Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет12/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Абрахам Маслоу
 
(1908-1970) 
 
 


44 
Өзін-өзі кемелдендірген екі тарихи тұлға (Линкольн өмірінің 
соңғы жылдарында және Томас Джефферсон). 
Жоғары деңгейде өзін-өзі кемелдендірген жеті тарихи тұлға 
және қоғам қайраткерлері (Альберт Эйнштейн, Элеонора 
Рузвельт, Джейн Аддамс, Уильям Джеймс, Альберт Швейцер, 
Альдус Хаксли және Бенедикт де Спиноза). 
ЖАРТЫЛАЙ КЕЛЕТІНДЕР: осы кезеңнің бес адамы, олар-
дың бірнеше кемшіліктері болса да, зерттеуге қатыстыруға болады. 
Мәліметтерді жинақтау және көрсету.
Мұнда көрсетілген 
мәліметтер нақты және анықталған факторлар тізімі емес, жай 
ауысып жатқан тұтастай әсерлердің бейнесі, олар біздің доста-
рымызбен және таныстарымызбен қатынаста қалыптасады. Ере-
сек адамдарға әр түрлі жағдайлар жасауға, бағытталған сұрақ 
қоюға немесе тест жүргізуге мүмкіндік болмады (мұның бәрі 
жастар арасында ғана мүмкін болды және жүргізілді де). Қаты-
настар көбінесе қысқа мерзімді және қоғамдық мерекелерде жа-
салды. Мүмкіндігінше зерттеуге қатысатын адамдардың туыс-
қандары мен жақын достарына да сұрақтар қойылды. 
Жоғарыда айтылып кеткен ойларға байланысты және қаты-
сушылар туралы толық мәлімет болмағандықтан, алынған 
нәтижелерді сан жүзінде ұсынуға мүмкіндік болмады, сондықтан 
тек жалпы әсерлерге сүйенуге тура келеді. 
Бақылаулар нәтижелері 
Жалпы әсерлерді холистикалық талдау үдерісінде өзін-өзі 
кемелдендіретін адамдардың әрі қарай клиникалық және экспе-
рименттік зерттеулер жүргізу үшін төмендегідей сипаттамала-
рын бөліп алуға болады: шындықты қабылдау, аяқастылық, 
мәселелерге тура қарау, жалғыздыққа құмарлық, автономия, 
қабылдаудың жаңашылдығы, күйзелістер шыңы, адам туыстығы, 
сыпайылық пен қоршағандарды сыйлау, этика, мақсаттары мен 
құралдары, қалжың сезімінің болуы, құндылықтар мен қарама-
қайшылықтың шешілуі, креативтілік, мәдени нормаларға кіруге 
қарсылық, кемшіліктер, жеке тұлғалық қатынастар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет