203
техникалық операцияларға еліктеу түрінде ғана түсіндіріп тұр.
Шынында ойын өндірістік-техникалық үдеріс салаларымен
шектелмейді, ең бастысы, ойынның мәні техникалық-өндірістік
іс-әрекетке еліктеуден қанағат алуда емес, ересек адамдардың
қоғамдық тәжірибесін негізге алатын ойын арқылы қоршаған
әлемге ықпал етуге деген қажеттілікте.
Еңбекпен
тығыз байланысты бола тұра, ойынның өзіндік
ерекшеліктері де бар. Ойынның еңбекке қатыстылығын терең
түсіну үшін оны еңбекпен бірлікте де, одан ажыратып та қарас-
тыру керек. Ойынның еңбекпен ортақтығы мен айырмашылығы
ең алдымен оларға түрткі болатын уәжден (уәждемеден/мо-
тивациядан) келіп шығады.
...Еңбек ету барысында адам тек өзіне қажеттіні немесе
қызықтыны ғана жасамайды; тікелей қызығушылығы мен
қажеттілігі болмаса да, ол практикалық қажеттілік мәжбүрлейтін
немесе оны міндеттейтін міндеттемелердің талабына сай жаса-
луы тиіс немесе жасауға міндетті нәрселерді орындайды. Ойнау-
шылар ойын барысында қоғамдық
міндеттемелердің немесе
практикалық қажеттіліктердің тәртіптеріне тәуелді емес. Өзінің
еңбек іс-әрекетін орындауда дәрігер науқасты емдейді, себебі
оның кәсіби немесе қызмет бабындағы міндеттері осыны талап
етеді; ал бала дәрігер ойынын ойнағанда өзге адамдарды тек
қызыққаны үшін ғана «емдейді». Ойында баланың өмірге деген
шынайы қатынасы айқын көрінеді, себебі ол баланың ішкі ниет-
пиғылынан, қызығушылығы мен ішкі қажеттіліктерінен туады.
Мұндай ішкі ниеттердің (непосредственные побуждения –
аудармашыдан) де, әрине, өзіндік себептері бар. Ол дамып келе
жатқан индивидтің тереңдегі сырларынан хабар бермейді; ол да
баланың әлеммен қатынас жасауы барысында пайда болып, әуел
бастан баланы қоршаған адамдардың қарым-қатынасымен
байланысты туындайды. Рухани дамуы барысында балаға әлем
бірте-бірте әр қырынан, жан-жақты таныла түседі. Ол
оны
қоршаған адамдардың іс-әрекеттерінің сан алуандылығынан
көреді, іс-әрекеттің практикалық тиімділігін қамтамасыз ететін
күрделі күллі техниканы және оған негіз болатын білім, білік-
терді меңгерместен бұрын, ол бұл іс-әрекеттерді,
онда іске
асатын амалдарды өз бойынан өткереді және бұл оған шексіз
қызықты дүние болып көрінеді. Ананың рөлімен байланысты
204
нәрселердің барлығы дерлік бала үшін таңсық, бірақ оны
қоршаған қамқорлықтың барлығы анасының арқасында екенін
және өзінің өмірі анасына байланысты екенін көрмей тұра
алмайды, ендеше ол да неге анасы сияқты қамқоршыл, бағбан,
әрі жазалап, әрі еркелететін бәрінен мықты адам болмасқа? Ол,
әрине, дәрігер сияқты емдей алмайды, дәрігердің латын тіліндегі
асханасының
сыры балаға әлі бейтаныс, бірақ ол дәрігердің
сөзіне ерекше құлақ асып, үйде біреу ауырғанда одан көмек, ем
күтіп, оны барлығы құтқарушысындай ерекше қадірлейтінін
біледі, ендеше неге барлығы, тіпті ересектердің, үлкендердің
өздері тыңдайтын, емделуге, аурудан, қайғы-қасіреттен құтқару-
ға көмектесетін күшті адамның орнында неге болмасқа? Бала,
әрине, аэропланды басқара алмайды,
бұл істің қыр-сырын,
күрделі тетігін білмейді, бірақ ол бүкіл ел Солтүстік белдікке
сапар шеккен ұшқыштарды қалай мадақтайтынын, ұшқыштарға
бәрі ерекше құрметпен қарайтынын, олардың батыр жандар
екенін, оларды бүкіл ел құрмет тұтатынын жақсы біледі, ендеше
неге осылар сияқты елдің батыры, елдің сүйіктісі болмасқа? Бала
ата-анасының да, дәрігердің де, ұшқыштың да,
отанын қорғай-
тын сарбаздың да, пойызды басқаратын машинистің де – бар-
лығының өмірдегі ойнайтын рөлдерінің тартымдылығын ерекше
сезеді. Сыртқы әлеммен қатынасы барысында балада іштей түрлі
тілектер пайда болады да, қызығушылығын арттырып, оны
қандай да бір әрекеттерге итермелейді, ынталандырады. Ойын
әрекеті – ерекше пайдалы болғаны үшін емес, ерекше қызықты
болуының арқасында іске асатын әрекет.
Достарыңызбен бөлісу: