Пк-301 тобының Студентің тегі, аты-жөні



бет3/7
Дата10.11.2022
өлшемі27,75 Kb.
#157454
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мадияр.docx

1.2. Келісім шарт түрлері
Шарт жасасу екі кезеңнен тұрады: шарт жасасуға ұсыныс және ол үсынысты басқа тараптың қабыл алуы. Ұсыныс жасаған тұлға оферент деп, ал ұсынысты қабыл алған тарап акцептант деп аталады. Жария офертаны өзінің қызметінің сипаты жағынан мүмкіндігінше көп адамға ұсыныс жасауға міндетті адамдар мен ұйымдар жасайды. Мысалы, витринаға немесе сатып алушылар өзіне өзі қызмет көрсететін залға бағасы көрсетілген тауарлар қойып қойған дүкен оферент болып саналады. Азаматтық кодексіның 395-бабына сәйкес офертадабіршама нышандар болуға тиіс. Біріншіден, ол анық және тұлғаның шарт жасасуға аса ниеттілігін білдіруге, екіншіден, мүмкіндігінше толық, яғни шарттың елеулі ережелерінің барлығын қамтуға, үшіншіден, белгілі бір тұлғаның атына бағытталған болуы тиіс. Егер ұсыныс жалпыламай жасалса (мысалы, азамат «Караванда» пианиносын сатамын деп хабарландыру береді), ол оферта емес, тек оферта жасауға шақыру. Сондықтан, мұндай хабарландыру, оны жасаған адамға шарт жасасу міндетін жүктемейді. Бұл ретте сол хабарландыруға үн қатқан адамдардың ұсынысы оферта болады. Ал, түскен ұсынысты қабылдау-қабылдамау сатушының өзіне байланысты. Шарт жасасу қандай да бір тараптың міндеті емес, офертаны олардың кез келгені жібере алады. Азаматтық кодексіның 395-бабы «оференттің байланыстылығы» ұғымын енгізді. Бұл шарт әлі болмаса да, белгілі бір міндеттемелердің туындағанын білдіреді. Шарт жасасу процедурасы екінші тараптың ұсынысты оферент белгілеген ережелер бойынша ғана қабылдауын көздейді. Егер ол ережелерді акцептант қабылдамайтын болса шарт жасалмаған болып табылады, барлық процедура қайта басталады. Ол адресат офертаны алған кезден акцеп немесе акцеп үшін белгіленген мерзім өткен кезге дейін туындайды. Оферент байланыстылығы ұғымынан «офертаның кайтарып алынбайтындығы» ұғымы туындайды. Оферент офертамен байланыста болатын мерзім өткенше ол офертаны қайтарып ала алмайды және оның ережелерін өзгерте алмайды. Бұл ережені бұзу екінші тараптың офертаны қайтарып алудан көрген шығынын өтеу міндетінің туындауына әкеп соғады. Сонымен қатар, офертаның қайтарып алынбайтындығы туралы ереже диспозитивтік болып табылады. Жазбаша офертада акцепт үшін мерзім көрсетілмесе шарт жасалған болып саналады, егер акцепті оферта жолдаған адам заңнамада белгіленген мерзім аяқталғанша, егер ондай мерзім белгіленбеген болса - ол үшін жеткілікті уақыт ішінде алған болса. Ал оферта акцепт үшін мерзім көрсетілмей ауызша жасалса, басқа тарап өзінің акцепті жайында тез мәлімдеген жағдайда шарт жасалған болып саналады. Егер ондай мүмкіндік офертаның өзінде айтылса не ұсыныстың мәнінен немесе ол жасалған жағдайдан ондай мүмкіндік туындаса офертаны қайтарып алуға болады 395-батың 3-тармағы. Азаматтық кодексінің 395-бабының 4-тармағында оферта емес, тек офертаға шақыру болып табылатын жарнама мен жария оферта арасындағы айырмашылық көрсетілген. Жалпыламай жасалған ұсыныс пен барлығына және әркімге арнап жасалған ұсынысты айыра білу керек. Шарт жасасу екі кезеңнен тұрады: шарт жасасуға ұсыныс және ол үсынысты басқа тараптың қабыл алуы. Ұсыныс жасаған тұлға оферент деп, ал ұсынысты қабыл алған тарап акцептант деп аталады.
АК-ның 395-бабына сәйкес офертадабіршама нышандар болуға тиіс. Біріншіден, ол анық және тұлғаның шарт жасасуға аса ниеттілігін білдіруге, екіншіден, мүмкіндігінше толық, яғни шарттың елеулі ережелерінің барлығын қамтуға, үшіншіден, белгілі бір тұлғаның атына бағытталған болуы тиіс. Сондықтан, мұндай хабарландыру, оны жасаған адамға шарт жасасу міндетін жүктемейді. Бұл ретте сол хабарландыруға үн қатқан адамдардың ұсынысы оферта болады. Ал, түскен ұсынысты қабылдау-қабылдамау сатушының өзіне байланысты. Шарттан тараптың бір жақты бас тартуға құқығы азаматтық құқық кодексінің шарттардың кейбір түрлеріне арналған бірқатар баптарында көзделген. Бұл, көбіне, орындалуы борышкердің немесе несие берушінің жеке басымен тығыз байланысты шарттар тапсырма шарты, ақылы қызмет көрсету, банк есепшоты және банк салымы, жолаушылар тасымалдау шарттары. Шартты орындаудан бір жақты бас тартуға,егер ол азаматтық кодексінде, заң актілерінде немесе шартта тікелей көзделгенде ғана, жол беріледі. Бұл ереже 273-баптың заңнамада немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға жол бермейтіндігі туралы нормаларына негізделген. 273 және 404 баптардың редакцияларындағы алшақтықтарды атай кеткен жөн: 273-бапта заңнама жайында, ал 404-бапта заң актілері жайында айтылған. Бұл ретте «заңнама» терминін қолданған дұрыс болар, себебі мұндай жағдайлар тек заңдармен ғана емес, Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтарымен де, Үкіметтің қаулыларымен де белгіленуі мүмкін. 404-баптың 2-тармағында шартты орындаудан біржақты бас тартуға жол берілетін мынадай жағдайлар белгіленген: шартқа негізделген міндеттемені орындау мүмкін болмаса белгіленген тәртіпте екінші тарап банкрот деп танылса; шарт жасалғанда негізге алынған мемлекеттік орган актісі өзгерсе немесе күшін жойса.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет