Pisa, timss зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың Ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын дамыту


  Қазақстандық оқушылардың жаратылыстану пәндері бойынша



Pdf көрінісі
бет6/49
Дата14.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#158098
түріУчебно-методическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
Pisa, timss зерттеулеріні тапсырмалары негізінде
курс 1 кун дәрістері, РП Мейірбике каз, pisa-formatynday-himiya-biologiya-pndernen-tapsyrmalar-zhinay, À?àðòóøûëû? ³ñò³? äàìóû æ?íå ?íåð ?àéðàòêåðëåð³ Îðûñ ãåîãðàôèÿëû

Қазақстандық оқушылардың жаратылыстану пәндері бойынша 
халықаралық зерттеулерінің нәтижелеріне талдау жасау
 
Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының 
бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімдеу мәселелері тұр, 
өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер 
қабылдау үшін жоғары кәсіптілік және интеллектуалдық әрекеттерді қажет 
ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған 
байланысты еліміздің он бес жастағы оқушыларының білім жетістіктерінің 
деңгейін анықтауға Қазақстан PISA 
(Programme for International Student 
Assessment)
– 
2009 халықаралық зерттеуіне қатысты. Сол жылы 65 ел қатысқан 
сынақшы бағдарламаға Қазақстаннан 200 білім беру ұйымынан 5590 он бес 
жастағы оқушылары қатысты. Барлығы 184 жалпы білім беру ұйымдары, 16 
кәсіби мектептер пен лицейлер. Соның ішінде, 3194 қазақ тілінде білім беруші 
ұйымдар мен 2396 орыс тілінде білім беруші ұйымдар болды [7].
Қазақстан PISA-2009 халықаралық зерттеуіне тұңғыш рет 15 жастағы 
оқушылардың білім сапасын анықтау үшін дәйекті ақпарат алу мақсатында 
атсалысты. Біздің еліміз үшін бұл бағдарламаға қатысуға білім берудің 
бақылау-бағалау жүйесін реформаландырудың қажеттігін ескертетін бірқатар 
факторлар, атап айтар болсақ қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім 
беру кеңістігіне кірігуі, Қазақстанның Болон процесіне қатысуы, оқыту сапасын 
және оның нәтижелерін бақылаудың халықаралық стандарттарын енгізу 
қажеттілігі, білім беру мазмұнын өзгерту, білім беру сапасын бағалаудың 
қазақстандық жүйесін құру және көптеген пәндер мен оқытудың әртүрлі 
кезеңіндегі басқа да көптеген бағыттар негізгі себеп болды.
PISA жүйесіндегі бағалау нысаны оқушылардың пәндер бойынша білімді 
(яғни, оқу бағдарламасын) меңгеру деңгейі мен сапасын ғана емес, олардың үш 
өзекті саладағы: кітап оқу сауаттылығы, математика, жаратылыстану 
ғылымдарындағы құзырлығының қалыптасу дәрежесін бағалау.
Бүгінгі таңда Қазақстанда еліміздің білім беру бағдарламаларына сәйкес 9-
сынып оқушыларының білім жетістіктерін бағалайтын білім беру сапасын 
бағалаудың ішкі мониторингі – Мемлекеттік аралық бақылау (МАБ) бар. Бұл 
мониторинг меңгерген білімдерін өмірде қолдана білу ептіліктерін емес, ал 
білім беру бағдарламаларының сәйкес деңгейінің аясында алынған білімдерін 
тексеру мақсатында жүргізіледі. PISA осы жастағы оқушылардың 
функционалдық сауаттылығын бағалай отырып, олардың қарым-қатынасын, 
қызығушылықтарын, ынталарын және оқу стратегияларын зерттеуімен 
ерекшеленеді.
Қазақстан оқушыларының оқу сауаттылық деңгейінің нәтиже көрсеткішінің 
талдауы бойынша анықталған мәліметтер, VI деңгей біздің оқушылар үшін өте 
қиын, ал V деңгей сұрақтарына 0,4 % оқушылар ғана жауап бере алғанын 
көрсетті. Бұл олардың қисынды ойлау дағдыларының, бейтаныс мәтiндi бағалау 
және сәйкес қажеттi мәлiметтi тауып алып, түсiндiрiп беру қабілеттерінің 
жоқтығын білдіреді.
14 


Халықаралық зерттеулердің
 
мәлiметтерін пайдалана отырып, қазақстандық 
оқушылардың оқу бағытындағы қабілеттерінің ең жоғарғы деңгейiнің 1а 
деңгейіне сәйкес келетіндігі туралы айтуға болады: бұл деңгейдің 
тапсырмалары оқушылардан мәтiннiң негiзгi тақырыбын және мәтiн бойынша 
шашыраңқы берілген мәлiметтердің арасындағы өзара байланыстарды 
анықтауды талап етеді. 
Халықаралық зерттеулерінің нәтижелерін
 
қарастыра отырып, ЭЫДҰ 
елдеріне қарағанда, Қазақстан оқушылары оқу сауаттылығы бойынша төмен 
үлгерім көрсеткені туралы айтуға болады (1 және одан да төмен деңгейге тең). 
Оқу сауаттылығының жоғарғы деңгейін көрсете алмаған оқушылар бөлігі 93,07 
%-
ды құрады, бұл оқу сауаттылығында Қазақстан оқушылары құзыретiнің 
төмен деңгейінің көрсеткіші. 
Қазақстандық оқушылардың орташа балы ЭЫДҰ елдері бойынша 
оқушылардың орташа көрсеткішінен статистикалық біршама төмен болып, 
1000 
балдық өлшем бойынша 400 балды құрады. Қазақстанның нәтижелерімен 
салыстырғанда басқа елдерді төмендегідей үш топқа бөлуге болады [7]:

нәтижелері Қазақстанның орташа балынан айтарлықтай жоғары елдер – 
52 ел; 

нәтижелері Қазақстанның орташа балымен салыстырмалы елдер – 5 ел; 

нәтижелері Қазақстанның орташа балынан статистикалық біршама төмен 
елдер – 7 ел. 
Зерттеу нәтижелеріне өз танымын ұйымдастыруға, танымдық үрдістерді 
басқаруға деген жалпы оқу ептіліктерін меңгеру едәуір маңызды әсер етті. 
Оқушылардан, олардың қандай дәрежеде:

нақты нені білу қажеттігін анықтауға ұмтылатындықтары; 

шындығында нені түсінбегендіктерін анықтауға ұмтылатындықтары; 

егер оларға бір нәрсе түсініксіз болса, онда оны түсіну үшін қосымша 
ақпаратты табуға әрекет ететіндіктері; 

нені 
оқығандарын 
есте 
сақтағанын 
бақылауға 
өз-өздерін 
мәжбүрлейтіндіктері; 

ең 
маңыздыны 
есте 
сақтағанына 
көздерін 
жеткізуге 
ынталанатындықтары сұралды.
Нәтижелерді талдау, егер әрбір елде оқу танымын ұйымдастырудан ең 
жоғары және ең төмен көрсеткішке ие болған екі бірдей оқушылар тобын 
(мысалы, тестке қатысушылардың жалпы санынан 25%-дан) бөліп алып, осы 
көрсеткіштің зерттеу нәтижелеріне әсерін талдайтын болсақ, онда бұл 
көрсеткіштің ең жоғарғы мәніне ие оқушылар едәуір жоғары нәтижеге қол 
жеткізетіндіктерін көруге болатындығын анықтады.
Қазақстанда бұл екі топ оқушылары, орта есеппен, мәтінмен жұмыс жасау 
ептіліктерінің қалыптасуының әртүрлі деңгейімен ерекшеленетін нәтижеге қол 
жеткізді. Өз білімдерін ұйымдастыру көрсеткіші жоғары оқушылар, орта 
есеппен, оқу сауаттылығының үшінші деңгейіне, ал бұл көрсеткіш төмен 
оқушылар, орта есеппен, екінші деңгейіне жетті.
15 


Зерттеуде оқушылардың оқу материалдарын меңгеруде қолданатын әртүрлі 
стратегиялары қарастырылды: оқу материалын есте сақтау және оқылатын 
материалмен белсенді жұмыс жасау.
Көбінесе оқу материалын есте сақтауға бағытталған әдісті қолданған 
оқушылар зерттеудің әртүрлі, яғни елдегі орташа көрсеткіштен жоғары немесе 
төмен нәтиже көрсеткен. Салыстырмалы түрде алғанда, жаңа материалды оқу 
барысында жоғары белсенділік көрсетекен оқушылар әрдайым барлық елдерде 
жоғары нәтиже берген. 
Оқытудың әртүрлі стилінің (жарыс түріндегі немесе біріктірілген) тест 
нәтижесіне әсеріне талдау жасауда төмендегілер анықталды: жарыса оқу түрі 
байқалған оқушылар, мұндай байқалмаған оқушыларға қарағанда жоғары 
нәтиже көрсетті. Осыған ұқсас ынтымақтастықта оқытуды ұнататын оқушылар, 
оқытудың бұл түрі байқалмайтын оқушыларға қарағанда едәуір жоғары нәтиже 
көрсетті. Алынған мәліметтерден оқытудың бұл екі түрінің белгілі бір 
жағдайларда бірін-бірі толықтыра алатындықтары, ал бір-біріне балама 
болмайтындықтары анықталды. 
PISA зерттеуіндегі басты бағыт 15 жастағы оқушылардың оқу, математика 
және жаратылыстану саласындағы сауаттылықтары, яғни адамның әртүрлі іс-
әрекетіндегі, қарым-қатынасы мен әлеуметтік байланыстарындағы өмірлік 
міндеттердің кең ауқымын шешу үшін алған білімдерін қолдана білу 
қабілеттерін анықтау болып табылады. 
Зерттеуде оқушыларға ақиқат өмірге жуық, тек қана негізгі оқу пәндерін 
білуді ғана емес, сонымен бірге жалпы оқу мен интеллектуалдық ептіліктерінің 
түзілуін шешуді талап ететін мәселелік жағдайлар ұсынылды. 
Қазақстандық оқушылардың 65 зерттеуге қатысушы елдердегі өз 
құрдастарының арасындағы рейтингі:

оқу сауаттылығы бойынша – 58-60 орын;

математика сауаттылығы бойынша – 53-54 орын;

ғылыми жаратылыстану сауаттылығы бойынша – 53-58 орын.
ТМД бойынша Қырғызстан - 65, Әзірбайжан - 64, Ресей - 44 болып 
орналасқан.
Ал, PISA – 2012 зерттеуіне еліміздің 218 білім беру ұйымынан 5808 15 
жастағы білім алушылар қатысты. Соның ішінде 200 жалпы білім беру ұйымы 
және 18 кәсіби мектептер мен лицейлер, қалалық білім беру ұйымдары - 103, 
ауылдық -115. Сонымен қатар, 3234 қазақ тілінде білімалушылар, 2147 орыс 
тілінде білім алушылар. 
Зерттеуге мектеп оқушыларымен қатар 18 техникалық және кәсіби білім 
беру ұйымдарынан 427 білім алушы қатысты. Солардың ішінде 288 -қазақ 
тілінде білім алушылар, 139 оқушы - орыс тілінде білім алушылар.
Бұл жолы да 65 ел қатысқан болатын. Сол елдердің ішінде қазақстандық 
қатысушылар математикадан 49 орын алды. Жаратылыстанудан 52 орын, оқу 
сауаттылығының көрсеткіші бойынша 63 орынды иеленді.
Қазақстанның жаратылыстану пәндері бойынша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет