209
оның мазмұнынан бөлек алып қарайды.
Сол себепті де нақ
мұндай теория ойынның мәнін толық ашып бере алмайды.
Ойынға түрткі болатын уәждерді анықтауға тырысқан
К. Бюлер функционалдық қанағаттану теориясын (нәтижесіне
қарамастан, әрекеттің өзінен қанағаттану) ойынға түрткі болатын
уәж деп қарастырды. Бұл жерде де ойынның кейбір ерекше-
ліктері дұрыс көрсетілгені дау туғызбайды: ойында әрекеттің
практикалық нәтижесі,
яғни затқа әсері емес, әрекеттің өзі
маңызды; ойын міндетті әрекет емес, ол қанағаттану жолы. Бұл
теорияның да тұтастай алғанда ойынның мәнін толық ашып бере
алмайтыны күмәнсіз.
Фрейдтің ойын теориясы ойынды өмірден аластатылған
қалау-тілектердің іске асу жолы деп түсіндіреді, себебі ойында
өмірде іске асыруға мүмкін емес нәрселер ойналып, адам оларды
өзінің басынан өткереді. Адлердің пайымдауындағы ойында
өмірден қашқақтаған субъектінің жетілмегендігі (неполноцен-
ность) көрінеді, субъект оған өзі иелік ете алмайды. Осылайша,
біз тұйыққа тірелдік: ойын өмірдің бар кереметі мен сұлулығын
бейнелейтін шығармашылық
белсенділік болудан қалып, өмір-
ден аластатылған нәрселердің үйіндісіне айналды; дамудың
факторы мен жемісі болудан қалып, ол жетімсіздік пен жетіспе-
гендіктің көрінісіне айналды; өмірге бастайтын дайындық болу-
дан қалып, өмірден қашатын әрекетке айналды.
Біздің зерттеулерімізде Д.Н. Узнадзе мен Л.С. Выготский
өздерінің ойын теорияларын ұсынуға тырысты.
Л.С. Выготский мен оның шәкірттерінің ойынша, ойында,
ең бастысы, бала шындық болмыстың орнына жалған жағдай
жасап, белгілі бір рөлдерді
сол жағдайға сай орындайды, қор-
шаған заттарға да өзінің ауыстырылған мағыналарына сай қа-
райды.
Әрекеттің қиялдан шыққан жағдайларға өтуі шынында да
ойынның арнайы формаларының дамуына тән болып келеді.
Алайда жалған жағдай жасап, мағыналарды алмастыру ойынның
шын мәнін айқындауға негіз бола алмайды.
Д.Н. Узнадзе ойынға жетілген және шынайы өмірде әлі
қолданысын таппаған әрекет ету
функциясының нәтижесі деп
қарайды. Артық күштердің теориясындағыдай ойын тағы да
минус емес, плюс қырынан көрінеді. Ол дамудың жемісі түрінде
210
көрінеді және практикалық өмірдің қажеттіліктерінен де озық
жүреді. Бұл өте тамаша, бірақ бұл теорияның қатерлі тұсы –
ойынды іштей пісіп-жетілген функциялардың әрекеті деп
қарастыруында, қоршаған әлеммен
қарым-қатынас барысында
пайда болатын әрекет ретінде емес, ағзаның айтқанымен орын-
далатын әрекет деуінде. Ойын осылайша, формалды әрекетке
айналады...
Достарыңызбен бөлісу: