Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет75/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

1. Қазақ тілі туралы отандық, шетелдік ғалымдар, жазушылар, зерттеушілер 
пікірлерін жинап, талдаңыздар.
2. Ақпарат көздерін пайдаланып, қазақ тілі туралы қызықты фактілер 
жинаңыздар.
3. Туыстас тілдер ағашынан қазақ тілінің орнын тауып, ұқсас тілдер қатарын 
көрсетіңіздер.
ТЫҢДАЛЫМ
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Біздің анық көріп, сезіп, біліп тұрған айналамыздағы нәр-
селердің бәрі не табиғат ісінен шыққан жаратынды нәрсе, не 
адам ісінен шыққан жасалынды нәрсе. Орман, теңіз, тау, өзен, 
бұлақ – бұлар табиғат ісінен шыққан жаратынды нәрселер, 
үй, кірпіш, бақша, арық, құдық – бұлар адам ісінен шыққан 
жасалынды нәрселер. Табиғат ісінен шыққан жаратынды нәр-
селердің бәрі табиғат дүниесі болады; адам ісінен шыққан жа-
салында нәрселердің бәрі өнер дүниесі болады; өйткені жаса-
лынды нәрселердің істеліп шығуына адам ақылы, әдіс-амалы, 
шеберлігі, өнер күші кіріскен.
Өнер түрлі болады. Біреулер үй салады, арық қазады, етік 
тігеді, арба істейді, киіз басады, ыдыс істейді. Тағысын тағы сол сияқты шаруаға ке-
рек нәрселерді жасайды. Біреулер көрікті мешіт, көрнекті там, көркем сүгірет сала-
ды. Әдемі ән, әсерлі күй, ажарлы сөз шығарады. Алдыңғы өнер мен соңғы өнердің 
арасында айырым бар. Алдыңғы өнерден шыққан нәрселер күн көру ісіне керек ша-
руа керек-жарақтары. Мұны істегенде «Сұлуынан жылуы дегендей көркем болуын 
көздемейді, тұтынуға қолайлы, жайлы, берік болу жағын көбірек көздейді. Екінші 
өнерден шыққан нәрселер — жылуынан гөрі сұлу болуы көбірек. Көзделінгеннен 
көзге көркем, көңілге жағымды болып істелген нәрселер: алдыңғы нәрселер адам-
ның мақұлықтық жан сақтау керегінен шыққан нәрселер, соңғы нәрселер адамның 
жан қоштау керегінен шыққан нәрселер. Сондықтан алдыңғы нәрселерді жасауға 
жұмсалатын өнер — тіршілік үшін жұмсалатын тірнек өнері болады да, соңғы нәрсе-
лерге жұмсалатын өнер — көркемшілік үшін көрнек өнері болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет