Pisa, timss зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың Ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын дамыту



Pdf көрінісі
бет17/60
Дата10.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#131321
түріУчебно-методическое пособие
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   60
Байланысты:
10 тест, 7-Лекция АП, д, д, гулбаршын апай (копия) (копия)
 
37 


Қорытынды
 
Әлем тәжірибесі көрсеткеніндей, кез-келген мемлекеттің әлеуметтік 
экономикалық дамуы сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім 
дәрежесіне байланысты. Осы орайда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша 
қабілетті елдердің қатарына енгізуде білім беру ісі басты құрал болып 
табылады.
Сондықтан, Қазақстанның халықаралық зерттеулерге қатысуы қатысуы 
білім саласын дамытуда стратегиялық маңызға ие, әсіресе елімізде 
Халықаралық білім берудің көпшілікпен мақұлданған принциптеріне негізделіп 
құрылып жатқан 12-жылдық білім беруді енгізу аясында бағыт береді. Зерттеу 
нәтижесінде алған мәліметтер еліміздің білім сапасы мен әлемдік білім беру 
жүйесіндегі орны жөнінде ой өрбітуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса, 
Қазақстанның зерттеуге қатысуы әлем елдеріндегі оқушылардың оқу 
жетістіктеріне қойылатын талаптар жайлы және оқулықтар, бағдарламалар 
бойынша күрделі аналитикалық мәліметтер алуда маңызды зор. 
PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың ғылыми 
жаратылыстану сауаттылықтарын дамыту ғылыми жаратылыстану білімдерін 
қолдана білу, қоршаған әлемді және оған адамның іс-әрекетін қосатысты 
өзгерістерді түсінуге және сәйкесінше шешімдер қабылдауға қажетті 
мәселелерді анықтап, негіздемелі қорытындылар жасай білуге үйретеді.
Халықаралық білім алушылардың оқу жетістіктерін зерттеулерінің 
тапсырмалары 
негізінде 
оқушылардың 
ғылыми 
жаратылыстану 
сауаттылықтарын дамыту: 

оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына, алған білімін кез-келген 
оқу және өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалануына, өзін-өзі 
дамыту мен өзіндік басқаруға дайындауға мүмкіндік береді; 

оқушының адамгершілік және этикалық нормаларға қарсы келмейтін 
жетістікті шешім қабылдау үшін танымдық және практикалық біліктері мен 
дағдыларын кіріктіруге дайындығын байқататын білім салалары аралығындағы 
қабілеттер болып табылады; 

адамның адамгершілік құндылықтары мен ынталарын қалыптастыруға, 
сондай-ақ әлеуметтік және мінез-құлықтық әрекеттерінің дамуына, алғы шарт 
болады. 
Қортындылай келе, халқаралық зерттеулердің тапсырмалары негізінде 
оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын дамыту оқушылардың 
білімдері мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат 
көздерімен жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан 
бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің 
ойын негіздей білуді; іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі 
салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік 
қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді.
38 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет