Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет83/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

 
Ойын 
Ойын табиғаты 
Ойын – бір қарағанда пайдасыз көрінгенімен, өте керекті іс-
әрекет, өмірдің ең тамаша құбылыстарының бірі. Өмірдің еріксіз 
еліктіріп және өзіне тартатын құбылыстарының бірі ретінде
ойын ғылыми ой үшін де аса күрделі және қиын мәселе болып 
қалуда. 
К. Гросс, Ф. Шиллер, Г. Спенсер, К. Брюллер, З. Фрейд және 
т.б. көптеген зерттеушілер мен ойшылдар ойынның бір теория-
сын екіншісімен қосып қарастырады. Ойын олардың әрқайсы-
сында әр қырынан сөз болғанымен, оның шын мәніндегі табиға-
тын ашып бере алмаған секілді.
Ойын дегеніміз сонда балаға ғана түсінікті, ал ғалымның 
ақылына сыймайтын жұмбақ дүние ме?
Ең алдымен, сөз адам мен баланың ойын әрекеті туралы 
болғандықтан да – ол саналы іс-әрекет, яғни бір уәждің/түрткінің 
(мотив) салдарынан пайда болған саналы іс-әрекеттердің жиын-
тығы болып табылады.
Сергей 
Леонидович 
Рубинштейн 
(1889-1960) 
 
 
 
 


202 
Ойын адамның атқаратын қызметтерінің бірі деп түсіну 
ойын затына практикалық ықпал ету мақсатында орындалатын 
әрекет дегенді білдірмесе керек. Шын мәнісінде, адамның ойын 
іс-әрекеті – адам ағзасында жетіліп-піскен жүйелердің қызметі, 
адамның ішкі ағзасында пайда болған артық энергияның сыртқа 
шығуы үшін жасалатын қозғалысы сияқты қарапайым құбылыс 
емес. Ойын – бұл іс-әрекет; олай болса, ойын тұлғаның қоршаған 
ақиқат өмірге деген қандай да бір қатынасының айқын көрінісі 
болып саналады.
Индивидтің ойыны әрдайым оның тіршілікке негізделген іс-
әрекетімен тығыз байланысты болады. Жануарларда ол инстинк-
ті өмір тіршіліктерінің негізгі формаларымен байланысты болып, 
өмір сүруіне тірек болады; 
ал адамда ол «ойын – еңбектің туын-
дысы» формасында көрінеді
.
Ойынның еңбекпен байланысы ойын мазмұнынан айқын 
көрінеді: ойын мазмұнында әдетте ойыннан басқа практикалық 
іс-әрекеттердің қандай да бір түрлері қайталанады.
...Ойынның көзі ретінде еңбек қоғамдық мәнге ие, ол 
сонысымен маңызды. Жануарлардың өмірінде іс-әрекет табиғат-
қа бейімделуге бағытталса, адам өмірінде еңбек табиғатты өзгер-
туге бағытталады, сонысымен ерекшеленеді. Ойын практикамен, 
әлемге ықпал етумен байланысты іске асады. Адамның ойыны – 
іс-әрекеттің жемісі, адам сол арқылы болмысты түрлендіріп, 
әлемді өзгертеді. Адамның ойынының мәні – болмысты бейнелей 
отырып өзгертуге қабілетті бола алуында. Адамзатқа тән бұл 
қабілет алғаш рет ойын барысында көрініп, ойын барысында 
алғаш рет қалыптаса бастайды. Әлемге ықпал етуге деген 
қажеттілігі де ойын барысында байқалып, қалыптасады, ойын-
ның ең басты мәні де, маңызы да осында.
Ойынның еңбекпен байланыстылығы туралы теорияны біз-
дің елімізде Г.В. Плеханов дамытқан болатын. Г.В. Плехановтың 
ойынша, ойын еңбек үдерісіне еліктеуден пайда болатын еңбек- 
тің жемісі, туындысы болып табылады. Бірақ Плеханов еңбектің 
өзін тар шеңберде түсіндіреді, оның шын мәніндегі әлеуметтік 
мәніне, оның қоғамдық практикалық маңызына назар аудармай, 
тек өндірістік-техникалық іс-әрекет ретінде қарастырады. Нәти-
жесінде ойынның еңбекпен байланысына негіз болатын қағида 
ойынның шынайы болмысын сипаттай алмай, оны тек өндірістік-


203 
техникалық операцияларға еліктеу түрінде ғана түсіндіріп тұр. 
Шынында ойын өндірістік-техникалық үдеріс салаларымен 
шектелмейді, ең бастысы, ойынның мәні техникалық-өндірістік 
іс-әрекетке еліктеуден қанағат алуда емес, ересек адамдардың 
қоғамдық тәжірибесін негізге алатын ойын арқылы қоршаған 
әлемге ықпал етуге деген қажеттілікте.
Еңбекпен тығыз байланысты бола тұра, ойынның өзіндік 
ерекшеліктері де бар. Ойынның еңбекке қатыстылығын терең 
түсіну үшін оны еңбекпен бірлікте де, одан ажыратып та қарас-
тыру керек. Ойынның еңбекпен ортақтығы мен айырмашылығы 
ең алдымен оларға түрткі болатын уәжден (уәждемеден/мо-
тивациядан) келіп шығады.
...Еңбек ету барысында адам тек өзіне қажеттіні немесе 
қызықтыны ғана жасамайды; тікелей қызығушылығы мен 
қажеттілігі болмаса да, ол практикалық қажеттілік мәжбүрлейтін 
немесе оны міндеттейтін міндеттемелердің талабына сай жаса-
луы тиіс немесе жасауға міндетті нәрселерді орындайды. Ойнау-
шылар ойын барысында қоғамдық міндеттемелердің немесе 
практикалық қажеттіліктердің тәртіптеріне тәуелді емес. Өзінің 
еңбек іс-әрекетін орындауда дәрігер науқасты емдейді, себебі 
оның кәсіби немесе қызмет бабындағы міндеттері осыны талап 
етеді; ал бала дәрігер ойынын ойнағанда өзге адамдарды тек 
қызыққаны үшін ғана «емдейді». Ойында баланың өмірге деген 
шынайы қатынасы айқын көрінеді, себебі ол баланың ішкі ниет-
пиғылынан, қызығушылығы мен ішкі қажеттіліктерінен туады.
Мұндай ішкі ниеттердің (непосредственные побуждения – 
аудармашыдан) де, әрине, өзіндік себептері бар. Ол дамып келе 
жатқан индивидтің тереңдегі сырларынан хабар бермейді; ол да 
баланың әлеммен қатынас жасауы барысында пайда болып, әуел 
бастан баланы қоршаған адамдардың қарым-қатынасымен 
байланысты туындайды. Рухани дамуы барысында балаға әлем 
бірте-бірте әр қырынан, жан-жақты таныла түседі. Ол оны 
қоршаған адамдардың іс-әрекеттерінің сан алуандылығынан 
көреді, іс-әрекеттің практикалық тиімділігін қамтамасыз ететін 
күрделі күллі техниканы және оған негіз болатын білім, білік-
терді меңгерместен бұрын, ол бұл іс-әрекеттерді, онда іске 
асатын амалдарды өз бойынан өткереді және бұл оған шексіз 
қызықты дүние болып көрінеді. Ананың рөлімен байланысты 


204 
нәрселердің барлығы дерлік бала үшін таңсық, бірақ оны 
қоршаған қамқорлықтың барлығы анасының арқасында екенін 
және өзінің өмірі анасына байланысты екенін көрмей тұра 
алмайды, ендеше ол да неге анасы сияқты қамқоршыл, бағбан, 
әрі жазалап, әрі еркелететін бәрінен мықты адам болмасқа? Ол, 
әрине, дәрігер сияқты емдей алмайды, дәрігердің латын тіліндегі 
асханасының сыры балаға әлі бейтаныс, бірақ ол дәрігердің 
сөзіне ерекше құлақ асып, үйде біреу ауырғанда одан көмек, ем 
күтіп, оны барлығы құтқарушысындай ерекше қадірлейтінін 
біледі, ендеше неге барлығы, тіпті ересектердің, үлкендердің 
өздері тыңдайтын, емделуге, аурудан, қайғы-қасіреттен құтқару-
ға көмектесетін күшті адамның орнында неге болмасқа? Бала, 
әрине, аэропланды басқара алмайды, бұл істің қыр-сырын
күрделі тетігін білмейді, бірақ ол бүкіл ел Солтүстік белдікке 
сапар шеккен ұшқыштарды қалай мадақтайтынын, ұшқыштарға 
бәрі ерекше құрметпен қарайтынын, олардың батыр жандар 
екенін, оларды бүкіл ел құрмет тұтатынын жақсы біледі, ендеше 
неге осылар сияқты елдің батыры, елдің сүйіктісі болмасқа? Бала 
ата-анасының да, дәрігердің де, ұшқыштың да, отанын қорғай-
тын сарбаздың да, пойызды басқаратын машинистің де – бар-
лығының өмірдегі ойнайтын рөлдерінің тартымдылығын ерекше 
сезеді. Сыртқы әлеммен қатынасы барысында балада іштей түрлі 
тілектер пайда болады да, қызығушылығын арттырып, оны 
қандай да бір әрекеттерге итермелейді, ынталандырады. Ойын 
әрекеті – ерекше пайдалы болғаны үшін емес, ерекше қызықты 
болуының арқасында іске асатын әрекет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет