9-тапсырма.
Саңылау
Сұрақ 19. Темір жолдарға металл рельстерді салғанда олардың қосылатын жерлеріне саңылаулар қалдырылады. Неліктен?______________________________________________________________________________________________________________________________________________
Төменде берілген жауаптардың қайсысы дұрыс? А. Металл рельстер ыстық күндері ұлғаяды.
В. Металл рельстер суық күндері ұлғаяды.
С. Металл рельстер саңылауларының арасындағы ауаның көмегімен суық күйге ауысады.
D. Пойыздар жүрген кезде металл рельстер тербеліске ұшырайды.
10-тапсырма.
Суретте ішіне электр қоңырауы салынған шыны ыдыс бейнеленген.
Электр қоңырауын қосқан кезде оның шырылдаған дауысын естуге болады. Вакуум сорғыштың көмегімен шыны ыдыстың ішіндегі ауа сорылады.
Сұрақ 20: шыны ыдыстың ішіндегі ауаны сорып алғаннан кейін, электр қоңырауының дыбысы естіле ме? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.____________________________________________________________________________________________________________________________________________
11-тапсырма.
12 (а, ә)-суретінде көрсетілгендей А және В заттарының массасын таразыға қойып өлшеді. В затын А заты тұрған сауытқа салғанда, нәтижесінде С заты пайда болды. В заты ішінде болған бос сауытты қайтып таразыға қойды.
12-сурет – Заттардың массасын өлшеу
Сұрақ 21: 12, а-суретінде таразы 110 г массаны көрсетті. 12, ә-суретіндегі таразы қандай массаны көрсетеді?
А. 110 г-нан артық
В. 110 г.
С. 110 г-нан кем.
Өз таңдауыңызды түсіндіріңіз ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |