанша біртіндеп қоса беру керек.
20 санын алған соң, оқушылардан алмаларды қосқан сайын қандай сандарды алғанын сұрау. (2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20) Осылайша санаудың екі-екіден тура санау деп аталатынын және сандардың өсу ретімен орналасатынын, сонымен қатар әр сан алдыңғы саннан 2-ге артық болатынын хабарлап айту. Содан кейін алмаларды енді кері қарай санауды жаттықтыратын тапсырма беру. Екі-екіден азайтып санауды жаттығуға арналған нұсқаулық:
— Себетте неше алма бар? (20)
— Себеттен 2 алма алдық. Себетте неше алма қалды? (18)
— Тағы 2 алма алдық. Енді нешеу қалды (16)
— Тағы 2 алма алдық. Енді нешеу қалды? (14) Осылайша себетте 0 алма қалғанша ала береміз. 0 санын алған соң, оқушылардан алмаларды алған сайын қандай сандар шыққанын сұраңыз. (20, 18, 16, 14, 12, 10, 8, 6, 4, 2, 0). Осылайша санауды екі-екіден кері санау деп аталатынын және сандардың кему ретімен орналасатынын, сонымен қатар әр сан алдыңғы саннан 2-ге кем болатынын хабарлап айту.
Ұшып келді — ұшып кетті. Тапсырманы жұппен орындауды ұсыну. Тапсырманың мәтінін оқу, ал оқушылар санауды жүргізіп отырып, өздерінің жауаптарын басқа жұптардың жауаптарымен салыстырып, тексеріп отырулары керек.
а) — Ағашта неше құс болған? (2)
— Тағы 2 құс ұшып келіп қонды. Ағашта енді қанша құс болды? (4)
— Тағы 2 құс ұшып келіп қонды. Ағашта енді қанша құс болды? (6)
— Тағы 2 құс ұшып келіп қонды. Ағашта енді қанша құс болды? (8)
— Олар 10 құс болу үшін тағы неше құс ұшып келуі тиіс? (2)
— Қандай сандар алдыңдар? (2, 4, 6, 8, 10)
— Біз қандай ретпен санадық? (екі-екіден, тура ретпен)
ә) — Ағашта неше құс болған? (10)
— Нешеуі ұшып кетті? Қанша қалды? (8)
— Тағы екі құс ұшып кетті. Енді нешеуі қалды? (6)
— Егер үнемі 2 құстан ұшып кетіп отыратын болса, ағашта бірде-бір құс қалмау үшін неше рет екі-екіден ұшу керек? (2 рет 2 құстан)
— Қандай сандар алдық? (10, 8, 6, 4, 2)
— Біз қалай және қандай ретпен санадық? (екі-екіден, кері ретпен) Жауабы:
жұп сандар — 8, 10, 12, тақ сандар — 7, 9, 11
20-ға дейінгі сандарды сана. Оқушыларды топпен жұмыс жасауға ұйымдастыру. 20-ға де-йінгі сандар таспасында санауды және тапсырмаға сәйкес сандарды атауды (немесе қағазға жазуды) ұсыну. Оқушыларды топпен жұмыс істей білуге, тексеруге және бір-біріне көмектесуге үйрету. Егер тапсырманы орындау қиындық туғызса, кейбір оқушылармен жеке жұмыс ұйымдастыру. Тапсырманы орындаған соң, топтарға жауаптары жазылған парақтарын тақтаға бекітіп, басқа топтардың жауаптарымен салыстырып тексеруді ұйымдастыру.Жауабы:
а) 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20; ә) 20, 18, 16, 14, 12, 10, 8, 6, 4, 2; б) 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19; в) 15, 13, 11, 9, 7, 5, 3, 1.
Үйлердің нөмірі. Тапсырманы жалпы сыныпқа орындату. Тапсырмадағы сұрақтар бойынша әңгіме өткізу. Тапсырманы орындау барысында оқушылар 20-ға дейінгі сандарды екі-екіден тура және кері санау дағдыны бекітуі тиіс. Сонымен қатар бұл дағдыны күнделікті өмірде қолдануға болатынына көздері жетуі тиіс.
Тапсырмаға арналған қосымша сұрақтар:
— Көшенің сол жағындағы үйлердің нөмірі қандай?
— Көшенің оң жағындағы үйлердің нөмірі қандай?
— Неге үйлердің нөмірін бір жағында 1, 3, 5 және т. с. с. нөмірмен, ал қарама-қарсы жағындағыны 2, 4, 6 және т.с.с. нөмірмен нөмірлейтіні туралы не ойлайсың?
— Оқулықтағы суреттегі ұл мен қыз үйлерді нөмірлеудің осы ережесі туралы біле ме? Сен қалай ойлайсың?
Шығарып көр. Берілген кестедегі сандар ара-сынан бұл топқа жатпайтын артық санды әрбір оқушыға жеке тапқызу. Не себепті санның ар-тық болып тұрғанын түсіндіруді сұрау, өз ойын дәлелдеп айтып беруге жетелеу. Тапсырма қиындық туғызған жағдайда жетелеу сұрақтарын қоя отырып, артық санды өзінің табуына көмектесу.
Жауабы:1-топта: 14; 2-топта: 7. Орындап көр. Оқушылардың тақырыпты қалай меңгергенін байқау үшін берілген цифрлардан екі таңбалы жұп және тақ сандарды топпен құрастыруды тапсыру. Әр топтың қанша сан құрастырғанын тексеру. Ең көп сан құрастырған топты мадақтау.
|
санау таяқшалары;
геометриялық фигуралар: 14 жасыл және 3 қызыл дөңгелек;әріптер жазылған парақша;
1-ден 20-ға дейінгі сандар үлкен етіп жазылған сандық сәуле; А4 форматтағы ламинатталған қағаз және оқушылардың әрқайсысына маркер.
|