Pisa, timss зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың Ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын дамыту


  Халықаралық зерттеулер контесінде оқушылардың ғылыми



Pdf көрінісі
бет9/60
Дата10.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#131321
түріУчебно-методическое пособие
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   60
Байланысты:
10 тест, 7-Лекция АП, д, д, гулбаршын апай (копия) (копия)

Халықаралық зерттеулер контесінде оқушылардың ғылыми 
жаратылыстану сауаттылығын дамытудың әдістемелік тәсілдері
 
Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы – нақты жағдайларда ғылыми әдіс 
көмегімен шешілетін және зерттелінетін проблемаларды анықтау, тәжірибе 
мен бақылау негізінде қорытындыға қол жеткізу үшін жаратылыстану білімін 
қолдану қабілеті. Бұл қорытындылар қоршаған ортаны және оған адам ісімен 
енгізілетін өзгерістерді түсіну, сонымен қоса тиісті шешімдерді қабылдау 
үшін ғылыми жаратылыстану сауаттылығы бойынша PISA, TIMSS
 
зерттеулері 2015
 
жылы өтеді. 
 
Мектепте алған білімін күнделікті өмірдегі жағдайларда қолдану, қойылған 
мәселені ғылыми әдіспен шешу, әртүрлі ақпарт көздерімен жан-жақты жұмыс 
істей алу және оны сыни тұрғыдан бағалау, әр түрлі болжамдар көрсетіп, оның 
дұрыс немесе бұрыстығына зерттеулер жүргізу, айтылған көзқарастарды 
дәлелдеу және негіздеу қабілеттілігі бағаланады [9].
Жаратылыстану сауаттылығын анықтау мазмұны:

«Физикалық жүйелер»;

«Тірі табиғат жүйелерi»;

« Ғаламмен және Жермен байланысты жүйелер»;

«Технологиялық жүйелер»;

«Ғылым туралы бiлiм»;

«Ғылыми-жаратылыстану зерттеулері»;

«Ғылыми-жаратылыстану түсiндiрулері».
Жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыратын құзыреттіліктер:

ғылыми сұрақтарды қою мен түсіну;

құбылыстарға ғылыми түсінік беру;

ғылыми дәлелдерді пайдалану.
Зерттеу тапсырмалары мынадай жағдаяттарға сәйкес болады: 
жаратылыстану бағыттарын жеке, әлеуметтік және ғаламдық контексте 
қолдану:

«Денсаулық»;

«Табиғи ресурстар»;

«Қоршаған орта»;

«Қауіпсіздік пен қауіп-қатер ошақтары»;

«Жаратылыстану мен технология байланысы».
PISA
 
халықаралық зерттеуінің тапсырмалары төмендегі бағыттар 
бойынша дайындалады [8]:
Оқу сауаттылығы:

«бірыңғай» мәтін (прозалық туындылар, мысалы, сипаттама, әңгіме, 
түсіндірме, дәйектеме);

«бірыңғай емес» мәтіндер (графиктер, пішіндер, ақпараттық беттер 
және т.б.).
Математика сауаттылығы:

мөлшер;
19 



кеңістік және форма; 

өзгеріс және қатынас; 

белгісіздік. 
Жаратылыстану сауаттылығы:

заттың құрылысы және құрамы; 

атмосфералық өзгерістер; 

физикалық және химиялық өзгерістер; 

қуат өткізу; 

күш және қозғалыс;

физиологиялық өзгерістер;

генетикалық бақылау;

экожүйе;

әлемдегі жер;

географиялық өзгерістер.
PISA тапсырмаларында оқушылардың сауаттылығын анықтайтын 
деңгейінің көрсеткіші 1-суретте берілген [8].
PISA зерттеуінде ғылыми жаратылыстану сауаттылығы ретінде ғылыми 
жаратылыстану білімдерін қолдана білу, қоршаған әлемді және оған адамның 
іс-әрекетіне қатысты өзгерістерді түсінуге және тиісті шешімдер қабылдауға 
қажетті мәселелерді анықтап, негіздемелі қорытындылар жасай білу қабілеттері 
түсіндіріледі.
Ғылыми жаратылыстану сауаттылығын төрт аймаққа бөлуге болады:

ғылым мен технологияға сүйенетін өмірлік жағдайларды танып білу 
(контекст); 

қоршаған орта мен ғылым туралы білімдерден тұратын ғылыми 
білімдердің негізінде техниканы және қоршаған әлемді түсінуі (білім); 

ғылыми сұрақтарды айырып тану, ғылыми жаратылыстану 
құбылыстарын түсіндіру, айқын нақтылықтар мен дәлелдемелердің негізінде 
қорытындылар жасау үшін ғылыми білімдерді қолданудан тұратын 
құзыреттіліктерді көрсету (құзіреттіліктер);

ғылыми жаратылыстану біліміне деген қызығушылық. 
PISA зерттеуінде бағаланатын ғылыми жаратылыстану білім, білік және 
дағдылары ғылыми жаратылыстану циклы пәндерін: физиканы (астрономия 
элементтерімен), биологияны, химияны, географияны оқуда қалыптасады.
Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы келесі компоненттерден тұрады: 
ғылыми жаратылыстану пәндері аясында қалыптасатын «жалпы пәндік» 
біліктер, ғылыми жаратылыстану ұғымдары мен ғылыми жаратылыстану 
білімдері қолданылатын жағдайлар. Зерттеу мақсатына белгіленген біліктер 
мен ұғымдарды кешенді тексеру кіреді. Бұнда оқушылардың біліктіліктерін 
тексеруге басты назар аударылады: ұсынылған сұрақтардан жаратылыстану 
ғылымдары жауап беретін сұрақтарды белгілеу; берілген ақпараттың негізінде 
ғылыми негізделген қорытындылар жасау.
20 


Жоғары 
қиындықтағы 
тапсырмалар
VI 
Деңгей 
V Деңгей 
А 
оқушылары, 
білім 
көрсеткіштері 
жоғарғы деңгейде 
А оқушысы I-ден IV–ке 
деңгейдегі 
тапсырмаларды 
ойдағыдай орындайды, VI 
деңгейдегі тапсырмаларды да 
орындай алуы мүмкін 
Орта 
қиындықтағы 
тапсырмалар 
IV 
Деңгей 
III 
Деңгей 

оқушылары,
білім 
көрсеткіштері орта 
деңгейде 
В оқушысы I, II, III деңгейдегі 
тапсырмаларды 
ойдағыдай 
орнындайды, IV деңгейдегі 
тапсырманы орындауы орта 
деңгейде және V және VI 
деңгейдегі 
тапсырмаларды 
орындауы төмен деп күтіледі. 
Төмен 
қиындықтағы 
тапсырмалар 
II 
Деңгей 

Деңгей 
С оқушылары,
білім 
көрсеткіштері 
төменгі деңгейде 
С оқушысы II–ден VI-шы 
деңгейдегі 
тапсырмаларды 
орындауға қабілетті емес, 
сондай-ақ I-ші деңгейдегі 
тапсырманы 
ойдағыдай 
орнындауы төмен деп білеміз.
1-
сурет - Оқушылардың сауаттылығын анықтайтын тапсырмалардың 
деңгейінің көрсеткіші
PISA 
халықаралық 
зерттеуінде 
оқушылардың 
жаратылыстану 
ғылымдарындағы танымдық және эмоционалдық қабілеттері зерттеледі. 
Танымдық аспектілер оқушылардың білімдері мен сол білімдерді тиімді 
пайдалана білу қабілеттерінен тұрады.
Ғылыми жаратылыстану сауаттылығын бағалауға арналған тапсырмаларды 
дайындауда жаратылыстанудың әртүрлі бөлімдерінен күнделікті өмірде талап 
етілетін білімдер іріктеліп алынып, түрлі біліктерді қолдану болжамданды.
PISA 
халықаралық зерттеуі үшін іріктеліп алынған сұрақтар ғылыми 
жаратылыстану білімдерінің келесі мазмұндық бөліктерін бейнеледі:

физикалық жүйелер (заттың құрамы мен қасиеті, энергия, күш және 
қозғалысты беруі, физикалық және химиялық өзгерістер);

Жермен және Ғаламмен байланысты жүйелер (Ғаламдағы Жер, 
атмосфералық өзгерістер, географиялық өзгерістер); 

тірі табиғат жүйелері (физиологиялық өзгерістер, генетикалық бақылау, 
экожүйе);

технологиялық жүйелер.
21 


Оқушылардың ғылыми жаратылыстану білімдерін тексеруде, сонымен 
қатар, жауаптардың бірін таңдау (42,5%), құрастырылмалы жабық жауап 
(17,8%), кешенді-жауап (31,8%), жауапты еркін құрастыру (27,07%) сұрақтары 
қолданылады.
Әртүрлі деңгейдегі оқушылардың меңгеруі тиіс ғылыми жаратылыстану 
білімдері мен дағдыларының сипаттамасы 1-кестеде берілген [10].
1-
кесте - Жаратылыстану ғылымдары бойынша алты деңгейдің қысқаша 
сипаттамасы
Деңгейі 
Балдың 
төменгі шегі 
Тапсырмалар сипаттамасы

334,9 
Оқушылардың ғылыми жаратылыстану білімдері шектелген, олар 
кейбір таныс жағдайларды ғана орындай алады және өте қарапайым 
жаратылыстану ұғымдарын ғана бере алады. 

409,5 
Оқушылар таныс контекстерде түрлі пікірлерге дайын болуға немесе 
қарапайым ғылыми зерттеулерге негізделген қорытындылар келтіруге 
жеткілікті ғылыми жаратылыстану білімдеріне ие. Олар ғылыми 
зерттеулердің нәтижелерін немесе технологиялық мәселелердің 
шешімдерін ойластыру және ұғындыруға қабілетті. 

484,1 
Оқушылар суреттелген ғылыми жаратылыстану мәселелерін нақты 
анықтай алады. Олар құбылыстарды түсіндіру үшін деректер мен 
білімдерді таңдай алады және қарапайым әдістерді немесе зерттеу 
стратегияларын пайдалана алады. Оқушылар бұл деңгейде әртүрлі 
пәндердегі ғылыми жаратылыстану тұжырымдамаларын түсіндіріп, 
қолдана алады және тікелей қолдана алады. Олар деректерді пайдалана 
отырып, қысқаша тұжырымдамалар бере алады және ғылыми 
жаратылстану білімдерінің негізінде шешімдер қабылдай алады. 

558,7 
Оқушылар жаратылыстану ғылымдары мен технологиялардың рөлі 
туралы қорытындылар жасауды талап ететін құбылыстардан тұруы 
мүмкін жағдайлармен және сұрақтармен тиімді жұмыс жасай алады. 
Олар жаратылыстану ғылымдары мен технологиялары туралы әртүрлі 
пәндерден ұғымдарды таңдап, біріктіре алады және осы ұғымдарды 
тікелей тіршілік жағдайлары аспектілеріне бағыттай алады. Бұл 
деңгейдегі оқушылар өз іс-әрекеттерін ойластыра біледі, ғылыми 
жаратылстану білімдері мен деректерін пайдаланып өздерінің 
шешімдерін негіздей алады. 

663,3 
Оқушылар 
көптеген 
күрделі 
тіршілік 
жағдайларындағы 
ғылыми 
жаратылыстану құраушыларын анықтай алады, ғылыми жаратылыстану 
тұжырымдамасы мен жаратылыстану ғылымдары туралы білімдерін нақты бір 
жағдайда қолдана алады және сәйкес ғылыми жаратылыстану дәлелдемелерін 
тіршілік жағдайына жауап үшін салыстыра, таңдай, анықтай біледі. Бұл 
деңгейдің оқушылары жақсы дамыған зерттеу қабілеттерін пайдалана алады, 
сәйкес білімдерін таңдай алады, жағдайға қатысты көкейкесті шешімді 
айқындай алады. Олар өздерінің маңызды талдауларына негізделген 
дәлелдемелер мен айғақтардың негізінде түсіндірмелер құрастыра алады. 

707,9 
Оқушылар көптеген күрделі өмірлік жағдайларда ғылыми жаратылыстану 
білімдерін ретімен танып, түсінідіріп және қолдана алады. Олар әртүрлі 
ақпарат көздері мен түсініктерді біріктіре алады, сондай-ақ шешімді айқындау 
үшін бұл білім қорларынан дәлелдемелерді қолдана алады. Олар жоғары ойлау 
мен пайымдауды, таныс емес ғылыми жаратылыстану және технологиялық 
жағдайларды шешуде өздерінің ғылыми тұрғыдан ойлай білуге дайын 
екендіктерін көрсете алады. Бұл деңгейдегі оқушылар ғылыми жаратылыстану 
білімдерін пайдалана біледі, қоғамдық және ғаламдық жағдайлар үшін 
дәлелдемелер мен шешімдер шығара алады. 
22 


Халықаралық TIMSS-2011 зерттеуінде жаратылыстану тестерінің 
мазмұндық бөліміне 4-сыныпқа арналған тапсырмалар биология, физика, 
география пәндерін, ал 8-сыныптың тапсырмалары биология, химия, физика, 
география пәндерін қамтиды. Оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерінің 
нәтижелері педагогика ғылымының ойлау контесінде қабылданған – білім, 
қолдану және пайымдау бөлімдері бойынша бағаланды (2-кесте).
2-
кесте - Тапсырмалардың мазмұндық блоктар және оқу-танымдық әрекеті 
бойынша бөлу [10]
Мазмұндық блоктар 
4-
сынып 
8-
сынып 
45% 
Биология 
35% 
Биология 
35% 
География және астрономия 
20% 
Химия 
20% 
Физика 
25% 
Физика 
20% 
География 
Оқу-танымдық әрекеттердің түрлері 
40% 
Білім 
35% 
Білім 
35% 
Қолдану 
35% 
Қолдану 
25% 
Пайымдау 
30% 
Пайымдау 
4-
сынып оқушыларына арналған биология пәнінің тапсырмалары адамның 
денсаулығы мен тамақтануы, тірі организмдердің өмірлік процестерін сипаттау, 
жалпы экожүйедегі өсімдіктер мен жануарлар туралы білім деңгейін анықтауға 
бағыталған. Физиканың мазмұнды блогы мектеп оқушыларының білім 
жетістіктерін анықтауға арналған тапсырмалар. Олар: физика қасиеттерінің 
негізіне сүйене отырып нысандар мен заттарды салыстыру мен жіктеуді, 
энергия көздерін анықтауды, жылу процестері мен электр желісін түсінулерін 
көрсете білулері тиіс. Ал тест тапсырмаларында география пәнінен Жердің 
құрылысы мен физикалық сипаттамасы, ондағы процестер, Күн жүйесіндегі 
Жердің орны туралы тапсырмаларды қамтыған.
8-
сынып оқушыларына арналған биология тапсырмалары: өмірлік 
процестердің құрылымын, тірі организмдердің көптүрлілігі мен бір-біріне 
тәуелділігін, организм жасушалардың өмірлік үрдістерінің қызметі мен 
жіктелуін, тұқымқуалаушылықты, экожүйе және адам денсаулығы туралы 
тапсырмалардан қарастырады. Химия пәні бойынша оқушылар химиялық 
құрамы, қасиеттері, заттардың өзгеруі туралы білімдерін көрсетулері тиіс. 
Физикадан физикалық процестер мен энергия, жылу мен температура, күш 
және қозғалыс, электр энергиясы және магнит туралы тұжырымдамаларды 
түсінулерін көрсетулері тиіс. Ал география саласының мазмұндық тақырыбы 
геология, астрономия, метеорология, гидрологияны қамтиды және бұл сала 
бойынша келесі тақырыптардан алынған білім бағаланады: Жердің құрылысы 
мен физикалық қасиеттері, ресурстары, оларды тиімді пайдалану, Күн 
жүйесіндегі орны, Галактика т.б.
23 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет