Pisa, timss зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту


Халықаралық TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study)



Pdf көрінісі
бет14/77
Дата07.02.2022
өлшемі1,55 Mb.
#82184
түріМетодическое пособие
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   77
Байланысты:
Пиза

 
Халықаралық TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) 
зерттеуі
оқушылардың математика және жаратылыстану бағытындағы 
пәндерден білім жетістіктерін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу оқушылардың 
қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын 
өмірлік жағдайларда қолдана білу қабілеттерін бағалауға бағытталған. Яғни бұл 
зерттеудің мақсаты – математика мен жаратылыстануды оқыту үрдістерін 
дамыту үшін зерттеуге қатысушы елдерді оқушылардың білім жетістіктері 
туралы салыстырмалы ақпаратпен қамтамасыз ету. 
Халықаралық TIMSS зерттеуі 1995 жылы басталып, төрт жылдық кезеңмен 
(1995, 1999, 2003, 2007, 2011, 2015) өткізіледі.
Қазақстанда бұл зерттеуді алғаш рет 2007 жылы Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Ұлттық білім беру сапасын бағалау 
орталығы» өткізеді. 
Зерттеудің негізгі әдіс-тәсілі – сауалнамалар жүргізу және тестілер алу. 
Оған бастауыш мектепті, яғни 4-сыныпты және 8-сыныпты бітірген оқушылар 
қатысады.
Бұл 
зерттеу 
Білім 
жетістіктерін 
бағалаудың 
Халықаралық
Ассоциациясымен (
IEA) 
жүзеге асырылады. Оның құрамына білім беру 
сапасын бағалау аймағындағы төмендегідей жетекші ұйымдар кіреді:

Білім саласындағы тестілеу қызметі (ETS – США);

Канада статистика орталығы (Statistics Canada);

Білім жетістіктерін бағалаудың Халықаралық Асссоциациясының 
ақпараттарды өңдеу орталығы (DPC IEA – Data Processing Center IEA
Германия);

Білім жетістіктерін бағалаудың Халықаралық Асссоциациясының 
хатшылығы (IEA, Нидерланды);

Халықаралық басқарушы орталығы – Бостон колледжі (ISC – 
International Study Center, Boston College, США). 
Халықаралық зерттеулерде оқушыларға қазақстандық мониторинг 
зерттеулерiне тән типтік математикалық есептер ұсынылмайды. Бұл зерттеудегі 
математикалық тапсырмалар нақты өмірлік мәселелерге жақын, қоршаған 
өмірдің түрлі аспектілерімен байланысты және өз шешiмдерi үшiн 


18 
математикалық талдауды талап ететiн, мектептiң өмiрi, қоғам, оқушының жеке 
өмірі, кәсiби қызметi, спорт және т.б. туралы мәлiметтер ұсынылады. 
Зерттеу тұжырымдамасына сәйкес, әрбір тапсырма математиканың 
мазмұнды бөліктерінің біріне сәйкес келеді. Атап айтсақ, 4-сыныпқа арналған 
тапсырмалар сандар (50%), геометриялық фигуралар мен өлшеулер (35%), 
мәліметтерді беру (15%) бөлімдері бойынша; 8-сыныпқа – сандар (30%), 
алгебра (30%), геометрия (20%), мәліметтер мен болжамдар (20%) бөлімдері 
бойынша дайындалады.
Аталған мазмұндық бөліктерді ашып қарастырар болсақ, олар мынадай 
тақырыптарды қамтиды: 
4-сынып. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет