PISA ЗЕРТТЕУІНІҢ ТАПСЫРМА МЫСАЛДАРЫ
4.1. Жаратылыстанусауаттылығыбойыншатапсырмамысалдары
ҚЫЗУ ЖҰМЫС
Сұрақ 1: ҚЫЗУЖҰМЫС
Петр өзінің ескі үйін жөндеп жатыр. Ол көлігінің жүк бөлігінде суы бар бөтелке, бірнеше шегелер мен ағаш кесінділерін қалдырып кетті. Көлік күннің астында 3 сағат тұрған соң, оның ішіндегі температура 40°С-ге жетті.
Көліктің ішіндегі заттар қандай күйге ұшырайды?
Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.
Көліктегі заттармен келесі жағдайлар болды ма?
|
Иә немесе Жоқ
|
Барлық заттардың температурасыбірдей болды
|
Иә / Жоқ
|
Біраз уақыттан кейін су қайнай бастады
|
Иә / Жоқ
|
Біраз уақыттан кейін шегелер ыстықтан қызара бастады
|
Иә / Жоқ
|
Сұрақ 2: ҚЫЗУ ЖҰМЫС
Петр өзіне температурасы 90°C бір шыны кофе және бір шыны 5°C мұздай минералды су құйды. Екі шыны мен сусындардың көлемдері бірдей. Петр отырған бөлменің температурасы болса 20°C шамасында болған.
Кофе мен минералдысудың температурасы10 минут өткен соң кандай болуы ықтимал?
A) 70°C және 10°C
B) 90°C және 5°C
C) 70°C және 25°C
D) 20°C және 20°C
НАНҒА АРНАЛҒАН ҚАМЫР
Аспазшы нан пісіру үшін қамыр даярлағанда оған ұн, су, тұз және ашытқыны араластырады. Одан кейін қамырды бір ыдысқа салып бірнеше сағатқа ашытуға қояды. Ашу барысында қамырда химиялық процесстер жүреді: ашытқы (дара жасушалы саңырауқұлақ) ұнның құрамындағы крахмал мен қантты көмірқышқыл газ бен спиртке айналдырады.
Сұрақ 3: НАНҒА АРНАЛҒАН ҚАМЫР
Ашыту нәтижесінде қамыр көтеріледі. Қамыр неліктен көтеріледі?
A) Өйткені қамырда пайда болған спирт газға айналған күйге ауысады
B) Өйткені қамырда дара жасушалы саңырауқұлақтар көбейеді
C) Өйткені қамырда көмірқышқыл газы пайда болады
D) Өйткені ашу барысында қамырдағы су буға айналады
Сұрақ 4: НАНҒА АРНАЛҒАН ҚАMЫР
Бірнеше сағаттан соң аспазшы қамырды өлшеп, оның салмағы біршама азайғанын байқады.
Суретте көрсетілген әрбір 4 тәжірибенің басында қамырдың салмағы бірдей. Аспазшы ашытқының қамыр салмағының жеңілдеуіне себепші екенін білу үшін қай екі тәжірибенің қорытындыларын салыстыруы қажет?
A)Аспазшы 1 мен 2 тәжірибені салыстыруы керек
B)Аспазшы 1 мен 3 тәжірибені салыстыруы керек
C)Аспазшы 2 мен 4 тәжірибені салыстыруы керек
D)Аспазшы 3 мен 4 тәжірибені салыстыруы керек
Сұрақ 5: НАНҒА АРНАЛҒАН ҚАMЫР
Химиялық реакция нәтижесінде қамырдағы ашытқы крахмал мен қантты көмірқышқыл газ бен спиртке айналдырады.
Көмірқышқыл газ бен спирттің құрамындағы көміртек атомы қайдан пайда болады?
Төменде келтірілген мүмкін пайымдауларды әр қатардан «Иә» немесе «Жоқ» деп айналдыра сызыңыз.
Көміртек атомының пайда болуына келесі пайымдаулар дұрыс па?
|
Иә немесе Жоқ
|
Кейбір көміртек атомдары қанттан шығады.
|
Иә/ Жоқ
|
Кейбір көміртек атомдары тұз молекулаларының құрамына кіреді.
|
Иә/ Жоқ
|
Кейбір көміртек атомдары судан шығады
|
Иә/ Жоқ
|
Сұрақб: НАНҒА АРНАЛҒАН ҚАMЫР
Ашытқан қамырды пешке салғанда, газ және бу көпіршіктері қамырда ұлғая бастайды.Неліктен жылытқанда газ бен бу ұлғаяды?
A) Олардың молекулалары көбейеді
B) Олардың молекулалары жылдамырақ қозғалады
C) Молекулалар саны көбейеді
D) Олардың молекулалары сирек соқтығысады
КАТАЛИТОРЛЫҚ КОНВЕРТЕР
Айрықша замандас көлік маркалары пайдаланылған газды адам мен қоршаған орта үшін зияны аз болуы үшін каталиторлық конвертерлермен жабдықталған..
90%-ға жуық зиянды пайдаланылған газдар одан әлдеқайда зияны кем газға айналады. Төменде конвертерге түсетін және одан шығатын бірнеше газдың түрлері келтірілген.
Сұрақ 7: КАТАЛИТОРЛЫҚ КОНВЕРТЕР
Берілген суреттегі ақпаратты қолданып, конвертердегі пайдаланылған газдың зиянын қалай азайтатынына мысал келтіріңіз.
Сұрақ 8: КАТАЛИТОРЛЫҚ КОНВЕРТЕР
Газдар каталиторлық конвертердің ішінде өзгерістерге ұшырайды. «Атомдар» ЖӘНЕ «молекулалар» сөздерін қолданып, болып жатқан үдерістерді түсіндіріңіз.
Сұрақ 9: КАТАЛИТОРЛЫҚ КОНВЕРТЕР
Каталиторлық конвертерден бөлінетін газдарды талдаңыз. Каталиторлық конвертермен жұмыс жасайтын инженерлер мен ғалымдар зиянсыз пайдаланылған газдарды алу үшін кандай мәселенің шешімін табу керек?
ТЕМЕКІ ШЕГУ
Темекіні сигара және трубка арқылы шегуге болады. Зерттеулердің қорытындыларына сүйенсек жылына әлемде 13500 адам темекі шеккеннен пайда болатын аурулардан өледі. Болжам дар бойынша 2020 жылы әлемдегі адам өлімінің 12% шылым шегуден болған аурулардан болады.
Темекі түтінде никотин, смола, улы газ сияқты зиянды заттар бар.
Сұрақ 10: ТЕМЕКІ ШЕГУ
Темекі түтіні өкпеге тыныс алу арқылы сіңірледі. Түтін смоласы өкпеге жиналып оның дұрыс жұмыс жасауына кері әсер етеді.
Төменде берілгеннің қайсысы өкпенің қызметі болып табылады?
A) Оттегімен қаныққан қанды сіздің бойыңызға таратады
B) Сіз демалған кезде қаныңызды ауамен қамтамасыз етеді
C) Қанды өмірқышқыл газынан тазартады
D) Көмірқышқыл газ молекулаларын оттегіге айналдырады
Сұрақ 11: ТЕМЕКІ ШЕГУ
Темекі шегу өкпенің ісік ауруына және басқа да ауруларға шалдығу қауіпін жоғарылатады.
Темекі шегу төмендегі аурулардың қайсысының пайда болуына қауіпі бар?
Әр жолдан «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.
Темекі шеккен кезде келесі аурулардың қайсысысының пайда болу қаупі жоғарлайды?
|
Иә немесеЖоқ
|
Бронхит
|
Иә/Жоқ
|
ВИЧ-инфекциясы немесе ЖҚТБ
|
Иә/Жоқ
|
Шешек ауруы (оспа)
|
Иә/Жоқ
|
Сұрақ 12: ТЕМЕКІ ШЕГУ
Кейбір адамдар темекіні тастау үшін никотин жапсырмаларын қолданады. Жапсырма теріге жабыстырылып қанға никотин бөледі. Бұл темекі шегуге құштарлықты азайтып, темекі шегуді тастауға көмектеседі.
Никотин жапсырмаларының тиімділігін зерттеу үшін 100 ерікті темекі шегуші адамдар тобы таңдалып алынды. Бұл топ 6 ай бойы зерттеуден өтті. Зерттеу аяқталғаннан кейін осы топтың ішіндегі қайта темекі шегуді бастамайтын адамдар санымен никотин жапсырмаларының тиімділігі анықталды.
Тәжірибенің келесі жоспарларында қайсысы ең тиімдісі?
A) Топтағылардың барлығы жапсырмаларды қолданады
B) Бір адамнан басқа, топтағылардың барлығы жапсырманы қолданады. Бұл адам темекіні жапсырманың көмегінсіз тастағысы келеді
C) Қатысушылар өз еркімен темекіні тастау үшін жапсырмаларды қолдану немесе қолданбауларын өздері шешеді
D) Кездейсоқ таңдалған топтың жартысы жапсырманы қолданады, келесі топ қолданбайды
Сұрақ 13: ТЕМЕКІ ШЕГУ
Темекі шегуді тастату үшін адамға көптеген ықпал ету жолдары бар. Техника және технология саласының жетістіктері темекі шегумен күресу мәселелерін шешуге қай әдісті қолдануына болады?
Әр жолдан «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз
Техника және технология саласының жетістіктері темекі шегумен күресу мәселелерін шешуге қай әдісті қолдануына болады?
|
Иә немесеЖоқ
|
Темекі бағасының жоғарлауы
|
Иә/Жоқ
|
Никотин тәуелділігінен арылғысы келетін адамдарға көмек ретінде никотин жапсырмаларын өндіру
|
Иә/Жоқ
|
Әлеуметтік жерлерде темекі шегугетыйым салу
|
Иә/Жоқ
|
МЭРИ МОНТЕГЮ
Газеттегімақаланыоқыпкелесісұрақтарғажауапберіңіз.
ВАКЦИНАЦИЯ ТАРИХЫ
Мэри Монтегю өте сұлу әйел болған. 1715 жылы ол шешек ауруынан тірі қалды, бірақ оның денесі тыртықтарға толы болды. 1717 жылы Мэри Түркияда тұрды, ол ондағы әдетте қолданатын егу (прививка) әдісін бақылады. Бұл жас адамдардың денесіне жарақаттап оған шешек ауруының жеңіл түрінің вирусын енгізу болатын. Кейін бұл адамдар шешек ауруымен ауырды, бірақ ауру жеңіл түрде өткен.
Мэри Монтегю егудің қауіпсіздігіне толық сенімді болып, өзінің ұлы мен қызына егу жасатқызады.
В 1796 году Эдвард Дженнер егуді сиырдың шешек аурумен ұқсас ауруларға пайдаланып, шешекке қарсы антидене жасауға қолданды. Шешек егуімен салыстырғанда бұл егудің кері әсері азырақ болды және егуден кейін ауру бір-біріне жұқпады. Бұл әдіс вакцинация деп аталады.
Сұрақ 14: МЭРИ МОНТЕГЮ
Адамдарға вакцинацияны қандай ауру түрлеріне қарсы жасауға болады?
А) Тұқым қуалайтын ауруларға, мысалы гемофилия
В) Вирус арқылы жұғатын ауруларға, мысалы полиомиелит
С) Организмнің қызметін бұзатын ауруларға, мысалы диабет
D) Кез келген емделмейтін ауруларға
Сұрақ 15: МЭРИ МОНТЕГЮ
Егер, адамдар немесе жануарлар бактериялар арқылы берілетін жұқпалы аурулармен ауырған болса, әдетте жазылғаннан кейін ауруды туғызған бактериялар бұл аурудың ағзада қайта жүруін болдырмайды.Бұл құбылыстың себебі неде?
Ағза ауруға себеп болатын барлық бактерияларды жояды
Ағза бактериялардың көбеюін болдырмайтын антидене өндіреді
Қаннық қызыл түйіршіктері сол аурудың себебі болатын бактерияларды жояды
Қанның қызыл түйіршіктері бактерияларды жойып, ағзадан шығарады
Сұрақ 16: МЭРИ МОНТЕГЮ
Қандай себептерге байланысты балалар мен егде адамдарға тұмауға қарсы егу жасауға кеңес береді? Бір себебін жазыңыз.
ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Біздің денсаулығымызға жүйелі, бірақ қалыпты денешынықтыру жаттығулары пайдалы.
Сұрақ 17: ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Жүйелі денешынықтыру жаттығуларының пайдасы неде? Әр жолдан «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.
Жүйелі денешынықтыру жаттығулары пайдалы ма?
|
Иә немесе Жоқ
|
Денешынықтыру жаттығулары жүрек және қан тамыры жүйесінің ауруларының профилактикасына пайдалы
|
Иә/Жоқ
|
Денешынықтыру жаттығулары дұрыс тамақтануға үйретеді
|
Иә/Жоқ
|
Денешынықтыру жаттығулары артық салмақтан арылуға көмектеседі
|
Иә/Жоқ
|
Сұрақ 18: ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Бұлшық етті жаттықтыру барысында не болады? Әр жолдан «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.
Бұлшық етті жаттықтыру барысында төмендегілер болады ма?
|
Иә немесе Жоқ
|
Бұлшық еттің қан айналымы жақсарады
|
Иә/Жоқ
|
Бұлшық етте май жиналады
|
Иә/Жоқ
|
Сұрақ 19: ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Сіздің жай кезбен салыстырғанда, денешынықтыру жаттығуларын жасау барысынды әдеттегіден тыс жиі тыныс алуыңыздың себебі неде?
ҚЫШҚЫЛ ЖАУЫНДАР
Төмендегі берілген суретте Кариатидами деп аталатын, Афинадағы Акрополда 2500 жыл бұрын тұрғызылған мүсіндер келтірілген. Бұл мүсіндер мрамор деп аталатын тау жынысынан сымбатталған. Мрамор карбонат пен кальцийден тұрады
1980 жылы мүсіндердің түпнұсқасы Акропольдың музейіне ауыстырылып, ал оның орнына көшірмесі тұрғызылды. Мүсіндердің түпнұсқасын қышқыл жауындар жеп қойған.
Қышқыл жауындардың мраморға әсерін үлгілеп білу үшін, мраморды бір түнге сірке суына салып қойса болады. Сірке суы мен қышқыл жауынның қышқылдық деңгейі шамамен бірдей. Бір кесек мраморды сірке суына салғанда газдың көпіршіктері пайда болғанын бақылауға болады. Құрғақ мрамордың массасын тәжірибенің басы және аяғында өлшейді.
Сұрақ 20: ҚЫШҚЫЛ ЖАУЫНДАР
Осы тәжірибені өткізген оқушылар түнде бір кесек мраморды сірке суына, ал екіншісін жай (тазартылған) суға салды.
Оқушылар бұл сынауды өздерінің тәжірибесіне неліктен қосқанын түсіндіріп жазыңыз
АУЫЗ СУ
Жоғарыда көрсетілген суретте, қаладағы уйлерге берілетін судың ішуге қалай жарамды болатыны көрсетілген.
Сұрақ 21: АУЫЗ СУ
Ауыз суының жақсы қайнар көзінің болғаны маңызды. Жер астында болатын сулар жерасты сулары деп аталады.
Жер асты суларында, қайнар көздерден (өзен, көл) алынған суларға қарағанда бактериялар неліктен аз болатынына бір мысал келтіріңіз
Суды тазалау бірнеше кезеңнен және түрлі әдістермен жүреді. Суретте көрсетілген тазарту процесі 4 кезеңнен (1-4 дейін нөмірленген) тұрады. Екінші кезеңде су тұндырғыда жиналады.
Бұл кезеңде суды тазалау қалай жүргізіледі?
A) Суда болатын бактериялар өледі
B) Суға оттегі қосады.
C) Қиыршық тас пен құм судың түбінде тұнып қалады
D) Улы заттар еріп кетеді
Сұрақ 23: АУЫЗ СУ
Суды тазалаудың 4 ші кезеңінде хлор қосады. Не себепті суға хлор қосады?
Сұрақ 24: АУЫЗ СУ
Су тазалатын құрылыс қызметкерлері, су сапасын бақылауға жауаптылар, кезекті тазалау процесін жасап болғаннан кейін суда қауіпті бактериялар бар екенін анықтады деп болжайық.Адамдар өз үйлерінде бұл суды ішер алдында не істеу керек?
Сұрақ 25: АУЫЗ СУ
Лас суды қолдану келесі ауруларға әкеліп соғуы мүмкін бе? «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарын айналдыра сызыңыз
Лас суды қолдану келесі ауруларға әкеліп соғады ма?
|
Иә немесе Жоқ?
|
Диабет
|
Иә / Жоқ
|
Диарея
|
Иә / Жоқ
|
ВИЧ-инфекциясы немесеЖҚТБ
|
Иә / Жоқ
|
ОЗОН
6 Атмосфера- жер бетіндегі тіршілікті сақтайтын ауа мұхиты және баға жетпес табиғи қор. Өкінішке орай, адамзат, ұлттық және жеке мүддесіне негізделген, жалпы ресурстарға зиян келтіре отырып, жер бетіндегі қорғаушы перде ретіндегі озондық қабықшаны жұқартады.
5 Екі атомнан тұратын оттегі молекуласына қарағанда озон
молекуласы үш атомнан тұрады. Озон молекуласы сирек және өте аз болып келеді, әрбір миллионға он ауа молекуласы бар. Бірақ бір миллиард жылдардан бері жер бетіндегі тіршілікті сақтау үшін, озон молекуласының ауа райында бар болуы өте маңызды. Озонның қай жерде орналасқанына қарай, жер бетіндегі тіршілікті қорғауы немесе зиян келтіруі мүмкін.
10 Тропосферадағы озон (жер бетіннен 10 км жоғарда) - бұл
«жаман» озон, өсімдіктерге және өкпе жасушаларына зиян келтіреді. Бірақ стратосферадағы (жер бетіннен 10-40 км жоғарыда орналасқан) 90 пайыздан жоғары «жақсы» озон деп есептелінеді, өйткені ол күннің қауіпті ультракүлгін сәулесін жұтып, пайдалы жұмыс атқарады.
15Пайдалы озон кабатысыз адамдар күн көзінін ультракүлгін саулесінен түрлі ауру сырқаттарға бейім болушы еді. Соңғы он жылдың ішінде озонның саны азайды. 1974 жылда жасалғн болжам бойынша бұның себебі - фреон (CFCs). 1987 жылға дейін себеп-ізденістерге байланысты ғылыми зерттеулер озонды бұзатын фреон жайлы ешқандай дәлел бермеген.
20 Алайда, 1987 жылдың қыркүйек айында Монреал қаласында (Канада) әр түрлі қалалардың өкілдері арасында ресми кездесуі барысында, CFCs фреондардың қолданылуына қатал шектеулер енгізілді.
Сұрақ 26: ОЗОН
Жоғарыда келтірілген мәтінде озонның атмосферада қалыптасу туралы ештеңе айтылмаған. Шынында да, әр бір күнде атмосферада бірнеше озон пайда болады және бірнешесі жоғалады. Озонның қалай пайда болатын жолдарын күлдіргіш сурет түрінде төменде берілген.
Қарайық, сіздің ағаңыз мына қызық суреттерге қарай отырып түсінуге тырысады. Бірақ ол мектепте ешқандай жаратылыстану білім туралы оқымаған және бұл суретті түсінбейді. Ол атмосферада ешқандай кішкентай адамдардың жоқтығын біле отырып, мына суреттердегі кішкентай адамдар нені бейнелеп тұрғанын қызықтырады, O2 және O3не білдіріп тұрғаны және суреттегі қандай процесс келтірілгені. Сіздің ағаңыз біледі:
О - деген әріп оттегіекенін
Атом және молекула не екенін.
Суретте не көрсетіліп турғанын ағаңызға сипаттаңыз.
Өзіңіздің түсіндірмеңізде «атом» және «молекула» сөздерін 5-ші және 6-ші жолда жазылғандай қолданыңыз.
Сұрақ 27: ОЗОН
Озон найзағайдан дан пайдаболады. Олнайзағайдан кейін ерекшеиіс тудырады. Мәтіннің 9-ші - 14-ші жолдарында «жақсы» және «жаман» озоннның арасындағы айырмашылықты түсіндіреді.
Берілген мәтінде терминдерді қолдана отырып, сұраққа жауап беріңіз: Найзағай кезінде пайда болатын озон қандай болады, - «жақсы» немесе «жаман»?
Мәтінде растайтын жауаппен түсініктемені таңдаңыз:
|
Жаманнемес жақсы озон?
|
Түсініктеме
|
A
|
Жаман
|
Жаманауа райы кезінде пайдаболады
|
B
|
Жаман
|
Тропосферада пайдаболады
|
C
|
Жақсы
|
Стратосферада пайды болады
|
D
|
Жақсы
|
Жаксыиіс пайдаболады
|
Сұрақ 28: ОЗОН
15-ші-17-ші жолдарда былай айтылады: «Пайдалы озон қабатынсыз адамдар күн көзінің ультракүлгін сәулесінен түрлі ауру сырқаттарға бейім болушы еді».Түрлі ауру сырқаттардың ішінде бейімді біреуін атаңыз.
ЖҰЛДЫЗДАР ЖАРЫҒЫ
Шолпан жұлдыздарға қарағанды ұнатады. Бірақ қалада тұрғандықтан, ол түнде көп жұлдыздарды көре алмайды.
Алдыңғы жылы Шолпан ауылға барғанда, қалада көрінбеген көптеген жұлдыздарды көрді.
Сұрақ 29: ЖҰЛДЫЗДАР ЖАРЫҒЫ
Неліктен ауылды жерде қалаға қарағанда көбірек жұлдыздарды көруге болады?
A) Қалада ай жарығырақ, сондықтан ол көптеген жұлдыздардың жарығын жауып тастайды
B) Ауылды жерлерде қалаға қарағанда көбірек щаң-тозаң бөлшектері бар, сондықтан ол жарықты қамтып көрсетеді
C) Қала жарығының молдығынан көптеген жұлдыздарды көру қиынға соғады
D) Көлік және үйлерден жылу бөлінуіне себепті қаладағы ауа әлдеқайда жылылырақ
Сұрақ 30: ЖҰЛДЫЗДАР ЖАРЫҒЫ
Шолпан жарық емес жұлдыздарды бақылау үшін линзасы бар телескопты қолданады.
Неліктен линзасы бар телескоптар жарық емес жұлдыздарды бақылауға мүмкіндік береді?
A) Линза үлкенірек болған сайын, ол көбірек жарық жинайды
B) Линза үлкенірек болған сайын, ол улкенірек ұлғайтады
C) Үлкен линзалар молырақ аспан кеңістігін көруге мүмкіндік береді
D) Үлкен линзалар жұлдыздардағы күңгірт түстерін көруге мүмкіндік береді
Математика сауаттылығы бойынша тапсырма мысалдары
АЛМА АҒАШТАР
Фермер бау-бақшада, суретте көрсетілгендегідей, төртбұрыш формасында алма отырғызады. Алмаларды желден сақтау үшін шет-шетінен қылқан жапырақты ағаштар (хвойные деревья) отырғызады.
Бірнеше n мағыналары үшін төмендегі суретте отырғызылған алма ағаштары мен қылқан жапырақты ағаштардың сызбанұсқасы берілген, n - отырығызылған алма ағаштары қатарларының мөлшері. Бұл тізбекті n-ның кез-келген санына дейін жалғастыруға болады.
Сұрақ 1: АЛМА АҒАШТАР
Кестені толтырыңыз:
n
|
Алмаағаштарының саны
|
Қылқан жапырақты ағаштар саны
|
1
|
1
|
8
|
2
|
4
|
|
3
|
|
|
4
|
|
|
5
|
|
|
Сұрақ 2: АЛМА АҒАШТАР
Жоғарыда қарастырылған алма ағаштарының саны мен қылқан жапырақты ағаштар санының тізбегі төменде көрсетілген ретпен есептелінеді:
алма ағаштарының саны = n2,
қылқан жапырақты ағаштар саны = 8n,
n - алма ағаштары қатарының саны.
n-ның қай мәнінде алма ағаштарының саны шет-шетінен отырғызылған қылқан жапырақты ағаштардың санымен тең болады? Шешімін жазыңыз.
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Сұрақ 3: АЛМА АҒАШТАР
Фермер өз аумағындағы алма ағаштарының қатарын ақырындап көбейтуді ойластыруда деп болжайық. Осы кезекте отырғызылған қай ағаштың саны тезірек кобееді: алма ағаштардың ба әлде қылқан жапырақты ағаштардың ба?
Өз жауабыңыздың түсіндіріп жазыңыз.
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
ҚҰРЫЛЫҚ АУМАҒЫ
Төменде Антарктида картасы бейнеленген:
Сұрақ 4: ҚҰРЫЛЫҚ АУМАҒЫ
Картаның масштабын пайдалана отырып, Антарктиданың аумағын шамамен анықтаңыз.
Құрлықтың аумағын қандай тәсілмен анықтағаныңызды түсіндіріп, өз есептеуіңізді келтіріңіз.
(Жауабын беру мақсатында картаны пайдаласаңыз болады. Мысалы, картада сызбалар сызуға).
ЖАРЫС МАШИНАСЫНЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ
Төмендегі графикте, үш километрлік, өр және түсулерсіз, айналмалы тас жолда жарыс машинасының жылдамдығының қалай озгергені көрсетілген.
Сұрақ 5: ЖАРЫС МАШИНАСЫНЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ
Сөре сызығынан ең ұзын тура сызықтың басына дейінгі арақашықтық неге тең?
A) 0,5 км
B) 1,5 км
C) 2,3 км
D) 2,6 км
Сұрақ 6: ЖАРЫС МАШИНАСЫНЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ
Екінші айналымда тас жолдың қай жерінде машинаның жылдамдығы ең аз болды?
A) Сөре сызығында
B) Шамамен 0,8 км белгісінде
C) Шамамен 1,3 км белгісінде
D) Шамамен тас жолдың ортасында
Сұрақ 7: ЖАРЫС МАШИНАСЫНЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ
2,6 км және 2,8 км белгілері қойылған тас жолдағы машинаның жылдамдығы туралы не айтуға болады?
A) Машинаның жылдамдығы бір қалыпта қалды
B) Машинаның жылдамдығы үлкейді
C) Машинаның жылдамдығы азайды
D) Берілген кестеден машинаның жылдамдығын анықтау мүмкін емес
Сұрақ 8: ЖАРЫС МАШИНАСЫНЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ
Төменде 5 түрлі пішінде келтірілген жарыс тас жолдары көрсетілген:
Жоғарыда келтірілген кестедегі жылдамдықты көре отырып, жарыс машинасы мына тас жолдың қайсысымен жүрді?
Сұрақ 9: ҮШБҰРЫШТАР
Төменде сипаттамасы келтірілген фигураны айналдыра сызыңыз.
PQR тікбұрышты үшбұрыш, онда берілген R - тік бұрыш. RQ қабырғасы PR қабырғасынан қысқа. M - PQ қабырғасының ортасы және N - QR қабырғасының ортасы. S берілген үшбұрыштың ортасындағы нүкте. MN кескіні MS кескініне қарағанда ұзынырақ.
ТҰРҒЫН ҮЙ
Суретте шатыры пирамида пішіндес тұрғын үй бейнеленген. Төменде оқушылар жасаған тұрғын үй шатырының моделі және кейбір кескіндердің ұзындығы көрсетілген.
Бұл модельде шатырдың етегі - ABCDквадрат. Шатыр сүйенетін тіреуіштер, EFGHKLMNтікбұрышты параллелепипедтің пішіні бар бетон блогының қабырғалары болып табылады. E - AT қабырғасының орта қыры, F-BT қабырғасының ортасы, G - CT қабырғасының ортасы, H - DT қабырғасының ортасы. Пирамданың барлық қырлары 12 м тең.
Сұрақ 10: ТҰРҒЫН ҮЙ
ABCD квадратының шатыр етегінің ауданын табыңыздар. ABCD квадратының шатыр етегінің ауданы =2.
Сұрақ 11: ТҰРҒЫН ҮЙ
EF-кескінінің ұзындығын бетон блогының көлденең жағынан табыңдар.
EF-кескінінің ұзындығы = м.
Достарыңызбен бөлісу: |