Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет38/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

Мәтінді түсініп оқыңыз.
ОҚЫЛЫМ
Германияның білім беру жүйесі демократиялық деп айта аламыз. Ата-ана мен 
оқушы төменгі сыныпта өзіне керекті мектепті таңдайды. Төменгі сыныптарда
яғни 6-10 жас аралығында балалар оқуды, санауды, жазуды, табиғатты тануды үй-
ренеді. 10-19 жас аралығында жоғары сатыда оқып, оқушы мамандана бастайды. 
Германияда мектептің мынадай түрлері бар: негізгі мектеп (Hauptschule ) – 5-6 
жыл оқытылады, шынайы мектеп (Realschule) – 6 жылды қамтиды. Осының қо-
рытындысы бойынша жоғары мектепке (Gymnasium), кейін университетке түседі. 
Гимназияда 8-9 жыл оқытылады. Гимназияда гуманитарлық, қоғамдық, техника-
лық және жалпы (үшеуін де қамтитын) бағытта білім беріледі. Нәтижесінде орта 
білім туралы диплом беріледі. Жекеменшік мектептердің басым бөлігі діни, зайы-
рлы бағытта жұмыс істейді, азаматтығы жоқ адамдар тек осы мектептер де білім 
ала алады.
Статистикаға сүйене отырып, әлемдегі ең үздік білім беру жүйесіндегі 20 ірі 
мемлекетке тоқталатын болсақ: Финляндия, Оңтүстік Корея, Гонконг, Жапония, 
Сингапур, Ұлыбритания, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Швейцария, Канада, Ир-
ландия, Дания, Австралия, Польша, Германия, Бельгия, АҚШ, Венгрия, Словакия, 
Ресей.
Қытайда білім жүйесін мектепке дейінгі дайындық, бастауыш мектеп, толым-
сыз орта білім, толымды орта білім, университет, аспирантура құрайды. Бала-
ларды бастауыш мектепке 6 жастан бастап қабылдайды. Осы жерде 6 жыл білім 
алады. Қоғам мен табиғат туралы пәндер көбірек оқытылады. Салауатты өмір 
салтын қалыптастырып, әрбір оқушының бойындағы патриоттық сезімді оятуға 
көп көңіл бөлінеді. Ана тілі, математика, адамгершілік пен этика, музыка, шет тілі 
сынды пәндерге баса назар аударылады. 3 сыныптан бастап ағылшын тілі жиілей
бастайды. 4 сынып оқушылары жылына 2 апта фермаларға, шеберханаларға ба-
рып жұмыс істейді. Барған жерлерінің тыныс-тіршілігімен танысады. ҚХР заңына 
сәйкес әрбір республика азаматы 9 жылдық білім алуы керек.


46
47
Оңтүстік Кореяда балалар 8-14 жас аралығында бастауыш мектепте оқиды. Онда оқы-
тылатын пәндер: корей тілі, математика, нақты ғылымдар, тіл, бейнелеу өнері. Əдетте 
барлық пәнді бір ғана мұғалім жүргізеді. Білім беру жүйесінің сатыларына өту емтихан 
балымен емес, оқушының жасына байланысты анықталады. Қазіргі таңда ағылшын тілі 
үшінші сыныптан бастап оқытылады. Корей тілінің грамматикасында өзгерістер өте көп 
болғандықтан, ағылшын тілін меңгеру өте қиын. Корея білім беру жүйесінде математика 
мен ағылшынға баса көңіл бөлінеді. (http://group-global.org)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет