Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет140/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Мария Монтессори
 
(1870-1952) 
 
 
 


358 
болса да, жағдайы төмен мектептерде оқитын әдеттегі 
балаларға арнайды.
1907 жылы ол өзінің бақылаулары мен тәжірибесін прак-
тикада қолдануға мүмкіндік туады. Италиялық миллионер, 
дарынды инженер, «арзан пәтерлер қоғамының» директоры 
Эдуард Таламо әлеуметтік эксперимент жүргізуді ойлап, 
М. Монтессориге мектепке дейін білім беретін жаңа типтегі 
оқу орнын кейін «Балалар үйі» деп аталған балаларға арналған 
мектеп ашуды ұсынады.
Осы алаңда педагог-гуманист баланың табиғи дамуына 
ықпал ететін арнайы орта жасайды. Монтессори ұсынған 
әдістің мәні мынада, баланы өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі 
оқытуға, өзін-өзі дамытуға ынталандыру, себебі кез келген өмір 
– ол еркіндіктің белсенді көрінісі, кез келген бала дүниеге 
келгенде осы еркіндікке деген қажеттілікпен дүниеге келеді.
1909 жылға қарай Монтессоридің жүргізген әлеуметтік 
эксперминтінің табыстылығы мойындалып, жұлдызы жарқы-
рады. Оның атақ-даңқы шегарадан асып, оның Римдегі «Балалар 
үйіне» испаниядан, Голландиядан, Англия мен Швециядан 
бастауыш сынып мұғалімдері мен бала-бақша тәрбиешілері келе 
бастайды.
Бүгінде Монтессори әдісіне деген қызығушылық әлі де 
өрістеп тұр. Елімізде Монтессори бала-бақшалары ашылып, 
оның әдістемесі практикада кеңінен қолданыла бастады.

МОНТЕССОРИ ӘДІСІ 
 
БАЛА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ОРТАНЫҢ МӘНІ
Бақылау әдісі баланың морфологиялық дамуын әдістемелік 
бақылау әдісінен де тұруы тиіс екендігі сөзсіз. Алайда ол әдістің 
бір ғана керекті бөлігі ретінде қарастарылғанмен, әдістің өзі тек 
осы бақылау түріне ғана негізделмегенін қайталап айтқым келеді.
Бақылау әдісінің тірек ететін басты қазығы – (тәрбие үдері-
сін) баладан еріксіз, өзінен-өзі байқалатын еркіндікке негіздеу.
Осы байламды негізге ала келе, мен ең алдымен қоршаған 
ортаға, ондағы ахуалға, ең ақыры, әрине, сыныптағы жиһаздың 
қойылуына да назар аудардым. Ойынға арналған ауқымды 
алаңды мектептегі бақша отырғызатын ең маңызды бөлік деп 


359 
айту арқылы мен ешқандай жаңа нәрсені насихаттап отырған 
жоқпын. Мен ашық алаңды пайдалану туралы ойымды ғана жаңа 
деп айтар едім: ол сыныпқа ең ыңғайлы жерде – балалар күні 
бойы өзі қалаған уақытта келіп, кете беретіндей жерде орналасуы 
тиіс.
Біздің бұл әдісіміз ескі дәстүрлерден түбегейлі ажырады: 
онда орындық жоқ, өйткені бала енді бір орында қозғалмай 
отырып, мұғалімнің сабағын пассивті түрде тыңдамауы тиіс; 
онда кафедра жоқ, өйткені әдеттегі жүйедегідей мұғалімнің 
ұжымдық сабақ беруі қажет емес. Бұл сырт көзге елеусіз 
өзгерісте үлкен төңкеріс жатыр. Оның мәні – баланың өзінің 
табиғи қабілетіне сай келетін іс-әрекеттерді орындауға еркіндік 
беру, балаға ешқандай бағдарлама немесе міндеттемелер, ескі 
мектеп түсінігі бойынша дәстүрлі жолмен сырттан белгіленген 
керексіз ережелер (педагогикалық немесе философиялық) мін-
деттелмейді.
Бұл жаңа мәселенің төркіні ең алдымен мынада: іс-әрекетшіл 
баланың қажеттіліктеріне сәйкес келетін орта ұйымдастыру. 
Оның қажеттілігі айдан анық: егер бұрынғы сабақтарды баланың 
өзінің ерікті іс-әрекеті алмастыратын болса, онда оның осы іс-
әрекетін көрсетуге көмектесетін материал ұсыну керек.
Сондықтан да біздің бұл бағыттағы бірінші қадамымыз 
сыныпты баланың бойы мен күшіне лайықты етіп жиһазбен 
көркемдеп, оны нағыз «Баланың үйіне» айналдырудан басталды.
Мектеп жиһазын жаңартудағы ең басты жаңалықты, менің 
ойымша, парта мен орындықтарды қарапайымдандырудан 
көруге болады. Сегіз қырлы кең аяқты, мықты үстелдерге 
тапсырыс бердім; олар өте төзімді, сонысымен қатар өте жеңіл, 
оны екі төрт жасар бала бір орыннан екінші орынға қозғай алады. 
Үстелдер төртбұрышты және ұзына бойы екі бала отыратындай, 
ал сәл тығызырақ отырса, үшінші балаға да орын табылады. Одан 
бөлек, кішкентай орындықтар бар, онда әр бала жеке отырып 
жұмыс істейді.
Ерекше кішкентай орындықтарға да тапсырыс беремін. 
Алғашында орындықтардың отыратын жері өріліп жасалғанмен, 
кейін тәжірибе олардың тез тозатынын көрсетті. Қазір мендегі 
орындықтардың бәрі ағаштан. Бұл орындықтардың салмағы өте 
жеңіл және пішіні де ерекше. Сондай-ақ әр сыныпта ағаштан 


360 
немесе шыбықтан жасалған кішкентай креслолар бар. Сынып 
жиһазындағы тағы бір зат – ол кішкентай қолжуғыштар, олардың 
кішкентайлығы сондай, тіпті 3 жасар баланың өзі оны өз қажетіне 
жарата алады. Әр баланың «өзінің» сабынын, қол және тіс 
жуатын шөткесі және т.б. заттарын сақтауға арналған кішкентай 
шкафтар да ыңғайымен қойылған.
Әр сыныпта оқу құралдарын (дидактикалық материалдарды) 
арнайы салып қоюға арналған кішкентай шкафтар ұзыннан 
қойылған. Бұл шкафтардың есігін ашу еш қиын емес, ондағы 
материалдарды күтіп ұстау балалардың өздеріне тапсырылған. 
Шкафтың үстіне гүлдер, балық салынған вазалар, тор ішіндегі 
құстар немесе ойыншықтар қойылған және балаларға онымен 
ойнауға еркіндік берілген. Қара тақталарға да көп орын берілген, 
оған кез келген баланың бойы еркін жетеді. Әр тақтаның қасында 
жәшік бар, онда бор, тақтаны сүртуге арналған шүберек салынып 
қойылған.
Қабырғада балаларды қызықтыратындай қарапайым көрініс 
бейнеленген картиналар ерекше байқампаздықпен ілініп 
қойылған. Римдегі «Балалар үйіне» біз Рафаэльдің «Креслода 
отырған Мадонна» картинасының көшірмесін іліп қойдық және 
осы картинаны Балалар үйінің эмблемасы ретінде таңдап алдық. 
Шын мәнінде, Балалар үйі бұл тек әлеуметтік прогрестің ғана 
үлгісі емес, ол адамгершілік тұрғысынан жасалған үлкен 
прогресс: ол ана болу идеясын, әйел баласын, оның өз ұрпағын 
қорғау әрекетін көтермелеумен байланысты. <...> 
Біздегі ахуал осындай.
Ескі ойыншықтарды үлкен кемшілігі де сонда – қуыршақтың 
тартпа жәшіктерінен бастап, әскери бекіністердің бәрі біздің – 
үлкендердің түсінігіне сәйкес келетін күрделі заттарды қайталап 
көрсететін. Ал балаларға біздікінен бөлек заттар ұнайды, олар 
қарапайым және басқаша жасалған заттардан ерекше ләззат 
алады: олар қымбат ойыншықтардан гөрі, өздері қолдан жасаған 
қандай да бір түкке тұрғысыз ойыншықтардан көбірек ләззат 
алатынын балалардың өздері-ақ дәлелдеп отыр.
Есіктің орнына жапқыш немесе қарапайым бір тақтайшалар 
іліңіз <...>; тартпа жәшіктердің орнына қандай да бір ағашты 
қойыңыз немесе жиһазды тез жинап, тез бұзатын кубиктер 
қойыңыз, кішкентай сәбилердің қуанышы қаншалықты шынайы 


361 
болғанын көресіз. Осылайша, мектеп азап болудан қалып, 
қуанышқа айналады. <...>
Мектепті осындай әсем жиһазбен әсемдеу арқылы біз 
баланың іс-әрекетін осы заттарды өзінің пайдасына жаратуына 
жұмсаймыз, сөйтіп, ол заттарды шашып ойнаған соң оны 
қайтадан орнына қояды, қайтадан қалпына келтіреді, қайтадан 
бұзады; тазалайды, жуады, шаңын сүртеді: осылайша, практика 
көрсеткендей, баланың өзіне лайықты жұмыстың бір түрі келіп 
шығады. Балалар шынымен беріліп тазалап, оларды орындарына 
қояды. Оны және де рақаттанып істейді, сол арқылы ептілікке 
үйренеді, ол бала үшін ғажайып нәрседей болса, біз үшін үлкен 
жаңалық, өйткені біз бұрын соңды балаға өз қабілетін оңтайлы 
жолмен көрсетуге жағдай жасамай келдік.
Шын мәнінде, бала өзін қоршаған ойыншықтармен емес, 
заттармен ойнағысы келгенде оларды: «Тентек болма, тиіспе!» 
деп тыйым салып отырдық. Баланың қолы біздің бір затымызға 
тиіп кетсе болды, біздің дауысымыз да қатты шығып, әуелгі 
әнімізге сала бердік. Тек кейбір балалардың ғана анасына еліктеп, 
тамақ істеуге, кір жууға қатысуына мүмкіндіктері болды.
«Балалар үйінде» кішкентай және қарапайым заттардың 
пайда болуы да осы себептен туды, ол заттар балаларға шынымен 
өмірге араласуына (дастарқан жазу, түскі ас беру, тәрелке және 
ыстақан жуу) мүмкіндік беріп, балалар бұл үйден өзін бақытқа 
бөлейтін орын табады; өз үйінде тыйым салынған, бала үшін 
«қасиетті» нәрсеге айналған заттарды ұстап, оларды сындырмай 
ұстауға, үстін былғамай, көйлегіне төкпей, сүрінбей жүруге, 
қолын жууға, қозғалуға үйренеді, өзін жетілдіреді. <…> 
Біздің мектебімізде балалар басынан кешіретін қуаныш, 
олардың күшін соншалықты материалды және баланың күшін 
құртатын жұмысқа жұмсамау туралы қарапайым ой біздің 
әдісіміздің әлемде кең таралуына себеп болды. <…> 
Бірнеше ғасырлар бойы жаңа туған сәбиді құндақтау керек, 
ал жаңа жүре бастаған сәбиге жүріс арбасы керек деген түсінік 
орын алып келді. Мектепте бөлмелерге әлі күнге ауыр парта 
қойып, орындықты еденге бекіту керек деген түсінік бар. Мұның 
барлығы сыйынар алдында нақты бір ерекше іс-әрекетті 
ұстанғанымыз сияқты қандай да бір тәрбиенің өзі де арнайы іс-
әрекетпен іске асуы тиіс, бала қозғалыссыз өсуі керек деген 


362 
жалған түсініктен туып, ескі көзқарас негізінде біздің санамызда 
орнығып қалған. <…> 
Бұрынғы әдістемеде баланың пәнді меңгергендігі керісінше 
түсіндірілді, яғни баланың ерекше сымбаттылықпен және сенім-
ділікпен қозғалуына кедергі жасайтын үнсіз тыныштығымен 
түсіндіріліп, баланы ебедейсіз жағдайға қалдыратын... <…> Мұн-
да (Балалар үйінде) қозғалып үйренген икемділіктерін ол өмір 
бойы өз пайдасына жаратады. Бала болса да, ол өзін-өзі лайықты 
ұстауға да үйренеді, еркіндікке де үйренеді.
Миландағы «Балалар үйінің» директоры терезенің алдына 
ұзын жіңішке сөре жасайды да, оның үстіндегі үстелшеге сурет 
сабағының бастапқы кезеңдерінде қолданылатын түрлі 
геометриялық металл фигураларды қойып қояды. Алайда сөренің 
жіңішке болғандығы соншалық, балалар фигураны таңдаған 
кезде үстелшелердің біреуін үнемі құлатып, ондағы фигураларды 
шашып ала береді. Директор сөрені қайта жасатайын десе де, 
ұста келіп болмайды. Ол келем дегенше, балалар материалдарды 
мұқият ұстап үйренеді, үстелшелер жіңішке сөренің үстінде 
тұрса да, құламайтын болды.
Балалар өздерінің іс-қимылдарын біртіндеп түзету арқылы 
жиһаздың кемшілігін жеңді. Заттардың қарапайымдығы мен 
жетілмегендігі баланың белсенділігі мен ептілігін қалыптасты-
руға әсер етті.
Алайда біздің әдісіміз мектепті қайта әсемдеп, жаңа 
материалдық орта қалыптастырумен ғана шектеліп қоймай, 
баланың қажеттіліктеріне сай келетін сабақтарды ұйымдасты-
руды да қамтыды. Оқытуды да, яғни баланың ақыл-ойын дамы-
туды да дәл осылай ұйымдастырдық. Бала тек үздіксіз қимылдап 
қана қоймайды, ол үздіксіз оқиды да. Баланың қозғалысқа деген 
қажеттілігінен де маңызы кем емес – практикалық және 
психикалық іс-әрекетке деген қажеттіліктерін анықтауымыз 
біздің ең үлкен жаңалығымыз болды. Оның оқуына бағдар 
берілмейді, алайда бірте-бірте үлкен адам, үлкен деп отырғаны-
мыздың өзі кішкентай бала – өзі, яғни табиғат өзі баланың 
жасына сай оның бойындағы қабілеттерді анықтайды.
Сондықтан біздің әдісіміз бойынша балаға не істеу керегін 
мұғалім айтпайды, бала өзінің іс-әрекет материалын өзі таңдайды 
да, одан «өзінің ішкі шығармашылық рухы» қалаған нәрсені 


363 
жасайды. Мұғалім жаңа өнерді игереді: мәліметтерді баланың 
басына кіргіземін деп әуреленбейді, оның орнына ортаға, ондағы 
баланың ішкі қажеттіліктеріне, жасына сай келетін заттарға 
бағыттау арқылы балаға қызмет етеді. 
Ақыл-ойды жаттығусыз, жаттығуды жаттығуға құрал 
болатын сыртқы материалдарсыз жүргізу мүмкін емес болған-
дықтан, баланың қоршаған ортасын дамыту құралдарымен 
(ғылыми жолмен алдын ала нақтыланып, тексерілген тәжірибеге 
сүйене отырып) толтырып, олардың көмегімен баланың өзінше 
дамуына еркіндік беру керек. Сол кезде әр бала өз таңдауын 
жасайды да, оқу материалдары арқылы ақыл-ойды дамытуға 
қажетті жаттығуларды біртіндеп өзі жасап шығады. <…> 
Бұл әдістің мектеп жұмысын жеңілдетіп, алға жетелейтіндігі 
соншалық, әмбебап көрінеді. Тек бір ғана нәрсе талап етіледі: 
баланы өз жайына қалдыру, оның өзінің таңдауына, дербес іс-
әрекетіне кедергі жасамау. Үлкендердің ықпалының жоқ 
болуына қарамастан (бүгінге дейін қажет деп танылып келген), 
бала үлкендердің мәдениетін игеруде де үлкен қадамдар жасауда.
Осы бір ғажайып жаратылыс иесі – бала бізге тағы бір 
жаңалықты ашты: баланың оқып, жазып үйренуі үшін ең 
пайдалы кезең – төрт пен бес жас аралығы. Осылайша, біздің 
балаларымыз өз сезімдерін ғана дамытып, жетілдіріп қана қой-
майды, бастауыш мектептің екінші сыныбына да бара алатындай 
дәрежеде дами алады екен (бұл кезде басқа балалар бірінші 
сыныпқа әрең-әрең түсіп жүргенде).
Минималды шығын және күш жұмсау арқылы баланы жеке 
тәрбиелеудің ұлы мәселесін шешіп бере алған біздің әдісіміздің 
арқасында осындай үлкен қадам, прогресс болды...
Шын мәнінде, әлем университеттерінің барлығы тәрбие 
саласына қаншалықты өзіндік үлес қосса да, мектептегі жағдай 
сол баяғы күйінде қалды. Жалғыз жаңашылдық тек әр сы-
ныптағы бала санын азайтумен ғана шектелді, өйткені мұғалім әр 
баланы жақсы біліп, мұғалім қабілеті бар деп санаған жаққа 
баланы бағыттап отыру керек болған соң ол тек саны шектеулі 
баламен ғана жұмыс істей алатын болды. Ал әдіс тек сырт пішінін 
ғана өзгерткенмен, сол ескі әдіс пассив күйінде қала берді. 
Алайда ол арнайы маман-мұғалімдерді талап етті, өйткені олар-
дың жұмысы әбден жан-жақты ойластырылған және жалық- 


364 
тырғыш бола түсті: сөзсіз түрлі түсті құралдарды пайдалану 
керек болды; бірақ бұл әдіс те балаға өзінің идеяларын сырттан 
мәжбүрлеп таңды және балалардан үлкендердің еркі мен 
басшылыққа бағынуды талап етті, яғни бұл әдістің құралдары 
өзгеріссіз қалды. <…> 
Бізде балалар қырық және одан да көп баладан тұратын 
сынып болса да, әр бала түрлі жаттығулармен айналысады, 
сондықтан жеке тәрбие алады; бір ғана оқу құралы бәріне 
жеткілікті; сондай-ақ мұғалімді қандай да бір ғылыми дайын-
дықтан өткізудің қажеті жоқ, ол тек байқаусыз қала білуі керек, 
баланың өзінің саналуан іс-әрекеттер арқылы дамуына кедергі 
жасамау өнерін қолдана алуы тиіс.
Мұның бәрі сондай қисынды әрі қарапайым. Оны іс жүзінде 
тексеріп көргеннен кейін біздің ойымыз сиқырлы таяқша сияқты 
бәріне соншалықты қарапайым, түсінікті көрінері сөзсіз.
Педагогикалық бақылау әдісі баланың еркіндігіне құрылады, 
ал еркіндік дегеніміз бұл іс-әрекет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет