Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет135/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

заттық
(шынайы 
заттар немесе шынайы бейнелер)
,
тілдік
(оқиғалар мен мысал-
дардың мұғалім сөзінде немесе оқулықтарда толық жете 
суреттелуі)
,
символдық
(графиктер, чертеждер, т.б.) деп бөледі. 
Соның қатарында әдебиетте көрнекіліктің өзге де бөліктері 
кездеседі – «табиғи» (таза табиғи заттар, әр түрлі заттар) және 
«жасанды» (заттардың кез келген бейнесі немесе олардың тек 
сынып ішінде пайдалануға лайық көшірмелері). Әр түрлі оқу 
пәндерінде және түрлі жағдайларда, оқытудың түрлі деңгей-
лерінде көрнекіліктің әр түрлі формаларын әр түрлі топтай 
отырып, пайдаланады. Алайда барлық жағдай үшін ортақ қасиет-
тері бар. Көрнекіліктің дұрыс қолданылуы оқытушының балалар 
назарын заттың немесе заттар топтамасының жалпыланған және 
абстракцияланған болуы тиіс қасиетіне бағыттайтын жетекші 


346 
сөзіне байланысты. Әрі қарай, көрнекіліктің суреттеушілік, 
символикалық түріне көшу мүмкіндігінше жеке заттық көрне-
кілікке, шынайы заттар мен табиғи құбылыстардың алдын ала 
бақылауына сүйенуі керек. Осы кезде танымдық тұрғыдан, 
әсіресе бастауыш мектептерде, «жасандыға» қарағанда «табиғи» 
көрнекілік маңыздырақ. 
Көрнекілік – бұл нақты заттар мен құбылыстарға қатысты 
танымдық іс-әрекеттің ерекше түрі, «бұл танымдық іс-әрекеттің 
бірінші сатысын көрсететін және осы мағынада сөздік жоспарда 
жасалатын 
ақыл-ойлық
талдау мен синтездің алдында жүретін, 
практикалық, нақты 
талдау 
мен синтез болып табылады». Соны-
мен қатар психологиялық мәліметтерге сәйкес, көрнекілік 
қабылдау мен елестетуді біртұтас талдаулық-синтездік ақыл-ой 
іс-әрекетінен оқшауламайды. Керісінше, ол «осы үдерістерді 
ақыл-ой іс-әрекетінің контексіне енгізуге және оны стимул-
дандыру мен жеңілдетуге мүмкіндік беретін құралы ретінде 
көрінеді. 
Психология мен дидактикада, жеке әдістемелерде білімді 
тиімді игеру үшін бір ғана көрнекіліктің жеткіліксіз екені үнемі 
айтылып жүр. Көрнекі құралдармен жұмыс барысында оқушы-
ларда көзбен көру бейнесі қалыптасады, көру бейнесі оқытылып 
жатқан зат туралы көп мәлімет береді, бірақ барлық мәліметті 
емес. Сондықтан көрнекілікке «оқушының өзінің белсенді қыз-
метін қосу керек... Жұмысқа оның басы ғана емес, қолы да 
қатысқан жағдайда материалды жан-жақты қабылдау жүргенде, 
ол өз қалауы бойынша жылжыта алатын, оларды түрлі қатынасқа 
түсіре алатын заттармен жұмыс істегенде, олардың қатынаста-
рын бақылай алатын, бақылаудан қорытынды шығара алатын 
дәрежеде болғанда ғана оқушының белсенділігі жоғары деңгейге 
жетеді». 
Осындай әдіспен, дидактикалық материалды қолмен ұстап 
жұмыс істей отырып, оқушылар заттардың түрлі қасиеттерін 
жан-жақты қабылдауға жағдай жасайды, ал олардың қандай да 
бір балалардың белгілі бір қарым-қатынастар туралы керекті 
қорытынды шығаруына мүмкіндік береді. 
Көрнекілік ұстанымы – дәстүрлі психология мен педагоги-
када жасалған жалпылау үдерісі мен оның өнімі түсінудің нақты-
дидактикалық және жеке-әдістемелік көрінісі болып табылады. 


347 
Көрнекілікті қолданудың әдісі мен тәсілдері мектеп жасындағы 
даму сатысында жалпылауға сүйенеді. Көрнекіліктің сабақ 
берудегі, әсіресе бастауыш сыныптарға сабақ берудегі маңыз- 
ды рөлі жалпылауды дәстүрлі суреттеу тек қана теориялық 
мағына бермейтінін көрсетеді. Бұл суреттеу оқыту тәжірибесінің 
негізі болып қызмет етеді, өз кезегінде, көрнекілік принципін 
қолдану арқылы ол тұрақты түрде және кеңінен қолданыс 
табады.
1923 жылы 28 желтоқсанда Ресейде 
дүниеге келген. Психология ғылымдарының 
докторы, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу 
мемлекеттік университеті педагогика жәнс 
педагогикалық психология кафедрасының про-
фессоры. Педагогикалық психология саласында 
көптеген зерттеу еңбектер жазған. Бағдарла-
малық оқыту мәселесі бойынша жазылған 
көптеген еңбектердің авторы, оның ішінде: 
«Бағдарламалық оқытудың теориялық мәселе-
лері», «Білімді игеру үдерісін басқару», «Оқу 
үдерісін автоматтандырудың жолдары мен 
мүмкіншіліктері» (Т.В. Габаймен бірлесіп 
жазылған), «Бағдарланған оқытудың теориялық мәселелері», 
т.б. еңбектері бар. Іс-әрекет теориясын жасауға өз үлесін 
қосты. П.Я. Гальперинмен бірлесе отырып, ғылыми ұғымдарды 
қалыптастырудың психологиялық жолдарын зерттеді.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет