Кәсіпкерлік жауапкершілік
Жалпы түрде кәсіпкерлердің жауапкершілігі деп мемлекеттің, қызметкерлердің, клиенттердің, шаруашылық жүргізу субъектілерінің құқықтарын бұзуға, орындалмаған (келісімшарттық) міндеттемелерді қалпына келтіруге бағытталған белгілі бір іс-әрекеттерді жасау қажеттілігін, міндетін түсінеді. Сәйкесінше, шаруашылық жүргізуші әріптестер, мемлекеттік органдар кәсіпкерлердің құқықтарын бұзатын шешімдерді қабылдаған жағдайда, келісімшарттық міндеттемелерді орындамаған жағдайда кәсіпкерлердің алдында жауапты болады. Жауапкершілік келісімшарттарды дүрыс орындамау немесе мүлдем орындамау жағдайында заңмен белгіленген міндеттер мен міндеттемелерді орындамаудан пайда болады. Кәсіпкерлер заңдық тұрғыдан жаупкершілікте болады. Ол кәсіпкерлердің құқықтық нормалармен және келісімшарттық міндеттер мен міндеттемелердің орындалмау салдарынан болатын, қолайсыз жағдайға душар болуына қарамай, құқықтық нормалармен белгіленген міндеттерді орындау қабілеттілігі.
Кәсіпкерлік-құқықтық жауапкершіліктің ерекшеліктерінің қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:
1. оның субъектілері болып тек кәсіпкер мәртебесі бар тұлғалар (яғни кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және заңмен белгіленген тәртіпте тіркелген тұлғалар) саналады;
2. ол, негізінен, әкімшілік-құқықтық тәртіпте (мысалы, кәсіпкердің лицензиясының қызметін тоқтату немесе қайтарып алу түрінде) болады;
3. жеке кәсіпкерлік туралы, бәсекелестік туралы және т. Б. арнайы заң нормаларын бұзғаны үшін қолданылады;
4. соған арнайы өкілетті мемлекеттік органдар (мысалы, лицензия беруші орган) арқылы жүктеледі.
Кәсіпкерлердің міндеттемелерін қамтамасыз ету шарттары және тәсілдері: Міндеттеме деп азаматтық заңнамада бір тұлға (борышкер) екінші тұлғаның (кредитор) пайдасына қатысты белгілі бір іс-әрекет жасауға деген құқық қабілеттілігін түсінеді. Мысалы, бір тұлғаның (борышкердің):
ал кредитордың борышкерден өз міндеттемелерін орындауды талап етуге құқығының бар болуы. Міндеттемелер заң талаптары мен оның шарттарына, басқа да құқықтық актілерге сәйкес орындалуы қажет. Ал олар болмаған жағдайда - іскерлік айналым дәстүрлеріне және басқа да қойылатын талаптарға сәйкес орындалуы керек. Іскерлік айналым дәстүрлер қандай да бір құжатта тіркелмеген, заңмен қарастырылмаған кәсіпкерлік қызметтің қандай да бір аясындағы қалыптасқан және кеңінен қолданылатын мінез-құлық ережесі болып танылады. Заңнамаға немесе келісімшарт ережелеріне қарама-қайшы қатысушылардың міндеттемелері өз кезегінде іскерлік айналым жүйесіне жатпайды.