255
материалы ұсынылады. Егер қиындық мөлшерін сақтамайтын
болсақ, ұсынылған материал түсінуге тым ауыр болғандықтан,
оқушы оны еріксіз автоматты түрде жаттауға көшеді. Бұл
жағдайда жоғары қиындық деңгейі өзінің тиімділігін жоғалтып,
балаға кері әсер етеді.
Қиындық мөлшері бағдарламаларда, оқулықтарда, әдістеме-
лік нұсқаулықтарда және оқыту тәсілдерінде нақтыланып
көрсетіледі. Мұғалім балалардың білімдер мен іскерліктерді
қалай меңгергенін, оның нәтижесі мен барысын үнемі бақылауда
ұстап отырады. Оны күнделікті оқу ісінде қолдану қажеттілігінің
бір сыры осында жатыр. Нәтижені бақылауда ең бастысы оқу-
шылардың меңгерген білімдері мен іскерліктерінің баға түріндегі
сандық көрсеткіші емес, одан да нақты білім сапасы, оның, яки
ол сапаның әр оқушыдағы көрінісі болмақ.
Оқушылардың білім, іскерліктерді меңгеруі барысындағы
алынатын мәліметтер сыныпқа, сондай-ақ жекелеген оқушылар
үшін әр оқушыға сәйкес оқу материалын даралауда қажетті
қиындық мөлшерін нақтылауда сүйенетін қосымша материал
болып табылады.
Жоғары қиындық деңгейінде оқыту ұстанымы білім беру
құрылымына да әсер ететіндіктен, оқу материалы айрықша
маңызды әрі күрделі болып қана қоймай, сапалық ерекше-
ліктерге де ие болып келеді. Аталмыш ұстанымды теориялық
білімді басшылыққа алу ұстанымымен тікелей байланыста
қарастырсақ, қиындық деңгейі нақтылана түседі. Демек, қиын-
дықтың кез келген түрі емес, құбылыстарды және олардың ара-
сындағы ішкі маңызды байланыстарды тануға бағытталған қиын-
дықтарды туғызу маңызды болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: