311
ка дамушы мәдени мұралар арасындағы қайшылықтардан, соны-
мен бірге білімнің жинақталған
қоғамдық қоры мен олардың
тікелей, таза эмпириялық шектелген мүмкіндіктерінің қайшы-
лықтары арқылы дамыды. Дидактика мәселесі қойылуының
тарихы осы қарама-қайшылықты шешуге бағытталған күшті
көрсетеді. Өз негізінде дидактика мәселесінің қойылуы ғылыми
жалпы тәжірибеден ерекшеленетін қоғамдық тәжірибенің қа-
лыптасу үдерісін жоспарлы түрде
өзара тасымалдау, содан соң
білім берудің жеке үдерістеріне бағытталған. Білім беру үдерісін-
де индивидуум күрделі, өзіндік жолмен меңгерудің қоғамдық
үдерісін тарихи түрде қайталайды. Мұнда сұрақ: «Мұны тұлға-
ның қалыптасу үдерісі үшін нәтижелі және тиімді түрде қалай
іске асыруға болады?» – деген мағынада қойылады, бұл дидакти-
каның проблемасы болып табылады.
Дидактика мәселесінің қойылуы – адами мәнді күштің кең
мағынадағы меңгеру және даму
стратегиясы болып табылатын
білім беру теориясының бөлігі (аспекті, фрагменті). Дидакти-
калық үдерістердің негізгі сипатты көрінісі білім беру үдерісін
басқару үшін біршама сәйкес жағдайдың арнайы құралдарының
кешенін мектеп жағдайына азды-көпті сай келетін білім беру
үдерістерін басқару үшін қолдану болып табылады. Дидактика-
лық үдерістерді тәрбие процеcінің ерекше тобы ретінде, егер біз
тұлға қалыптасуының қоғамдық анықталатын үдерісінің жалпы
функционалды мәнін ғылыми түрде талқыласақ қана түсінуге
болады.
Дидактика мәселесінің қойылуы адамның жалпы тарахи
даму үдерісінің
құрамына, оның қоғамдық-тарихи қалыптасу
үдерісінің құрамына кіреді. Осыдан дидактиканың тарихилығы,
тарихи өлшемі
алынады.
«
Білімнің»
тарихи үдерісі мен дидактика мәселесі қойы-
луының арасындағы байланысты бекіту үшін біз бірнеше тезис
қалыптастырып көрейік.
1.
Еңбек
үдерісінде өзінің табиғи қоршаған әлемімен жана-
суында
адам өзіне екінші, жасанды қоршаған әлемді жасайды.
Осы үдеріс барасында ол адами, барлық әлеуметтік, zoon
politikon ретіндегі өзінің қоғамдық тіршілік иесін қалыптасты-
рады. Практикада қоршаған әлеммен
белсенді жанасу бары-
сында, оның өзгеруі барысында қайта жасаулында адам өзінің