Артықшылыққа ұмтылыс және оның тәрбиелік мәні
Адам табиғатындағы жеке тұлғаның бірлігінен кейінгі ең
маңызды психологиялық құбылыс индивидтің артықшылық пен
Альфред Адлер
(1870-1937)
25
жетістікке ұмтылысы болып табылады. Бұл ұмтылыс, әрине, ке-
лесі толымсыздық кешені сезіміне тікелей байланысты, өйткені
егер біз өзіміздің кемістігімізді сезінбесек, онда өз жағдайы-
мызды өзгертуге деген ешбір тілек туындамас еді. Бұл факторлар
– артықшылыққа ұмтылушылық пен толымсыздық сезімі, шын
мәнінде, бір ғана психологиялық феноменнің екі аспектісі болып
табылады, бірақ егжей-тегжейлі қарастыру үшін оларды қандай
да бір мөлшерде жеке-жеке қарастырған қолайлы болады.
Осы тарауда біз артықшылыққа ұмтылу мен оның тәрбие-
дегі салдарларын қарастырумен шектелеміз.
Артықшылыққа ұмтылушылық проблемасына сәйкес туын-
дайтын бipiншi меселе, бұл – біздің биологиялық инстинктіле-
ріміз сияқты туа біткен бе? Бұл аса жоғары деңгейде күмәнді.
Шындығында, кез келген қарастырылатын контексте артықшы-
лыққа ұмтылушыльқты туа біткен деп айта алмаймыз. Дегенмен
оның даму мүмкіндігі бар қандай да бір өзіндік эмбрионды ядро
– қандай да бip субстрат бap екенін мойындай аламыз. Мүмкін,
оны мына түрде көрсеткен дұрыс шығар: адам табиғаты артық-
шылыққа ұмтылуды дамытумен тығыз байланысты.
Әрине, адам ic-әpeкeтi қандай да бip белгілі межелермен
шектеледі және бiз өзімізде ешқашан дамыта алмайтын қабі-
леттер де бар екенін білеміз. Мәселен, бiз иттің иісшілдігін
өзімізге дарыта алмаймыз, сол сияқты ультракүлгін сәулелерді
де ешқашан көре алмаймыз. Бipaқ кейінірек дамытыла алатын
белгілі функциялы қабілеттер де бар. Осындай кейінірек дамыту
мумкіндігінде бiз артықшылыққа ұмтылушылықтың биология-
лық негізін және жеке тұлғаның психологиялық дамуының бүкіл
түп нeгізiн көреміз.
Осы кез келген жағдайларда өзін-өзі бекітуге деген белсенді
ұмтылыс балаларға да, ересектерге де тән, ортақ екені белгілі
сияқты және оны жеңу де мүмкін емес. Адам табиғаты әрдайым
бағынышты болуға шыдай алмайды; коғам өзінің «құдайларын»
да жұлып тастайды. Кемсіту және бағалай білмеу, сенімсіздік
пен жетіспеушілік сезімдері мен қанағаттану сезіміне бөлену
үшін әрқашан да неғұрлым жоғарылау деңгейге жетуді қалауды
тудырады.
Балалардың кейбір ерекшеліктері оларда жетіспеушілік
сезімін, әлсіздік пен өздеріне сенімсіздікті дамытатын сыртқы
26
күштердің әсерлерін меңзейтінін көрсетуге болады. Осылар өз
кезегінде олардың бүкіл кейінгі психикалық ic-әрекетінің мотив-
теріне айналады. Балалар осы ситуациядан құтылуға, неғұрлым
жоғарылау денгейге жетуге және тепе-теңдік сезімін иеленуге
ұмтылады. Жоғарыға ұмтылыс неғұрлым күшті болса, адам
мүмкіндіктерінің шегінен шығатын дәлелдерді – өз күшінің
дәлелдерін іздecтipy арқылы баланың алдына қоятын мақсаты
солғұрлым жоғары болады. Егер бала түрлі қайнар көздерден
осы ұмтылыстарына тipeк тапса, ол өзінің болашағының бей-
несін Құдайдың мүмкіндіктерінің шегiнe жақындатып жобалай
алады. Қалай дегенмен де, бала қиялы өздерінің Құдайға
ұқсастығы идеясына сенушілікке бейімділік фактісін көрсетеді.
Әдетте, бұл неғұрлым әлсіз адамдарға тән.
Бiр кезде өте күрделі психикалық ситуацияны басынан
кешірген 14 жастағы баламен болған жағдайды келтіруге бола-
ды. Одан балалық әсерлері туралы сұрағанда, ол өзінің алты
жасқа шейін ысқыра алмайтынын қалай ауыр сезінгенін eciнe
түсіреді. Дегенмен бip күні ол жетістікке жеткен. Оның осы
жағдайға таңданғаны соншалық, ол оның ішінде Құдайдың өзі
ысқырды деп сенген. Осы оның, бip жағынан, өз әлсіздігімен,
екінші жағынан, Құдайға жақындығы арасындағы іштей және
тығыз байланыс ceзiмiн айқын көрсетеді.
Осындай артықшылыққа өткір ұмтылушылық мінез бітісте-
рінің ерекше белгілеріне байланысты. Осы үрдісті (тенденция-
ны) бақылай отырып, мұндай баланың атаққұмарлығының
толық айқындалуын көреміз. Өзін-өзi бекітуге ұмтылушылыққа
тілек аса күшті болғанда, ол сонымен қатар қызғаныш сезімін
қалыптастырады. Осындай категориядағы балаларда өз қарсы-
ластарына қандай да бip зұлымдықты тілеу әдеті жеңіл дамиды;
көбінесе неврозға әкелетін тек тілеу емес, сол сияқты келең-
сіздіктер тудыратын және кей жағдайларда
тiптi
қылмыстық
сипатта болатын зияндылық жасауы да дамиды. Мұндай бала
жала жабуға, үйдің құпияларын айтып қоюға және әcipece басқа-
лардың көзінше өзінің маңыздылығының жоғарылығын сезіну
үшін кұрдасын кемсітуге дайын тұрады. Ол өзінен асып түсетін
бipey бар деп ойламайды, сондықтан ол үшін қоғамда өзi беделді
болды ма немесе жолдастарының бipeyiнің қоғамдағы мәртебесі
төмендеді ме оған бәpiбip болады. Билікке ұмтылушылық аса
27
күшті болғанда, ол ызақорлық пен кекшілдікке айналады. Және
осындай балалар әрдайым жауынгерлік және бойұсынбауды
көрсетеді, бұл олардың сыртқы бейнесінен – көздерінің жарқы-
лынан, аяқастынан ашулануынан, шындығында жоқ жаулары-
мен күреске дайын тұруынан көрінеді. Осы сияқты артық-
шылыққа ұмтылатын балалармен тест жүргізу өте қиын, өйткені
бұл жағдайда олардың түкке тұрғысыздығы бірден көpiнiп қа-
лады.
Бұл сынақ жүргізуде баланың жеке-даралық ерекшелiктepiн
міндетті түрде ескеру қажеттілігін көрсетеді. Кез келген сынақты
балалар әр түрлі қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |