Пиза тапсырмасы бойынша мәтіндер Мәтін -1 Абайдың сыны Әңгімені оқыңыз. Түсініңіз



бет15/16
Дата07.03.2022
өлшемі43,21 Kb.
#134428
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
PIZA ОКУ САУАТТЫЛЫГЫ мәтіндер (4) (2)

Мәтін-15


Мәтінді оқыңыз

Бала өміріндегі қуанышты әрі атаулы күндерінің бірі – ашамайлы тайға міну. Әрине, қазақ баласы үшін атқа міну таңсық емес. Қыз болсын, ұл болсын, 2-3 жасынан бастап-ақ атқа мінген әке-шешесінің алдында отыратын болған. Қазақтың кез келген баласы кішкентайынан атқа үйірсек болып өседі. Жылап жатқан балаға «атқа мінгізем» дегенде, жылауын қоятыны да біраз жайды аңғартпай ма?!


Баланың өзіне арналған бәсіреге ата-анасы арнайы ашамай жасатады. Ашамай дегеніміз – балаға арналған айшықты ер. Баланың аяғы қысқа болғандықтан, ашамайға үзеңгі салынбайды. Жабағы жүннен жасалатын терлікті де, оның үстінен салынатын тоқымды да көз тартатындай әдемілеп, жиектерін шашақтап, кестелеп, сәнді етіп жасайтын болған. Ашамайдың үстіндегі ат көрпе де балаға лайықталып тігілген. Осының үстінен тепкішек салынады. Тепкішекті «аяққап» деп те атайды, ол киізден жасалады. Сыртынан шұға сияқты матамен қаптап, ою-өрнек салады. Тепкішек қоржынға ұқсайды, бала атқа мінген кезде екі аяғын тепкішекке салады.
Ашамайлы тайға мінетін күні баланы әдемілеп киіндіреді. Шашу шашылып, тілек айтылады. Жақсы тілек естіп, бата алып өскен бала жақсылыққа құмар болады, естігенін ұмытпайды. Баланы үлкен аталарының бірі колтығынан көтеріп, тайына мінгізеді. Тайына мінген бала ағайын-туғанына барып, ауыл аралайды. Олар баланың тайы мен ашамайына көрімдік береді. Бұл жолы балаға міндетті түрде ерге қажет ат әбзелдерін тарту етеді, қамшы сыйланады. Бұл да қазақтың өзінің салты. Көшпенді халық болғандықтан, әркімнің өзінің жеке ер-тұрманы болған. Өйткені аттың табылуы оңай болғанымен, ер табу қиын. Сол себепті де тайына мініп келген балага барынша тек ер-тұрман жабдықтарын сыйлаған.Сол себепті де әр азамат алдымен ер-тұрманын сайлаған, Үлкендер жағы «міне, сен ат жалын тартып мінер жігіт болдың» деп, бұдан кейін өзінің жеке тайы бар екенін балаға ұғындырып өсірген. Ашамайға мінудің ерекшелігі – ендігі жерде баланың өзінің ер-тұрманы, өзінің тайы болғандығында. Көшіп-қонған кезде де бұрынғыдай ата-анасының алдында отырмайды, яғни енді бәсіресі, өзінің жекеменшік тайы бар.
Ашамайға мінгізу – баланы еңбекке баулудың алғашқы баспалдағы деуге болады, өйткені кез келген бала өзінің бәсіре тайын өзі бағып-қағады. Оны уақытымен жемдеп, суарып, жал-құйрығын, үстін тарап, күтімге алады. Бала сол тайдың иесі өзі екенін сезініп өседі. Ендігі жерде тайдың күтіміне өзі жауап береді. Сонымен қатар ол бір ғана бәсіре тайды бағып-қағудың айналасында қаншама жаңа сөздерді үйренеді. Бұрын сөздік қорында болмаған жылқыға қатысты қаншама сөз баланың санасына сіңеді. Айталық, терлік, тоқым, үзеңгі, айыл, ер-тоқым, жүген, ауыздық, шідер, құрық, т.б. Ол бұл атауларды үйреніп қана қоймайды, қалай қолданылуын да меңгереді.
Бірте-бірте бала тайына мініп, өз үйінің қозы-лағын қарап, өз шаруасына араласа бастайды. Сол себепті де қазактың баласы кішкентайынан мал танып оседі. Ол жауапкершілікке осы бастан үйренеді. Ерте есейеді, ақылы толысады, ой-санасы өседі, салмақты, байсалды мінез қалыптасады. Кішкентай қазақты жауынгер, шабандоз әрі ер-азамат етіп тәрбиелеудің басы – осы ашамайлы тайға мінгізуден басталады. Лезде көшуге, ашамайын ерттей салуға қазақ баласы кез келген уақытта дайын болған.
1. Көшпелі халықта не табу қиынға соққан?
А) Ат
В) Ер
С)Үзеңгі
Д) Қамшы
Е) Жүген
2 . Көлік мінген бозбала мен ат құлағында ойнап өскен бозбаланың таным-түсінігінде айырмашылық болуы мүмкін бе?

ИӘ

ЖОҚ







3 . Мәтін мазмұнына сәйкес қазақ ұғымында ұят саналған нәрсені жаз:


----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет