Сұрақ 12. Зат алмасу Энергия сыйымды, яғни жұмыс істеуіне көп энергия жұмсалатын
органдарға жүрек пен бүйрек жатады. Сонымен бірге бұл органдардың салмағы
онша үлкен емес.
А. Энергияны көп жұмсайтын органдардың тізімін жазыңыздар.
В. Энергия жұмсамайтын орган деп санауға болатын органдарды
көрсетіңіздер.
Нелік:А) Жүйке жүйесі,жүрек,тынысалу бұлшық еттері,бүйрек.Себебі:бұл мүшелер үздікссіз белсенді жұмыс істейді.Негізгі күш осы аталған мүшелердің өзіне түседі. В:сезім мүшелері,қаңқа,ас қорыту мүшелері .Себебі:бұл мүшелер басқа мүшелермен өзара байланыста бірлесе отырып жұмыс жасайды.яғни күш жеке өзіне түспейді.Белсенді емес,сондықтан энергия көп шығындамайды.
5-тапсырма. Назгүл алма және лимон шырынымен эксперимент жасамақ болды. Ол алманы екіге бөліп, кесілген жағымен жайпақ ыдысқа салды. Алманың бір бөлігіне лимон шырынын сығып тамызды. Біраз уақыттан кейін лимон шырынымен «қорғалған» бөлігінің ақ қалпында қалғанын, ал алманың «таза» бөлігі қарайғанын байқады.
Сұрақ 13 Алманың «таза» бөлігі неліктен қарайды?
Алманың құрамында темір бар,ол ауамен әрекеттесіп тотығадыда қарая бастайды,ал лимон алмадағы темірді жояды сондықтан ол бөлігі қараймайды.
6-тапсырма. Оқушылар тауықтың жұмыртқасымен келесі тәжірибелерді жасап, қорытындыжазды.
Тауықтың шикі жұмыртқасын суы бар жарты литрлік шыны ыдысқа салды. Жұмыртқа шыны ыдыстың түбіне түсті. Жұмыртқаны алып шығып, сол суға 2 ас қасық тұз салып жақсылап араластырды және жұмыртқаны тұз араласқан суға қайтадан салды. Жұмыртқа батпайды, судың бетінде қалықтап жүреді.
Сұрақ 14 Себебін түсіндіріңіздер.
Таза суға қарағанда тұз салынған судың тығыздығы көп.Денелердің жүзу шартына байланысты сұйық тығыздығы,дене тығыздығынан көп болса,онда дене сұйық бетіне көтеріледі.
7-тапсырма. Бөтелке ішіндегі жұмыртқа Бұл көпшілікке жақсы белгілі, классикалық тәжірибе. Бұл тәжірибенің жасалып жүргеніне жүз жылдан астам уақыт өтсе де, әлі күнге дейін өзінің құндылығын жоймаған.
Тәжірибені өткізу жолы:
-кең ауызды бөтелкенің аузына сұйық майжағамыз;
-қағазды жағып, бөтелкенің ішіне жылдам саламыз (бұл әрекетті жасау барысында саусақтарыңызды күйдіріп алмас үшін, абайлауқажет);
-қабығынан аршылған тауықтың піскен жұмыртқасын бөтелкенің аузына -қоямыз (жұмыртқа бөтелкенің аузынан әлдеқайда үлкен болуытиіс);
-жанып жатқан қағаз бір секундтан кейін сөніп қалады, ал жұмыртқа белгісізғажайып тәсілмен бөтелкенің ішінетүседі.
Сұрақ 15 .Тәжірибенің нәтижесін түсіндіріңіздер.
Қағаз жанған кезде бөтелке ішіндегі ауа қызып көлемін ұлғайтып сыртқа шығады да,ауа азаяды,қысым азаяды.Жұмыртқаны бөтелкенің ауызына қойған кезде жұмыртқа ішіне сорылады.себебі бөтелкенің ішіндегі ауа қысымы ,сыртындағы атмосфералық қысымнан аз.Сыртқы қысым жұмыртқаны бөтелкенің ішіне түсуге мәжбүр етеді