Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет36/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

аналық күш пен ананың жанқиярлығы
түрінде көрінеді. Осы күш пен жанқиярлықтың ананың бойында 
болмауы табиғатқа жат, бұл ана жүрегінің табиғатқа жараспай-
тын бүлінуінің салдары. Ондай нәрсе орын алған жерде аталық 
күштің ықпалы мен бауырлардың туысқандық сезімінің тәрбие-
лік ықпалы, олай болса жалпы отасылық өмірдің игі әсері өзінің 
ең бірінші және ең таза жанды құралынан айырылап, өзінің күшін 
жояды. Бұл әсердің қайнар көзі мен негізгі пәрменді аналық күш 
және аналық жанқиярлыққа сүйенеді. Нәрестенің өмірінің ең 
алғашқы кезеңіндегі тыныштығы туралы қамқорлық 
жалпы 
алғанда
тек осы күш пен осы жанқиярлықтың арқасында ғана 
болуы мүмкін екендігіндей, нәрестенің адамгершілік күштерін 
табиғи үйлесімді етіп қалыптастыру жалғасатын болса ғана
оларды дәл солай сақтап қалуға болады. 
Адамшылықтың бар мәні мен мағынасы тыныштық болғанда 
ғана дамиды. Онсыз сүйіспеншілік өзінің ақиқаттығының және 
игі әсерінің бар күшінен айырылып қалады. Мазасыздық, шын-
дап келгенде, сезімнің азабынан немесе сезімнен туған тілектен 
пайда болады; ол (мазасының кетуі) мейрімсіз жоқшылықтың 
немесе одан асқан мейірімсіз эгоизмнің салдары. Бірақ барлық 
жағдайда да мазасыздықтың өзі сезімсіздік пен сенімсіздікті 
және табиғатына қарай осы екеуінен туындайтын салдардың бә-
рін туғызады. 
Міне, баланың тыныштығы мен ананың оны қорғайтын күші 
және жанқиярлығы туралы қамқорлық, 
сезімнің
нәрестенің осы 
кезеңде мазасын алатын кез келген 
тітіркенуін
болдырмау жө-
ніндегі қамқорлық осыншама маңызды екен. 
Мұндай тітіркену нәрестенің шын болған физикалық қажет-
терін қанағаттандыруға байланысты сүйіспеншілікпен қамқор-
лыққа алудың жетіспегендігінен және хайуандық эгоизмді 
қоздыратын, қажетсіз физикалық игіліктердің тым көптігінен 


79 
болады. Шешесі ешқандай ережені сақтамай, бірдеңені қажет 
етіп жатса да, жылап жатқан баланы қанағаттандырмай тастап 
кеткенде, емшектегі нәрестенің бойындағы зиянды мазасыз-
дықтың және оның барлық салдарының мәйегі тым қатты дамып, 
өршеленіп кетеді. Ол бір ыңғайсыздықты сезеді, жиі-жиі және 
ұзақ уақыт күтуге мәжбүр болғандықтан, оның қанағаттандыр-
сам деген қажеттігі азапқа, жоқшылыққа және дертке айналады. 
Нәрестенің қажетін кешігіп барып қанағаттандыру анаға деген 
сүйіспеншілік пен сенімнің қасиетті өскіндерін енді бұрынғыдай 
табиғи үйлесімді жолмен өмірге әкеле алмайды. Сүйіспеншілік 
пен сенімнің өскіндері қанағаттандырып барып тыныштандыр-
ған кезде ғана дамиды, енді тыныштықтың орнына нәрестенің 
бойында 
зиянды мазасыздық
, хайуандық тағылықтың нышаны 
пайда болады. 
Емізулі нәрестенің өмірінің алғашқы күндеріндегі мазасы-
ның кетуінен оның физикалық күшінің ашулы сезімдерінің 
алғашқы белгілері мен хайуанша күш көрсетуге бейімділік
сонымен қатар адамгершілігі жоқ, құдайды білмейтін тынымсыз 
рухтың барлық тозағы туады, ондай рухқа адамшылықтың өзінің 
ішкі көркем мән-мағынасы жат, ол оны мойындамайды да. 
Шешесі қажетін қанағаттандырмаған соң, түскен азабынан 
қатты ашуланған аш бала, жемтігін сарыла күткен жабайы аңдай 
шешесінің кеудесін бас салады. Ал егер ол жеңіл-желпі емгісі 
келсе, ол анасына адамша қуана жабыса кетер еді. Себебі қандай 
болса, ондай болсын, бала анасының мамықтай қолы мен күлім-
сіреген көздерін сезбесе, оның көздері мен еріндерінен күлімсі-
реу де, жайбарақат жатқан кездегі табиғатынан өзіне тән сүйкім-
ділігі де ұшып кетеді. Бұл – тыныштығынан айырылған баланың 
бойында енді-енді оянып келе жатқан адамшылықтың жоқтығы-
ның алғашқы белгісі. Керісінше, оның бойында мазасыздық пен 
сенімсіздіктің барлық белгілері көріне бастайды, бұлар сүйіс-
пеншілік пен сенімнің енді-енді дамып келе жатуын тоқтатады, 
олардың берекесін кетіреді және баланың бойында енді ғана 
басталған дамудың болуына қауіп туғызады. 
Бірақ баланы жайбарақат, қолдан еш нәрсеге қызықтыр-
маған кезде қажет етпеген физикалық игілікпен тым тойғызып 
жіберу де қасиетті тыныштықтың игілікті күшінің іргесін тү-
бірінен шайқайды, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет