24
мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ата-аналар балаларын мектепке жібере
отыра, оларды туған мәдениетіне менсінбей қарауға тәрбиелемейтініне және
ана тілін оқитынына сенімді болуы тиіс.
Сингапурдың білім беру жүйесіндегі басты жетістіктер ретінде келесі
фактілерді атауға болады: Сингапур – функционалдық сауаттылық деңгейі әлем
бойынша ең жоғарылардың бірі (Progress in International Reading Literacy Study);
сингапурлық мектеп оқушылары математика және жаратылыстану ғылымдары
бойынша салыстырмалы халықаралық тесттерде (TIMSS) үздік нәтиже көрсетіп
отыр; 2008-2009 жылдары сингапурлық білім жүйесі әлем бойынша ең тиімді
деп аталды (McKinsey); Сингапурдың білім жүйесі ғаламдық экономика
талаптарына барынша жақсы бейімделген (IMD World Competitiveness
Yearbook 2007).
Сонымен, еліміздің оқу жүйесін Сингапурдағы білім беру жүйесімен
салыстырсақ, екі елдің өзіндік ерекшеліктері байқалады. Сингапурда әр
оқушының бейім-қажеттігіне қарай таңдау мүмкіндігі беріледі және әлемдік
экономиканың саясатына сәйкес ағылшын тілінде дәріс беріледі. Білімнің даму
сатысында адамның өмір бойы білім алуына, жаңа технологияларды игеріп,
өзіне жауапкершілік пен міндеттер алуына ынталандыру ортасы құрылған,
негізгі идеясы қабілетті, дарындыларды қолдауға, көшбасшыларды
тәрбиелеуге арналған. Сабақтарын бақылайтын болсақ, әр топтан оқыту,
қарым-қатынас, жеке тұлғаны қалыптастыратын жұмысты байқауға болады.
Соңғы кезде біздің елімізде де көп тілділікке терең көңіл бөлініп отыр.
Ағылшын тілін жаппай меңгеруге біртіндеп көшуде. 2013-2014 оқу жылынан
бастап жалпы білім беру ұйымдарына ағылшын тілін игеру бірінші сыныптан
енгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: