~~Пирамидалық жолдың басқаша атауы



Дата30.11.2023
өлшемі0,57 Mb.
#194188
Байланысты:
ЖДТ неврология каз
Новая презентация, 8 қазақ тілі, ??ðûëûñû. Çåðòõàíàëû? æ?ìûñ «Ñ?éåêò³? õèìèÿëû? ??ðàìûí»ê?ðíåê³ , 2022 Силлабус Зоология бесп, L3 Hertzsprun Russel diagram Properties of Main Sequence Stars PPT, Сезімдік және рационалдық таным. Философиядағы рационалдық және эмпирикалық дәстүр. Таным және шығармашылық

~~Пирамидалық жолдың басқаша атауы:
@@ кортикоспинальды жол
@@ спиноталамикалық жол
@@ руброспинальды жол
@@ фронтопонтоцеребеллярлы жол
@@ бульботаламикалық жол
{@A@}
{~1~}

~~Перифериялық қозғалыс нейроны орналасады:


@@ жұлынның алдыңғы мүйізінде
@@ құйрықты ядрода
@@ субталамикалық ядрода
@@ қызыл ядрода
@@ жасымық тәрізді ядрода
{@A@}
{~1~}

~~Терең сезімталдықтың 1 нейроны қайда орналасады?


@@ Омыртқааралық ганглийде
@@ Теріде
@@ Артқы мүйізде
@@ Көру төмпешігінің ядросында
@@ Сопақша мидың артқы баған ядросында
{@A@}
{~1~}

~~Терең сезімталдықтың 2 нейроны қайда орналасады?


@@ Сопақша мидың артқы баған ядросында
@@ Теріде
@@ Омыртқааралық ганглийде
@@ Артқы мүйізде
@@ Көру төмпешігінің ядросында
{@A@}
{~1~}

~~Қыртысты-бұлшықет жолының 2 нейрон денелері қайда орналасады?


@@ жұлынның алдыңғы мүйізінде
@@ прецентральды иірімнің қыртысында
@@ ішкі капсулада
@@ жұлынның бүйір бағанында
@@ перифериялық бұлшықетте
{@A@}
{~1~}

~~Акинетико-ригидті синдромға тән:


@@ бради-олигокинезия
@@ мегалография
@@ атаксия
@@ дизартрия
@@ брадикардия
{@A@}
{~1~}

~~Мишықтың бұзылыстарына не тән:


@@ мегалография, бұлшықет гипотониясы
@@ микрография, апраксия
@@ бұлшықет гипотониясы, бұлшықет атрофиясы
@@ бұлшықет гипертрофиясы, гипорефлексия
@@ моторлы афазия, амавроз
{@A@}
{~1~}

~~Науқастың оң жақ аяғында өткізгіштік типі бойынша терең сезімталдықтың бұзылысы анықталды. Қай құрылым зақымданғанда мұндай белгілер дамуы мүмкін?


@@ Жұлынталамустық жол
@@ Перифериялық жүйкелер
@@ Артқы түбіршік
@@ Артқы мүйіз
@@ Голь шоғыры
{@A@}
{~1~}

~~Науқаста Д4-Д7 дерматома деңгейінің екі жағында бірдей ауырсыну және температуралық сезімталдықтың бұзылысы анықталды (жанасу және проприоцептивті сезімталдығы сақталған). Сезімталдық бұзылысының қай түрі анықталған?


@@ Сегментарлы-диссоциациялық
@@ Перифериялық
@@ Сегментарлы
@@ Өткізгіштік
@@ Полиневриттік
{@A@}
{~1~}

~~Науқастың зақымданған сегмент аймағында айқын ауырсыну синдромы мен сезімталдық бұзылысының сегментарлы түрі анықталды. Қандай құрылым зақымданғанда мұндай симптоматика дамиды?


@@ ртқы түбіршік
@@ Перифериялық жүйке
@@ Артқы мүйіз
@@ Жұлынталамустық жол
@@ Голь шоғыры
{@A@}
{~1~}

~~Броун-Секар синдромы жұлынның қай аймағы зақымданғанда пайда болады?


@@ Жартылай көлденең
@@ Толық көлденең
@@ Алдыңғы мүйіз
@@ Артқы мүйіз
@@ Алдыңғы баған
{@A@}
{~1~}

~~Науқасты неврологиялық тексеру барысында анықталды: оң жақты гемиплегия, бет және тіласты жүйкелерінің оң жақты орталық зақымдануы. Зақымданған ошақты көрсетіңіз:


@@ ішкі капсуланың сол жағы
@@ ми бағанының сол жағы
@@ пирамидалық қиылыс аймағы
@@ алдыңғы орталық иірімі
@@ ішкі капсуланың оң жағы
{@A@}
{~1~}

~~Науқаста тілдің оң жақ жартысы атрофияланған, тілін шығарған кезде оң жаққа қарай ауытқиды. Жұмсақ таңдайдың оң жақ жартысы салбырап, оң жақ дауысы салданған. Жұтқыншақ рефлексі оң жақта шақырылмайды. Дауысы мұрынмен сөйлегендей, жұтқан кезде шашалып қалады. Қандай құрылымдар зақымданғанын көрсетіңіз?


@@ XII, X, IX жүйкелердің қозғалыс ядролары
@@ XII, X, IX жүйкелердің кортиконуклеарлы жолы
@@ VI және VII жүйкелердің қозғалыс ядролары
@@ VI және VII жүйкелердің кортиконуклеарлы жолы
@@ қозғалыс ядросы мен XI жүйке
{@A@}
{~1~}

~~Науқаста келесі симптомдар анықталды: гемианопсия, гемиатаксия, гемианестезия, дененің жарты бөлігіндегі кенеттен туындайтын аурсыну. Зақымданған ошақ қайда орналасқан?


@@ Көру төмпешігі
@@ Ішкі капсула
@@ Бас миының қыртысы
@@ Сопақша ми
@@ Ми аяқшалары
{@A@}
{~1~}

~~Инсульт өткерген науқас басқалардың сөзін түсіну қабілетін жоғалтты. Науқас тым көп сөйлейді, сөзінде вербальды және литеральды парафазияларды көп қолданады. Науқаста қандай бұзылыс бар?


@@ Сенсорлы афазия
@@ Дизартрия
@@ Амнестикалық афазия
@@ Моторлы афазия
@@ Семантикалық афазия
{@A@}
{~1~}

~~Полиневриттік синдромға тән сезімталдық бұзылысының түрлері:


@@ «қолғап» және «шұлық» типтері бойынша
@@ өткізгіштік
@@ түбіртектік
@@ спинальды-сегментарлық
@@ мононевриттік
{@A@}
{~1~}

~~25 жастағы әйелде жүктілік кезінде бетінде, кеудесінде, аяқ-қолдарында еріксіз тез қимылдар пайда болды. 18 жасында ревматикалық қызбамен ауырған, содан бері 1 жылдай уақыт аралығында осы бұзылыстар анықталды. Объективті: беті мен аяқ-қолдарында тез еріксіз хаостық қимылдар анықталды, әдеттегі қимылдарына кедергі келтіреді, аяқ-қолдарында бұлшықет тонусы гипотониядан жеңіл ригидтілікке алмасады, рефлекстері орташа, патологиялық рефлекстер анықталмайды. Гиперкинездер түрін анықтаңыз.


@@ хорея
@@ атетоз
@@ гемибаллизм
@@ торсионды дистония
@@ тиктер
{@A@}
{~1~}

~~Бас мидың қай құрылымы зақымданғанда үш геми-синдромы: гемиплегия, гемианестезия, гемианопсия дамиды:


@@ ішкі капсула
@@ жолақ дене
@@ паллидо-нигральды жүйе
@@ мишық
@@ көру төмпешігі
{@A@}
{~1~}

~~Атетоз қандай көрініс береді:


@@ білезіктердің жай құрттәрізді гиперкинездері
@@ аяқ қолдарының лақтырмалы гиперкинездері
@@ бөлек бұлшықет топтарының стереотипті жиырылуы
@@ кеуденің айналмалы гиперкинездері
@@ жүру кезінде қолдың бірлесе қозғалысының болмауы
{@A@}
{~1~}

~~Қай бұлшықет парезі шығыршық жүйкесінің зақымданғанын нұсқайды?


@@ Жоғарғы қиғаш
@@ Жоғарғы тіке
@@ Сытқы тіке
@@ Ішкі тіке
@@ Төменгі қиғаш
{@A@}
{~1~}

~~Жүйке жүйесінің қай бөлігінің зақымданғанда, беткей сезімталдықтың өткізгіш типі бойынша бұзылысы дамиды:


@@ Спиноталамикалық жол
@@ Артқы мүйіз
@@ Перифериялық нерв
@@ Артқы түбіртек
@@ Голль шоғыры
{@A@}
{~1~}

~~Терең бұлшықет-буын сезімталдығының жолдары қайда қиылысады:


@@ сопақша мидағы оливааралық қабатта
@@ жұлынның артқы мүйізінде
@@ алдыңғы сұр спайкасында
@@ жұлынның артқы мүйізінде
@@ таламуста
{@A@}
{~1~}

~~Сезімталдық бұзылысының мононевриттік түрі дегеніміз не:


@@зақымданған жүйкенің иннервациялау аймағында сезімталдықтың барлық түрінің бұзылысы, ауырсынудың болуы
@@ аяқ-қолдардың дистальды бөлгінде сезімталдықтың барлық түрлерінің бұзылысы
@@ геми түрі бойынша беткей сезімталдықтың бұзылысы
@@ геми түрі бойынша терең сезімталдықтың бұзылысы
@@ көптеген жүйкелердің иннервациялау аймағында сезімталдықтың барлық түрінің бұзылысы
{@A@}
{~1~}

~~Симпатикалық жүйке жүйесінің медиаторы болып табылады:


@@ Адреналин, норадреналин
@@ Ацетилхолин
@@ Серотонин
@@ ГАМҚ
@@ Глутамат және аспартат
{@A@}
{~1~}

~~Симпатикалық жүйке жүйесінің қозғыштығы жоғарылағанда туындайтын белгілері:


@@ тамырдың жиі соғуы, артериалық гипертония, қарашықтың кеңеюі
@@ тамырдың жиі соғуы, АҚҚ төмендеуі, қарашықтың кеңеюі
@@ тамырдың баяу соғуы, тершеңдік, АҚҚ төмендеуі, қарашықтың тарылуы
@@ брадикардия, гипотония, қарашықтың тарылуы
@@ гипотермия, гипотония
{@A@}
{~1~}

~~Парасимпатикалық жүйке жүйесінің медиаторы болып табылады:


@@ ацетилхолин
@@ гаммааминомай қышқылы
@@ тироксин
@@ глутамат және аспартат
@@ норадреналин
{@A@}
{~1~}
~~Сегментарлы вегетативті орталық орналасады:
@@ жұлын және ми бағаны
@@ жұлын және гипоталамус
@@ гипоталамус және белдеме қатпар
@@ ми бағаны және гипоталамус
@@ амигдала
{@A@}
{~1~}

~~Дермографизмнің қай түрі симпатикалық жүйке жүйесінің тонусын жоғарлауын көрсетеді?


@@ ақ
@@ қызыл
@@ аралас
@@ ақ және қызыл
@@ нейтралды
{@A@}
{~1~}

~~39 жастағы әйел оң жаққа қарағанда екі еселеп көруіне шағымданды. Неврологиялық тексеруде: ішке қарай қылилық, оң жақ көз алмасының оң жаққа қарай қозғалысы қиындалған. Зақымданған жүйкені көрсетіңіз:


@@ әкеткіш
@@ көз қозғалтқыш
@@ шығыршық
@@ үшкіл
@@ бет
{@A@}
{~1~}

~~Науқас оң жақ маңдай, мұрын, бет және оң жақ көз аймағындағы ұстама тәрізді ауырсынуға шағымданды. Тексеру барысында корнеалды және қас үсті рефлексі төмендеген, беттің оң жағында сезімталдықтың барлық түрінің гипестезиясы анықталды. Зақымданған жүйкені көрсетіңіз:


@@ үшкіл
@@ бет
@@ аралық
@@ кохлео-вестибулярлы
@@ көз қозғалтқыш
{@A@}
{~1~}

~~29 жастағы ер кісі беттің асимметриясына шағымданды. Неврологиялық тексеруде: сол жақ мимикалық бұлшықеттің қоғалысы шектелген, көз жасының ағуы анықталды. Зақымданған жүйкені көрсетіңіз:


@@ бет
@@ көз қозғалтқыш
@@ шығыршық
@@ әкеткіш
@@ үшкіл
{@A@}
{~1~}

~~Науқаста оң қолы мен аяғында терең сезімталдықтың өткізгіштік типі бойынша бұзылысы байқалады. Бұл симптоматика қандай құрылым зақымданғанда кездеседі?


@@ Бурдах және Голль шоғыры
@@ Артқы түбіршек
@@ Артқы мүйіз
@@ Спиноталамикалық жол
@@ Жұлын-милық ганглий
{@A@}
{~1~}

~~Сезімталдық бұзылысының "полиневриттік" типіне қандай симптомдар тән?


@@ аяқ-қолдың дисталді бөлімінің анестезиясы
@@ сәйкес дерматомдарда сезімталдықтың бұзылысы
@@ диссоцирленген тип
@@ гемианестезия
@@ түбіршектік тип
{@A@}
{~1~}

~~Сегментарлы тип бойынша сезімталдықтың бұзылысы қандай құрылым зақымданғанда байқалады?


@@ жұлынның артқы мүйізі
@@ жұлынның алдыңғы бағандары
@@ бет нервісінің ядросы
@@ ішкі капсула
@@ көру төмпешігі
{@A@}
{~1~}

~~Көз қозғалтқыш жүйкесінің ядросы ми бағанының қай аймағында орналасқан?


@@ Ми аяқшаларында
@@ Варолиев көпірінде
@@ Сопақша мида
@@ Ортаңғы ми қақпағында
@@ Ішкі капсулада
{@A@}
{~1~}

~~Қарашық сфинкетрінің иннервациясы қай жұп жүйкемен нервтендіріледі?


@@ III
@@ VI
@@ IV
@@ VII
@@ X
{@A@}
{~1~}

~~Дисфагия қай жұп жүйкенің зақымынан пайда болады?


@@ IX-X
@@ V-VII
@@ VII-XI
@@ XII-X
@@ III-IV
{@A@}
{~1~}

~~Қандай уақыт аралығында өтпелі ми қан айналым бұзылысы кезінде ми қан айналым бұзылысының симптомдары кері дамуға ұшырайды:


@@ бірнеше минуттан 24 сағатқа дейін
@@ 2-3 тәулік
@@ 3-5 тәулік
@@ 5-7 тәулік
@@ 1-2 апта
{@A@}
{~1~}

~~Геморрагиялық инсульт кезінде жұлын сұйықтығында дамитын өзгеріс:


@@ эритроциттердің анықталуы
@@ глюкоза деңгейінің төмендеуі
@@ глюкоза деңгейінің көтерілуі
@@ лейкоциттердің анықталуы
@@ нейтрофилдердің анықталуы
{@A@}
{~1~}

~~Дисциркуляторлы энцефалопатияның патогенездік механизмі:


@@ мидың созылмалы ишемиясы
@@ нейрондардың тұқым қуалаушылық дегенерациясы
@@ бас сүйекішілік қысымының жоғарылауы
@@ ликвороциркуляциясының бұзылысы
@@ қабыну процесі
{@A@}
{~1~}

~~Науқас Р., 35 жастағы ауру жоғары АҚҚ фонында, күйзелістен кейін құсу, психомоторлы қозу, птоз, оң жақта мидриаз және көз қылилығы пайда болды, менингеальды симптом, гипертермия 38,50С. Қандай ауру жайлы ойлауға болады?


@@ субарахноидальды қан құйылу
@@ ишемиялық инсульт
@@ миішілік қан құйылу
@@ субарахноидальды-паренхиматозды кан құйылу
@@ базальды менингит
{@A@}
{~2~}

~~Субарахноидальды қан құйылудың негізгі диагностикалық белгілерін көрсетіңіз:


@@ ошақтың неврологиялық симптомдарының болмауы, менингеальды синдромның анықталуы, қатты бас ауыруы, құсу, ессіз күй (сопор)
@@ беттің бозаруы, есі сақталған, гемиплегияның біртіндеп дамуы, миокард инфарктісі немесе жүрек ырғағының бұзылысы
@@ беттің қызаруы, артериялық гипертензия, сананың біртіндеп бұзылысы, құсу, менингеальды симптомдар, гемиплегия, Чейн-Стокс тынысы
@@ бас ауыруы, құсу, афазия, тәулік ішінде басылатын гемипарез, артериялық гипертензия
@@ анамнезде бұрын болған бас сүйек-ми жарақаты, гемипарез және анизокория дамуы көрсетілген
{@A@}
{~1~}

~~Науқас А. бас айналуға, қозғалыс тепе-теңдігінің бұзылысына, аяқтарындағы әлсіздікке, жүре алмауына, үлкен және кіші дәрет кідірісіне шағымданды. Анамнезінде: 3 ай бұрын кенеттен көруі нашарлап, қайтадан қалпына келген. Жағдайының нашарлауы соңғы 2 аптадай. Объективті қарауда төменгі спастикалық парапарез және мишықтық атаксия анықталды. Қандай зерттеу әдісі диагнозды нақтылайды?


@@ бас миының контрастты МРТ-сы
@@ ангиография
@@ краниография
@@ бас миы тамырларының УДЗ
@@ спондилография
{@A@}
{~2~}

~~Қандай препараттар ишемиялық инсульттің екіншілік алдын-алуда қолданылады?


@@ антиагреганттар
@@ вазоактивті
@@ құрысуға қарсы заттар
@@ антигипоксанттар
@@ ноотропты заттар
{@A@}
{~1~}

~~«Актилизе» препаратын қолдануда қарсы көрсеткіш болып табылады:


@@ АҚҚ 200120 мм рт.ст. және одан жоғары болуы
@@ Тотальды афазия
@@ ЖИА болуы
@@ Науқастың жасы 50-жастан жоғары болуы
@@ Неврологиялық статус NIHSS шкаласы бойынша 15-18 балл
{@A@}
{~1~}

~~Ишемиялық инсульттің дифференцияланған еміне бірінші кезекте тағайындалады:


@@ Антикоагулянтты терапия
@@ Гемостатикалық терапия
@@ Физиоем
@@ ЕФК
@@ Мануальды терапия
{@A@}
{~1~}

~~Ишемиялық инсульттің дифференцияланған еміне бірінші кезекте тағайындалады:


@@ Қанның реологиялық қасиетін түзету
@@ Физиотерапия
@@ Гемостатикалық терапия
@@ ЕФК
@@ Мануальды терапия
{@A@}
{~1~}

~~Геморрагиялық инсульттің дифференцияланған еміне бірінші кезекте тағайындалады:


@@ гемостатикалық терапия
@@ антикоагулянтты терапия
@@ вазоактивті терапия
@@ ноотропты терапия
@@ вирусқа қарсы терапия
{@A@}
{~1~}

~~Кенеттен туындайтын субарахноидальды қан құйылудың жиі кездесетін себебі:


@@ ми тамырларының аневризмасы
@@ бас миындағы ісік
@@ ми тамырларының атеросклерозы
@@ бас ми жарақаты
@@ васкулиттер
{@A@}
{~1~}
~~Кенеттен туындайтын субарахноидальды қан құйылудың жетекші симптомы:
@@ менингеальды синдром
@@ анизокария
@@ гемипарез
@@ сөйлеудің бұзылысы
@@ көз қозғалтқыш жүйкесінің парезі
{@A@}
{~1~}

~~Ми тамырларының аневризмасы бар науқастарды зерттеудің негізгі әдісі:


@@ Магнитты-резонансты томография контрастпен
@@ Краниография
@@ Пневмоэнцефалография
@@ Компьютерлі томография
@@ Электроэнцефалография
{@A@}
{~1~}
~~Кенеттен туындайтын субарахноидальды қан құйылудың консервативті емінің негізгі тәсіліне жатады:
@@ гемостатикалық терапия
@@ антибиотиктер
@@ спазмолитиктер
@@ қабынуға қарсы терапия
@@ анальгетиктер
{@A@}
{~1~}

~~Геморрагиялық инсульт жиі кездеседі:


@@ артериялық гипертензия, тамырлық мальформация
@@ атеросклероз
@@ миокард инфаркты
@@ қантты диабет
@@ он екі елі ішек жарасы
{@A@}
{~1~}

~~49 жастағы әйел инсульттан кейін оған ұсынылған заттардың атын атай алмайды, бірақ олардың мақсатын дұрыс сипаттайды. Симптомды атаңыз:


@@ амнестикалық афазия
@@ сенсорлы афазия
@@ көру агнозиясы
@@ антероградты амнезия
@@ ретроградты амнезия
{@A@}
{~1~}

~~Омыртқа артериясы қанмен қамтамасыз етеді:


@@ сопақша ми
@@ төбе бөлігі
@@ самай бөлігі
@@ гиппокамп
@@ маңдай бөлігі
{@A@}
{~1~}

~~66 жастағы Б. атты науқасты тексеру барысында гемиплегия, оң жақты гемигипестезия, моторлы афазия, бас пен көз солға қарай бағытталған. Анамнезінде аяқтағы терең тамырының тромбофлебиті анықталды. Қандай васкуляризация аймағы зардап шекті және болжамалы диагноз:


@@ сол жақты ортаңғы ми артериясының бассейні, ишемиялық инсульт
@@ оң жақты артқы ми артериясының бассейні, ишемиялық инсульт
@@ сол жақты ортаңғы ми артериясының бассейні, геморрагиялық инсульт
@@ вертебро-базиллярлы бассейн, ишемиялық инсульт
@@ артқы төменгі ми артериясының бассейні, геморрагиялық инсульт
{@A@}
{~3~}

~~Мидың қанмен қамтамасыз етілуі келесі артериялармен іске асырылады:


@@ Ішкі ұйқы
@@ Мықынастылық
@@ Адамкевич
@@ Сан артериясы
@@Депрож-Готтерона
{@A@}
{~1~}

~~45 жасар ер кісі, сөйлеуге ұмтылғанда сөйлеуі бұзылған, тек бір сөзді ғана айтады «эмбол», өзіне айтылған сөзді түсінеді, сол жақта гемипарез, гиперрефлексия, гипертонус және табандық патологиялық белгілер анықталды. Сөйлеу бұзылысы қалай аталады?


@@ моторлы афазия
@@ дизартрия
@@ сенсорлы афазия
@@ амнестикалық афазия
@@ семантикалық афазия
{@A@}
{~1~}

~~Науқаста кенеттен көшеде қатты диффузды бас ауру, жүрек айну, құсу пайда болып, есінен танып қалды. Неврологиялық бөлімшеге өте ауыр жағдайда жеткізілді: тыныс алуы үзік-үзік, бет терісі қызыл, жалпы гипергидроз. Неврологиялық тексеруде: шүйде бұлшықеттерінің тартылуы анықталды. Көз алмалары солға бағытталған, "желқайық" симптомы оң жақта оң мәнді, оң жақта сіңір рефлекстері жоғарылаған, Бабинский симптомы екі жақта оң мәнді. Қандай диагноз ең ықтимал:


@@ паренхиматозды қан құйылу
@@ қарыншаішілік қан құйылу
@@ субарахноидальды қан құйылу
@@ ишемиялық тромбты инсульт
@@ ишемиялық эмболды инсульт
{@A@}
{~2~}

~~Ревмокардитпен ауыратын 48 жастағы әйелдің жұмыс уақытында кенеттен құсу мен бастың қатты ауырсынуы басталды. Сананың қысқа мерзімді жоғалуы болды. Неврологиялық тексеруде оң жақты жеңіл гемипарез, оң жақты гемигипестезия, гемианопсия анықталды. Жарты сағаттан кейін барлық неврологиялық белгілер жойылды. Қандай диагноз болуы мүмкін:


@@ ми қан айналымының өткінші бұзылысы
@@ қарыншаішілік қан құйылу
@@ паренхиматозды қан құйылу
@@ субарахноидальды қан құйылу
@@ ишемиялық тромбты инсульт
{@A@}
{~2~}

~~Қосарласқан жүрек ақауынан зардап шегетін әйелде күндіз жұмыс уақытында қысқа мерзімді сананың жоғалуы, сол жақ қол мен аяқтың салдануы пайда болды. Неврологиялық тексеруде: анизокория, сол жақты гемипарез, гемианопсия анықталды. Бет терісі бозғылт. АҚҚ 210120 мм сын.бағ.. тамырдың соғылуы ретсіз, 110 рет 1 мин.. Қай диагноз ең ықтимал:


@@ ишемиялық эмболды инсульт
@@ транзиторлы ишемиялық шабуыл
@@ паренхиматозды қан құйылу
@@ субарахноидальды қан құйылу
@@ ишемиялық тромбты инсульт
{@A@}
{~2~}

~~Науқаста түстен кейін кенеттен қатты құсу, бейсаналық пайда болды. Неврологиялық қарап тексеруде: жағдайы ауыр, терісі гиперемияланған, жалпы гипергидроз, тыныс алуы стерторозды. Қол мен аяқтағы бұлшықет тонусы аралас, негізінен төмен, тетраплегия, бульбарлы синдром, менингеальды симтомдар оң мәнді. Қандай диагноз ең ықтимал:


@@ паренхиматозды қан құйылу
@@ лакунарлы инфаркт
@@ субарахноидальды қан құйылу
@@ ишемиялық тромбты инсульт
@@ ишемический эмболды инсульт
{@A@}
{~2~}

~~Науқас ұйқыдан оянған соң басы айналып, жүрек айнуы, құсу, оң қолы мен аяғы ұйып қалды. Неврологиялық қарап тексеруде: бет терісі бозғылт, тамыр ырғағы әлсіз, ырғақты, артериялық қан қысымы төмен, оң жақты терең гемипарез, гемигиперестезия. Қандай диагноз ең ықтимал:


@@ ишемиялық тромбты инсульт
@@ ішкі және қарыншалық қан құйылу
@@ паренхиматозды қан құйылу
@@ транзиторлы ишемиялық шабуыл
@@ гипертониялық криз
{@A@}
{~2~}

~~40 жасар әйел. АҚҚ 210130 мм рт. ст. жоғарылауы фонында пайда болған бастың айналуына, жүру кезіндегі теңселуге шағымданды. Объективті: жанына қарағанда нистагм, Ромберг қалпында тұрақсыздық, саусақ-мұрын және тізе-өкшелік сынамасын орындау кезінде екі жақты атаксия байқалады. 10 минуттан кейін барлық патологиялық өзгерістер қалпына келді. Қандай диагноз ең ықтимал?


@@ транзиторлы ишемиялық шабуыл вертебро-базиллярлы бассейнде
@@ гипертониялық церебральды криз
@@ жедел гипертониялық энцефалопатия
@@ транзиторлы ишемиялық шабуыл ортаңғы ми артериясы бассейнінде
@@ транзиторлы ишемиялық шабуыл алдыңғы ми артериясы бассейнінде
{@A@}
{~3~}

~~45 жасар әйел кісі, үдемелі бас ауруы, жүрек айну, құсу, «көз алдындағы шіркейлердің» ұшу сияқты шағымдарымен ауруханаға қабылданды. Объективті: есеңгіреген, БМН – ерекшеліксіз, рефлекстер біртекті жоғарылаған, екі жақты Бабинский симптомы оң мәнді. Бас миының МРТ зерттеуінде: ми қарыншалары кеңейген. Жұлын сұйықтығында –ликвор түссіз, ликвордың қысымы 300 мм сын. бағ., ликвор құрамы өзгермеген. Көз түбінде: веналары кеңейген. Дұрыс клиникалық диагнозды қойыңыз:


@@ жедел гипертониялық энцефалопатия
@@ гипертониялық церебральды криз
@@ ишемиялық инсульт
@@ аралас инсульт
@@ субарахноидальды қанқұйылу
@@ аралас инсульт
{@A@}
{~2~}

~~48 жасар әйел кісіні, соңғы 3 ай бойындағы аптасына бір рет көрінетін әртүрлі сипаттағы бас ауруы, бас айналуы, ұйқысының бұзылуы, шаршағыштық мазалайды. Объективті: бас – ми нервтері ерекшеліксіз, салданулар, сезімталдық және координация бұзылыстары жоқ. Бас миының МРТ зерттеуі – патологиялық өзгеріссіз. Қандай диагноз ең ықтимал?


@@ ми қанайналымы жеткіліксіздігінің бастапқы көріністері
@@ транзиторлы ишемиялық шабуыл
@@ созылмалы ми ишемиясы
@@ ишемиялық инсульт
@@ лакунарлы инсульт.
{@A@}
{~2~}

~~55 жасар ер кісіде, АҚҚ 180100 мм сын. бағ. жоғарылау фонында, бас ауруы, жүрек айнуы, бас айналуы пайда болды. Объективті: есі сақталған, беті симметриялы, тілі ортаңғы сызық бойымен. Рефлекстері біртекті жоғарылаған. Координаторлы бұзылыстар жоқ. Бас миының МРТ зерттеуінде – ми қарыншалары біркелкі кеңейген. Қандай диагноз қоюға болады?


@@ гипертониялық криз
@@ ишемиялық инсульт
@@ транзиторлы ишемиялық атака
@@ жедел гипертониялық энцефалопатия
@@ ми қанайналымы жеткіліксіздігінің бастапқы көріністері
{@A@}
{~2~}

~~60 жасар ер кісіде, АҚ 180100 мм сын бағ жоғарылау фонында бас ауруы, бас айналуы, көру аймағының шектелуі анықталды. Объективті: көру алаңының тарылуы, Ромберг қалпында тұрақсыздық анықталды, салданулар жоқ. Гипотензивті терапия қабылдағаннан соң 10 минуттан кейін, шағымдары жойылды, көруі қалпына келді, Ромберг қалпындағы теңселу жойылды. Бірінші ретте диагнозды анықтау үшін жүргізу қажет?


@@ бас миының МРТ зерттеуі
@@ электроэнцефалография
@@ электромиография
@@ шақыру потенциалдары анықтау
@@ бас сүйегінің рентгенографиясы
{@A@}
{~1~}

~~62 жасар әйел кісіде, АҚ 160100 мм сын бағ жоғарылау фонында бас ауруы, бас айналуы, көру аймағының шектелуі анықталды. Объективті: көру алаңының концентрирленген тарылуы, Ромберг қалпында тұрақсыздық анықталды, салданулар жоқ. Гипотензивті терапия қабылдағаннан 15 минуттан кейін, шағымдары жойылды, көруі қалпына келді, Ромберг қалпындағы теңселу жойылды. Бірінші кезекте қандай қосымша зерттеу әдістерін жүргізу лайықты болйып табылады?


@@ допплерография
@@ электромиография
@@ эхоэнцефалография
@@ бас сүйегінің рентгенографиясы
@@ электроэнцефалография
{@A@}
{~1~}

~~45 жасар ер кісіде, АҚ 14090 мм сын бағ жоғарылау фонында, 20 минутқа созылған оң аяғындағы әлсіздік, салғырттығы анықталды. Түсу кезінде объективті: беті симметриялы, тілі ортаңғы сызық бойымен. Рефлексінің жоғарылауымен оң аяғының монопарезі және Бабинский симптомы. 20 минуттан кейін аяғындағы күші қалпына келді, рефлекстері біркелкі, патологиялық белгілер жоқ. Қандай этиотропты терапияны тағайындаған лайықты?


@@ ноотроптар
@@ коагулянттар
@@ антикоагулянттар
@@ антиконвульсанттар
@@ антихолинестераздар
{@A@}
{~2~}

~~25 жасар ересек адамда, АҚ жоғарылау фонында кенеттен құсу, психомоторлық қозу, жүрудің өзгерісі пайда болды. Объективті: жағдайы өте ауыр, беті гиперемияланған, менингеальды симптомдар оң мәнді, салданулар жоқ. Қандай диагноз ең ықтимал?


@@ субарахноидальды қан құйылу
@@ энцефалит
@@ менингит
@@ ми инфаркты
@@ менингоэнцефалит
{@A@}
{~1~}

~~57 жасар ер кісі, инсульт бөліміне келесі шағымдармен жеткізілді: бас ауру, құсу, оң қол мен аяқтың әлсіздігі мен жансыздануы, сөйлеудің бұзылыстары. Аталған белгілер кенеттен АҚ-ң 220120 мм.сын.бағ жоғарылуы фонында дамыды. Объективті: тежелген, шүйде бұлшықеттерінің ригиттілігі 3 көлденең саусақ деңгейінде. Оң жақ мұрын-ерін қатпары тегістелген, тілі оңға ауытқыған. Оң жақтан тонусы мен рефлекстері жоғарылаған. Оң жақ қол-аяқтағы сезімталдықтың барлық түрі төмендеген. Бас миының КТ зерттеуінде – жоғары тығыздықты ошақ, ми қарыншалары кеңейгені анықталған. Ең ықтимал диагнозы қандай?


@@ паренхиматозды-субарахноидальды қан құйылу
@@ ми инфаркты
@@ серозды менингит
@@ спинальды қанайналымның бұзылысы
@@ субарахноидальды қанқұйылу
{@A@}
{~2~}

~~62 жасар ер кісі, сол қолы мен аяғындағы біртіндеп пайда болған әлсіздікті, оң көзінің жабылмайтынын байқаған. Объективті: АҚ-180100 мм сын бағ. Симптомдары: лагофтальм, желкен, оң жақты леп белгісі, сол жақты спастикалық гемипарез. Ликвор: түссіз, қысымы-150 мм сын бағ., лимфоциттер - 3 клетка. Келтірілген диагноздардың қайсысы дұрыс?


@@ ишемиялық инсульт
@@ ми қанайналымының өтпелі бұзылыстары
@@ жұлын қанайналымының бұзылысы
@@ гипертониялық церебральды криз
@@ геморрагиялық инсульт
{@A@}
{~2~}

~~60 жасар ер кісі, АҚ – ның 200100 мм сын. бағ. жоғарылау фонында, сол аяқ қолындағы біртіндеп дамыған әлсіздікті, сөйлеуінің бұзылысын байқаған. Объективті: сол жақты тіл бұлшықетінің, беттің мимикалық бұлшықеттерінің салдануы, дизартрия, спастикалық гемипарез және сол жақты гемианестезия анықталды. Келтірілген диагноздардың қайсысы дұрыс?


@@ ортаңғы ми артерия бассейніндегі ишемиялық инсульт
@@ ми қанайналымының өтпелі бұзылыстары
@@ артқы ми артерия бассейніндегі ишемиялық инсульт
@@ алдыңғы ми артерия бассейніндегі ишемиялық инсульт
@@ ортаңғы ми артерия бассейніндегі геморрагиялық инсульт
{@A@}
{~3~}

~~70 жасар ер кісі бас ауруына, бас айналуына, құсуға, жүру кезіндегі теңселуге шағымданып қаралды. Ауруы кенеттен АҚ- ның 180100 мм сын бағ жоғарылау фонында жедел басталды. Объективті - мишықтық атаксия, айқын менингеальды синдром. Рефлекстері біркелкі жоғарылаған, аяқ қолдарының тонусы төмендеген. Жұлын сұйықтығы қысыммен шығады, бұлыңғыр, түсі «ксантохромды», эритроциттер - 1000 1 мм3. Көрсетілгендердің қайсысын тағайындаған дұрыс?


@@ коагулянттар
@@ антикоагулянттар
@@ антисеротонинді
@@ антигистаминді
@@ антиконвульсанттар
{@A@}
{~3~}

~~63 жасар ер кісіде, оң қолы мен аяғындағы біртіндеп пайда болған әлсіздікті, байқаған, сол көзі жабылмайтын болды. Объективті: АҚ-200100 мм сын бағ. Симптомдар: лагофтальм, желкен, оң жақты леп белгісі, оң жақты спастикалық гемипарез. Ликвор: түссіз, қысымы-140 мм сын бағ., лимфоциттер -5 клетка. Бірінші кезекте қандай қосымша зерттеу әдістерін тағайындаған дұрыс?


@@ Бас миының МРТ
@@ Бас ми тамырларының реоэнцефалографиясы
@@ Электроэнцефалография
@@ Электромиография
@@ Мойын тамырларының УДДГ
{@A@}
{~1~}

~~Атеросклероздан зардап шеккен 70 жасар ер кісіде, оң аяқ қолында әлсіздік және жансыздану пайда болған. Объективті: АҚ-17090 мм. сын бағ. Есі сақталған. Оң жақты мұрын-ерін қыртысы тегістелген, тілін шығарғанда тілі оңға қарай ауытқыған. Оң аяқ қолындағы күші 3 балл. Оң жақта тонусы мен рефлекстері жоғарылаған. Көрсетілгендердің қайсысын тағайындау қажет?


@@ антикоагулянттар
@@ коагулянттар
@@ антисеротонинді
@@ антигистаминді
@@ антиконвульсанттар
{@A@}
{~3~}

~~87 жасар ер кісі, ертеңгісін АҚ-ның кенеттен 220120 мм сын. бағ. жоғарылауымен дамыған, бас ауруына, құсу, оң қолы мен аяғындағы әлсіздікке және жансыздануға, сөйлеудің бұзылысына шағымданады. Объективті: тежелген, жағдайы өте ауыр, менингеальды синдром анықталды. Оң жақты тілдің және беттің мимикалық бұлшықеттерінің орталықты салдануы, оң жақты гемигипестезия және гемипарез, тонусы мен рефлекстерінің жоғарылауы анықталды. Диагнозды дәлелдеу үшін бірінші ретте жүргізу қажет?


@@ Бас миының КТ
@@ Бас миының МРТ
@@ Мойын тамырларының УДДГ
@@ Электроэнцефалография
@@ Электромиография
{@A@}
{~1~}

~~57 жасар ер кісі, ауруханаға кенеттен пайда болған келесі шағымдармен жеткізілді: бас ауру, құсу, оң қол мен аяқтың әлсіздігі мен жансыздануы, сөйлеудің бұзылыстары. Объективті: жағдайы ауыр, АҚ-ң 200115 мм.сын.бағ.. Шүйде бұлшықеттерінің ригиттілігі 3 көлденең саусақ деңгейінде, екі жақты Керниг және Брудзинский симптомдары оң мәнді. Оң жақты тіл және беттің мимикалық бұлшықеттерінің орталықты салдануы, оң жақты гемиплегия, тонус пен рефлекстердің жоғарылауы, гемигипестезия анықталды. Қандай препаратты жалпы емнің жоспарына қосу қажет?


@@ коагулянттарды
@@ антигипоксанттарды
@@ антикоагулянттар
@@ цитостатиктер
@@ иммуномодуляторлар
{@A@}
{~3~}

~~Артериальды гипертензиядан зардап шеккен 70 жасар ер кісіде, біртіндеп бетінің гипомимиясы, аяқ-қолдарының тартылуы, жұтынудың бұзылысы, дауыс айқындылығының төмендеуі дамыған. Объективті: ойлауы тұтқыр, қызығушылығы азайған, интеллекті зардап шеккен, оральды автоматизм симптомы, рефлекстері біркелкі жоғарылаған, жүру кезіндегі сенімсіздік анықталды. Бас миының МРТ зерттеуі: лейкореоз суреті. Науқаста қандай диагноз?


@@ созылмалы ми ишемиясы
@@ ишемиялық инсульт
@@ венозды инсульт
@@ геморрагиялық инсульт
@@ ми қанайналымының өтпелі бұзылыстары
{@A@}
{~1~}

~~50 жасар ер кісі, есте сақтау қабілетінің нашарлағанына (профессиональды емес), шаршағыштық, бас ауруына, жүйелі емес бас айналуына, ұйқысының нашарлауына, жылағыштыққа, бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысуының қиындауына шағымданды. Объективті: науқастың көңіл күйі түсіңкі, интеллекті сақталған, абыржыған, қозғыш, оральды автоматизм симптомдары, гиперрефлексия анықталды. Бірінші кезекте қандай зерттеу әдісін ұсынған қажет?


@@ допплерография
@@ электромиография
@@ эхоэнцефалография
@@ электроэнцефалография
@@ бас сүйегінің рентгенографиясы
{@A@}
{~1~}

~~60 жасар әйел кісі, есте сақтау қабілетінің нашарлағанына (профессиональды емес), шаршағыштық, бас ауруына, жүйелі емес бас айналуына, ұйқысының нашарлауына, жылағыштыққа, бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысуының қиындауына шағымданды. Объективті: науқастың көңіл күйі түсіңкі, интеллекті сақталған, абыржыған, қозғыш, оральды автоматизм симптомдары, гиперрефлексия анықталды. Қандай этиотропты терапияны тағайындаған ең лайықты?


@@ липидті зат алмасуын қалыпқа келтіретін препараттар
@@ диуретиктер
@@ коагулянттар
@@ антиагрегантытар
@@ антигипертензивті заттар
{@A@}
{~1~}

~~82 жасар әйел кісіні, неврологиялық қарау кезінде келесі синдромдар анықталды: амиостатикалық, пирамидті, псевдобульбарлы. Бірінші кезекте қандай зерттеу әдісін тағайындау қажет?


@@ МРТ
@@ КТ
@@ ЭЭГ
@@ ЭМГ
@@ УЗДГ
{@A@}
{~1~}

~~80 жасар әйел кісіде, неврологиялық қарау кезінде анықталғаны: оң жақты гиперрефлексия, оң жақты Бабинский симптомы, пластикалық гипертония, бет гипомимиясы, сөйлеуі тыныш, жайланған. Қандай терапия тағайындаған ең лайықты?


@@ антигипоксанттар
@@ диуретиктер
@@ коагулянттар
@@ вирусқа қарсы
@@ антигипертензивті заттар
{@A@}
{~1~}

~~Қант диабетінен зардап шеккен 50 жасар әйел кісі, қатты бас ауруына, жүрек айнуына, құсуға, тырысуларға, қатты шаршағыштыққа, біртіндеп пайда болатын әлсіздікке, шөлдегіштіктің пайда болуына байланысты жедел жәрдем көмегін шақырды. Бірнеше уақыттан кейін науқас есінен танды. Артериальды қысымы төмендеген, аяқ қолдарының дірілдеуі, аузынан ацетон иісі шығады. Кома қалай аталады?


@@ гипергликемиялық
@@ гипогликемиялық
@@ бауырлық
@@ уремиялық
@@ гипоксиялық
{@A@}
{~1~}

~~Коматозды жағдайға тән емес:


@@ Мақсатты қорғаныш реакциялары
@@ Сіңір рефлекстерінің төмендеуі
@@ Бабинскийдің екі жақта оң мәнді
@@ Құрсақ рефлекстерінің тежелуі
@@ Қарашық реакциясының тежелуі
{@A@}
{~1~}

~~Эпиұстаманың хабаршылары:


@@ аура
@@ қалтырау
@@ құсу
@@ парестезия
@@ жүрек соғу
{@A@}
{~1~}

~~Эпилепсияны емдеу тиімділігін бағалау үшін қолданылатын ақпаратты қосымша тәсілді көрсетіңіз:


@@ Электроэнцефалография
@@ Краниография
@@ Компьютерлі томография
@@ ЭхоЭГ
@@ Ангиография
{@A@}
{~1~}

~~Эпилепсия кезінде электроэнцефалографияда қанда өзгерістер байқалады:


@@ «жедел толқын-жай толқын» кешендері
@@ альфа-ырғағының өсуі
@@ «жазық» түрі
@@ бета-ырғағының айқындылығы 40% артық
@@ тета-толқындарының болуы
{@A@}
{~1~}

~~Науқаста жалпы эпилептикалық ұстаманың алдында қысқа мерзімді жағымсыз иістер пайда болады: күйген ет, шіріген жұмыртқа. Неврологиялық қарап тексеруде оң жақты квадранттық гемианопсия байқалады. Зақымдану ошағы қайда?


@@ Сол жақ самай бөлігі
@@ Оң жақ төбе бөлігі
@@ Оң жақ самай бөлігі
@@ Шүйде бөлігі
@@ Сол жақ төбе бөлігі
{@A@}
{~3~}

~~21 жастағы ер адам соңғы 4 жылда бірнеше рет қайталанған тырысу ұстамаларға шағымданды. Тырысу ұстамалары басталар алдында хабаршы болмайды. Айналасындағылардың айтуынша кенеттен оның көзқарасы өзгеріп, үнсіз қалғанын, денесі тырысып, артқа қарай иіледі. Бірнеше секунд өткен соң аяқ-қолдарын қатты сілкілейді. Тілін қайта-қайта тістеп, зәрін ұстай алмайды. Ұстама түрі?


@@ генерализденген тонико-клоникалық
@@ абсанс
@@ күрделі парциалды
@@ қарапайым моторлы парциалды
@@ қарапайым сенсорлы парциалды
{@A@}
{~2~}

~~Метаболизмнің қандай түрінің бұзылуы Паркинсон ауруының дамуына алып келеді?


@@ катехоламиндер
@@ липидті
@@ ақуызды
@@ көмірсулы
@@ минералды
{@A@}
{~1~}

~~Паркинсон ауруы кезінде жүйке жүйесінің қандай бөліктері зардап шегеді?


@@ қыртыс асты түйіндер
@@ бас миының қыртысы
@@ пирамидті жүйе
@@ жұлын
@@ жалпы сезімталдық жолдары
{@A@}
{~1~}

~~Паркинсон ауруында қандай түзілістер зақымданады?


@@ Қара зат, бозғылт шар
@@ Құйрықты ядро
@@ Люис денесі
@@ Қызыл ядро
@@ Субталамикалық ядро
{@A@}
{~1~}

~~Паркинсон ауруына қандай негізгі клиникалық синдром тән?


@@ акинетико-ригидті
@@ альтернирлеуші
@@ гипоталамикалық
@@ гиперкинетикалық
@@ псевдобульбарлы
{@A@}
{~1~}

~~Паркинсон ауруына қандай белгілер тән емес?


@@ гипотония
@@ гипокинезия
@@ «иілгіш» қалпы
@@ гипомимия
@@ пропульсия
{@A@}
{~1~}

~~Паркинсон ауруында қандай белгілер пайда болады?


@@ гипокинезия
@@ гемипарез
@@ гемианестезия
@@ гемианопсия
@@ гипотония
{@A@}
{~1~}

~~1 жастағы балада бір реттік фебрильді ұстамалар туындағанда дәрігердің тактикасы:


@@ Емхана невропатологының бақылауында болу
@@ Ауруханаға жатқызу
@@ ПНД-де жылына 4-5 рет бақылауда болу
@@ Фенобарбиталды тағайындау
@@ Депакинді тағайындау
{@A@}
{~1~}

~~Паркинсонизмде қандай сөйлеу бұзылысы пайда болады:


@@ бәсеңдеген, монотонды дауыс
@@ мутизм
@@ афазия
@@ буындап сөйлеу
@@ дизартрия
{@A@}
{~1~}

~~Фокальды эпилептикалық ұстамаларға не жатады:


@@ адверсивті ұстама
@@ syncopе ұстамасы
@@ сахналық ұстама
@@ симпато-адреналды және ваго-инсулярлы криз
@@ гипоксиялық пароксизмдер
{@A@}
{~1~}

~~Егер ұстаманың алдында есту аурасы болса, эпилептикалық қозу ошағының қай жерде орналасқанын көрсетіңіз:


@@ самай бөлігі
@@ шүйде бөлігі
@@ төбе бөлігі
@@ орталықтан кейінгі қатпар
@@ орталық алдындағы қатпар
{@A@}
{~1~}

~~Науқас себепсіз кенеттен бірнеше секунд сөйлемей, қатып қалады, көз алмасы жоғары қарай бағытталған, бозарған, қойылған сұрақтарға жауап бермейді. Ұстамадан кейін ол туралы есінде ештеңе жоқ. Бұл жағдай қалай аталады:


@@ кіші ұстама (абсанс)
@@ тоникалық генерализденген ұстама
@@ эпилептикалық статус
@@ джексондық ұстама
@@ миоклониялық ұстама
{@A@}
{~2~}

~~Эпилептикалық статустың дамуына ықпал ететін факторды көрсетіңіз:


@@ антиконвульсанттарды қабылдау жүйелілігінің бұзылуы
@@ мыс алмасуының бұзылуы
@@ антиконвульсанттарды көп мөлшерде қабылдау
@@ ұзақ уақыт ұйықтау
@@ ағзаның сенсибилизациясы
{@A@}
{~1~}

~~Перинатальды гипоксиялық энцефалопатия, субкомпенсацияланған гидроцефалиясы бар 3 айлық балада сананың жоғалуымен, "иә-иә" және "ванька-встанька"сияқты басын изеумен сипатталатын ұстама байқалады. Балада қандай сипаттағы ұстамалар бар:


@@ инфантильді спазм
@@ джексондық
@@ вегетативті-висцеральды
@@ абсанстар
@@ синкопальды
{@A@}
{~2~}

~~25 жастағы әйелде бейсаналық әрекеттер эпизодтары бар (артқы аулада табақтарды көміп, чек кітапшасын лақтырды). Ол өз әрекеттерін есіне түсіре алмады. Ұстаманы байқаған күйеуі оның 5 минут бойы «жоқтығын», сананың есеңгіреуі бір сағатқа созылғанын айтты. Ұстама кезінде науқас құламады және қозғалыста болды. Ұстама алдында мотор майына ұқсас дәмді сезеді. Ұстама түрі:


@@ күрделі парциальды
@@ генерализденген тонико-клоникалық
@@ қарапайым абсанс
@@ қарапайым моторлы парциалды
@@ қарапайым сенсорлы парциалды
{@A@}
{~2~}

~~30 жастағы ер кісі оң жақ қол саусақтарының мезгіл-мезгіл еріксіз тартылуына шағымданды. 20-25 секунд бойы тартылу бүкіл қолға таралады. Санасы ешқашан жоғалмаған. Неврологиялық тексеруде оң жақ мұрын-ерін қатпарының тегістелуі, оң жақты қол-аяқтағы сіңір рефлекстерінің жоғарылауы байқалады. Дәрігер эпилепсия ұстамаларына күдіктеніп, КТ тағайындады. Науқаста қандай сипаттағы ұстама болуы мүмкін:


@@ фокальды моторлы
@@ фокальды сенсорлы
@@ абсанстар
@@ комплексті
@@ синкопальды
{@A@}
{~2~}

~~Паркинсонизм синдромының негізгі белгілерін атаңыз:


@@ гипомимия, баяу қадамды жүріс, «тасбих тарту» түрінде саусақты қимылдату
@@ гиперкинездер, қозғалыс белсенділігінің күшеюі, салдану, парез, теңселу
@@ билеген тәрізді жүріс, сөйлеудің әлсіреуі
@@ буындап сөйлеу, макрография, монотонды сөйлеу
@@ атаксия, парез, мегалография, гипомимия
{@A@}
{~1~}

~~40 жастағы ер адамның сол жақ білегінен бастап, үдемелі түрде бүкіл қолға, ары қарай дененің сол жақ бөліміне таралатын еріксіз тартылулар пайда болды. Ұстама түрін атаңыз:


@@ джексондық
@@ генерализденген тонико-клоникалық
@@ парциалды
@@ абсанс
@@ миоклониялық
{@A@}
{~1~}

~~Эпилептикалық ұстамалар (жалпы және джексондық), қарсы жақтағы гемипарез, атаксия және психиканың бұзылысы ...... зақымдануына тән:


@@ маңдай бөлігінің
@@ мишықтың
@@ шүйде бөлігінің
@@ самай бөлігінің
@@ төбе бөлігінің
{@A@}
{~1~}

~~Эпилепсияға қарсы препараттардың ішінде ол қыртыстық қызметтерді аз дәрежеде тежейді:


@@ карбамазепин
@@ фенобарбитал
@@ бензонал
@@ гексамидин
@@ фенитоин
{@A@}
{~1~}

~~Эпилепсияның дамуынында қай нейротрансмиттерлердің жеткіліксіздігі септігін тигізеді:


@@ ГАМҚ
@@ Глутамат
@@ Ацетилхолин
@@ Дофамин
@@ Адреналин
{@A@}
{~1~}

~~Сукцинимидтер (суксилеп) тиімді:


@@ абсансты ұстама
@@ тонико–клоникалық ұстама
@@ атоникалық ұстама
@@ қарапайым парциалды ұстама
@@ миоклония
{@A@}
{~2~}

~~Леветирацетамның орташа емдік мөлшері:


@@ 1000 - 2500мг
@@ 1500 – 3000 мг
@@ 1000 - 2000 мг
@@ 500 - 1500мг
@@ 300 - 600мг
{@A@}
{~2~}

~~Кожевникалық эпилепсияның клиникалық көрінісінде басымырақ:


@@ фокальды клоникалық ұстама
@@ тоникалық ұстама
@@ тонико – клоникалық ұстама
@@ қарапайым парциальды ұстама
@@ миоклония
{@A@}
{~1~}

~~Карбамазепиннің орташа емдік мөлшері:


@@ 600 – 1600 мг
@@ 500 – 1000 мг
@@ 400 – 800 мг
@@ 1000 – 2500 мг
@@ 300 – 600 мг
{@A@}
{~2~}

~~Эпилепсиямен ауыратын науқастарда ұстаманың жиіленуін тудыратын препарат:


@@ церебролизин
@@ актовегин
@@ кортексин
@@ кавинтон
@@ мильгамма
{@A@}
{~2~}

~~Тырысуға қарсы қай препараттың әсерінен дене салмағының төмендеуі дамиды?


@@ топиромат
@@ депакин
@@ карбамазепин
@@ фенобарбитал
@@ фенитоин
{@A@}
{~2~}

~~Науқас оң жақ табанынан басталып, жіліншік пен сан бұлшықетіне таралатын тартылу ұстамаларының жиіленуіне шағымданады. Ұстамалар алғашқы рет 5 жыл бұрын пайда болды. 6 жыл бұрын науқас мидың соғылуы мен бассүйектің маңдай-төбе сүйегінің сынуымен бірлескен, ашық бас-ми жарақатын өткерген. Жалпы қарап тексергенде: науқастың санасы анық, сұрақтарға жауап береді. Оң жақ аяғының сіңірлі рефлекстері жоғары. АҚҚ 14085 мм сын.бағ., ЖЖЖ 98 с. Ұстаманың түрін таңдаңыз:


@@ моторлы парциалды эпилептикалық ұстама
@@ сенсорлы парциалды эпилептикалық ұстама
@@ моторлы автоматизмі бар күрделі парциалды ұстама
@@ екіншілік жайылмалы тырыспалы эпилептикалық ұстама
@@ миоклониялық жайылмалы эпилептикалық ұстама
{@A@}
{~2~}

~~16 жастағы қызда шаншу, жану сезімі, ауырсыну, электр тогының өтуі, аяқ-қолдың жалған қозғалу сезімінің жиіленуі байқалды. Бұл сезімдер оң жақ білек пен беттің оң жақ жартысында дамиды, кейде Джексондық марш түрінде дененің жартысына таралады. ЭЭГ зерттеу әдісінде мидың төбе бөлігінің сол жағы мен артқы самай бөліктерінде эпибелсенділік анықталды. Бас миының МРТ суретінде орталықтан кейінгі қатпардың ортаңғы бөлімінде полимикрогирия аймағы көрсетілген. Бірінші таңдау препараты ретінде қандай антиконвульсант тағайындаған дұрысырақ:


@@ карабамазепин
@@ депакин – хроно
@@ топамакс
@@ ламиктал
@@ дифенин
{@A@}
{~2~}

~~Ересек жастағы науқасқа тағайындалатын топираматтың емдік әсерді ұстап тұратын мөлшері (мг тәулігіне):


@@ 200-400
@@ 150-600
@@ 200-300
@@ 150-300
@@ 300-500
{@A@}
{~2~}

~~Ересек жастағы науқасқа тағайындалатын фенобарбиталдың емдік әсерді ұстап тұратын мөлшері (мг тәулігіне):


@@ 90-120
@@ 50-150
@@ 32-56
@@ 80-100
@@ 20-40
{@A@}
{~2~}

~~Балаларға тағайындалатын депакиннің емдік әсерді ұстап тұратын мөлшері:


@@ 30-80 мгкг тәулігіне
@@ 5-8 мгкг тәулігіне
@@ 12-25 мгкг тәулігіне
@@ 5-9 мгкг тәулігіне
@@ 20-40 мгкг тәулігіне
{@A@}
{~2~}

~~Бөлімшеге 3 жасар бала түсті, анасының айтуы бойынша дене қызуының 39,5дейін жоғарылау фонында бірінші рет жайылмалы тонико-клоникалық тырысу ұстамалары пайда болған, ұстама 1 минутқа созылады, өздігімен жойылған. Анамнезінде: бала 1 жүктіліктен, 1 босанудан. Жасына сәйкес дамыған. ЖРВИ-мен 4 күн бойы ауырады. Тұқымқуалаушылық анамнезі эпилепсия бойынша теріс. Кейін ұстамалар қайталанбады. Объективті: ЖРВИ фонындағы жалпы интоксикацияның әсерінен өзін сезінуі нашар. Ошақты және жалпы милық симптоматика анықталмады. Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?


@@ ЖРВИ, фебрильды тырысулар
@@ Нейроинфекция, Симптоматикалық эпилепсия
@@ Поствакцинальды энцефалит тырысу синдромымен
@@ Ісік , симтоматикалық эпилепсия
@@ Менингит, тырысу синдромы
{@A@}
{~2~}

~~К. есімді науқас 16 жаста емханаға қаралды. Бес жыл бойы ұстама жиілігі айына 2-3 рет, есін жоғалтады, құлайды, аяқ-қол бұлшықетінің тоникалық тырысуы дамиды. Ұстамалар қысқа 50-60 секундқа дейін. Туыстарының айтуы бойынша ұстамалар сөйлеу және ымдау автоматизмдерімен жүреді. Науқаста эпилепсияның қандай түрі ең ықтимал?


@@ Маңдайлық эпилепсия


@@ Миоклоникалық эпилепсия
@@ Кожевников эпилепсия
@@ Шүйделік эпилепсия
@@ Самайлық эпилепсия
{@A@}
{~2~}

~~Ф. есімді науқас 19 жаста, есін жоғалтумен жүретін жайылмады тонико -клоникалық сипаттағы ұстамаларға, ұстама алдында тұрып қалған иісті сезетініне шағымданды. 10-жасар кезінде жылына 1-2 рет «тоқтап қалу» жағдайы болып тұрған. Объективті: жалпы милық және ошақты симптоматика анықталмады. ЭЭГ-де гипервентиляциядан кейінгі пароксизмальды белсенділікті күшейткеннен кейінгі «жедел- баяу толқын» кешені анықталды. 2001 жылғы Халықаралық жіктелуге сәйкес науқаста эпилепсияның қандай түрі ең ықтимал?


@@ идиопатиялық жайылмалы эпилепсия
@@ рефлекторлы эпилепсия
@@ үдемелі миоклоникалық
@@ идиопатиялық фокальды эпилепсия
@@ симптоматикалық фокальды
{@A@}
{~2~}

~~38 жасар ер адам, инженер, емханаға эпигастральды аураға, «есінен адасуына», «ықтиярсыз ойлауларға», осыдан кейін есін жоғалтуға және 3 минутқа созылатын (жұбайының айтуы бойынша)тырысу ұстамаларына шағымданды. Аурудың бастамасы 4 ай бұрынғы өткерген бас миы жарақаты мен соғылуынан кейін пайда болған. Науқаста қандай ЭЭГ - гі өзгерістер ең ықтимал?


@@ Сол жақты самай бөліміндегі тета-диапазонды ырғақты баяу белсенділік (4-7 Гц)
@@ Десинхронизирленген ЭЭГ көрінісі, доминирлеуші бета 2-ритм
@@ Доминантты жоғары амплитудалық альфа ыпғағы
@@ Бас миының маңдай бөліміндегі жергілікті жартышарлық тета – дельта дизритмия.
@@ 3 Гцті спайк толқындық билатеральды симметриялы разрядтар
{@A@}
{~2~}

~~Науқас 4-жаста, анасының айтуы бойынша, бірнеше секундқа созылатын қысқа уақытты естің тануымен жүретін ұстамалар, аяқтағы әлсіздіктің күшеюіне байланысты кенет құлауы мазалайды. Анасының байқауынша, көбінесе ұстамалар күшенуден кейін пайда болады. Аурудың басталуы 3-жасар кезінен. ЭЭГ зерттеуінде 3 Гцті билатеральды, синхронды және симметриялық спайк толқындық кешендер анықталды. 2001 жыл Халықаралық жіктелуіне сәйкес науқаста фокальды эпилепсияның қандай түрі ең ықтимал?


@@ атоникалық
@@ тоникалық
@@ клоникалық
@@ миоклоникалық
@@ тонико-клоникалық
{@A@}
{~3~}

~~Науқаста сол аяғының клоникалық тырысулары, башпайынан басталады. Соңғы уақытта сол аяқтың парезі қосылды, көбінесе дисталді аймақта. Зақымдану ошағын көрсетіңіз?


@@ Оң жақ жарты шардың алдыңғы ортаңғы иірімінің жоғарғы бөлігі
@@ Сол жақ жарты шардың алдыңғы ортаңғы иірімінің жоғарғы бөлігі
@@ Оң жақ жарты шардың алдыңғы ортаңғы иірімінің төменгі бөлігі
@@ Сол жақ жарты шардың алдыңғы ортаңғы иірімінің төменгі бөлігі
@@ Сол жақ ішкі капсула
{@A@}
{~3~}

~~Миастениялық криз кезінде қай препаратты тағайындау қажет?


@@ прозерин
@@ атропин
@@ кардиамин
@@ преднизолон
@@ норадреналин
{@A@}
{~2~}

~~Миастения кезіндегі тимоманы анықтау үшін қолданылатын анағұрлым тиімді зерттеу әдісі:


@@ Магнитно-резонансная томография
@@ Пневмомедиастинография
@@ Флебография
@@ Электроэнцефалография
@@ Эхоэнцефалография
{@A@}
{~1~}

~~Науқас П., 48 жаста, жедел түрде физикалық жүктеме фонында, бел аймағында ауырсыну пайда болды. Объективті тексеруде омыртқаның бел бөліміндегі қозғалыстың шектелуі, арқа, бел бұлшықеттерінің қатаюы, оң жақта Нери, Ласег симптомдарының оң болуы анықталды. Науқасқа қай препаратты тағайындаған дұрыс?


@@ мелоксикам
@@ бетаферон
@@ актовегин
@@ кавинтон
@@ церебролизин
{@A@}
{~2~}

~~Омыртқааралық диск жарығының клиникалық көрінісіне жатады:


@@ Түбіршіктік синдром
@@ Скален бұлшықеттерінің синдромы
@@ Мойынның спастикалық түрде қисаю
@@ Шынтақ жүйкесінің туннельді синдромы
@@ Алмұрт тәрізді бұлшықеттік синдромы
{@A@}
{~1~}

~~Миастенияның клиникалық көрінісі:


@@ бұлшықет әлсіздігі және күні бойы симптомдардың күшеюі
@@ жалпы әлсіздік
@@ жүрек соғу жиілігінің өзгеруі
@@ таңертеңгі бұлшықеттің тартылуы
@@ таңертеңгі уақытта симптомдардың пайда болуы
{@A@}
{~1~}

~~Миастенияның негізгі клиникалық түрлерін көрсетіңіз:


@@ жайылмалы, бульбарлы және көздік
@@ қыртыстық және жұлындық
@@ псевдогипертрофиялық
@@ абортивті, симптомсыз
@@ салдану, менингеалды
{@A@}
{~1~}

~~Миастенияның жайылмалы түрінің негізгі белгілерін көрсетіңіз:


@@ аяқ-қолдағы бұлшықеттердің әлсіздігі мен тыныс алудың бұзылысы
@@ сезімталдықтың бұзылысы
@@ аяқ-қолдағы бұлшықет атрофиясы мен парез
@@ птоз
@@ аралас парездер
{@A@}
{~1~}

~~Миастенияға қандай симптом тән:


@@ бұлшықет әлсіздігінің күшеюі
@@ психиканың бұзылуы
@@ үдемелі бұлшықет атрофиясы
@@ қимыл қозғалыс үйлесімінің бұзылысы
@@ "қолғап", "шұлық" түрі бойынша гипестезия
{@A@}
{~1~}

~~Перифериялық жүйке мен түбіршіктердің тартылу симптомдарын көрсетіңіз:


@@ Лассег, Нери
@@ Брудзинский, Керниг
@@ Бернар-Горнер
@@ Бабинский, Гордон
@@ Россолимо, Жуковский
{@A@}
{~1~}

~~Миастенияны анықтау үшін жүргізілетін диагностикалық тестілеуде қолданылады:


@@ прозерин
@@ атропин
@@ фенобарбитал
@@ баклофен
@@ глиатилин
{@A@}
{~1~}

~~Түбіршік синдромына тән қалып:


@@ Анталгиялық
@@ Вернике – Манна
@@ Менингеальды немесе таз ит кейпі
@@ Гемипаретикалық
@@ Бүгілген қалып
{@A@}
{~1~}

~~Миастениямен ауыратын 32 жастағы науқас жағдайының нашарлауына, бет, жұтыну бұлшықеттерінің әлсіздігінің күшеюіне, аяқ-қолдардың әлсіздігіне, тыныс алудың қиындауына байланысты ауруханаға жатқызылды. Прозеринді тері астына қабылдап жүрген. 2 күннен кейін іштің ауыруы мен гүрілдеуі, диарея, бұлшықеттердің жиырылуы пайда болды, антихолинэстеразды препараттардың мөлшерін жоғарылатуына қарамастан, бульбарлы және тыныс алу бұлшықеттерінің әлсіздігі үдеп, қозғыштық, брадикардия пайда болды. Миастенияның қандай асқынуы туралы ойлауға болады?


@@ Холинергиялық криз
@@ АІЖ ойық жарасы
@@ Миастениялық криз
@@ Тітіркенген ішек синдромы
@@ Гипертониялық криз
{@A@}
{~2~}

~~28 жастағы ер адамда соңғы 2 айда екі еселеп көруі, оң жақта айқынырақ дамыған қабақтың түсуі пайда болды. Таңертең жалпы жағдайы жақсы, кешке және физикалық жүктемеден кейін күшейетін, диплопия мен жартылай птоз дамиды. Демалыстан, ұйқыдан кейін аталған симптомдар біраз уақытқа жойылады. Болжам диагнозды қойыңыз?


@@ Миастенияның көздік түрі
@@ Миастенияның жайылмалы түрі
@@ Кирнс-Сейра ауруы
@@ Офтальмоплегиялық мигрень
@@ Пароксизмальды миоплегия
{@A@}
{~2~}

~~Миастенияны диагностикалаудың негізгі әдістері:


@@ бұлшықеттің патологиялық әлсіздігін анықтауға арналған тесттер, прозерин сынамасы, электромиография, ацетилхолин рецепторларына антиденелер
@@ бұлшықеттің патологиялық жиырылғыштығын анықтауға арналған тесттер, прозерин сынағы, ПТР арқылы вирустық нуклеин қышқылын анықтау
@@ электроэнцефалография, көкіректі КТ-ға түсіру
@@ бұлшықеттің патологиялық әлсіздігін анықтауға арналған тесттер, прозерин сынағы, миды МРТ-ға түсіру
@@ бас миын КТ-ға түсіру, электроэнцефалография, прозерин сынағы, көкіректі КТ-ға түсіру
{@A@}
{~1~}

~~Миастенияны емдеудің негізгі әдістері:


@@ антихолинэстеразды препараттар, глюкокортикостероидтар, тимэктомия, плазмаферез, иммуносупрессанттар, адамның иммуноглобулині
@@ антихолинэстеразды препараттар, глюкокортикостероидтар, тимэктомия, антибактериальды терапия, иммуносупрессанттар, адамның иммуноглобулині
@@ антихолинэстеразды препараттар, анаболикалық стероидтер, тимэктомия, плазмаферез, иммуносупрессанттар, адамның иммуноглобулині
@@ антиконвульсанттар, глюкокортикостероидтар, тимэктомия, плазмаферез, иммуносупрессанттар, адамның иммуноглобулині
@@ антихолинэстеразды препараттар, глюкокортикостероидтар, тимэктомия, гемодиализ, иммуносупрессанттар, адамның иммуноглобулині
{@A@}
{~2~}

~~Миастенияның ең қауіпті патогенетикалық асқынуы:


@@ миастениялық криз
@@ мидың ісінуі
@@ дислокациялық синдром
@@ пневмония
@@ холинергиялық криз
{@A@}
{~1~}

~~36 жастағы миастениямен ауыратын әйел жағдайының нашарлауына, бет, жұтыну бұлшықеттерінің әлсіздігінің үдеуі, аяқ-қолдардың әлсіздігіне, тыныс алудың қиындауына байланысты ауруханаға жатқызылды. Прозеринді тері астына қабылдап жүрді. 2 күннен кейін іштің ауыруы мен гүрілдеуі, диарея, бұлшықеттердің жиырылуы пайда болды, антихолинэстеразды препараттардың мөлшерін көбейтуіне қарамастан, бульбарлы және тыныс алу бұлшықеттерінің әлсіздігі үдеп, қозғыштық, брадикардия пайда болды. Қандай шұғыл шаралар қабылдау керек?


@@ антихолинэстеразды препараттарды тоқтату, атропин тері астына, реактиваторлар холинэстераздар – дипироксим немесе изонитрозин
@@ антихолинэстеразды препараттарды тоқтату, протонды помпа ингибиторлары көктамыр ішіне, спазмолитиктер
@@ протонды помпа ингибиторлары, спазмолитиктер, антигистаминді препараттар
@@ антихолинэстеразды препараттарды тоқтату, адамның иммуноглобулині 0,4 гкг,
@@ метилпреднизолон 1000 мг, плазмаферез
{@A@}
{~2~}

~~Д. атты 31 жастағы науқас айқын ентігу, жайылмалы бұлшықет әлсіздігі, қосарлап көрумен, ауыр жағдайда қабылдау бөліміне жеткізілді. Ол басын ұстай алмайды, сілекейін жұта алмайды, шашалып қалады, дауысы бәсең, тез шаршайды, ұзақ сөйлесе алмайды. Анамнезінен бір апта бұрын тұмаумен ауырған. Объективті: 30 минутқа дейін тахипноэ, көз алмасының қозғалысының айқын шектелуі, бет бұлшықеттерінің әлсіздігі, диффузды бұлшықет гипотониясы, тыныс алу бұлшықеттерінің әлсіздігі, аяқ-қолдардағы айқын әлсіздік, сіңір рефлекстері шақырылады, сезімталдығы бұзылмаған, ауырсыну жоқ. Қандай қауіпті неврологиялық синдром туралы ойлауға болады?


@@ миастениялық криз
@@ жедел қабынулы демиелинизирлеуші полинейропатия
@@ холинергиялық криз
@@ жедел шашыранды энцефаломиелит
@@ пароксизмальды миоплегия
{@A@}
{~2~}

~~38 жастағы науқаста соңғы 2 айда екі еселеп көруі, оң жақта айқынырақ қабақтың түсуі пайда болды. Таңертең жалпы жағдайы жақсы, кешке және физикалық жүктемеден кейін күшейетін, диплопия мен жартылай птоз дамиды. Демалыстан, ұйқыдан кейін аталған симптомдар біраз уақытқа жойылады. Диагнозды нақтылауға көмек береді:


@@ прозерин сынамасы
@@ бас миының МРТ
@@ жұлын сұйықтығында олигоклональды антиденелерді анықтау
@@ зәрде мыстың мөлшерін анықтау
@@ қанда калий мөлшерін анықтау
{@A@}
{~1~}


~~Вассерман симптомы бұл:
@@ сан жүйкесінің тартылу симптомы
@@ менингеальды симптом
@@ шонданай жүйкесінің тартылу симптомы
@@ шынтақ жүйкесінің тартылу симптомы
@@ патологиялық рефлекс
{@A@}
{~1~}

~~Омыртқаның бел-сегізкөз бөлігінің остеохондрозын емдеудің негізгі принциптері:


@@ стероидты емес қабынуға қарсы препараттар, вазоактивті, миорелаксант, витаминдер
@@ глюкокортикостероидтар, симптоматикалық емдеу, жаттығу терапиясы, физиотерапия
@@ глюкокортикостероидтар, вазоактивті, нейропротекторлық препараттар, антиконвульсанттар
@@ вазоактивті, нейропротекторлық препараттар, антихолинэстеразды препараттар
@@ нейрометаболикалық препараттар, С дәрумені, симптоматикалық терапия
{@A@}
{~2~}

~~Омыртқааралық дискінің жарығы кезінде S1 түбіршігінің қысылуына не тән:


@@ ахилл сіңірінің жойылуы
@@ тізе рефлексінің жойылуы
@@ санның төртбасты бұлшықетінің гипотрофиясы
@@ санның алдыңғы бетінің бойымен гипестезия
@@ кіші жамбастағы анестезия
{@A@}
{~1~}

~~52 жастағы ер кісі ауыр жүк көтергеннен кейін сол аяққа берілетін, омыртқаның бел-сегізкөз бөлігінде қатты ауырсыну, сол аяқта ұю сезімі пайда болды. Жалпы қарап тексеруде омыртқаның бел-сегізкөз бөлігінде анталгиялық сколиоз, бел бұлшықетінің айқын тырысуы, көбірек сол жақта, ауырсыну салдарынан қозғалыстың шектелуі, бел-сегізкөз бөлігінде паравертебральды ауырсыну, пальпация кезінде сол аяққа берілетіні анықталды. Сол жақта Ласег симптомы айқын көрінеді. Сан мен балтырдың артқы-сыртқы, табанның сыртқы бетінде гипестезиясы бар. Ахилл рефлексі сол жақта шақырылмайды, сол жақ табанның бүгілу қызметі әлсіреген. плантарлы иілгіштерінің әлсіздігі. Қандай неврологиялық синдром туралы ойлауға болады?


@@ сол жақ S1 түбіршігінің қысылуы
@@ сол жақ L5 түбіршігінің қысылуы
@@ сол жақ L4 түбіршігінің қысылуы
@@ мықын-шап жүйкесінің нейропатиясы
@@ сол жақты жедел люмбоишиалгиясы
{@A@}
{~3~}

~~46 жастағы әйел соңғы 6 айда омыртқаның мойын бөлігіндегі ауырсынуына, ауырсыну белсенділігінің күшеюіне, мойын бұлшықетінің тырысуына шағымданды. Соңғы 3 аптада ауырсынудың күшею фонында мойындағы ыңғайсыздық, білектің әлсіздігі, көбірек сол жақта, аяқтың құрысуы, жүру кезіндегі теңселу, зәрді ұстай алмау эпизодтары пайда болды. Анамнезінде бір жыл бұрын жол апаты салдарынан мойын омыртқасының жарақаты болған, медициналық көмекке жүгінбеген. Объективті тексеру кезінде: мойын бұлшықетінің айқын ауырсыну мен тартылуы анықталды. Жіліншік пен білек бұлшықеттерінің әлсіздігі және гипотрофиясы, аяқтардағы орташа дәрежедегі парезі анықталды. Қолдағы бұлшықет тонусы орташа дәрежеде төмендеген, аяқта пирамидалық түрі бойынша жоғарылаған. Қолдағы сіңір рефлекстері төмендеген, аяқта жоғары, Бабинский симптомы екі жақта оң мәнді. С6, С7 деңгейінен бастап сезімталдықтың өткізгіштік түрі бойынша бұзылыстары бар. Жамбас мүшелерінің қызметі бұзылған. Қандай диагнозды болжауға болады?


@@ мойын деңгейіндегі омыртқааралық дискінің жарығы, цервикалды миелопатия
@@ бүйір амиотрофиялық склероз
@@ сирингомиелия
@@ мойын омыртқаларының туберкулезді спондилиті
@@ жұлындық амиотрофия
{@A@}
{~2~}

~~Остеохондроздың негізгі патогенетикалық дамуы байланысты:


@@ омыртқа-қозғалыс сегменттеріндегі дегенеративті инволюциялық өзгерістер
@@ омыртқаның бұлшықет-байламдық аппаратының қабыну өзгерістері
@@ омыртқа жарақаттарының салдары
@@ омыртқа-қозғалыс сегменттеріндегі қан айналымның бұзылысы
@@ омыртқаның сүйек құрылымының минералдануының бұзылуы
{@A@}
{~1~}

~~Қабылдауда 16 жасар қыз, күннің екінші жартысында пайда болатын тез шаршағыштыққа шағымданып қаралды. Анамнезінде: аурудың бірінші белгілерін бір жыл бұрын байқаған, спорттық секцияға қатысуы қиындаған, жаттығуды орындай алмайды. Объективті: жағдайы нашарлаған, дауысы тыныш, жартылай птоз, жанына қарағанда диплопия анықталады. Орталық және перифериялық нерв жүйесінде айқын зақымдалу белгілері жоқ. Жүктемелі сынамаларды жүргізгеннен кейін жоғарғы қабақты көтеретін көзінің дөңгелек, шайнау бұлшықеттерінің әлсіздігі анықталған. Прозеринді сынамадан кейін жойылған қызметтер қалпына тез келген. Төменде келтірілген препараттардың қайсысын ем жоспарына енгізу ықтимал?


@@ Калимин
@@ Глиатилин
@@ Актовегин
@@ Пирацетам
@@ Папаверин
{@A@}
{~2~}

~~44 жасар ер кісі, шамалы қимыл кезіндегі кенеттен күшейетін арқасындағы ауру сезіміне шағымданады. Өзінің айтуынша ауыр зат көтергеннен кейін пайда болған. Объективті: анталгиялық қалып, тегістелген лордозбен бел бұлшықетінің айқын тартылған, рефлекстері сақталған, түбіршектің тартылу симптомы жоқ. Қандай диагноз ең ықтимал?


@@ жедел люмбалгия
@@ полинейропатия
@@ радикулопатия
@@ люмбоишиалгия
@@ созылмалы люмбалгия
{@A@}
{~2~}

~~45-жасар ер кісі бел аймағындағы, оң санының алдыңғы беткейінегі ауру сезіміне шағымданады, оң жақта Мацкевич және Вассерман симптомдары оң нәтижелі, оң жақта тізе рефлексі шақырылмайды. Төменде келтірілген диагноздың қайсысы ең ықтимал?


@@ L3-L4 вертеброгенді радикулопатиясы
@@ L5-S1 вертеброгенді радикулопатиясы
@@ оң жақты люмбалгия
@@ оң жақты люмбоишиалгия
@@ көлденең миелит
{@A@}
{~2~}

~~40 жасар әйел, есепші қызметін атқарады, басын қозғалтқанда күшейетін, мойын аймағындағы сыздаған сияқты ауру сезіміне шағымданады. Мойын және иық белдеуінің бұлшықетінің қатаюы анықталады, сезімталдық бұзылысы жоқ, тартылу түбіршектік симптомы жоқ, салданулар жоқ, рефлекстері шақырылады. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ыққтимал?


@@ цервикалгия
@@ С4-С5 түбіртекті синдромы
@@ миелопатия
@@ брахиалгия
@@ торакалгия
{@A@}
{~2~}

~~30 жасар ер кісіде, ауыр зат көтергеннен кейін жедел бел аймағында «атқылағандай» ауру сезімі пайда болды. Объективті: арқа бұлшықеттерінің қатаюы, пальпациялау кезіндегі ауру сезімі анықталады. Денені бүккенде қозғалысы шектелген және ауырады. Ауру сезімі түшкіру кезінде күшейеді. Сіңірлік рефлекстер жоғарылаған, біркелкі. Қандай тактика жүргізу ең лайықты?


@@ Төсектік тәртіп
@@ ЛФК
@@ Массаж
@@ Ыстық ванналар
@@ Оперативті ем
{@A@}
{~1~}

~~45 жасар әйел кісіде қозғалыс кезіндегі күшейетін оң аяғындағы және бел аймағындағы ауру сезімі мазалайды. 2 апта бойы ауырады. Қарау кезінде бел лордозы тегістелген, оң жақты паравертебральды аймақты пальпациялауда L5 омыртқа өстік өсіндісі деңгейінде «қоңырау» симптомы оң нәтижелі. Оң жақты тізе рефлексі төмендеген. Балтырдың сыртқы беткейі мен оң жақ табанның сыртқы бойымен гипоалгезия. Ласег симптомы оң жақта оң мәнді. Қандай ем ең нәтижелі?


@@ новокаин-гидрокортизонды блокадалар
@@ антигипоксанттар
@@ антиоксиданттар
@@ ноотропты препараттар
@@ тамырлық препараттар
{@A@}
{~1~}

~~25 жасар ер кісі, автобус жүргізушісі, 1 ай бойы ауырады, оң аяғының сыртқы беті бойымен берілетін, омыртқаның бел аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Объективті: омыртқаның бел аймағындағы қозғалысы шектелген, сол жақты сколиоз, оң жақты табанның 1-2 саусақаралық аймағындағы гипестезия, оң аяғының үлкен саусағының бүгілмеуі және сырт жағының әлсіздігі анықталады. Аяқтағы сіңірлік рефлекстер D=S. 60 градусқа дейінгі Ласег симптомы оң жақта оң нәтижелі, сол жағында - теріс. Науқасқа қандай аспаптық зерттеу тағайындау ең ықтимал?


@@ бел аймағының МРТ
@@ электроэнцефалография
@@ электронейромиография
@@ бел аймағының рентгенографиясы
@@ бел деңгейіндегі контрастты миелография
{@A@}
{~1~}

~~Эпидемиялық энцефалиттің созылмалы сатысындағы паркинсонизм синдромын емдеу кезінде қандай патогенетикалық терапия қолданылады:


@@ L-допа препараттары
@@ Антикоагулянттар
@@ Антибиотиктер
@@ Антиконвульсанттар
@@ Антихолинэстеразалық препараттар
{@A@}
{~2~}

~~30 жастағы әйел адамда бастың қатты ауырсыну, жүрек айну, құсу дамып, бірнеше минуттан соң санасын жоғалтты. Жедел медициналық жәрдем дәрігерлері сопор, АҚҚ 13080 м с.б., пульс-80 соққы мин, ырғақты, дене қызуы 38,20С, мойын бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг және Брудзинский симптомдарын анықталды. Парез және басқа неврологиялық бұзылыстар анықталмады. Қандай аурумен ажыратпалы диагностикасын жасау қажет?


@@ менингит
@@ энцефалит
@@ ишемиялық инсульт
@@ токсикалық энцефалопатия
@@ бас миының ісігі
{@A@}
{~2~}

~~Туберкулезді менингитпен ауыратын науқастың ликворы 12-24 сағат тұнғаннан кейін не болуы мүмкін:


@@ Фибринді пленка
@@ Опалесценция
@@ Ксантохромия
@@ Лейкоцитер
@@ Эритроциттер
{@A@}
{~1~}

~~Жұлын сұйықтығының (0,1 гл дейін) құрамындағы қант деңгейінің төмендеуі қандай қоздырғыштан пайда болатын менингитке тән:


@@ туберкулез таяқшасынан
@@ тұмау вирусынан
@@ пневмококктан
@@ паротит вирусынан
@@ стафилококтан
{@A@}
{~1~}

~~Кене энцефалитінің қоздырғышын табыңыз:


@@ сүзгіш вирус
@@ ішек таяқшасы
@@ риккетсия
@@ спирохета
@@ стафилококк
{@A@}
{~1~}
~~Табиғатта қандай жануар кене энцефалитінің қоздырғышын тасымалдаушы болып табылады:
@@ тиіндер, ала тышқандар, сарышұнақтар
@@ иттер, мысықтар
@@ ірі қара
@@ құстар
@@ жабайы жануарлар: қасқырлар, түлкілер, аюлар
{@A@}
{~1~}

~~Эпидемиялық энцефалит кезінде жұлын сұйықтығында қандай өзгерістер дамиды:


@@ ақуызды-жасушалық диссоциация
@@ ксантохромия
@@ нейтрофильді плеоцитоз
@@ лимфоцитарлы плеоцитоз
@@ құрамындағы қанттың төмендеуі
{@A@}
{~1~}

~~Менингит диагностикасында ненің мәні зор:


@@ жұлын сұйықтығының өзгеруі
@@ дене температурасының жоғарылауы арқылы аурудың жедел басталуы
@@ менингеальды синдром мен аурудың жедел басталуы
@@ жұқпалы-уытты шок синдромы
@@ көз түбіндегі іркілу белгілері
{@A@}
{~1~}

~~Науқас А., 28 жаста, кене шаққаннан кейін, дене қызуы 39-40 градусқа жоғарылады, жалпы милық симптоматика, менингеальды синдром, делиориозды күй, бастың салбырау синдромы пайда болды. Жұлын сұйықтығы анализінде: лимфоцитарлы плеоцитоз 280 жасушаға дейін х 106л, ақуыз мөлшері жоғарылаған. Қандай зерттеу әдісі диагнозды нақтылайды?


@@ Серологиялық реакциялар
@@ ПЦР-диагностика
@@ Биохимиялық анализ
@@ Ликворды бактерияға егу
@@ Вассерман реакциясы
{@A@}
{~1~}

~~Шашыранды склероз қай топқа жатады:


@@ демиелинизацияланған ауруларға
@@ тамыр ауруларына
@@ перифериялық жүйке жүйесінің ауруларына
@@ инфекциялық ауруларға
@@ жүйке жүйесіндегі тұқым қуалайтын аурулар
{@A@}
{~1~}

~~Шашыранды склероздың тиісті патогенетикалық терапиясын таңдаңыз:


@@ иммунодепрессанттар
@@ антибиотиктер
@@ коагулянттар
@@ антиаритмиялық препараттар
@@ холинолитикалық препараттар
{@A@}
{~2~}

~~Шашыранды склероздың емінде тағайындалады:


@@ преднизолон
@@ викасол
@@ аминокапрон қышқылы
@@ дицинон
@@ пенициллин
{@A@}
{~2~}

~~Склеротикалық бляшкалар қандай ауруда кездеседі?


@@ шашыранды склероз
@@ жедел шашыранды энцефаломиелит
@@ іріңді менингит
@@ лейкоэнцефалит
@@ ми ісіктері
{@A@}
{~1~}

~~Люмбальды пункцияның негізгі көрсеткіші:


@@ менингеальды синдром
@@ инсульт
@@ миға қан құйылу
@@ мидың ісінуі
@@ бассүйекішілік гипертензия
{@A@}
{~1~}
~~Люмбальды пункцияның қарсы көрсеткіші:
@@ бассүйекішілік гипертензия
@@ менингеальды синдром
@@ инсульт
@@ миға қан құйылу
@@ бас ми жарақаты
{@A@}
{~1~}

~~Шашыранды склероз кезіндегі Шарко үштігіне кіреді:


@@ Нистагм, интенционды тремор, буындап сөйлеу
@@ Белла, «желқайық», «ракетка» симптомдары
@@ Птоз, миоз, энофтальм
@@ Экзофтальм, мидриаз, птоз
@@ Фалло үштігі
{@A@}
{~1~}

~~Экономо энцефалиті кезінде қандай белгілердің диагностикалық мәні зор:


@@ көз қозғалысы және ұйқы бұзылыстары
@@ мишықтық атаксия
@@ көру жүйкелерінің атрофиясы
@@ бас ми жұп жүйкелер қызметінің бұзылыстары
@@ аяқ-қолдың орталық парезі
{@A@}
{~1~}

~~Кене энцефалитінің созылмалы сатысына тән синдромды көрсетіңіз:


@@ Кожевников эпилепсиясы
@@ Паркинсонизм
@@ Сирингомиелия синдромы
@@ Менингеальды
@@Жоғарғы спастикалық парапарез
{@A@}
{~1~}

~~Кене энцефалитінің қоздырғышын анықтаңыз:


@@ арбовирус
@@ бозғылт спирохета
@@ иксодты кене
@@ стафилококк
@@ цитомегаловирус
{@A@}
{~1~}

~~32 жастағы науқас 3 ай ішінде көру қабілетінің бұзылуын, қосарлап көру, жүрістің теңселуі, оң жақ аяғындағы жайсыздық пен ұю сезімін байқай бастады. Анамнезінде: 7 ай бұрын босанған. Неврологиялық қарап тексеруде көлденең нистагм, пирамидалық рефлекстері жоғарылаған, оң жақта Бабинский рефлексі оң мәнді, құрсақ рефлекстері шақырылмайды. Болжам диагнозы?


@@ Шашыранды склероз
@@ Шашыранды энцефаломиелит
@@ Ишемиялық инсульт, атеротромботикалық түрі
@@ Фридрейх ауруы
@@ Созылмалы қабынулы демиелинизлеуші полинейропатия
{@A@}
{~2~}

~~Шашыранды склероздың анықтамасы:


@@ Шашыранды склероз – бұл ми мен жұлынның жүйке талшықтарының миелин қабығы зақымданатын, созылмалы аутоиммунды ауру
@@Шашыранды склероз – бұл жұлынның мотонейрондары зақымданатын, созылмалы дегенеративті ауру
@@ Шашыранды склероз – бұл жүйке бұлшықет өткізгіштігі зақымданатын, созылмалы аутоиммунды ауру
@@ Шашыранды склероз – бұл когнитивті қызметі зақымданатын, жүйке жүйесінің созылмалы дегенеративті ауру
@@ Шашыранды склероз – бұл ми мен жұлынның жүйке талшықтарының аксондары зақымданатын, созылмалы аутоиммунды ауру
{@A@}
{~1~}

~~Менингеальды симптомдарды анықтаңыз:


@@ Керниг, жоғарғы және төменгі Брудзинский, шүйде бұлшықетінің тартылуы
@@ Нери, Лассег, Вассерман, Мацкевич, Бонне, Дежерин
@@ Бабинский, Ласка-Якобсон, Бехтерев-Жуковский симптомы
@@ Гофман, Гордон, Оппенгейм, Чеддок, Керниг
@@ Маринеску-Радович, Карчикян, Лессаж, Брудзинский
{@A@}
{~1~}

~~Пульмонологиялық бөлімшеде бронхоэктатикалық ауруы бойынша ем алып жатқан 36 жасар ер кісі, өзін кенет нашар сезінді. Объективті: жалпы милық симптомдары күшейген, менингеальды белгілер пайда болды. Ликворда нейтрофильды плеоцитоз, қанда лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған. Клиникалық диагноз қандай?


@@ екіншілік іріңді менингит
@@ туберкулезді менингит
@@ сифилитикалық менингит
@@ лимфоцитарлы менингит
@@ субарахноидальды қан құйылу
{@A@}
{~2~}

~~Жас ер адамда, дәнді дақылдарды жинаудан оралғаннан кейін 7 күннен соң (барактык үлгісіндегі жатақханада тұрған, онда көптеген тышқандар болған), жалпы әлсіздік, мазасыздық, гипертермия, құсу, айқын бас ауру, көз алмасының ауру сезімі, жарықтан қорқу, менингеальді симптомдар пайда болды, тағы бір аптадан кейін жедел орхит дамыды.


Қандай диагноз ең ықтимал?
@@ жедел лимфоцитарлы хореоменингит
@@ энтеровирусты менингит
@@ менингококкты менингит
@@ туберкулезды менингитті
@@ тұмауды
{@A@}
{~2~}

~~27 жасар ер кісіде толық денсаулығының сау фонында кенеттен гипертермия, қалтырау, бас ауруы, құсу, гиперестезия пайда болды. Қарап тексергенде: Керниг, Брудзинский симптомдары оң нәтижелі. Ликворы бұлыңғыр, жоғары қысыммен шығады, нейтрофильді плеоцитоз, белоктың деңгейі жоғарылаған. Қанында айқын лейкоцитоз. Қандай диагноз ең ықтимал?


@@ Менингококкты менингит
@@ Екіншілік іріңді менингит
@@ Туберкулезды менингит
@@ Пневмококкты менингит
@@ Лериш синдромы
{@A@}
{~2~}

~~42 жасар ер кісіде қатты бас ауру, көп реттік құсу, іш өтуі, гипертермия пайда болды. Қарап тексергенде: беті гиперемияланған, менингеальды симптомдар. Ликворы мөлдір, қысыммен шығады, лимфоцитарлы плеоцитоз. Жанұя мүшелері мен жұмыстағы қызметкерлер де ауырды. Қандай диагноз ең ықтимал?


@@ энтеровирусты менингит
@@ пневмококкты менингит
@@ көлденең миелит
@@ менингококкты менингит
@@ туберкулезды менингит
{@A@}
{~2~}

~~35 жасар ер кісі, қатты бас ауруына, көп реттік құсуға, дене қызуының жоғарылауына шағымданады. Науқастың беті гиперемияланған, мұрын-ерін үшбұрышы көгерген, көз шелі инъекцияланаған, ерінінде герпетикалық бөртпелер, ангина анықталды. Шүйде бұлышқеттерінің ригидтілігі, Керниг және Брудзинский симптомдары оң нәтижелі.


Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу қажет?
@@ люмбальды пункция
@@ электромиография
@@ бас миының МРТ зерттеуі
@@ бас сүйегінің рентгенографиясы
@@ электроэнцефалография
{@A@}
{~1~}

~~Анамнезінде өкпе туберкулезімен ауырған, 33 жасар ер кісіде, бас ауруы, жүдеу, жалпы әлсіздік, жоғары шаршағыштық, қитарланған қылилық, заттардың екі еселенуі, Керниг, Брудзинский симптомдары анықталды. Жұлынды зерттеу кезінде анықталуы ең ықтимал?


@@ фибринды қабыршақ
@@ ксантохромия
@@ қан қоспасы
@@ жұлынның сары-жасыл түсі
@@ ликворлық қысымның төмендеуі
{@A@}
{~2~}

~~20 жасар жасөспірім, клиникаға бастың ауыруына, көп реттік құсуға, дене қызуының жоғарылауына, қалтырауға шағымданып қаралды. Науқастың беті қызарған, мұрын-ерін үшбұрышы көгерген, көз қантамырлары қанталаған, менингеальды синдром анықталады. Ликвор бұлыңғыр, сары-жасыл, нейтрофильды плеоцитоз. Этиотропты терапия үшін қандай препарат ең ықтимал?


@@ пенициллин
@@ метронидазол
@@ доксициклин
@@ рифампицин
@@ ацикловир
{@A@}
{~2~}

~~23 жасар қыз бала, клиникаға бас ауруына, жүдеуге, жалпы әлсіздікке, жоғары шаршағыштыққа шағымданып түсті. Неврологиялық тексеруде: қитарланған қылилық, заттардың екі еселенуі, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі анықталады. Анамнезінен: бір жыл бұрын өкпе туберкулезімен ауырған. Ликворда – лимфоцитарлы плеоцитоз, фибринді қабыршақ. Антибактериальды терапия құрайды:


@@ рифампицин
@@ меропенем
@@ тетрациклин
@@ эритромицин
@@ пенициллин
{@A@}
{~2~}

~~37 жасар ер кісі, бас ауруына, дене қызуының 38 градусқа жоғарылауына, екі апта бойындағы ұйқышылдыққа, көзіндегі екі еселенуге шағымданды. Объективті: ішке қарай қылилық, птоз, жарыққа реакциясы сақталған, ал конвергенцияға жойылған. Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?


@@ эпидемиялық энцефалит
@@ менингит
@@ полиомиелит
@@ нейросифилис
@@ нейробруцеллез
{@A@}
{~2~}

~~40 жасар ер кісі, бастың қатты ауруына, құсу, гипертермияға шағымданды. Менингеальды симптомдар, мойын бұлшықетінің, иық белбеуінің перифериялық салдануы анықталды. 2 апта бұрын тауда демалған. Қандай диагноз ең ықтимал?


@@ кенелік энцефалит
@@ полиомиелит
@@ масалық энцефалит
@@ эпидемиялық энцефалит
@@ герпетикалық энцефалит
{@A@}
{~2~}

~~48 жасар ер кісіде, бет және бас терісінің майлануының жоғарылауы, амимия, конвергенцияның әлсіздігі, аяқ-қолындағы кенеттен пайда болған тырысу, аяғында басымырақ дамыған, бұлшықеттерінің тонусы «тісті дөңгелек» типі бойынша жоғарылағаны, білезіктеріндегі тремор, сөйлеудің баяулауы, дауысы монотонды, жай, майда қадамдармен жүруі анықталды. Анамнезінен: 2 жыл бұрын ЖРВИ – мен ауырған, айқын ұйқышылдық пайда болып, дене қызуы жоғарылаған. Осы науқаста бас миының қай құрылымы зақымдалған?


@@ палидонигральды кешен
@@ жолақты дене
@@ бас миының бағанасы
@@ мишықтың тісті ядросы
@@ бас миының қыртысының самай бөлімі
{@A@}
{~2~}

~~3-жасар балада диспепсиялық және катаральды көріністер фонында, субфебрильды температура, бас ауруы және қайталамалы құсу пайда болып, ауру басталғаннан бастап бесінші күні менингеальды синдром дамыған. Аурудың біртіндеп үдеу үрдісінде III, VI, VII жұп бас ми нервтерінің салданулары, симптоматиканың одан әрі үдеуі дамыды. Патологиялық үрдістің ең ықтимал орналасуы?


@@ Бас миы қабығы
@@ Бас миы затында
@@ Ми қарыншаларында
@@ Бас миы тамырлары
@@ Асқазан -ішек тракты
{@A@}
{~2~}

~~4-жасар балада катаральды көріністер фонында, субфебрильды температура, бас ауруы және қайталамалы құсу пайда болып, ауру басталғаннан бастап бесінші күні менингеальды синдром дамыған. Аурудың біртіндеп үдеу үрдісінде III, VI, VII жұп бас ми нервтерінің салданулары, симптоматиканың одан үдеуі дамыды. Қандай диагноз ең ықтимал?


@@ Туберкулезды менингит
@@ Серозды менингит
@@ Іріңді менингит
@@ Менингоэнцефалит
@@ Энцефалит
{@A@}
{~2~}

~~Қабылдау бөлімшесіне 7 жасар бала қаралды. Анамнезінде тұмаудан кейін, 2 аптадан соң бас ауруы, жүру кезіндегі теңселу, оң құлағындағы шуыл, одан кейін естуінің төмендеуі пайда болған. Неврологиялық тексеруде оң жақ есту және бет нервісінің зақымдалу симптомдары, горизонтальды нистагм және оң жақты мишықтық атаксия анықталды. Патологиялық үрдістің орналасуының ең ықтималдысы?


@@ Торлы және басқа ми қабықтары
@@ Ми заты
@@ Мишық
@@ Ми бағанасы
@@ Перифериялық нервтер
{@A@}
{~1~}

~~Туберкулезді диспансерде ем алып жатқан 9 жасар бала жағдайының нашарлағанын байқаған. Жүрек айну мен құсу ұстамасы, бас ауруына, жедел әлсіздікке, жанына қарағанда екі еселеп көруіне шағымданды. Дене қызуы 37,8°. Объективті: санасы анық, тері жамылғылары бозғылт. Көз саңылауы S
@@ Изониазид және рифампицин
@@ Гентамицин және рифампицин
@@ Цефтриаксон және тетрациклин
@@ Пенициллин және изониазид
@@ Левомецитин және гентамицин
{@A@}
{~2~}

~~Бөлімшеге 12 жасар қыз қайталанатын жүру кезіндегі теңселуге және бас айналуына шағымданып түсті. Анамнезінен: бала 1 жүктіліктен, 1 босанудан. Босану уақытысында, өсуі мен дамуы жасына сәйкес. Созылмалы аурулары жоқ. Төрт ай бұрын суықтағаннан кейін, ЖРВИ-мен ауырып, 2-3 күн бойы дене қызуының 39 градусқа жоғарылады. Объективті: санасы анық, уақыт пен кеңістікте бағдары дұрыс, қарап тексеруге қарсы емес. Шарко үштігінің белгілері анықталды. Төменгі спастикалық парапарез, құрсақ рефлекстері жойылған. Ромберг қалпында және жүру кезінде оң жаққа қарай құлайды. Саусақ-мұрын сынамасында оң жаққа қарай сенімсіз. Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?


@@ Шашыранды склероз
@@ Паркинсон ауруы
@@ Сирингомиелия
@@ Рейно ауруы
@@ Гийена-Барре синдромы
{@A@}
{~2~}

~~53 жасар ер кісі, клиникаға бас ауруына, әлсіздікке, дене қызуының 39 градусқа жоғарылауына, мойын бұлшықетіндегі, аяқ-қолдарындағы ауру сезіміне шағымданады. Объективті: шүйде бұлшықетінің ригидтілігі, көз алмасын қозғалтқан кезде ауырсыну, жоғарғы иық белдеуінің парезі анықталды. Анамнезінен: 10 күн бұрын тауда демалған. Ликвор — мөлдір, лимфоцитарлы плеоцитоз. Арнайы вирусқа қарсы ем ретінде қолданылады?


@@ рибонуклеаза
@@ прозерин
@@ эритромицин
@@ стрептокиназа
@@ пенициллин
{@A@}
{~2~}

~~48 жасар ер кісіде, бет және бас терісінің майлануының жоғарылауы, амимия, конвергенцияның әлсіздігі, аяқ-қолындағы кенеттен пайда болған тырысу, аяғында басымырақ дамыған, бұлшықеттерінің тонусы «тісті дөңгелек» типі бойынша жоғарылағаны, білезіктеріндегі тремор, сөйлеудің баяулауы, дауысы монотонды, жай, майда қадамдармен жүруі анықталды. Анамнезінен: 2 жыл бұрын ЖРВИ – мен ауырған, айқын ұйқышылдық пайда болып, дене қызуы жоғарылаған. Бас миындағы қандай нейрохимиялық өзгерістердің болуы ең ықтимал?


@@ дофамин құрамының төмендеуі
@@ дофамин құрамының жоғарылауы
@@ норадреналин құрамының жоғарылауы
@@ глутамат құрамының төмендеуі
@@ серотонин құрамының жоғарылауы
{@A@}
{~2~}

~~25 жасар ер кісі, менеджер, клиникаға түсер кезінде бас айналуына, жүрек айнуына, мас жүрісі қалпына шағымданып түсті. Объективті: нистагм, скандирленген сөйлеу, интенционды тремор анықталды. Анықталған синдром қалай аталады?


@@ Шарко
@@ Вебер
@@ Марбург
@@ Мийра-Гублера
@@ Валенберга_Захарченко
{@A@}
{~2~}

~~Көкірің таяқшасымен шақырылған іріңді менингитті емдеуде ең тиімді болып табылады:


@@ гентамицин
@@ бензилпенициллин
@@ клиндамицин
@@ эритромицин
@@ циклофосфамид
{@A@}
{~2~}

~~Қоздырғышы белгісіз бактериялық іріңді менингитте тағайындаған жөн:


@@ цефотаксим (клафоран)
@@ цефалексин (цепорекс)
@@ клиндамицин (далацин)
@@ эритромицин (эритран)
@@ триазавирин (наком)
{@A@}
{~2~}

~~Менингококкты менингитті емдеу үшін таңдау керек:


@@ левомицетин
@@ клиндамицин
@@ тетрациклин
@@ эритромицин
@@ канамицин
{@A@}
{~2~}

~~Шашыранды склероз кезінде туындаған патологиялық бұлшықет спастикасын түзету үшін келесі ГАМҚ препараттарының бірін тағайындаған жөн:


@@ баклофен
@@ аминалон
@@ фенибут
@@ пантогам
@@ мидантан
{@A@}
{~2~}

~~Мидың ісігін диагностикалауда қолданылатын қосымша зерттеу әдістерін көрсетіңіз:


@@ КТ немесе МРТ
@@ Краниография
@@ Көз түбін зерттеу
@@ РЭГ
@@ ЭЭГ
{@A@}
{~1~}

~~21 жастағы ауруда кенеттен эпилептикалық ұстама дамыған, ары қарай галлюцинациямен қосарласқан психикалық жағдай байқалған, көз түбінде – іркілу құбылыстары анықталды. Емдеу нәтижесінде симптомдардың тежелуі байқалды. Қандай ауру туралы ойлауға болады:


@@ Ми ісігі
@@ Шашыранды склероз
@@ Шильдер лекоэнцефалиті
@@ Жедел шашыранды энцефаломиелит
@@ Геморрагиялық инсульт
{@A@}
{~2~}

~~30 жасар ер адам, құсу, тұрақты түрде дамитын бастың ауруына шағымданды. Неврологиялық тексеруде жалпы милық симптоматика анықталды. Фостер-Кеннеди синдромы. Эхоэнцефалоскопиялық әдісте бас миының орталық құрылымының М-эхо ығысуы анықталды. Бас миының МРТ зерттеуінде қандай өзгерістердің анықталуы ең ықтимал?


@@ Алдыңғы бас ми шұңқырының ісігі
@@ Кортикальды атрофиялар
@@ Лакунарлы инфаркттар
@@ Перивентрикулярлы лейкоареоз көріністері
@@ Артқы бас ми шұңқырының ісігі
{@A@}
{~2~}

~~29 жасар ер кісі, жүргізуші, санасы жоғалмай, оң жақ табанынан басталатын және барлық оң жақ денесіне тарайтын жансыздану және шаншу сезімдеріне, жиі қысқан тәрізді бастың ауруына, жүрек айнуына, кейде қатты бас ауру фонында құсатынына шағымданды. Неврологиялық статусында: оң жақ аяқ қолдарындағы сіңірлік рефлекстер жоғарылаған. АҚ=12575 мм.сын.бағ. Көз түбінде: көру нервінің іркілген дискісі анықталды. Джексондық марш ұстамасының пайда болуына әкелген ең ықтималы себеп:


@@ Бас миының ісігі
@@ Миелит
@@ Менингит
@@ Паркинсон ауруы
@@ Жұлынның ісігі
{@A@}
{~2~}

~~59 жастағы әйел адамның шағымдары: бас ауыру, құсу, сол аяқ-қолындағы әлсіздік, жүрудің бұзылысы. Анамнезінен: жарты жыл бойы онкологта мынандай диагнозбен қаралады: Сүт безінің қатерлі ісігі. Неврологиялық статуста: менингеальді симптомдар жоқ, сол жақ аяқ қолында бұлшықет күшінің әлсіздігінің 2 баллға төмендеуі,бұлщық ет тонусы сол жақта жоғарлаған. Терең рефлекстер сол жақта жоғарлаған, сол жақ гемигипестезия, сол жақта Бабинский симптомы оң мәнді. Ликворда – ақуыз-жасушалық диссоциация. Бас ми МРТ – оң жақ маңдай-төбе бөлімдерде метастаздар анықталды. Қандай төменде көрсетілген препараттарды қолдану ең ықтимал:


@@ ісінуге қарсы
@@ антиоксиданттар
@@ саңырауқұлаққақарсы
@@ қабынуға қарсы
@@ иммуностимулиялық
{@A@}
{~2~}

~~Ер адам, 34 жасар, плотник, басына ауыр, қатты заттың түсуінен кейін жедел жәрдеммен жеткізілді. Есін 40-50 минутқа жоғалтты. Бастың қатты ауруына, лоқсу, құсуға шағымданды. Объективті: нистагм, «көзілдірік» симптомы, менингеальді белгілер жоқ, парездер жоқ, рефлекстері тірілген, табан клонусы анықталды. Жарақаттың ең ықтимал асқынуы?


@@ бас миының жарақаты бас сүйек негізінің сынуымен
@@ бас сүйек ішілік гематома
@@ субарахноидальді қан құйылу
@@ бас ми шайқалуы
@@ қарынша ішілік қан құйылу
{@A@}
{~2~}

~~Туу жарақатынан кейін қандай асқыну ең ықтимал?


@@ Психосөйлеу дамуының іркілу синдромы
@@ Микроцефалия
@@ Бас-ми жарығы
@@ Макроцефалия
@@ Гидроцефалия
{@A@}
{~1~}


~~Туу жарақатының жеңіл формасы немен көрінеді?
@@ Қолдың треморымен
@@ Брадикардиямен
@@ Тахикардиямен 
@@ Тіл треморымен
@@ Коматоздық жағдай
{@A@}
{~1~}


~~2 айлық балада басының өлшемі 48,0 см. Бала қозғалыссыз, арықтаған, боз, тамағын қорыта алмайды, үлкен еңбегі шығыңқы, керілген. Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?
@@ ОЖЖ ТДА. Үдемелі окклюзионды ішкі гидроцефалия.
@@ ОЖЖ ТДА. Анэнцефалия
@@ Бас миының ісігі. Гипофиз аденомасы
@@ Туу жарақаты. Басішілік жеделдеу гематомасы
@@ Менингоэнцефалит, бас миының екі гемисферасының субдуральды эмпиемасы
{@A@}
{~2~}


~~Нәрестелер бөлімшесінде 10 күндік бала: «Гипоксиялық-жарақатты генезді перинатальды энцефалопатия» диагнозымен ем алып жатыр. Таңертеңгілік қарау уақытысында оң жақ төбе аймағындағы ісік тәрізді түзілісті байқаған. Пальпация кезінде ауырсынусыз, тығыздығы жұмсақ-иілімді, периферия бойымен сақина тәрізді тығыз түзіліс анықталды. Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?
@@ Гипоксиялық-жарақатты генезді перинатальды энцефалопатия. Оң жақ төбе аймағындағы кефалогематома.
@@ ЖБМЖ. Бас миының соғылуы. Оң жақ төбе сүйегінің ұзыннан сынуы. Төбе аймағының сүйек асты гематомасы.
@@ Бас миының ісігі. Краниофарингиома.
@@ Абсцесс фазасындағы оң жақ төбе аймағындағы фурункул.
@@ ОЖЖ ТДА. Бас ми жарығы.
{@A@}
{~2~}

~~3 айлық балада: бас шеңбері 44 см, үлкен еңбегі соғады, керілген. Бас-ми жұп жүйкелерінің қызметі жағынан көрудің төмендеуі, ішке қараған қылилық, горизонтальды нистагм анықталды. Моторлы жүйеде спастикалық диплегия, басын ұстай алмайды, бұра алмайды. Мазасыз, ұйқысы бұзылған. Болжамды клиникалық синдром?


@@ Гидроцефальды
@@ Гипертензионды
@@ Жүйке-рефлекторлы қозғыштық
@@ Астеноневротикалы
@@ Пирамидалық жеткіліксіздік
{@A@}
{~2~}

~~Бала 2 жүктілік, 2 босанудан туылған. Жүктіліктің барлық кезеңінде түсік тастау қаупі болған. Туылған кездегі салмағы 2400 гр., бойы 44 см., Апгар шкаласы бойынша 1-3 балл. Объективті: нәрестенің жағдайы ауыр. Тері жамылғылары айқын цианозды. Тынысы стридорлы, жүрек тондары тұйықталған, тамырдың соғуы ретсіз. Үлкен еңбегі керілген, толқындалған. Көз саңылауы S=D, көз қарашығы тарылған, анизокория, көз алмасының қозғалысы қалқымалы, ротаторлы нистагм анықталды. Жаңа туған нәрестенің физиологиялық рефлекстері жоқ. Қарап тексеру барысында нәрестеде жайылмалы тонико-клоникалық ұстамалы тырысулар дамыды. Болжамалы диагнозды қойыңыз:


@@ ОЖЖ гипоксиялық-геморрагиялық зақымдануы, 2-3 дәрежелі қарынша ішілік қан құюлу
@@ Туу кезіндегі бас ішілік жарақат, субдуральды гематома
@@ Жатыр ішілік инфекция: бас миының токсоплазмозы
@@ ОЖЖ ишемиялық зақымдануы
@@ ОЖЖ гипоксиялық-геморрагиялық зақымдануы, субдуральды гематома
{@A@}
{~2~}

~~Қабылдауда 5 күндік бала, анасының айтуы бойынша бала мазасыз, себепсіз жылайды, ұйқысы нашар, жиі оянады, иегі дірілдейді. Анамнезінен: бала 1 жүктіліктен, 1 босанудан, босану мерзімді, туылу кезіндегі салмағы 3300 гр., Апгар шкаласы бойынша 6-8 балл. Емуге екінші күні салынған. Емшек емуі жақсы, лактациясы жеткілікті. Объективті: тексеру барысында қарсылық танытады, жылайды, қозғалыс белсенділігі жоғарылаған (бала 40 минут бұрын тамақтанған). Спонтанды Моро рефлексі шақырылады. Нәрестелердің физиологиялық рефлекстері шақырылады, жеделдеген, тез жоғалады. Қол мен иегінің треморы айқын. Қандай диагноз ең ықтимал?


@@ Церебральды ишемия I дәрежелі, церебральды қозу синдромы (немесе қозғыштықтың жоғарылауы).
@@ Церебральды ишемия 2 дәрежелі, гипертензионды синдром.
@@ Церебральды ишемия III дәрежелі, сопор, тырысу синдромы.
@@ Церебральды ишемия 2 дәрежелі, тежелу синдромы.
@@ ОЖЖ перинатальды зақымдалуының орташа ауыр дәрежесі психомоторлы дамуының тежелу синдромымен.
{@A@}
{~2~}

~~Қабылдауда 14 күндік бала, анасының айтуынша ұйқысы бұзылған, аз ұйықтайды. Жиі және көбірек құсады, мазасызданады, одан кейін тынышталады және ұйқыға кетуі мүмкін. Босану мерзімді, туылған кездегі салмағы 2890 гр., Апгар шкаласы бойынша 5-7 балл. Босану үйінде нәрестелер бөлімшесіне ауыстыру ұсынылған, бірақ әйел келісімін бермеген. Объективті: баланың жағдайы орташа ауырлықта, тексеру барысында мазасызданады, жылайды, еңбегі керілген, сагиттальды және коронарлық тігістер бойынша 0,2 см-ге дейін алшақтаған. Рефлекстер шақырылады, әлсіз, тез сөнеді. Қандай диагноз ең ықтимал?


@@ Церебральды ишемия 2 дәрежелі, гипертензионды синдром.
@@ Гипоксиялық-ишемиялық генезді ОЖЖ перинатальды зақымдалуы орташа дәрежелі гипертензионды синдроммен.
@@ Церебральды ишемия III дәрежелі, сопор, тырысу синдромы.
@@ Церебральды ишемия 2 дәрежелі, тежелу синдромымен.
@@ ОЖЖ перинатальды зақымдалуының орташа ауыр дәрежесі психомоторлы дамуының тежелу синдромымен.
{@A@}
{~2~}

~~Перзентхананың ИТП бөлімінде нәресте бақылауда жатыр. Анамнезінен босану мерзімге сәйкес, жамбаспен жатқан. Туылған кездегі салмағы 3200 гр., Апгар шкаласы бойынша бірінші минуттарда 3 балл, ИВЛ (трахея интубациясы) жасалған. Объективті: қарауға жауап бермейді. Тері жамылғысы бозғылт-алқызыл, «Амбу» қапшығымен ИВЛ жүргізілуде, шырышты қабаттар бозғылт-алқызыл. Тынысы аппаратпен. Жүрек үндері тұйықталған, тамырдың соғуы ретсіз. Бұлшықет тонусы кенеттен төмендеген, шартсыз рефлекстері анықталмайды. Көзін ашпайды. Үлкен еңбегі керілген. Оң жақ беті асимметриялы. ИВЛ аппаратына қосылғаннан соң 1 сағаттан кейін баланың әлсіздігі және ұйқышылдығы кенет мазасыздыққа, иегінің және аяқ қолдарының треморына, клонико-тоникалық тырысуларға ауысты. Қандай диагноз ең ықтимал?


@@ Церебральды ишемия III дәрежелі, тырысу синдромы.
@@ Церебральды ишемия I дәрежелі, церебральды қозу синдромы (немесе қозғыштықтың жоғарылауы).
@@ Церебральды ишемия 2 дәрежелі, гипертензионды синдром.
@@ Церебральды ишемия 2 дәрежелі, тежелу синдромы.
@@ ОЖЖ перинатальды зақымдалуының орташа дәрежесі, психомоторлы дамуының тежелу синдромы.
{@A@}
{~2~}

~~Перзентхананың ИТП бөлімінде бала бақылауда жатыр. Анамнезінен: босану залынан 3 минут бұрын әкелінген. 1 жүктіліктен, 1 босанудан, босану мерзімді, туылған кездегі салмағы 3450 гр., Апгар шкаласы бойынша 4-6 балл. Жүктіліктің 34-ші аптасынан бастап гемостаздың бұзылысымен өткен. Объективті: қарауға жауап бермейді. Бұлшықет тонусы төмендеген, шартсыз рефлекстері анықталмайды. Грефе симптомы оң нәтижелі. Үлкен еңбегі керілген, көз алмасының қозғалысы қалқымалы, беттің оң жағы асимметриялы. Баланың әлсіздігі және ұйқышылдығы мазасыздыққа, кейде ауырсынулы айқайға, еңбектің және қолдың треморына ауысады, клонико-тоникалық тырысулармен жүреді. Көрсетілгендердің қайсысын емдеу жоспарына қосуға тиімді?


@@ Фенобарбитал
@@ Актовегин
@@ Дибазол
@@ Папаверин
@@ Мельдоний
{@A@}
{~2~}

~~Қабылдауда 1 ай 1 апталық бала, анасы жағынан шағымдары бала нашар ұйықтайды, күндіз де түнде де ұйқысының ұзақтығы 30-40 минут. Жиі және көбірек құсады. Анамнезінен: жүктіліктің 18-ші аптасына дейін түсік қаупі (дюфастон қабылдаған), жүктіліктің екінші жартысында гестоз болған. Босану мерзімге сәйкес, туған кездегі салмағы 3240 гр., Апгар шкаласы бойынша 6-8 балл. Объективті: қарап тексеруде қарсылық танытады, жылайды. Үлкен еңбегі 2,0-2,0 см, керілген, бас тігістері жабық. Көз саңылауы S=D, Грефе симптомы, ішке қарай қылилық, аяқ-қол бұлшықетінің гипертонусы, аяқ-қолы бүгілген және денеге қарай әкелінген (эмбрион қалпы), нәрестелердің физиологиялық рефлекстері тежелген. Қолы мен иегінің айқын треморы. Төменде келтірілген препараттардың қайсысын бірінші болып тағайындалады?


@@ Диакарб
@@ Винпосан
@@ Мидокалм
@@ Диазепам
@@ Фенобарбитал
{@A@}
{~2~}

~~Білезіктің атрофиясы, трофикалық бұзылыстар және Горнер симптомы тән:


@@ Дежерин - Клюмпке парезіне
@@ Эрба - Дюшенн парезіне
@@ Қолдың толық парезіне
@@ Диафрагманың парезіне
@@ Тетрапарезге
{@A@}
{~1~}

~~Иық өрімінің проксимальды бөлігінің жарақаты тән:


@@ Дюшенн - Эрба салы
@@ Тісті және ромб тәрізді бұлшықеттің гипотрофиясы
@@ Дежерин – Клюмпке салы
@@ Pronator teres бұлшықетінің гипотрофиясы
@@ Тод салы
@@ Эрба-Рота миодистрофиясы
{@A@}
{~1~}

~~Балалардағы церебральды сал ауру диагнозын қою кезінде қандай белгілер негізгі болып табылады:


@@ әртүрлі қозғалыс бұзылыстары
@@ жамбас мүшелерінің қызметінің бұзылуы
@@ көз түбіндегі өзгеріс
@@ менингеальды синдром
@@ ликворлы гипертензия синдромы
{@A@}
{~1~}

~~Балалардағы церебральды сал ауруының ең көп таралған түрі:


@@ спастикалық диплегия (Литтла синдромы)
@@ мишықтық
@@ гиперкинетикалық
@@ атонико-астатикалық
@@ спастикалық гемиплегия
{@A@}
{~1~}

~~Балалардың церебральды сал ауруына анықтама беріңіз:


@@ перинаталдық кезеңде мидың зақымдануынан туындайтын, сөйлеу мен психиканың бұзылуымен бірге жүретін, түрлі қозғалыс бұзылыстары
@@ қозғалыс үйлесімсіздігі түріндегі балалардағы қозғалыс бұзылыстары
@@ күштемелі қозғалыс түріндегі балалардағы қозғалыс бұзылыстары
@@ патологиялық босану нәтижесінде пайда болатын балалардағы спастикалық парездер
@@ балалардағы сөйлеу, психиканың бұзылысы
{@A@}
{~1~}

~~3 айлық нәрестеде, шала туылған, басын әлсіз ұстайды, бұлшықеттерінің тонусы төмендеген. Осы нәрестеде қандай зерттеу әдісінің ақпараттылығы ең ықтимал?


@@ Нейросонография
@@ Ультразвуковая допплерография
@@ Электроэнцефалография
@@ Электронейромиография
@@ Электромиография
{@A@}
{~1~}

~~Балалардағы церебральды сал ауруында қолданылатын, жүйке жүйесіндегі зат алмасу үрдісін жақсартатын дәрі-дәрмектер:


@@ глутамин қышқылы, липоцеребрин, ацефен
@@ церебролизин, грандаксин, прозерин
@@ мидокалм, В тобының витаминдері
@@ галантамин, калимин, мильгамма
@@ кортексин, оксазил, тровит В
{@A@}
{~1~}

~~Жүйке-бұлшықет өткізгіштігін жақсартатын дәрі-дәрмектер:


@@ галантамин, оксазил, калимин
@@ наком, мадопар, аминалон
@@ атропин, амедин, мидантан
@@ фенотропил, адаптол, цераксон
@@ фенобарбитал, пирацетам, актовегин
{@A@}
{~2~}


~~Есту қабілетінің төмендеуі балалардың церебральды сал ауруының келесі түрінде жиі кездеседі:
@@ билирубиннің жоғарлауынан кейінгі гиперкинетикалық түрі
@@ спастикалық диплегия түрі
@@ екі жақты гемиплегия
@@ сал жағындағы гемипаретикалық түрі
@@ атоника-астатикалық түрі
{@A@}
{~1~}


~~Балаларда баклофеннің емдік әсерді ұстап тұратын мөлшері:
@@ 2-5 мгкг күніне 3-4 рет
@@ 0,5 мгкг күніне 3 рет
@@ 2-4 мгкг күніне 2 рет
@@ 3-5 мгкг күніне 3 рет
@@ 0,5 мгкг күніне 2 рет
{@A@}
{~2~}


~~Балаларда тизанидиннің емдік әсерді ұстап тұратын мөлшері:
@@ күніне 0,3-0,5 мгкг
@@ күніне 0,1-0,2 мгкг
@@ күніне 0,2-0,5 мгкг
@@ күніне 0,3-0,6 мгкг
@@ күніне 0,1-0,3 мгкг
{@A@}
{~2~}

~~Біріншілік генерализацияланған ұстаманың жиі тырысуларында емнің басында ... тағайындау керек:


@@ таңдалған дәрмектің минималды дозасын оны біртіндеп көбейте отырып
@@ таңдалған дәрмектің максималды дозасын оны біртіндеп азайта отырып
@@ негізгі дәрмектердің екі немесе үш түрін
@@ негізгіден біреу, қосымшадан біреу
@@ таңдаулы бірнеше дәрмектерден максимальді дозаны
{@A@}
{~1~}

~~Омыртқа остеохондрозы кезінде спондилограммада... көрінеді:


@@ Омыртқа аралығы тесігінің тарылуы
@@ "Еритін қант" симптомы
@@ "Құм сағат" симптомы
@@ Элсберг-Дайк симптомы
@@ Омыртқа денесінің деструкциясы
{@A@}
{~1~}

~~Ер адам 35 жаста жол көлік апатынан зардап шекті. Апат кезінде көлікте болған, басын ұрып алған. Жарақаттан соң 5 минутқа есін жоғалтқан, бір рет құсқан. Стационарға жарақаттан 1 сағаттан соң жеткізілді. Бас ауруына, айналуына, көңіл айнуына шағымданды, жарақат сәті есінде жоқ. Неврологиялық статусында: орын мен уақытта бағдары жоқ, менингеалдық симптомдар байқалмайды, екі жақты горизонтальды спонтанды нистагм, сол жақта сіңірлік және периосталдық рефлекстердің жоғарылауы, сол жақты Бабинский симптомы оң мәнді. Рентгенологиялық зерттеу нәтижесінде маңдай сүйегінің оң жақты сызықты сынығы анықталды. Алдын-ала клиникалық диагнозы:


@@ Ашық бас-ми жарақаты. Оң жақты маңдай бөлімінің субдуральды гемотомасы
@@ Жабық бас-ми жарақаты. Субарахноидальды қан құйылу
@@ Ашық бас-ми жарақаты. Субарахноидальды қан құйылу
@@ Жабық бас-ми жарақаты. Бас миының теңселуі
@@ Жабық бас-ми жарақаты. Оң жақты маңдай бөлімінің субдуральді гематомасы
{@A@}
{~2~}

~~Бұлшықеттер гипотрофиясы ... зақымдануына тән.


@@ шеткері қимылдық нейронның
@@ орталық қимылдық нейронның
@@ мишықтың ядросы
@@ кортико-нуклеарлық жолдың
@@ жұлын ганглионнің
{@A@}
{~1~}

~~Патологиялық рефлекстер ... зақымдануына тән.


@@ орталық қимылдық нейронның
@@ шеткері қимылдық нейронның
@@ мишықтың
@@ жұлын ганглионнің
@@ алдыңғы түбіршектің
{@A@}
{~1~}
~~Паллидо-нигралды синдром кезінде ...байқалады.
@@ брадипсихия
@@ дисметрия
@@ гипотонус
@@ гиперкинезия
@@ назолалия
{@A@}
{~1~}

~~Паллидо-нигралды жүйе зақымданғанда ... байқалады.


@@ пластикалық бұлшықет гипертониясы
@@ дизартрия
@@ спастикалық бұлшықет гипертониясы
@@ гиперкинездер
@@ бұлшықет гипотониясы
{@A@}
{~1~}

~~Ауырсынудың пайда болуы ... зақымдануына тән.


@@ артқы түбіршектердің
@@ алдыңғы түбіршектердің
@@ бүйірлік мүйіздердің
@@ алдыңғы мүйіздің
@@ артқы мүйіздің
{@A@}
{~1~}

~~Ішкі капсула зақымданғанда сезімталдықтың бұзылыстары ... туындайды.


@@ гемианестезиялар
@@ моноанестезиялар
@@ фантомды ауырсынулар
@@ парестезиялар
@@ түбіршектік ауырсынулар
{@A@}
{~1~}

~~Амнезиялық афазияға шалдыққан науқастың ... қабілеті нашарлайды.


@@ заттың атын айтуға
@@ сөйлемдердың мағынасын түсінбеу
@@ заттың ерекшеліктерін сипаттау
@@ затты сипап сезу арқылы анықтау
@@ дыбыстарды есту және ажырату
{@A@}
{~1~}

~~Ми қантамырларының тығындалуы кезінде ұзақтығы ... фибринолиттік терапияны қолданған жөн.


@@ 6 сағаттан кем болған
@@ 2 сағаттан кем болған
@@ 3 сағаттан кем болған
@@ 4 сағаттан кем болған
@@ 5 сағаттан кем болған
{@A@}
{~2~}

~~54 жастағы ер адам соңғы 3 апта бойы біртіндеп үдемелі бас ауруына және жүрек айнуына шағымдануда. Бас ауруы жарақат алған соң пайда болды: науқас көшеде сүрініп құлап қалып, басын соғып алды. Жарақаттан соң аз уақытқа есін жоғалтып, бас ауруы, жүрек айну пайда болды. Неврологиялық тексеруде сол қол мен аяқтарында сіңірлік және периосталдық рефлекстердің жоғарылауы, сол жақта Бабинский симптомы анықталды. Окулист көз түбін зерттегенде көру жүйкелерінің дискілерінде іркілістің белгісін анықтады. Эхоэнцефалоскопияда мидың ортаңғы құрылымдарының оңнан солға қарай 9 мм ығысқаны анықталды. Алдын ала қойылған клинкалық диагнозы:


@@ жабық бас миы жарақаты, бас миының соғылуы, оң жақты эпидуралдық гематома
@@ ишемиялық типтегі ми қан айналымының жедел бұзылысы
@@ ашық бас миы жарақаты, бас миының соғылуы, паренхималық қан құйылулар
@@ геморрагиялық типтегі ми қан айналымының жедел бүзылысы, паренхималық қан құйылулар
@@ жабық бас ми жарақаты, бас миының соғылуы, субарахноидалдық қан құйылулар
{@A@}
{~2~}

~~Ер адам 65 жастағы таңертең ауруханаға 2 сағат алдын дамыған сол аяқ қолдарындағы әлсіздікпен жеткізілді. Анамнезінен: науқас ұзақ уақыттан бері күштемелік стенокардиямен ауырады, соңғы жылдары артериалдық қан қысымының 180100 мм сын.бағ дейін көтерілу эпизодтары байқалады. Соңғы 3 ай аралығында бірнеше қысқа уақытқа (10 минут) оң көзінің өтпелі соқырлығы байқалды. Тексергенде: есі анық, артериялдық қан қысымы 180100 мм сын.бағ., пульсі-80 рет минутына, ырғағы дұрыс, оң жақтағы жалпы ұйқы артериясында пульсация төмен, бірақ, самай артериясының пульсациясы жоғарылаған. Неврологиялық статусында: менингеалдық симптомдар жоқ, сол жақтағы мимикалық бұлшықеттердің төменгі бөлігінің әлсіздігі, тілін шығарғанда солға қарай ауытқан, сол қолының күші 1-балға, аяғының күші 4-балға төмендеген, сол жақтағы сіңірлік рефлекстер жоғарылаған, сол жақты Бабинский рефлексі оң мәнді. Алдын ала қойылған диагноз:


@@ оң жақты артқы ми артериясы бассейнінің ишемиялық тип бойынша, ми қан айналымының жедел бұзылысы, сол жақты гемипарез
@@ сол жақты алдыңғы ми артериясы бассейнінің өтпелі ми қан айналым бұзылысы, сол жақты гемипарез
@@ оң жақты гемисферада геморрагиялық тип бойынша жедел ми қан айналым бұзылысы, сол жақты гемипарез
@@ сол жақты ортаңғы ми артериясы бассейнінің ишемиялық тип бойынша, ми қан айналымының жедел бұзылысы, сол жақты гемипарез
@@ оң жақты ортаңғы ми артериясы бассейнінің ишемиялық тип бойынша, ми қан айналымының жедел бұзылысы, сол жақты гемипарез
{@A@}
{~3~}

~~55 жастағы ер адам ауруханаға бірден дамыған сол қолы мен аяғындағы әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінен белгілі, соңғы 10 жылда науқаста артериялдық қан қысымы 180100 мм сын.бағ дейін периодты түрде көтерілуде. Тексергенде: есі анық, артериалдық қан қысымы – 190115 мм сын. бағ., пульсі – 80 рет минутына, ырғағы дұрыс. Неврологиялық статусында: менингеалдық симптомдар жоқ, сол жақты мимикалық бұлшықеттерінің төменгі бөлімінің әлсіздігі, сол аяқ қолдарының 3-балға дейін төмендеуі, сіңірлік рефлекстердің жоғарылауы, сол жақты Бабинский симптомы. Алдын ала қойылған диагноз:


@@ оң жақты ортаңғы ми артериясы бассейнінің ишемиялық тип бойынша, ми қан айналымының жедел бұзылысы, сол жақты гемипарез
@@ сол жақ гемисферада паренхиматоздық, геморрагиялық тип бойынша жедел ми қан айналым бұзылысы, сол жақты гемипарез
@@ оң жақ гемисферада паренхиматоздық, геморрагиялық тип бойынша жедел ми қан айналым бұзылысы, сол жақты гемипарез
@@ сол жақты алдыңғы ми артериясы бассейнінің өтпелі ми қан айналым бұзылысы, сол жақты гемипарез
@@ IIсат. дисциркуляциялық энцефалопатия
{@A@}
{~3~}

~~69 жастағы ер адам ауруханаға екі сағат алдын дамыған сөйлеудің бұзылысымен және оң қол мен аяқтарындағы әлсіздікпен шағымданып түсті.Үш жыл алдын миокард инфарктін басынан өткерген, соңғы жылда күштемелік стенокардия мазалауда. Үнемі кешке бір таблетка (100 мг) аспирин, бірнеше таблетка нитросорбид қабылдайды.Тексергенде: есі анық, артериалдық қан қысымы – 180100 мм сын.бағ., пульсі – 75 рет минутына, ырғағы дұрыс. Неврологиялық статусында: менингеалдық симптомдар жоқ, сөйлемейді, қаратпа сөзді түсінбейді, көз алмаларының оңға жылжуы шектелген, оң жақты мимикалық бұлшықеттерінің парезі, тілдің оң жақты девиациясы, оң аяқ қолдарында қимылдың шектелуі, оң жақты сезімталдықтың төмендеуі, оң жақты сіңірлік рефлекстердің жоғарылауы, оң жақта Бабинский симптомы оі мәнді. Анықталған неврологиялық синдром:


@@ моторлы афазия
@@ семантиялық афазия
@@ сенсорлық афазия
@@ амнезиялық афазия
@@ дизартрия
{@A@}
{~1~}

~~70 жастағы әйел ауруханаға күндіз, 3 сағат алдын дамыған сөйлеудің бұзылысымен жеткізілді. Науқас 10 жылдан бері жүректің ишемиялық ауруымен ауырады, жыбыр аритмиясының тұрақты түрі. Тексергенде: есі анық, артериалдық қан қысымы – 180110 мм сын.бағ., ЖСС – 90-120 рет минутына, ырғағы дұрыс емес. Неврологиялық статусында: менингеалдық симптомдар жоқ, науқас қозған, көп сөйлейді, сөйлемдері түсініксіз, каратпа сөзге назар аудармайды, парездер, сезімталдықтың бұзылысы және неврологиялық өзгеоістер жоқ. Неврологиялық синдром:


@@ сенсорлық афазия
@@ амнестиялық афазия
@@ семантиялық афазия
@@ дизартрия
@@ моторлық афазия
{@A@}
{~1~}

~~Менингит диагностикасында шешуші әдіс болып табылады:


@@ жұлын ми сұйықтығындағы өзгеріс
@@ ауру жедел басталуы және қызбаның болуы
@@ аурудың жедел басталуы және менингеалды синдромдар
@@ жұқпалы-токсикалық шоктың қосылуы
@@ көз түбінде іркілістіңанықталуы
{@A@}
{~1~}

~~ Әйелде 3 күннең кейін мойын бұлшық еті тырысып және жарықтан қорқу, сол жақты гемипарез пайда болды. Бүккіш табан рефлексі анықталды. Субарахноидалды қан құйылудың белгілерін дәрігер анықтап ... емін бастаған.


@@ дицинонмен
@@ гепаринмен
@@ нимодипинмен
@@ дифенинмен
@@ карбамазепинмен
{@A@}
{~2~}

~~Науқаста сол жақта птоз, мидриаз және сыртқа қарай қылилық, оң жақта оң қолдың, аяқтың әлсіздігі, бұлшық ет тонусының жоғарылауы, гиперрефлексия және патологиялық рефлекстер байқалады. Ошақ...орналасқан.


@@ мидың сол аяғында
@@ варолиев көпірдің он бөлігінде
@@ мидың оң аяғында
@@ варолиев көпірдің сол бөлігінде
@@ ішкі капсулада
{@A@}
{~2~}

~~Науқаста жүрегі айну, құсу, брадикардия, нистагммен қатар бас айналу ұстамалары жүреді. Атаксия түрін атаңыз:


@@ вестибулярлы
@@ маңдай
@@ статикалық мишық
@@ сенситивті
@@ динамикалық мишық
{@A@}
{~1~}

~~Науқаста тартылу симптомдары анықталды: Ласег, Нери, Дежерин. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зерттеу әдісін тағайындау қажет?


@@ спондилография
@@ краниография
@@ аяқ тамырларының УДЗ
@@ люмбальды пункция
@@ электронейромиография
{@A@}
{~1~}

~~Симпатоадренальды криздерде зәр шығарудың қандай өзгерістері тән:


@@ полиурия
@@ анурия
@@ зәр тоқтамау
@@ зәр кідірісі
@@ зәр шығарудың қиындау актісі
{@A@}
{~1~}


~~Вертебро-базилярлы бассейндегі инсультке не тән?
@@ атаксия
@@ моторлы афазия
@@ психикалық бұзылыстар
@@ сенсорлы афазия
@@ беттің мимикалық бұлшықеттері мен тілдің орталық парезі
{@A@}
{~1~}

~~Қай симтомдар сол жақ артқы ми артериясы бассейніндегі инсультке тән?


@@ алексия, гомонимді оң жақтық гемианопсия , көру агнозиясы
@@ сенсомоторлы афазия, спастикалық оң жақтық гемипарез
@@ гемианопсия, спастикалық гемипарез, оң жақтық гемигипестезия
@@ психическалық бұзылыстар, оң жақ табан спастикалық монопарез
@@ төменгі спастикалық парапарез
{@A@}
{~3~}

~~Науқас А. 32 жаста, көз алдындағы заттардың екі еселеп көруіне, бас айналуға, жүрісінің теңселуіне, аяқтарындағы әлсіздікке, жүрісінің қиындауына шағымданады. Неврологиялық статуста: сол жақтық ішке қарай қылилық (сходящееся), мишықтық атаксия, төменгі спастикалық парапарез. Бас миының МРТ–сында: демиелинизация ошақтары. Патогенетикалық емге қандай препарат тағайындау керек?


@@ бетаферон
@@ маннит
@@ пирацетам
@@ цераксон
@@ актовегин
{@A@}
{~2~}

~~Парциальды ұстамаларға қандай қозғалыс өзгерістері тән:


@@ маршты қозғалыс
@@ аффективті
@@ амбулаторлы автоматизм
@@ атоникалық
@@ pеtitmal
{@A@}
{~2~}

~~Науқаста оң жақта трапеция тәрізді және төс-бұғана-емізікше тәрізді бұлшықеттерінің атрофиясы, оң жақ иығының төмен түсуі, сол жаққа басын бұруы қиындаған. Зақымдану орнын анықтаңыз.


@@ Оң жақ қосымша нерв
@@ Сол жақ қосымша нерв
@@ Сол жақ қыртысты-ядролық жол
@@ Оң жақ қыртысты ядролық жол
@@ Сопақша мидың сол жақ жартысы
{@A@}
{~2~}

~~Ортаңғы ми артериясы бассейніндегі инфарктқа қандай синдром тән?


@@ спастикалық гемипарез
@@ маңдайлық психика
@@ офтальмоплегия
@@ альтернирлеуші синдром
@@ мишықтық атаксия
{@A@}
{~2~}

~~Науқаста сол жақтағы гемиплегия, тілін шығарғанда оңға қарай ауытқиды, тілдің оң жақ бөлігінің бұлшықеттерінің атрофиясы байқалады. Зақымдану аймағын көрсетіңіз:


@@ сопақша мидың оң жартысы
@@ 12 жұптың қабықшасы
@@ сопақша мидың сол жартысы
@@ көпірдің оң жағы
@@ көпірдің сол жағы
{@A@}
{~2~}

~~Науқаста аяқтарының қозғалысы шектелген. Объективті: аяқ бұлшықеттерінің тонусы жоғарылаған, тізе, ахилл рефлекстері жоғарлаған, Бабинский және Оппенгейм симптомы екі жақта оң мәнді, кіндік деңгейінен өткізбелі түрде гипестезиясы, несеп тоқтап қалуы. Жұлынның зақымдалу деңгейін анықтаңыз:


@@ кеуде бөлімі
@@ жоғарғы-мойын бөлімі
@@ мойын жуандығы
@@ бел жуандығы
@@ ат құйрығы
{@A@}
{~2~}

~~60 жастағы науқаста біртіндеп келесі симптомдар пайда болды: жұтынудың бұзылуы, гипофония, назолалия, дизартрия. Қандай синдром туралы ойлау керек:


@@ Бульбарлы синдром
@@ Офтальмоплегиялық синдром
@@ Вебер алмасушы синдром
@@ Мийяр-Гублер алмасушы синдром
@@ Джексон алмасушы синдром
{@A@}
{~2~}

~~48 жастағы науқас В.-да АҚҚ 220120мм рт.ст. дейін көтерілу фонында келесі симптомдар пайда болды: жұтыну кезінде шашалу, сөйлеудің бұзылуы, мыңқылдап сөйлеу, жүрістің теңселуі. Неврлогиялық статуста: Бернар-Горнер синдромы сол жақтан, дисфония, дисфагия, дизартрия, жұтқыншақ, таңдай рефлекстерінің сол жақта төмендеуі, сол жақ бетте гипестезия, оң жақта кеудеде-гипестезия, мишық атаксиясы. Зақымдану деңгейін анықтаңыз


@@ Сопақша мидың сол жақ жартысы
@@ Ми аяқшалары
@@ Көпірдің оң жақ жартысы
@@ Сол жақ алдыңғы орталық қатпар
@@ Сол жақ артқы орталық қатпар
{@A@}
{~2~}

~~Тіласты нервінің ядролық зақымдануын ядроүстілік зақымдануынан ажырататын симптомды атаңыз?


@@ тіл бұлшықеттерінің атрофиясы
@@ дизартрия
@@ дисфагия
@@ тілдің девиациясы
@@ дисфония
{@A@}
{~2~}

~~Науқас емханада түнгі мезгілде жүрісі шайқалуына шағымданды. Объективті: бұлшық еттерінің тонусы мен күші жеткілікті, терең сезімталдық жойылған. Бақылап қарасақ қимылдар қанағаттандырады. Атаксия түрін атаңыз:


@@ сенситивті
@@ маңдай
@@ вестибулярлы
@@ статикалық мишық
@@ динамикалық мишық
{@A@}
{~1~}

~~Артқы ми артериясы мидың қай құрылымдарын қанмен қамтамасыз етеді:


@@ шүйде бөлігі
@@ ішкі капсуланың артқы санының алдыңғы 23 бөлігі
@@ мишық
@@ маңдай бөлігі
@@ иіс сезу трактісі
{@A@}
{~2~}

~~Геморрагиялық инсультта қандай препараттар тағайындалады:


@@ викасол
@@ гепарин
@@ синкумар
@@ ацетилсалицил қышқылы
@@ нистатин
{@A@}
{~2~}

~~Сол жақтағы алдыңғы ми артериясы бассейндегі инсультқа келесі зақымданулар тән:


@@ антиәлеуметтік мінез-құлықтың элементтері, сынның төмендеуі, аяғының оң жақты спастикалық парезі, ұстау рефлексі
@@ сенсорлы афазия, спастикалық гемипарез, оң жақтағы гемигипестезия
@@ гомонимды гемианопсия, спастикалық гемипарез, оң жақтағы гемигипестезия
@@ оң көз алмасы қозғалысының ішке қарай шектелуі, сол жақты гемипарез
@@ сол жақтағы мимикалық бұлшық еттерінің перифериялық парезі, оң жақтағы гемипарез
{@A@}
{~3~}

~~50 жастағы Ш. есімді науқас тұрғанда және жүргенде атаксия байқалады, тәуліктің қараңғы уақытында жүрісі қиындаған, қалыптамалы (штампующая) жүріс, аяқтағы сіңір рефлекстерінің төмендеуі, Аргайл-Робертсон синдромы. Жұлын сұйықтығында – оң Вассерман реакциясы. Анықталған синдромды көрсетіңіз:


@@ сенситивті атаксия
@@ вестибулярлы атаксия
@@ маңдай атаксиясы
@@ мишық атаксиясы
@@ астазия-абазия
{@A@}
{~2~}

~~60 жастағы әйел адам, сол жақ аяқ-қолдарының, сол жақ кеудесі мен бетінің ауырсынуына, шаншу және күйдіру сезіміне, әсіресе түнгі уақытта күшеюіне шағымданады. Қарағанда: сол жақты гемианопсия, сол жақ аяқ-қолдарының, сол жақ кеудесі мен бетінің сезімталдылығының төмендеуі.ауырсыну сезімталдылығының шегі айқын жоғарлаған, ауырсыну тітіркендіргішті орналастыру қиын, оны жасағаннан кейін жағымсыз сезімнің қалуы. Зақымдалған ошақты анықтаңыз


@@ таламус
@@ артқы орталық қатпары
@@ мишық
@@ шүйде бөлігі
@@ көру жолы
{@A@}
{~2~}

~~Иық өріміндегі жоғарғы паралич – Эрба-Дюшен параличі ненің зақымдануынан болады:


@@ С5-С6 қабықшаларынан
@@ С3-С4 қабықшаларынан
@@ С7-С8 қабықшаларынан
@@ С8-Д1 қабықшаларынан
@@ Д2-Д3 қабықшаларынан
{@A@}
{~2~}

~~25 жастағы науқас ауыр зат көтергеннен кейін пайда болған жедел бел аймағындағы ауырсыну сезіміне шағымданады, соның салдарынан жаза алмайды. Объективті: бел аймағындағы бұлышқеттердің қатаюы, сколиоз, бел лордозының тегістелуі байқалады. Бел аймағындағы қимыл жан-жақты шектелген. Сол жақты паравертебральды нүктелерде L4—L5 ауру сезімі анықталады. Ласег симптомы оң мәнді. Қандай препаратты тағайындау дұрыс:


@@ Диклофенак
@@ Но-шпа
@@ Церукал
@@ Амитриптиллин
@@ Конвулекс
{@A@}
{~2~}

~~Қыз 15 жаста. Анасының айтуы бойынша, қызда 6 жасынан бастап есінің тануымен бірге ұстамалар пайда болған, тілін тістеп, еріксіз зәр шығаруымен тонико-клоникалық тырысулар байқалды. Бұл ұстамалар айына 1,5-2 рет қайталанады. Науқастың әкесінде осындай ұстамалар байқалады. Неврологиялық статусында ошақты симптоматика анықталады. Соматикалық сау. Бас рентгенограммасы патологиясыз. Көз түбі қалыпты. Осы кезеңде қандай препарат тағайындаған дұрысырақ?


@@ Люминал, сермион
@@ Депакин, конвулекс
@@ Дифенин, актовегин
@@ Фенобарбитал, глизин
@@Карбамезепин, пирацетам
{@A@}
{~2~}

~~9 жасар бала іріңді гайморитпен ауырғаннан кейін екі аптадан соң кенеттен дене қызуы 39º жоғарылады, қатты бас ауруы, құсу, сандырақтау пайда болған. Қарап тексеруде: науқас тежелген, есеңгіреген, орын мен уақытында шатасады. Горизонтальды нистагм. Шүйде бұлшықетінің ригидтілігі 4 см, Керниг симптомы 90°бұрышпен. Сіңірлік рефлекстер біркелкі жоғарылаған. Ликвордың бактериоскопиясында грамм оң диплококктар анықталды. Қандай дәрілік препарат емінде тағайындалады?


@@ Пенициллин
@@ Азитромицин
@@ Лазикс
@@ Дексаметазон
@@ Церебролизин
{@A@}
{~2~}

~~Орталық аурухананың қабылдау бөлімшесіне шұғыл көмек бригадасымен 14 жасар қыз жеткізілді. Кенет ауырды, маусым айында тауда демалғаннан кейін, дене қызуының 39°С градусқа жоғарылауы, бас ауруы, қолы және иық белдеуінің бұлышқеттерінің ауру сезімі және әлсіздігі, жұтынуының және сөйлеуінің қиындауы пайда болды. Объективті: Дизартрия, дисфония, дисфагия, қолының және мойын бұлшықеттерінің әлсіз салдануы («салбыраған бас» симптомы), қолының проксималды аймақтарының фибриллярлы дірілдеуі, оның тонусы және күші төмендеген, рефлекстері тежелген. КЭ вирусының антиденелері титрі ИФА-да : 20 маусымда IgM – 1:6200. Қандай ем тактикасы ең ықтимал?


@@ Энцефалитке қарсы иммуноглобулин, рибонуклеаза
@@ Антирабиялық иммуноглобулин, пирацетам
@@ Антирезусты иммуноглобулин, маннитол
@@ Столбнякқа қарсы иммуноглобулин, актовегин
@@ Стафилококкқа қарсы иммуноглобулин, пентоксифиллин
{@A@}
{~2~}

~~Қабылдау бөлімшесіне 46 жасар науқас туыстарының жетектеуімен, оң аяқ қолының белсенді қимылының төмендеуіне шағымданып қаралды. Сөйлей алмайды. Анамнезінен: кеше кешкісі бетінің асимметриялығы пайда болған, және оң аяқ қолының жансыздануына және әлсіздігіне шағымданған, ертеңгісін тұрғанда оң аяқ қолындағы белсенді қимыл жоғалған және сөйлей алмаған. Объективті: моторлы афазия. Оң бетінің асимметриясы. Тілінің оңға ығысуы. Оң аяқ қолының бұлышқеттерінің күші 0 баллға дейін, ондағы белсенді қимыл жоқ.оң жақты сіңірлік және сүйекүсті рефлекстерінің гиперрефлексиясы. Оң жақты Бабинский, Оппенгейм патологиялық табандық рефлекстері оң мәнді. Көретілген препараттардың қайсысы ем жоспарына қосу ең ықтимал?


@@ Цераксон
@@ Дицинон
@@ Винпосан
@@ Мельдоний
@@ Энцефабол
{@A@}
{~2~}

~~Бөлімшеге 28 жасар науқас қаралды, кенеттен пайда болған (эмоциональды жүктемеден кейін) сол аяқ қолындағы әлсіздік пен жансыздану сезіміне шағымданады. Анамнезінен: кардиологта гипертониялық ауруы бойынша есепте тұрады, АҚ 150-160100 мм.рт.ст. жоғарылайды. Отбасында әкесі мен анасы гипертониядан зардап шегеді. Объективті: есінде, уақыт пен кеңістікте өзін ұстай алады. Сөйлеуі қиындаған, моторлы афазия элементтері. Бетінің асимметриясы: сол жақ мұрын-ерін қатпары тегістелген, тілі солға ығысқан, жеңіл сол жақты гемипарез. Барлық көрсетілген симптомдар 8-сағат көлемінде қалпына келген. Екіншілік алдын-алу ретінде қандай емді тағайындаған жөн?


@@ Антиагреагантты, гипотензивті терапия
@@ Қабынуға қарсы, коагулятты терапия
@@ Антикоагулянтты, тамырлық терапия
@@ Тамырлық , стероидты терапия
@@ Гипотензивті, антибиотикотерапия
{@A@}
{~2~}

~~Бөлімшеге 19 жасар науқас қаралды кенеттен пайда болған (экзамен тапсыру уақытында) қатты бас ауруына («басына соққы» типі бойынша), оң көзіндегі ауру сезіміне және жауырынаралық аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі жүрек айну және құсу ұстамаларымен жүреді. Объективті: көз саңылауы D
@@ Этамзилат
@@ Глиатилин
@@ Мидокалм
@@ Пирацетам
@@ Энцефабол
{@A@}
{~2~}

~~Бөлімшеге 52 жастағы науқас, қимылындағы кідіріске, жүрісінің тежелуіне, баяулауына, жазуының, сөйлеудің өзгеруіне шағымданып түсті. Анамнезінен: 6 ай бұрын 4 күн бойы дене қызуының жоғарылауымен ЖРВИ-мен ауыр дәрежеде ауырған, тіпті тұра алмаған. Объективті: қарауға аз эмоциональдылықпен жауап береді, жылауық, даусы тыныш, сөйлеуі баяулаған. Беті гипомимиялық. Көз саңылауы SD, жартылай птоз, конвергенция әлсіз. Бұлшықет тонусы «тісті арба» типті, сіңірлік рефлекстер жоғарылаған. Жүру кезіндегі қолының денеге әкелінгені, майда қадамдармен жүретіні назар аудартады. Майда әріптермен жазады. Көрсетілгендердің ішінде қай препаратты ем жоспарына қосу ең ықтимал?


@@ Циклодол
@@ Анальгин
@@ Глиатилин
@@ Церобролизин
@@ Винпосан
{@A@}
{~2~}

~~Қабылдауда 30 жастағы науқас, бел аймағындағы, екі жақта аяғының артқы беткейінің жансыздану сезіміне және шаншып ауруына, жағымсыз сезімдер мазалайтынына шағымданып қаралды. Анамнезінен: 14 күн бұрын кене шағып, өзі алып тастаған, дәрігерге қаралмаған. Объективті: қарауға дұрыс жауап береді, уақыт пен кеңістікте бағыт-бағдары дұрыс. Аяғының дистальды бөлімдерінің күші 4-4,5 баллға төмендеген. Аяғының дистальды бөлімдерінің бұлшықеттерінің гипотониясы және сіңірлік рефлекстердің, ахилл сіңірінің төмендеуі S=D. Ласег және Вассерман симптомдары оң нәтижелі. Аяқтарында – полиневриттік тип бойынша сезімталдықтың бұзылысы анықталды. Көрсетілгендердің ішінде қай препаратты ем жоспарына қосу ең ықтимал?


@@ Иммуноглобулин
@@ Ацикловир
@@ Пирацетам
@@ Церобролизин
@@ Фуросемид
{@A@}
{~2~}


~~Бөлімшеге 24 жастағы науқас дене қызуының 39 градусқа жоғарылауына, қызбаға, бұлшықеттердегі ауру сезіміне, құсусыз бас ауруына, қолының саусақтарының жансыздану сезіміне шағымданып қаралды. Анамнезінен: бір ай бұрын саяжайда кене шағып алған, өзі алып тастаған, дәрігерге қаралмаған . Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Қолдағы және арқадағы кейбір бұлшықеттерінің фибриллярлы дірілдеуі. Науқас басын әрең ұстайды– басы кеудесіне қарай иіледі, жан-жаққа басын қозғалту мүмкін емес, иығы төмен түскен, қанат тәрізді жауырындары сыртқа және жоғарыға ығысқан, қолын жоғарыға және жан-жаққа қозғалту қиындау. Қолындағы сіңірлік рефлекстер шақырылмайды. Көрсетілгендердің ішінде қандай препарат ем жоспарына қосу ең ықтимал?
@@ Гамма-глобулин
@@ Ацикловир
@@ Пирацетам
@@ Глицин
@@ Актовегин
{@A@}
{~2~}


~~Бөлімшеге 7 жасар бала дене қызуының 38-39 градусқа жоғарылауымен, катаральды көріністерге, бас ауруына, бас айналуына және бір ретті құсуға шағымданып қаралды. Анамнезінен: тәулік бойы ауырады, екі ретті сұйық нәжісті байқаған. Объективті: есі анық, уақыт пен кеңістікте өзін ұстай алады, жағдайы әлсіз нашарлаған. Керниг, Брудзинский симптомдары әлсіз айқындалған (жоғары және ортаңғы). Ликвор: мөлдір, түссіз, жиі тамшылармен ағады. Әлсіз плеоцитоз 300 кл в 1 мкл, лимфоцитарлы цитоз, белок әлсіз жоғарылаған 0,8 гл, қант және хлоридтер қалыпты.
Қандай ем тактикасы ең ықтимал?
@@ Вирусқа қарсы терапия
@@ Гормональды терапия
@@ Антибактериальды терапия
@@ Ноотропты терапия
@@ Тамырлық терапия
{@A@}
{~2~}


~~Бөлімшеге 12 жасар қыз дене қызуының 38 градусқа жоғарылауы, жүрек айну ұстамасымен бас ауруы және құсу шағымдарымен түсті. Анамнезінен: анасының айтуы бойынша үш күнде 10 бала ЖРВИ мен ауырған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Гиперестезия белгілері жоқ. Менингеальды симптомдар әлсіз айқындалған. Гепатомегалия. Қанда әлсіз лейкоцитоз, нейтрофилез, лимфоцитозға ығысқан, СОЭ аздап жоғарылаған. Ликвор: түссіз, мөлдір, жиі тамшымен ағады. Әлсіз плеоцитоз 390 кл в 1 мкл, лимфоцитарлы цитоз, белок әлсіз жоғарылаған 0,8 гл, қант пен хлоридтер қалыпты. Қандай көрсетілген препарат ем жоспарына қосылуы ең ықтимал?
@@ Интерферон
@@ Пеницилин
@@ Дексаметазон
@@ Рибоксин
@@ Актовегин
{@A@}
{~2~}

~~Бөлімшеге 10 жасар бала қатты бас ауруына, бас айналуына және жүрек айну ұстамасына, құсуға шағымданып қаралды. Ауру сезімі жарыққа қарағанда және шуда күшейеді. Дене қызуы 40° градусқа жоғарылаған. Анамнезінен: бала ортаңғы іріңді отит бойынша отоларингологта амбулаторлық ем қабылдауда, антибиотиктер қолданып жатыр. Объективті: есі есеңгіреген. Көз саңылауы S=D, көз алмасын ішке қарай әкеле алмайды. Екі жақты Бехтерев жақ рефлексі оң нәтижелі. Жалпы гиперестезия. Шүйде бұлшықетінің ригидтілігі 10 см. Брудзинский жоғарғы, ортаңғы және төменгі симптомдары оң. Керниг симптомы екі жақты 110° бұрышпен. Қандай ем тактикасы ең ықтимал?


@@ Антибактериальды терапия
@@ Гипотензивті терапия
@@ Ноотропты терапия
@@ Вирусқа қарсы терапия
@@ Тамырлық терапия
{@A@}
{~2~}

~~Науқаста парестезия мен аяғындағы атпалы ауру сезімі байқалады, терең сезімталдықтың барлық түрі жоғалған, бұлшықет гипотониясы, көбінесе аяқта көбірек байқалады, тізе және ахилл рефлекстері шақырылмайды. Ромберг қалпында науқас құлайды. Қандай құрылымдардың зақымданғанын көрсетіңіз?


@@ Голль жолы
@@ Перифериялық жүйке
@@ Артқы мүйізше
@@ Артқы түбіртек
@@ Спиноталамикалық жол
{@A@}
{~2~}

~~Мидың қай аймағы зақымданғанда жұту, фонация, дизартрия, жұмсақ таңдайдың парезі, жұту рефлексінің жоғалуы мен тетрапарез белгілері қосарласып кездеседі?


@@ сопақша ми
@@ ми аяқшасы
@@ ми көпірі
@@ ортаңғы ми қақпақшасы
@@ мишық
{@A@}
{~2~}

~~Симпатикалық жүйке жүйесінің жасушалары қайда орналасқан?


@@ жұлынның бүйір мүйізі С81 ден L2 деңгейінде
@@ жұлынның кеуде аймағының алдыңғы мүйізінде
@@ жұлынның артқы мүйізінде
@@ жұлынның бел аймағының алдыңғы мүйізінде
@@ артқы түбіршікте
{@A@}
{~1~}

~~Лимбиялық жүйенің негізгі қызметі?


@@ мотивацияны қалыптастырады
@@ бұлшықет тонусын қалыптасырады
@@ тамырлық тонусты қалыптастырады
@@ сезімталдықты қалыптастырады
@@ сөйлеуді қалыптастырады
{@A@}
{~1~}

~~Шынайы астереогноз қай аймақтың зақымында кездеседі?


@@ төбе аймағы
@@ маңдай аймағы
@@ самай аймағы
@@ оң шүйде аймағында
@@ сол шүйде аймағында
{@A@}
{~1~}

~~Қосымша жүйкенің нейропатиясына тән


@@ мойын бұлшықетінің арықтауы
@@ тіл бұлшықетінің арықтауы
@@ жұтынудың қиындауы
@@ сөйлеудің қиындауы
@@ дауыстың өзгеруі
{@A@}
{~1~}

~~Маңдай аймағы зақымданғанда байқалады?


@@ көз алмасының зақымдану ошағына ауып кетуі
@@ астереогнозия
@@ көру галлюцинациясы
@@ гемианоспия
@@ анакузия
{@A@}
{~1~}

~~Маңдай аймағының зақымдануын көрсететін симптомдар?


@@ астазия-абазия
@@ қол-аяқтың гипотониясы
@@ дауыстың өзгеруі
@@ гиперрефлексия
@@ гипотония
{@A@}
{~1~}

~~Пирамидалық жол қайдан басталады?


@@ Бецтің үлкен пирамидалық клеткаларынан
@@ Жұлынның артқы мүйізі клеткаларынан
@@ Артқы орталық иірімінен
@@ Ганглиозды клеткаларынан
@@ Жұлын-милық ганглийден
{@A@}
{~1~}

~~Шеткері салданудың белгілерін атаңыз?


@@ бұлшықет тонусының төмендеуі, гипорефлексия
@@ бұлшықет тонусының жоғарылауы
@@ патологиялық рефлекстер
@@ гиперрефлексия
@@ табан клонусы
{@A@}
{~1~}

~~Орталық (спастикалық) салданудың белгілерін атаңыз?


@@ бұлшықет гипертониясы, табандағы патологиялық рефлекстер
@@ бұлшықет атрофиясы
@@ гипотония
@@ гипорефлексия
@@ электрқозғыштықтың бұзылысы
{@A@}
{~1~}
~~Сезімталдықтың ганглионарлы тип бойынша бұзылысы немен сипатталады?
@@ белдемелі сипаттағы қатты ауру сезімі, герпетикалық бөртпелер, зақымданған түбіршек аймағындағы сезімталдықтың барлық түрінің бұзылысы
@@ қарама-қарсы жақтағы сезімталдықтың ьарлық түрінің бұзылысы, гемианопсия, көрудің бұзылысы, гемиатаксия,
@@ сәйкес сегментарлы аймақтағы өз жағындағы беткей сезімталдықтың жоғалуы
@@ қарама-қарсы жақтағы сезімталдықтың барлық түрінің бұзылысы
@@ қарама-қарсы жақтағы сезімталдықтың барлық түрінің бұзылысы, гиперпатия, трофикалық бұзылыстар, көрудің бұзылысы
{@A@}
{~1~}
~~Кенелік энцефалитпен ауруға шалдығудың мезгілін атаңыз?
@@ көктем-жаздық
@@ күз-қыстық
@@ көктем-қыстық
@@ көп сезонды
@@ жаз-күздік
{@A@}
{~1~}

~~Кенелік энцефалитпен трансмиссивті жолмен зарарланудың инкубациялық кезеңін анықтаңыз?


@@ 8-20 күн
@@ 3-5 күн
@@ 2-2,5 ай
@@ 1-3 күн
@@ 30-45 күн
{@A@}
{~1~}

~~Науқас 67 жаста, оң қол-аяқтың әлсіздігі мен ұюы дамыды. Объективті: АҚ - 18595 мм. сын. бағ. Оң мұрын-ерін қатпары тегістелген, тілі оңға ығысқан. Оң жақтан тонусы мен рефлекстері жоғары. Оң жақтан гемигипестезия анықталады. Ми қан айналымның қандай тамырлық бассейні зақымданған?


@@ ортаңғы ми артериясы
@@ алдыңғы ми артериясы
@@ вертебро – базилярлы артерия
@@ артқы ми артериясы
@@ ұйқы артериясы
{@A@}
{~2~}

~~А науқас 87 жаста НСО-ға жеткізілді. Науқас стационарға жатқызылғаннан 1 күн бұрын АҚ – ң 180 100 мм.сын.бағ. жоғарылау фонында дамыды, жүрісінің тұрақсыздығы пайда болды, келесі күні жұтудың бұзылыстары қосылды, оң қол-аяқтың ұюы. Объективті: бульбарлы және мишықтық синдром, оң жақтан гемигипестезия. Жалпы емдеу жоспарына қандай препаратты қосқан жөн?


@@ кавинтон
@@ циклоферон
@@ эуфиллин
@@ реланиум
@@ пенициллин
{@A@}
{~2~}

~~К науқас 60 жаста, АҚ–ң 8040 мм.сын.бағ төмендеуі фонында бас айналу, жүрісінің тұрақсыздығы пайда болды. Объективті: шетке қарағанда нистагм. Ромберг қалпындағы тұрақсыздық, саусақ-мұрын және тізе-табан сынамасын жасағанда 2- жақтан атаксия анықталады. 1 сағаттан кейін барлық симптомдар регресске ұшырады. Берілген дәрілік заттардың ішінен ең бірінші кезекте қайсысын тағайындаған жөн?


@@ церебролизин
@@ прозерин
@@ антибиотиктер
@@ циклоферон
@@ эуфиллин
{@A@}
{~2~}

~~45 жасар науқаста біртіндеп сол қол-аяқтың әлсіздігі мен ұюы, сөлеудің бұзылыстары дамыды. Объективті: АҚ - 180100 мм. сын.бағ. Есі анық, сол мұрын – ерін қатпары тегістелген, тілі солға ығысқан, дизартрия. Сол жақтық орталық гемипарез. Қандай терапияны тағайындаған жөн?


@@ тиоцетам
@@ нимотоп
@@ преднизалон
@@ солу -медрол
@@ дицинон
{@A@}
{~2~}

~~60 жасар науқаста таңертең жүрек аймағындағы ауру сезімі, оң қол-аяқта қозғалысының жоғалуы дамыды. Объективті: АҚ – 8050 мм.сын.бағ. Оң жақ мимикалық бұлшықеттер мен тілдің орталық парезі. Оң жақтан спастикалық гемипарез бен гемигипестезия. ЭКГ- коронарлы қан айналымның бұзылыстары. Аталған дәрілік заттардың ішінен ең бірінші кезекте тағайындаған жөн?


@@ милдронат
@@ нимотоп
@@ преднизалон
@@ солу -медрол
@@ дицинон
{@A@}
{~2~}

~~Қант диабетімен ауыратын 70 жасар науқаста, біртіндеп оң қол-аяқта әлсіздік, көздегі екі еселену, сол көз алмасының ішке және төменге қозғалысының жоғалуы дамыды. Ликворы – түссіз, қысымы – 180 мм.су. бағ., цитоз-5 лимфоцит. Науқасқа қажетті дәрілік затты таңдаңыз?


@@ цераксон
@@ нимотоп
@@ преднизалон
@@ солу -медрол
@@ дицинон
{@A@}
{~2~}

~~Гиперпатия мынаның зақымдалуында болады:


@@ көру төмпешігінің
@@ алдыңғы орталық иірімнің
@@ артқы орталық иірімнің
@@ шүйде бөлімінің
@@ мишықтың
{@A@}
{~1~}

~~55 жасар әйел кісіде, кезекші, аяқ қолындағы әлсіздікке шағымданады, қарау кезінде: қол бұлшықеттерінің гипотрофиясы, сіңірлік рефлекстердің төмендеуі, қол бұлшықеттерінің күшінің төмендеуі және бұлшықеттердегі фибриллярлы дірілдеулер анықталады. Жүрісі өзгерген, жүру кезінде аяғы «тартылады». Аяғында сіңірлік рефлекстер кенет жоғарылаған, екі жақты Бабинский және Оппенгейма патологиялық рефлекстері оң нәтижелі.


Қандай зерттеу әдісін тағайындаған жөн?
@@ Мойын бөлімінің МРТ
@@ ЭЭГ
@@ Кеуде бөлімінің МРТ
@@ Бас миының МРТ
@@ Бел бөлімінің МРТ
{@A@}
{~1~}

~~37 жасар ер кісі, жүк тасушы, аяғындағы әлсіздікке шағымданады. Объективті: аяқ бұлшықетінің күші 3-4 баллға төмендеген, тонусы төмендеген, гипоррефлексия, табан патологиялық рефлекстері анықталмайды. Қандай зерттеу әдісін тағайындаған жөн?


@@ Бел бөлімінің МРТ
@@ ЭЭГ
@@ Кеуде бөлімінің МРТ
@@ Мойын бөлімінің МРТ
@@ Бас миының МРТ
{@A@}
{~1~}

~~74 жасар ер кісі, жүрісі мен сөйлеуінің қиындауына шағымданып қаралды, ауруы бертіндеп басталған, көп жылдардан бері артериальды гипертензиямен зардап шегеді.Объективті: тыныштықтағы тремор, амимия, брадилалия, бұлшықеттердің ригидтілігі, пластикалық тип бойынша тонусы жоғарылаған, гипокинезия.


Қандай диагноз ең ықтимал?
@@ Екіншілік тамырлық паркинсонизм
@@ Паркинсон ауруы
@@ Нейролептикалық паркинсонизм
@@ Жарақаттан кейінгі паркинсонизм
@@ Энцефалиттен кейінгі паркинсонизм
{@A@}
{~2~}

~~12 жасар қызда созылмалы ангина фонында, буындарында және жүрегінде ауру сезімі, «билеуші жүрісі» түріндегі гиперкинездер пайда болды. Қандай препараттар тағайындау қажет?


@@ антибиотиктер
@@ диуретиктер
@@ миорелаксанттар
@@ гипотензивті
@@ вегетотропты препараттар
{@A@}
{~2~}

~~35 жасар ер кісі, емханаға бас ауруына, жүдеуіне, жалпы әлсіздікке, жоғары шаршағыштыққа шағымданып қаралды. Неврологиялық статусында: қитарланған қылилық, диплопия, шүйде бұлшықеттерінің қатаюы анықталады. Анамнезінен: бір жыл бұрын өкпе туберкулезін өткерген. Қандай нервтің зақымдалуы қитарлыққа әкелді?


@@ әкетуші
@@ көзқозғалтқыш
@@ кезбе
@@ қосымша
@@ бет
{@A@}
{~2~}
~~44 жасар ер кісі, көруінің нашарлауына, заттар бұрмаланған, дұрыс емес формада көрінуіне шағымданады. Айтылған көрі бұзылыстары қалай аталады?
@@ метаморфопсия
@@ амавроз
@@ амблиопия
@@ гемианопсия
@@ диплопия
{@A@}
{~1~}

~~32 жасар әйелде, көруінің төмендеуі және заттардың екі еселенуі, шаршағыштық, шашыраңқылық, бас ауруы, бас айналуы, ұйқысының бұзылысы, қозғыштық және жылауықшылдығы пайда болды. Қарау кезінде анықталғаны: құрсақ бұлшықеттерінің шақырылмауы, вестибулярлы бұзылыстар. Көз түбінде: көрі нервісінің үрпісінің самайлық жартысының солғындауы анықталды.Осы науқаста шашыранды склероздың қандай түрі болжамданады ?


@@ оптикалық
@@ мишықтық
@@ спинальды
@@ цереброспинальды
@@ бағаналық
{@A@}
{~2~}
~~16 жасар жігіт университетте сабақ үстінде есінен танып қалды. Тонико-клоникалық сипаттағы жайылмалы тырысу болған. Ұстама алдында керосин иісін сезген. 12 жастан бастап жылына 2-3 рет өзінің есінде қалмайтын «қатып қалу», «кенеттен құлау» жағдайлары болған. Соңғы жарты жылда түсінде сқйлеу, түсінде жүру пайда болды. Объективті: жалпымилық және ошақты симптоматика жоқ. ЭЭГ-де – «жедел – баяу толқын» кешендері, гипервентиляциядан кейінгі пароксизмалды белсенділіктің күшеюі.Қай препаратты емдеу жоспарына қасқан дұрыс болып табылады?
@@ Депакин (вальпроат қышқылы)
@@ Актовегин
@@ Циклодол (тригексифенидил)
@@ Пирацетам
@@ Глицин
{@A@}
{~2~}

~~36 жасар әйелде бір жыл бұрын жұмыс істеп отырғанда «басынын соғылғаны сияқты» сезім болды. Мезетте қатты бас ауыру мен жүрек айну пайда болды. Бас ауырғаны біртіндеп азайып бір айдан кейін науқас жазылып кетті. Осыдан 2 күн бұрын эмоциональды жүктемеден соң қайтадан бастың «соғылуын» сезді. Қатты бас ауру,жүрек айну, көп ретті құсу пайда болды. Клиникаға госпитализацияланды. Объективті: АҚҚ 11570 мм рт. ст. Пульс 50 рет минутына, ретті. Жүрек тондары анық. Неврологиялық статусында: бас-ми нервтері патологиясыз, аяқ-қолдарының парездері жоқ. Шүйде бұлшықеттерінің айқын ригидтілігі және екі жақтан Кернинг симптомы 120° анықталады. Қай препаратты тағайындау бірінші орында болып табылады?


@@ Нимотоп (нимодепин)
@@ Кавинтон (винпосан)
@@ Пирацетам
@@ Глицин
@@ Преднизолон.
{@A@}
{~2~}

~~Науқаста сол жақты орталық гемипарез анықталалды. Бұл синдромға қандай патологиялық рефлекс тән болып келеді?


@@ Россолимо симптомы
@@ Мацкевич симптомы
@@ Нери симптомы
@@ Васссерман симптомы
@@ Шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі
{@A@}
{~1~}

~~АҚҚ қысымы с.б. бойынша 200120 мм-ге дейін жоғарылайтын артериялық гипертензиямен ауруатын 45 жасар науқас, кенет, эмоциялық стресстен кейін оң жақтағы аяқ-қолының әлсіздігі мен сөйлеу қабілетінің бұзылуын сезген. Неврологиялық статуста: моторлы афазияның элементтері, оң жақты мұрын-ерін қыртысы тегістелуі, тілдің оң жаққа қарай девиациясы, жеңіл дәрежелі оң жақты гемипарез анықталады. Бұл симптомдар үш сағаттың ішінде регрессияланған. Қандай профилактика әдістерін тағайындайсыз?


@@ Гипотензивті терапия
@@ Витаминотерапия
@@ Антибиотикотерапия
@@ Седативті терапия
@@ Ісінуге қарсы терапия
{@A@}
{~2~}

~~Гипертониялық аурумен ауыратын 54 жасар ер адамда кенеттен сөйлеу қабілетінің бұзылуы байқалды. Оған айтқан сөзді түсінеді, қарапайым инструкцияларды орындайды, экспрессивті сөйлеу қабілеті тежелген. Қандай аймақ зақымданған:


@@ Брок аймағы
@@ Вернике аймағы
@@ Шетүстілік иірім
@@ Аралшық
@@ Супрамаргинальды иірім
{@A@}
{~1~}

~~Науқастың жүрісінде тұрақсыздық байқалады, жазуы өзгерген. Об-ті: жүрісі атаксиялық, Ромберг қалпында тұрақсыз, оң жақ, артқа отырған. Координаторлық сынамаларды оң жақта қиындықпен орындайды. Оң жақта ірі шимайланған горизонтальді нистагм. Сөйлеуі скандирленген. Оң жақта бұлшықет тонусының төмендеген. Жетекші синдром қандай:


@@ Мишықтық атаксия
@@ Вестибулярлық атаксия
@@ Сенситивтік гемиатаксия
@@ Спастикалық гемипарез
@@ Акинетико-ригидтік
{@A@}
{~1~}

~~Терең сезімталдықты өткізгіш жолдарының үшінші нейрон денесі қайда орналасқан


@@ Таламуста
@@ Ми қыртысының артқы орталық иірімінде
@@ Жұлын ганглиінде
@@ Жұлынның артқы мүйізінде
@@ Сопақша мида
{@A@}
{~1~}

~~25 жатағы ер адам бас ауыруына және дене температурасының 37,5° С соңғы екі күн ішінде көтерілуіне шағымданады. Ауырардан бұрын өзін толық саумын деп санаған. Тексергенде: есі анық, бағыт-бағдары сақталған, желке бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг симптомы екі жақтан оң, басқа неврологиялық бұзылыстар жоқ. Диагностикалық мақсатта люмбальды пункция жүргізілген. Цереброспинальды сұйықтықты зеррттеу барысында мкл да 150 клетка лимфоцит анықталған, белок — 0,65 гл, глюкоза қалыпты. Болжам диагнозы:


@@ Серозды менингит
@@ Менингококкты менингит
@@ Пневмококкты менингит
@@ Іріңді менингит
@@ Ревматикалық менингит
{@A@}
{~2~}

~~21 жастағы О науқас клиникаға түсер алдында бір ай бұрын жөтел, кеудедегі ауырсыну, тершеңдік, әлсіздік, күю сезімі, дене температурасы 37 0С жоғарылағаны мазалаған. Қарап тексергенде: жарықты және шуды көтере алмайды, Керниг симптомы анық емес, сіңір және сүйек үсті рефлекстері әлсіз, бірдей, патологиялық белгілері жоқ. Тексеру: ЖҚА Л-1 мкл да 20000, ЭТЖ – 25 ммсағ. Өкпе рентгенограммасында:, жоғарғы және ортаңғы бөлімдерінде симметриялы шашырандыошақтар әртүрлі көлемде. Сидромальды диагнозды құраңыз.


@@ Интоксикациялы, менингеальды
@@ Амиотрофиялық, псевдобульбарлы
@@ Бульбарлы, псевдобульбарлы
@@ Псевдобульбарлы, интоксикациялы
@@ Ұстама тәрізді, интоксикациялы
{@A@}
{~2~}

~~68 жастағы науқас неврологиялық бөлімге сойлеудің қиындауы, оң жақ аяқ қозғалысының болмауы шағымдарымен жеткізілді. Осы ауруға дейін бір апта бұрын кезеңдік бас айналу және оң жақ қолдың қысқа уақытты әлсіздігі байқалған. Стационарға түсер алдында бір күн бұрын ұйқыдан тұрғанда оң жақ аяқтығ қозғалысынығ болмауын байқаған. Сол күні кешке оң жақ дененің қозғалысы жоғалған және сөйлеудің бұзылысы пайда болды. Обьективті: есі анық, бет терісі бозғылт, АҚҚ 10070 мм.сынбағ, Аздаған моторлы афазия, оң жақ мимикалық бұлшықетінің орталық салдануы, оң жақтық орталық гемиплегия, гемигипестезия. Қандай қантамырлық бассейнде инсульт пайда болған?


@@ Сол жақ орталық милық артерия
@@ Алдыңғы милық артерия
@@ Оң жақ орталық милық артерия
@@ Вертебробазилярлы бассейн
@@ Артқы милық артерия
{@A@}
{~2~}

~~18 жастағы жас балада соңғы үш айда тұрақты аяқ қолдың және іш бұлшықеттерінің клоникалық тырыспасы бар. Осы кезеңде екі қысқа мерзімді естің жоғалуымен болған ұстама және аяқ қолдарының тонико-клоникалық ұстамалары болған. Анамнезінде жарты жыл бұрын Ертіс жағасына достарымен көкке барғанда дене температурасының ( 37,5° С-ке дейін) және әлсіз бас ауыруы болған, бірақ дәрігерге қаралмаған. Тексергенде: 4 баллға жететін сол жақ аяқтың жеңіл әлсіздігі, Бабинский симптомымен, сіңір рефлекстері сақталған. Сол жақ аяқ қолда және іште клоникалық тырыспалар байқалады, басқа неврологиялық бұзылыстар жоқ. Клиникалық диагнозды жіктелуі бойынша қойыңыз:


@@ Кене энцефалиті, созылмалы фаза. Кожевников эпилепсиясы. Сол жақты жеңіл спастикалық гемипарез.
@@ Кене энцефалиті, менингоэнцефалитті форма, жедел кезең. Сол жақтық анық спастикалық гемипарез.
@@ Эпидемиялық энцефалит, созылмалы фаза, паркинсондік форма.
@@ Эпидемиялық энцефалит, жедел фаза, окулолетаргиялық форма. Сол жақты жеңіл спастикалық гемипарез.
@@ Жедел көлденең миелит, паркинсондік форма, жедел кезең
{@A@}
{~2~}

~~Науқас Т 18 жаста. Жедел ауырған. Тексергенде: жалпы жағдайы ауыр, есі күңгірттенген, бір жақ қырынан басы мен аяғы ішіне қарай бүгілген. Кеудесінде, ішінде, арқасында, аяқ қолдарында көптеген жұлдызша тәрізді геморрагиялық бөртпелері бар, балтыр және тізе аймағында бірігіп гемморрагия мөлшері 2 см ге дейін жетеді. Желке бұлшықеттерінің ригидтілігі мен Керниг симптомы бірден білінеді. Қан анализінде: Л - 1 мкл да 18000, ЭТЖ – 40 ммсағ. Люмбальды пункцияда: лайлы сұйықтық, нейтрофильді плеоцитоз - 1 мм клеткада 442, белок - 1,32, қант- 0,99 гл, хлоридтер – 122 ммольл. Науқасқа қандай топтағы антибиотиктер тобын тағайындаймыз және неге?


@@ Левомецитиндер, себебі эндотоксин босауын алдын алуына бактериостатикалық әсер көрсетеді
@@ Пенициллиндер, себебі тез регрессия симптомына әкелетін айқын бактерицидті әсер көрсетеді.
@@ Пенициллиндер, себебі эндотоксин босауын алдын алуына бактериостатикалық әсер көрсетеді
@@ Левомецитиндер,себебі тез регрессия симптомына әкелетін айқын бактерицидті әсер көрсетеді.
@@ Цефалоспориндер, себебі тез регрессия симптомына әкелетін айқын бактерицидті әсер көрсетеді.
{@A@}
{~2~}

~~34 жастағы науқас қыспалы,сыздаған сипаттамада бас ауруына, әсіресе маңдай және төбе бөліктерінде, көз қозғалтқанда ауырсыну, жүрек айну. Анамнезде: екі жыл бұрын БМЖ басынан өткізген. Емделмеген. Кезеңді түрде бас ауруы мазалайды. Жағдай 3 күн аралығында нашарлаған, жұмыстан кейін, осы күндері қатты бас ауруы әсерінен 5 рет құсу байқалған. Қараған кезде: есі анық, ориентировкасы сақталған, қарашық OD=OS, көз алмаларының шеткері бармауы екі жақтан (4 мм.). Тілі ортада, сіңір рефлекстері D=S, парездер жоқ, менингиальды белгілер жоқ. ЭХО-ЭГ-да : М-эхо орталық комплексі кеңейген, екі жақтан көптеген қосымша эхо-сигналдар. Науқасқа қандай ем қажет және неге?


@@ Глицерин, диакарб, қаңқа ішілік қысымды төмендету мақсатында
@@ Церебролизин, актовегин, милық қанайналымды жақсарту мақсатында
@@ Карбамазепин, депокин, тырыспалар профилактикасына
@@ Прозерин, глиатилин, милық қанайналымды жақсарту мақсатында
@@ Мильгама, тиагамма, ишемияны азайту үшін.
{@A@}
{~2~}

~~Науқаста келесі симптомдар байқалады: бас ауру, шүйде бұлшықеттерінің ригиттілігі, Керниг симптомы, жалпы интоксикация белгілері. Қанда Вассерман реакциясы оң. Ликворда: лимфоцитарлы плеоцитоз. Алдын ала диагнозын қойыңыз?


@@сифилистік менингит
@@ сифилистік неврит
@@ сифилистік менингомиелит
@@ жұлындық сухотка
@@ өршуші салдану
{@A@}
{~2~}

~~Науқаста келесі симптомдар байқалады: дене қызуының жоғарылауы, интенсивті бас ауру, құсу, айқын менингеальді белгілер, эпилептикалық ұстамалар. Қанда Вассерман реакциясы оң. Сіздің клиникалық диагнозыңыз?


@@ жедел таралған сифилистік менингоэнцефалит
@@ асимптомды сифилистік менингит
@@ базальді сифилистік менингит
@@ сифилистік менингомиелит
@@ сифилистік радикулоневрит
{@A@}
{~2~}

~~С науқаста, тұлға бүлшықеттерінің айналмалы спазмы, басының бір жаққа бұрылуы және артқа тасталуы, қолдарының алға сіресуі және артқа ығысуы, тұлғасы вертикальді ось бойымен бұрылады. Омыртқаның деформациясы, бұлшықет гипотониясы байқалады. Симптомокомплексті атаңыз. Аталған синдром қандай аурудың көрінісі болуы мүмкін?


@@ Торсионды дистония, постэнцефалитикалық гиперкинез
@@ Эпилептикалық ұстамалар
@@ Экономо ауруы
@@ Бехтерев ауруы
@@ Гемибаллизм
{@A@}
{~2~}

~~Нерв талшығының миелинді қабықшасы ... анықтайды.


@@ нерв импульсінің өту жылдамдығын
@@ аксонның ұзындығын және өту нақтылығын
@@ аксон ұзындығын
@@ электрлік токтың өту жылдамдығын
@@ дендрит ұзындығын және өту нақтылығын
{@A@}
{~1~}

~~Көру анализаторының қыртыстық бөлігі қайда орналасқан?


@@ шүйде аймағында
@@ алдыңғы орталық иірімде
@@ ортаңғы маңдай иірімде
@@ тілді иірімде
@@ ілмекті иірімде және аммонды мүйізде
{@A@}
{~1~}

~~Иіс сезу анализаторының қыртыстық бөлігі қайда орналасқан?


@@ ілмекті иірімде және аммонды мүйізде
@@ алдыңғы орталық иірімде
@@ ортаңғы маңдай иірімде
@@ шүйде аймағында
@@ тілді иірімде
{@A@}
{~1~}

~~Дизартрия қандай нерв зақымдануынан болады://


@@ тіл асты нерві//
@@ кезбе нерв//
@@ тіл-жұтқыншақ нерві//
@@ үшкіл нерв//
@@ бет нерві
{@A@}
{~1~}

~~Брок аймағының зақымдану симптомдарын көрсетіңіз?


@@ моторлы афазия
@@ сенсорлы афазия
@@ апраксия
@@ амнестикалық афазия
@@ амузия
{@A@}
{~1~}

~~Вернике аймағының зақымдану симптомдарын көрсетіңіз?


@@ сенсорлы афазия
@@ моторлы афазия
@@ апраксия
@@ амнестикалық афазия
@@ дизартрия
{@A@}
{~1~}

~~Жедел іріңді менингиттің ерте асқынуына жатады?


@@ гидроцефалия
@@ қанның қант деңгейінің жоғарылуы
@@ интеллектуальді-мнестикалық бұзылыстар
@@ акинетикалық мутизм
@@ акинетико-регидті синдром
{@A@}
{~1~}
~~Өзгерістер ақуыз — 0,66 гл, цитоз — 20001 мкл-де (85 % — нейтрофил) тән.
@@ іріңді қабынуға
@@ серозды қабынуға
@@ қан кетуге
@@ жұлын- ми сұйықтығы ісігіне
@@ менингитке
{@A@}
{~1~}
~~Өзгерістер ақуыз — 0,45 гл, цитоз — 4001 мкл- де (90 % — лимфоцит) тән.
@@ серозды қабынуға
@@ іріңді қабынуға
@@ қан кетуге
@@ жұлын- ми сұйықтығы ісігіне
@@ бас ми ісігіне
{@A@}
{~1~}


~~Сөйлеу бұзылысының қыртыстық түріне қайсысы жатады?
@@ афазия
@@ дизартрия
@@ агнозия
@@ алалия
@@ апраксия
{@A@}
{~1~}


~~Аместикалық афазия бас миының қай бөлімі зақымданған кезде болады?
@@ самай мен төбе бөлімдерінің қосылған жері
@@ маңдай
@@ төбе
@@ маңдай мен төбе бөлімдерінің қосылған жері
@@ шүйде
{@A@}
{~1~}

~~Науқаста келесі симптомдар анықталған: бұлшық ет сіреспелігі, брадикинезия, ахейрокинезия, пропульсия, брадилалия, парадоксальды кинезия, білезік пен бастың ұсақ ритмді дірілі, брадипсихия. Бұл синдром қалай аталады:


@@ Акинетикалық-сіреспелі синдром
@@ Мишық атаксиясы
@@ Джексон синдромы
@@ Гиперкинетикалық-гипотоникалық
@@ Тетраплегия
{@A@}
{~1~}

~~Микрография ненің зақымдануынан болады:


@@ паллидонигральды жүйе
@@ мишық
@@ таламус
@@ ми қыртысы
@@ ішкі капсула
{@A@}
{~1~}

~~Ортаңғы ми артериясы мидың қай құрылымдарын қанмен қамтамасыз етеді:


@@ ішкі капсуланың артқы саны, тізесі
@@ мүйізгекті дене
@@ алдыңғы орталық қатпарларының жоғарғы бөліктері
@@ ішкі капсуланың алдыңғы саны
@@ гипоталамус
{@A@}
{~1~}

~~Омыртқа артериясы бассейніндегі қан жүрудің бұзылуынан не пайда болады:


@@ Валленберг-Захарченко синдромы
@@ Броун-Секар синдромы
@@ Парин синдромы
@@ Фовилль синдромы
@@ Дюшенн-Эрба синдромы
{@A@}
{~1~}
##




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет