1. Мәтінде кездескен салт-дәстүр атауларына түсініктеме беріңіз.
2. «Сіз ертегі тыңдап өстіңіз бе?», «Қазіргі таңда балаларға бесік жыры мен
ертегі айтудың қажеттілігі бар ма?», «Ұлы тұлғаның қорқынышы бүгінгі күнге
сай келе ме?» сұрақтары аясында пікірталас ұйымдастырыңыздар.
ЖАЗЫЛЫМ
1. Қажетті салт-дәстүрлерді жазып, сөйлемді толықтырыңыз.
Қажетті сөздер: бата, шілдехана, сүйінші.
... Біздің ауылдың Байтоқ деген кісісі алпыс шақырым Әулиеатаға ат сабылтып
жетіп, әкем жатқан үйге кіріп келіп, бір ауыз сөз айтуға дәрмені келмей, Момышты
құшақтап жылай беріпті. Әкемнің қарындасының үй-іші үрпиісіп, бір жаманат хабар
жеткен екен деп қорқып қалады. Ақыры Бәрі Байтоқты жұлмалай, «не боп қалды,
айтсаңшы» деп тақақтағанда ғана, Байтоқ: - Жеңешем ұл тапты, - депті. Үрейден үр-
пиіскен жұрт енді мәз-мәйрам болып, қуаныштары қойындарына сыймай, Байтоқ-
қа беріп аттандырыпты! Әулиеатадан әкем қайтып келгенде, ағайын-жекжат құтты
болсынға жиналып қалған екен. - О, Момыш, балаңның бауы берік болсын! - Ақмен-
тей бабасындай батыр болсын! - Ақмолда Батыр бабасындай мәрт болсын! - Бәйдібек
батырдың әруағы қолдасын! - Домалақ анамыз жар болсын! - десіпті. Сөйтіп,
тойға ұласыпты. Той соңында Имаш атам алақан жайып ел қарияларынан
сұраған екен. - Төл немерең, бел немерең ғой. Бата жөні де өзіңдікі, - десіпті ақса-
қалдар. Сонда Имаш бабам былай деген екен: Алатаудың қыраны мол еді - Қырағы
болсын, құлыным - Қойнауы суға мол еді - Бұлағы болсын, құлыным. Елінің тілегі зор
еді - Шырағы болсын, құлыным. Ата тілегі оң еді - Құмары болсын, құлыным. Бұл жер
батырлар төрі еді - Сыңары болсын, құлыным
(Б.Момышұлы «Ұшқан ұя»).
.
2. Тікбұрыш жасай отырып, салт-дәстүр атаулары мен оған байланысты
ұғымдарға түсіндірме беріңіздер.
Л
Й
Достарыңызбен бөлісу: |