Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет54/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

ІІ Негізгі қағида 
Іске пайдалыны ғана оқып үйрену керек 
Өзінің мүшелеріне не нәрсе болашақта пайдалы болса, 
табиғат соның бәрінен де қашпайды. Мектеп те адамды солай 
білімді етуге тиіс және келешекте оның тұтас өміріне жетерлік, 
өмірсерік білім болуы шарт. Сонда адам өзін мәңгілікке дайын-
дайды, туып, өмір сүрудің мақсаты да сонда. Осы себепті мектеп 
жас буынға ғылым үйретіп қана қоймай, оған адамгершілік, 
ізгілік қасиетін де егеді. Сонда білім адамға қызмет істеп, оның 
ақылын, тілін, қолын бірдей жетілдірмек. 
ІІІ Негізгі қағида 
Дәлелденген нәрсе ғана есте қалады 
Табиғат тиянақты негізі жоқ, тамырсыз нәрсені жаратпайды. 
Оқыту ісінің іргетасын осы негізде қалай білмейтін мұғалімдер: 
ең алдымен, өзінің шәкірттерін білімге құмар және ықыласты ете 
алмай жүр. Оқушыларды өзінің оқу жоспарымен тұтас таныс- 


124 
тырып алмайды, таныстырса олар өзінің не істейтінін және іс 
жүзінде не істеліп жатқанын түсінетін дәрежеге жеткен болар еді. 
Шәкірт білім алуға қызықпаса, ыждаһатсыз, түсінбей оқыса, одан 
жақсы нәтиже күтуге болар ма? 
IV Негізгі қағида 
Оқудың негізі терең болсын 
Табиғаттың тамыры тереңде жатады. Бұдан айқындалатыны, 
оқушының білімге деген алғырлығы, қызығуы байсалды, пән 
идеясын ақылға қондыру терең болуға тиіс. Өнер немесе тіл 
пәндерінің толық жүйесін оқытқанда, балалар соның идеясын өте 
жақсы оқытып ұғынсын, сол ұғым терең тамыр жайған соң ғана 
басқасына кірісеміз. 
V Негізгі қағида 
Бәрі заттың өз тамырынан өсіп шығады 
Табиғаттың шеттен алатыны жоқ, ол өз тамырында тұрып, 
тіледі. 
VII Негізгі қағида 
Бәрі үздіксіз қимылдап, алға басады. 
Табиғат дамылсыз қимылдап, алға басады. Ол ешуақытта 
тоқталмайды, бастағанын тастай беріп, жаңаны жасаймын деп 
әлек болмайды, бастаған ісін кеңейтіп, соны аяғына жеткізеді. 
Есті дамыту, нығайту көбіне баланың жас шағында жүргі-
зіледі 
Мұндай натуралдық әдіс бойынша алдыңғы сабақтар кейін-
гілеріне негіз болса, бәрін баланың ақылына тиянақты етіп егу 
қажет. Әбден түсінікті болған, баланың есінде қалған сабақ қана 
оның ақыл-зердесінде қалады... Олай болса, баланың жас шағын-
да ешнәрседен аянып қалуға болмайды. Бұл тиянақты түрде 
шындап алға басудың іргетасы болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет