Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет84/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Ойынның мәнін анықтайтын бірінші қағида мынадай:
практикада іске асатын әдеттегі әрекетке оның пайдалы әсерінің 
болуы, нәтижесінің заттық көрінісінің болуы ойын үшін 
түрткі
бола алмайды, мәселе нәтижені айтпағанда, іс-әрекеттің өзінде де 
емес; балаға түрткі болатыны – бала үшін, жалпы ойын ойнаушы 
үшін маңызды болатыны – шынайы 
өмірдің түрлі қырларына
қатысты сан алуан 
әсерлерді 
басынан өткеруі.
Ойын, басқа да адамзаттың іс-әрекеттері сияқты индивид 
үшін маңызды болып табылатын мақсаттарға қатынасынан, 
ынта-ықыласынан туады (мотивируется). Бірақ ойыннан басқа іс-
әрекеттерде қандай да бір мақсаттың маңыздылығы жанама 
болуы мүмкін...


205 
Ойын іс-әрекетіне түрткі болатын уәждер тұлғаның қорша-
ған ортаға деген қатынасын неғұрлым айқын, тура бейнелейді... 
Ойында тек мақсаты индивид үшін мазмұны жағынан маңызды 
болып табылатын іс-әрекеттер ғана іске асады. Ойынның негізгі 
ерекшелігі де, кереметтігі де осында, бұл кереметті тек шығарма-
шылықтың жоғарғы формаларымен ғана салыстыруға болатын 
ғажайып дүние.
Бала ойында орындайтын әрекеттерді практикада тиімді 
жүзеге асыру үшін адамзат ғылым мен техниканың дамуы 
барысында оны орындаудың күрделі амалдарын ойлап тапты. 
Бұл техниканы орнымен қолдану үшін оның тілін меңгеруге 
терең білім керек, ал ол оқу іс-әрекетінің міндетіне еніп, арнайы 
кәсіби дайындықтан тұрады. Бала үшін түсініксіз бұл техника-
ның тілі ойын әрекетін орындау үшін тіпті де қажет емес, себебі 
ойын әрекеті заттық нәтижеге жетуге және пайдалы әсер алуға 
тырыспайды. 
Ойынға тән екінші ерекшелік
осынысымен анықта-
лады; ...ойын іс-әрекетіндегі әрекет оперативтік амал емес, мәнді 
және мағыналы акті болып саналады. Ол ниеттен, түрткі болған 
уәжден туған әрекеттің мағынасын, мақсатты заттық нәтиже 
түрінде іске асыруын емес, мақсатқа деген қатынасын білдіреді. 
Ойын әрекетінің мақсаты мен қызметі осы болып табылады. Осы 
қызметі үшін не маңызды болса, сол сақталады да, маңызды 
еместері ойын барысындағы әрекеттен шығып қалады. ...осы 
мақсатына сәйкес ойын әрекеті баланың да мүмкіншіліктеріне 
сәйкестенеді. Нақ осы ерекшелігінің арқасында 
ойын баланың
іс-
әрекетіне түрткі болатын уәждерді айқындап, 
қажеттіліктерінің 
тез өсуі мен соған байланысты пайда болатын мұқтаждықта-
рының арасында оперативтік мүмкіншіліктерінің шектеулілігіне 
байланысты туындайтын қайшылықтарды шешетін іс-әрекет 
болып танылады.
Ойын – баланың қажеттіліктері мен мұқтаждық-
тарының өз мүмкіндіктері деңгейінде іске асу амалы.
Ойынның мәнін айқындайтын бастапқы ерекшеліктен 
туатын тағы бір пайым – ойын іс-әрекетінде бір заттар басқа бір 
екінші заттармен алмастырылуы мүмкін (таяқ ат болады, орын-
дық автокөлік болады т.б.). Ойында әрекеттің пәндік-заттық 
емес, пәндік-адами қыры, заттың «өз ішіндегі заттар» ретіндегі 
дерексіз қасиеттері емес, адамның заттарға деген және соған 
сәйкес заттардың адамға деген қатынасы маңызды болып 


206 
табылатындықтан, әрекеттегі заттың да рөлі мен қызметі 
өзгереді. Осыған сәйкес заттарға қойылатын талаптар да 
өзгереді. Ойын әрекетінде қызметтерін атқару үшін заттар 
ойын 
әрекеті үшін
маңызды жағдайларды қанағаттандыруы тиіс, 
ондай негізгі жағдайлардың бірі – ойын әрекеті мағынасына 
бағыну, оған қосымша тағы бір жағдай – бұл затты басқарудың 
балаға оңай болу жағдайы ескеріледі; ойын әрекеті үшін маңызды 
емес басқа жағдайларда бұл ескерілмейді. Осыдан көзге бірден 
көрінетін ойынға тән келесі белгіні көруге болады... – ойыннан 
басқа практикалық әрекеттерге қызмет ететін заттар ойынның 
мағынасына сәйкес ойын әрекетін орындауға қызмет етуге икем-
деліп алмастыруға деген баланың қажеттілігін іске асыру 
мүмкіндігі болады. Ойын әрекеті барысында бұл заттар ойын 
әрекетінде орындайтын қызметіне сәйкес мағынаға ие болады. 
Осындай ерекшеліктерінің нәтижесінде ойынның қиялдағы 
жағдайда өтуіне мүмкіндік жасалады. Бұл мүмкіндік бала жағ-
дайға оймен, қиялмен қарап, шындықты түрлендіріп қарай 
алғанда ғана іске асады. Ойынның ең бастапқы формалары 
мұндай қиялдағы жағдайда өтпейді. Бала алғаш рет есікті ашып 
үйреніп жатып, оны қайта-қайта ашқанда, ол жағдайды қиялдан 
ойлап таппайды; ол шындық өмірден шығып кетпейді, бірақ 
соған қарамастан ол ойнап жатқан болып есептеледі. Бірақ ойын 
арнайы мағынасында алып қарасақ, шынайы жағдайды қиялдағы 
жағдайға алмастырғанда басталады. Қиялға беріліп, әрекеттер 
жасау қабілеті (дамыған ерекше формасында) ойынның алғы-
шарты болумен бірге, оның нәтижесі ретінде де есептеледі. Қиял 
ойынды дамытуға қажет және ол ойын барысында қалыптасады.
Ересек адам мен баланың қиялдаумен байланысты болатын 
ойын әрекеті қоршаған ортаны, болмысты түрлендіруге деген 
қажеттілік болатынын көрсетеді. Болмыс өмірді шығармашылық 
түрлендіруге деген қабілет ойын барысында байқалып, алғаш рет 
ойын барысында қалыптасады да. Ойынның негізгі мәні де 
осында, болмысты бейнелеп, түрлендіру қабілетінде.
Ойында жағдай қиялдан шығарылатындықтан, шындықтан 
алыс болады дегенді білдіре ме бұл сонда? Бұған иә деп те, жоқ 
деп те жауап беруге болады. Ойында болмыстан алшақтау да бар, 
сонымен бірге болмысқа тереңдеу де бар. Сол себепті онда 
шындық өмірден ерекше, жалған, алдамшы өмірге алыстау, қашу 


207 
жоқ. Ойынның болмысындағы нәрселердің барлығы, ондағы 
күллі әрекеттердің барлығы шындық өмірден алынады. Ойын 
нақты бір жағдайларды әрекетімен танып білу үшін бір жағдай-
лардың аясынан шығып, шындық өмірдің бір жақ қырынан 
алшақтайды. Ойында ойын үшін не маңызсыз болса, сол ғана 
шынайы емес; онда заттарға шынайы ықпал ету мүмкін емес, 
ойын ойнаушыда да әдетте ондай ой болмайды; бірақ онда 
маңыздының бәрі нағыз шындық: ойында ойналатын сезімдер, 
ойлар, балалардың тілек-қалаулары, ондағы шешілетін сұрақтар 
да шынайы.
Мысалы, жарыс-сайыс, спорттық ойындарда кім сұңғыла, 
кім күшті екені – ойнаушылардың шынайы қасиеттеріне қатысты 
шын сұрақтар, сұрақтардың шешімі ойында анықталып, бәсе-
келестіктің, жетістіктің, сәтсіздіктің, салтанаттың шынайы сезім-
дерін туғызады.
Ойындағы сезімдер мен тілектердің, ойлардың шынайылығы 
жөніндегі сұрақтың күмән тудыруы да мүмкін: ол баланың өзінің 
емес, ойнаушылар ойнап жүрген рөлдердің қалау-тілектері мен 
сезімдері болып табылмай ма? Бұл жағдайда олар да бала үшін 
шындық, алдамшы сезімдер емес, қиялдан шығарылған болмай 
ма? Ойнап жүрген рөлдердің сезімдері мен қалау-тілектері – 
баланың сезімдері мен қалау-тілектері, өйткені баланың енген 
рөлі – бұл өзінің жаңа, қиялдан шығарылған жағдайдағы жаңа 
кейпі. Бұл жерде тек өзін ойша сомдаған жағдай ғана қиялдан 
шығарылады, бірақ бұл қиялдан шығарылған жағдайдағы сезім-
дер – бұл бала өзінің бойынан 
кешіретін нағыз шынайы сезімдер

Бұл, әрине, ойнаушыда тек өзінің ғана сезімдері болады 
дегенді білдірмейді. Ол «рөлге енген» соң оған кейін өзінің сезім-
деріне айналатын сол рөлдің сезімдері ғана емес, бірге әрекет 
етіп, бір-біріне ықпал ететін серіктестерінің де сезімдері беріледі.
Бала қандай да бір рөлді ойнағанда ол шартты түрде бөтен 
тұлғаға жай айналып қана қоймайды; рөлді қабылдап, сол рөлге 
ену арқылы өзінің тұлғасын байытады, тереңдетіп, кеңейтеді. 
Ойынның тек бала қиялын, ойлауын, ерік-жігерін ғана емес, 
жалпы тұлғасын дамытудағы мәні осыдан – бала тұлғасының 
өзінің рөліне деген қатынасынан көрінеді.
Тек ойында ғана емес, жалпы өмірде тұлғаның өз мойнына 
алатын рөлі, соған сәйкес атқаратын қызметтері мен сол арқылы 


208 
араласатын қарым-қатынастарының жиынтығы тұлғаның бойын-
да, ішкі жан дүниесінде өзінің ізін қалдырады.
«Тұлға» сөзінің өзін (латынша persona) римдіктер этруско-
лардан алғаны мәлім, бастапқыда «рөл» деген мағынаны біл-
дірген (ал оған дейін актердің бетпердесі дегенді білдірген); 
римдіктер оны адамның қоғамдық қызметін атау үшін қолданған 
(persona patris, regis, accusatoris). Бұл сөздің қазіргі тұлға мағына-
сына ауысуы тұлғаның қоғамдық қызметтерді қалай атқарғаны-
на, өз өмірінде оған жүктелген рөлді қалай орындап жатқанына 
қарай бағалай бастаған қоғамдық тәжірибенің көрінісін көрсе-
теді. Тұлға және оның рөлі өмірде бір-бірімен өте тығыз бай-
ланысты; ойында да бала өз мойнына алған рөлдері арқылы оның 
тұлғасы, өзі дамиды және қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет