Пирамида тақырыбына арналған бақылау жұмысы
1 нұсқа
1. Дұрыс үшбұрышты пирамиданың табанының қабырғасы 4 см, биіктігі 6 см. Толық бетінің ауданын табыңдар.
2. Дұрыс төртбұрышты пирамиданың бүйір қыры 12 см. Ол табан жазықтығымен
бұрыш жасайды. Пирамиданың бүйір бетінің ауданын табыңдар.
3. Пирамиданың табаны - тікбұрышты үшбұрыш, оның бір бұрышы 300, оған қарсы жатқан катет 30см. Пирамиданың бүйір жақтары мен табан жазықтығының арасындығы бұрыш 600. Пирамиданың биіктігін табыңдар.
2 нұсқа
1. Дұрыс төртбұрышты пирамиданың табанының қабырғасы 5 см, биіктігі 7 см. Толық бетінің ауданын табыңдар
2.Дұрыс үшбұрышты пирамида бүйір жақтары табан жазықтығымен 450 бұрыш жасайды. Табанының центрінен бүйір жағына дейін қашықтық болса, бүйір бетінің ауданын табыңдар.
3. Дұрыс үшбұрышты қиық пирамиа табанының қабырғалары 4 дм-ге және 2 дм-ге тең, ал
бүйір қыры 2 дм -ге тең .Пирамиданың биіктігін және апофемасын табыңдар.
3 нұсқа
Дұрыс төртбұрышты пирамиданың бүйір жақтары табан жазықтығымен 600 бұрыш жасайды. Табанының центрінен бүйір жағына дейінгі қашықтық 2 см болса, бүйір бетінің ауданын табыңдар.
Дұрыс үшбұрышты қиық пирамиданың табан қабырғалары 4 см және 8 см-ге тең. Пирамиданың үлкен табаны мен бүйір қыры 600 бұрыш жасайды. Қиық пирамиданың бүйір беті ауданын тап
Пирамиданың табан қабырғалары 12 және 10см болатын тіктөртбұрыш.Ұзындығы 8см-ге тең биіктігінің табаны - тіктөрбұрыштың диогональдарының қиылысу нүктесі.Пирамиданың бүйір беті мен толық бетінің ауданын табыңдар
4 нұсқа
Пирамиданың табаны диагоналі 10 см-ге тең тіктөртбұрыш.Пирамиданың әрбір бүйір қыры 13 см.Пирамиданың биіктігін табыңдар.
Дұрыс үшбұрышты пирамиданың табанының қабырғасы 4 см, биіктігі см. Толық бетінің ауданын табыңдар.
Төртбұрышты дұрыс пирамиданың биіктігі 7см-ге тең, ал табан қабырғасы 8см. Бүйір қырын табыңдар
5 нұсқа
Дұрыс үшбұрышты пирамиданың бүйір бетінің ауданы 27 , ал табанының периметрі 18 см. Пирамида апофемасын анықта.
Дұрыс төртбұрышты пирамиданың бүйір жағының биіктігі 10 см. Егер бүйір жағы табан жазықтығымен 600 бұрыш жасаса, онда пирамиданың толық беті ауданын тап
Гипотенузасы 26 см, катеті 24см тікбұрышты үшбұрыш пирамиданың табаны. Олардың ортақ төбесі арқылы өтетін қыры пирамида биіктігі 18 см. Пирамида бүйір беті ауданын тап
Қосымша
Дұрыс үшбұрышты пирамиданың апофемасы 8 см және табан қабырғасының жартысын құрайды. Екі апофема арқылы өтетін қиманың ауданын табыңдар
Геометрия пәні бойынша 11 класқа арналған «Призма. Параллелепипед» тақырыбына бақылау жұмысы
1 нұсқа
Үш олшем бойынша тікбұрышты параллелепипедтің толық бетінің ауданын табыңдар: а=4 в=3 с=7
Үшбұрышты тік призманың табан қабырғалары 10 см, 17 см, 21 см, призма биіктігі 18 см. Бүйір қыры мен табанының кіші биіктігі арқылы жүргізілген қима ауданын тап.
Диагональдары 6 см және 8 см болатын ромб параллелепипедтің табаны болса, бүйір жағының диагоналі см. Параллелепипедтің үлкен диагоналін анықтаңдар.
2 нұсқа
Үш олшем бойынша тікбұрышты параллелепипедтің толық бетінің ауданын табыңдар: а=2 в=5 с=10
Үшбұрышты тік призманың барлық қырлары тең. Бүйір беті ауданы . Биіктігін тап.
Тік параллелепипедтің табан қабырғалары 3 см және 5 см, олардың арасындағы бұрыш . Параллелепипедтің үлкен диагоналі 10 см. Параллелепипедтің бүйір қырын табыңдар.
3 нұсқа
Үш олшем бойынша тікбұрышты параллелепипедтің толық бетінің ауданын табыңдар: а=5 в=4 с=6
Тік бұрышты параллепипедтің табан қабырғалары 7 дм, 24 дм, ал параллепипедтің биіктігі 8 дм. Диагональдық қима ауданын тап.
Тік призма табаны – катеттері 15 см және 20 см болатын тікбұрышты үшбұрыш. Призманың үлкен бүйір жағы мен табанының шамасы бірдей. Призманың бүйір беті ауданы мен толық беті ауданын табыңдар
4 нұсқа
Үш олшем бойынша тікбұрышты параллелепипедтің толық бетінің ауданын табыңдар: а=8 в=10 с=12
Тік призманың табанында табаны 5 см болатын теңбүйірлі үшбұрыш жатыр. Призма биіктігі 3 см. Теңбүйірлі үшбұрыштың табаны мен призма табанының жоғарғы қарсы жатқан төбесі арқылы өтетін жазықтықпен қиғанда пайда болған қима ауданын табыңдар. Призманың өзара тең бүйір жақтарының диагоналдары 6,5 см.
Төртбұрышты дұрыс призманың бүйір беті , ал толық беті биіктігін тап.
5 нұсқа
Үш олшем бойынша тікбұрышты параллелепипедтің толық бетінің ауданын табыңдар: а=2 в=4 с=10
Тік призма табаны – катеттері 6 см және 8 см болатын тікбұрышты үшбұрыш. Үшбұрыштың гипотенузасы болаытн бүйір жағы диагоналінің ұзындығы 26 см. Призманың биіктігін табыңдар.
Көлбеу призманың бүйір қыры 10 см-ге тең және ол табан жазықтығымен бұрыш жасайды. Призма биіктігін анықтаңдар.
6 нұсқа
Үш олшем бойынша тікбұрышты параллелепипедтің толық бетінің ауданын табыңдар: а=7 в=3 с=10
Тікбұрышты параллелепипедтің диагональдік қимасының ауданы 2 см. Параллелепипедтің биіктігін табыңдар.
Үшбұрышты көлбеу призманың бүйір қыры 10 см. Бүйір жақтарының екеуі өзара перпендикуляр. Осы жақтардың аудандары 50 см2 және 120 см2. Призманың бүйір бетінің ауданын табыңдар.
7 нұсқа
Үш олшем бойынша тікбұрышты параллелепипедтің толық бетінің ауданын табыңдар: а=3 в=5 с=6
Тікбұрышты параллелепипедтің биіктігі 8 см, ал табан қабырғалары 7дм және 24дм. Диагональдық қима ауданын табыңдар
Үшбұрышты тік призманың табандарының қатынасы 17:10:9 болса, ал бүйір қыры 16 см-ге тең. Призманың бүйір беті ауданы 1152 см2. Призманың табан қабырғалары неге тең?
8 нұсқа
Үш олшем бойынша тікбұрышты параллелепипедтің толық бетінің ауданын табыңдар: а=4 в=6 с=8
Тік призма табаны – катеттері 6см және 8 см болатын тікбұрышты үшбұрыш. Егер призманың бүйір бетінің ауданы 120 см2 болса, онда оның бүйір қырын табыңдар.
Тік призма табаны – гипотенузасы 20 см, ал катеті 16 см-ге тең тік бұрышты үшбұрыш. Үшбұрыштың екінші катетін құрайтын бүйір жағының диагоналі 13 см. Призма биіктігін табыңдар.
9 нұсқа
Үш олшем бойынша тікбұрышты параллелепипедтің толық бетінің ауданын табыңдар: а=1 в=9 с=10
Көлбеу призманың биіктігі 4 см-ге тең.Егер призманың бүйір қыры табан жазықтығымен бұрыш жасаса, онда призманың бүйір қырын анықтаңдар.
Дұрыс үшбұрышты призманың бүйір қыры 9см, ал бүйір жағының диагоналі 15 см. Призманың бүйір беті мен толық беті ауданын табыңдар
Достарыңызбен бөлісу: |