22-тапсырма Жарыс машинасының жылдамдығы
Төмендегі графикте, үш километрлік, өр және түсулерсіз, айналмалы тас жолда жарыс машинасының жылдамдығының қалай өзгергені көрсетілген.
Сұрақ 34: Жарыс машинасының жылдамдығы
Сөре сызығынан ең ұзын тура сызықтың басына дейінгі арақашықтық неге тең?
А 0,5 км
В 1,5 км
C 2,3 км
D 2,6 км
Сұрақ 35: Жарыс машинасының жылдамдығы
Екінші айналымда тас жолдың қай жерінде машинаның жылдамдығы ең аз болды?
А Сөре сызығында
В Шамамен 0,8 км белгісінде
С Шамамен 1,3 км белгісінде
D Шамамен тас жолдың ортасында
Сұрақ 36: Жарыс машинасының жылдамдығы
2,6 км және 2,8 км белгілері қойылған тас жолдағы машинаның жылдамдығы туралы не айтуға болады?
A Машинаның жылдамдығы бір қалыпта қалды
B Машинаның жылдамдығы үлкейді
C Машинаның жылдамдығы азайды
D Берілген кестеден машинаның жылдамдығын анықтау мүмкін емес
Достарыңызбен бөлісу: |