даралануына еркіндік беру. Бұл
оқушының дамуындағы ұжымның рөлін еш төмендетпейді. Оған
К. Маркстың ойлары негіз болады: «...индивидтің дамуы тікелей
және жанама қатынаста болатын барлық басқа индивидтердің
дамуымен шарттас» құбылыс. Дараланудың жетілуі оны өзгелер-
ден оқшаулау, өзгелерге тәуелді ету арқылы емес, идеялық
бағыты дұрыс балалар ұжымының жан-жақтылығымен, мазмұн-
дылығымен қалыптасады. Сонымен қатар оқушылардың өзіндік
ынтасы мен қабілетін, қажеттіліктерін ескеру жағдайында ғана
қалыптастыру мүмкін болады.
Даралық белгілі бір даму сатысындағы мектеп оқушысына
тән тұлғалық ерекшеліктерді, оның бойындағы жасырын қабі-
леттерді көрсетпейді. Даралықтың өзі жалпының өмір сүру
формасы болып табылады. Демек, даралықтың дамуына тос-
қауыл болатын жалпылану (унификация) оқушының рухани
дамуына тежеу болады, оның қабілет-мүмкіндіктерін ашуға, қа-
лыптастыруға, оқушының жалпы дамуына кедергі болады
(Занков Л.В. и др. Обучение и развитие / ауд. Ж. Бектұрғанова. – М.: Педагогика, 1975. – 440 с.)
260
Кеңес психологы, дифференциалды пси- хология мектебінің негізін салушы. Б.М. Теплов – профессор, педагогика ғылымдарының докторы (психология бо- йынша), 1952 жылы Жалпы және педаго- гикалық психология ғылыми зерттеу инсти- тутында (қазіргі БРА жанындағы Психо- логия институты) құрылған «Даралық айырмашылықтардың психофизиологиясы» зертханасының ғылыми жетекшісі, 1958- 1965 жылдары «Вопросы психологии» журналының бас редакторы болған. Тума қабілеттер (докторлық диссер- тациясы – «Музыкалық қабілеттер психо- логиясы»), мінез, темперамент мәселелерін зерттеген, оларды объективті жолмен диагностикалау және өлшеудің әдістемесін жасаумен айналысқан. Тума қабілеттер мен даралық ерекше- ліктердің барын жоққа шығарып, ортаның адамға әсерін алға тартқан А.Н. Леонтьевпен пікірталасқа түскен. Даралық айыр- машылықтар мәселелері, музыкалық қабілеттер, қабілет және дарындылық, қолбасшының ақылы тақырыптарында еңбектер жазған.