Сүттен жасалатын тағамдар: айран, қымыз, шұбат, ірімшік, сүзбе, қатық, кі-
легей, май.
Қымыз – биенің сүтінен дайындалатын, денсаулыққа шипалы әрі жұ-
ғымды сусын. Қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті
дастарқан дәмінің бірі. Айран – ұйытылған сүт. Кілегей – шикі сүттің бетіне жина-
латын маңызды қаймағы. Кілегей сиыр сүтінен алынады.
Дақылдардан жасалатын тағамдар: жент, талқан, тары, майсөк, бидай көже
т.б.
Майсөк – ақтаған тарыны майға қуырып дайындалатын тағам. Жент – аса кә-
делі дастарқан дәмі. Ақталған тарыны келіге түйіп ұнтақтайды. Оған қант, ұнтақ-
талған ірімшік салып араластырады. Содан соң қазанға жылқының майын құйып
ысытып, жаңағы араластырған тары мен ірімшікті салып, оттың болмашы табында
араластырады. Жент майды бойына сіңірген соң ыдысқа салынып, салқын жерге
қойылады.
Ет тағамдары: қазақша ет, қазы-қарта, жал-жая, сірне, қуырдақ, құйрық-бауыр,
жаубүйрек, т.б.
Қазы – жылқы етінің кәделі мүшелерінің бірі. Ол жылқының қа-
бырғалары мен белдемелерінің етегіне жиналатын аса шұрайлы, майлы ет. Жау-
бүйректі мал сойған кезде үйде пісіреді. Оны кәдімгі кәуәптің бір түрі деуге болады.
Сірне үйітілген бас-сирақ, ішек-қарын, мүшеленіп бұзылған ет түгелдей қазанға
салынып, малдың өз іш майына және еттің өз сөліне бұқтырылып пісіріледі.
Төмендегі кестені толтырыңыздар:
Тағам түрлері
Жасалуы
Қаттама
Қатық
Ірімшік
Қазақша ет
Қуырдақ
Бидай көже
Сүрленген, қақталған, ысталған
деген сөздерді естідіңіздер ме? Түсіндіріп
берсеңіз.
СӨЙЛЕСІМ
Қазақ тағамдарының емдік қасиеті
Қазақ халқының ұлттық тағамдары пайдалы дәру-
мендер мен минералдарға бай, сонымен бірге көптеген
ауру түрлеріне де ем. Тағамдардың емдік қасиеті жөнін-
дегі ұғым медицинада пайда болмай тұрып-ақ ата-ба-
баларымыз қымыз, шұбат ішіп көптеген дерттің алдын
алған.
Қымыз Құрамы ақуыз, май, көмірсутек (лактоза), натрий, калий, фос-
форға бай. Сонымен қатар, онда адам ағзасына аса қажетті дәрумендер өте көп.
Олар: А, В1, В, В12, С дәрумендері. Қымыздың емдік қасиеттерін ежелден білетін
ата-бабаларымыз ас қорыту жүйесі ауруларын, қан аздық, мешел, құрт аурула-
рын, асқазан жарасын, жүрек, қантамыр ауруларын және атеросклерозды емдеуге
пайдаланған.
Шұбат Түйе сүтінен әзірленетін бұл сусын биологиялық құрамы бойынша
құнарлы және дәмді азық қана емес, В, В1, В2, С дәрумендерінің де қайнар көзі.
Шұбат өзіндегі В1, В2 дәрумендері бойынша сиыр сүтінен асып түседі. Шұбаттың
бір литрі адам ағзасында С дәруменіне және рибофлавиніне тәуліктік қажеттілігін
қанағаттандыра алады. Шұбат – сиыр сүтіне қарағанда май, ақуыз, минералды
заттарға және дәрумендерге өте бай. Емдік қасиеті де күшті. Ол қант диабеті, ас-
қазан жарасы, диарея, бауыр, аллергия тәрізді аурулардан айықтырады.
68
69
Достарыңызбен бөлісу: |