1-деңгей: оқушылық деңгей – репродуктивтік деңгей:
–
жаттап алуға лайықталған анықтамалар, тұжырымдамалар, аксиома,
теорема т.б.
–
алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өзін өзгертпей
қайталап, пысықтауға арналған сұрақтар;
–
тапсырмалар жаңа тақырып үшін тиімді және өмірмен байланысты
болуы керек. Математика пәнінде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру
соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады
және олар оқушының өзі қорытып шығарған ереже, анықтама, заңдарын
бекітуге арналады.
2-деңгей: алгоритмдік деңгей – елеулі белгілерді есте сақтау
дағдысына негізделеді:
–
өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген
тапсырмалар, бірақ оларды орындау үшін алған білімдерін түрлендіріп,
тереңдете пайдалануды қажет етеді. Математикада мұндай іс-әрекетке
келтірілетін тапсырмалар: мәтінмен берілген кері есептер, кері байланыс
функциясын атқаратын тексеру тапсырмалары, т.с.с.
–
оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда
біздің ұлттық ерекшеліктерімізді ескеріліп, танымдық және үйретімділік
маңызы болуы қажет болады. Бұлар: логикалық есептер, ребустар мен
сөзжұмбақтар.
Достарыңызбен бөлісу: |