Pisa зерттеуі



Дата06.02.2022
өлшемі8,01 Kb.
#79448
Байланысты:
PISA зерттеуі.docx 4 тапсырма


PISA зерттеуі


1. PISA зерттеуі 15 жасқа дейінгі оқушылардың математикалық сауаттылығы, оқу сауаттылығы және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы бойынша оқу жетістіктерін бағалауға бағытталған.
Оқу сауаттылығы – өз мақсатына жету жолында жазба сауаттылығын арттыруға, оның мазмұнын қолдану үшін білімі мен мүмкіншіліктерін дамыту қабілетімен байланысты.
Математикалық сауаттылығы - өмір сүріп жатқан әлемде математика рөлін анықтау және түсінумен, өзіндік жеке дара қалыптасқан, заманауи лайықталған математикалық түрде ой жеткізу мен математика ғылым бүгіні мен ертеңін бағамдауда қолдана білу қабілеті.
2. География сабағында әр мұғалім басқа тақырыптарға негізделетін және осындай зерттеулерге лайықталған тақырыптарға мән беруі қажет. Мысалы, атмосфераның бұзылуы, жаһандық жылыну, климаттық өзгерістер тапсырмаларда оқушылар мәселелерді талқылап, өз түсініктерін қолдануды үйренеді, себептерді қарастырады. Оқушылар оқудың бағыты мен негізгі астарын ұғынған жағдайда, олар өздері білімдері мен көзқарастарын анық білдіруге дағдыланады. Ал, мұғалімдер оқытуды шығармашылықпен жүзеге асырса, онда оқушылар үшін сабақ қызықты болып, білімді игеруде ынтасы артып, қалай тиімді қолдануға болатынына көз жеткізеді. Креативтілік мәселелерді шешіп қана қоймай, шешім шығаруға, жаңалық ашуға, жаңа идеялар ұсынуға мүмкіндік береді.
География пәні үшін тапсырманы әзірлегенде PISA зерттеуінің тапсырмаларын тақырыпқа сай таңдап қолдануға болады. Сондай-ақ, PISA зерттеуінің тапсырмаларын ұсыну арқылы пәнаралық байланыс орнатуға да мүмкіндік туады. Тапсырманы таңдаған кезде бұрынғы зерттеуде қолданылған тапсырмаларды мұғалім зерделеп, талдауы қажет. Содан кейін ғана қолданып, оның нәтижесін қарастыру қажет. Таңдалынған тапсырманың оқу мақсатын жүзеге асыруда тиімділігін қарастыру және бағалау критерийлерін тағайындау да мұғалім алдын ала жасау керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет