1.2 Халықаралық PISA, TIMSS зерттеулерінің мақсаты, маңызы мен мәні Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі
2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық жоспарда көрсетілген функционалдық
сауаттылықты қалыптастырудың
үшінші тетігі – оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту [4].
Функционалдық сауаттылықты дамыту білім – түсіну – қолдану – жүйелеу
және жинақтау сияқты критерийлер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың
жаңа тәсілдерін талап етеді. Мұндай жүйе әлемдік тәжірибені жан-жақты
зерттеу арқылы енгізіледі. Олар ұлттық және халықаралық бағалау жүйелері
арқылы жүргізіледі. Ұлттық жүйе арқылы бағалау – жыл сайын өтетін оқу
жетістіктерін ішкі бағалау мен Ұлттық бірыңғай тестілеу. Халықаралық бағалау
жүйелері – PISA
(Programme for International Student Assessment) , TIMSS
(Trends in Mathematics and Science Study) және PIRLS сияқты халықаралық
зерттеулер. Қазақстанның осы сияқты халықаралық зерттеулерге қатысуындағы
басты мақсат:
–
білім берудің бақылау-бағалау жүйесін реформалаудағы қажеттілік;
–
қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігімен
бірігуі;
–
оқытудың халықаралық сапа стандарттарын енгізудегі және оның
нәтижелерін бақылаудағы қажеттілік;
–
білім беру мазмұнын өзгерту, білім беру сапасын бағалаудың
қазақстандық жүйесін құру;
–
білім сапасын бағалайтын қазақстандық жүйе енгізу.
Зерттеу идеологтарының ойластыруы бойынша PISA
(Programme for International Student Assessment) , TIMSS
(Trends in Mathematics and Science Study) және PIRLS сияқты тестілер – заман талабы мен тапсырыс берушілердің
сұранысына сай оқыту нәтижелерінің өміршеңдігін анықтаушы құрал.
Еліміздің 2011 жылы өткен халықаралық PISA – 2012 апробациялық
зерттеуіне,