Пк-301 тобының Студентің тегі, аты-жөні


ІІ бөлім. Шарттық құқықтар мен өзгерістер



бет5/7
Дата10.11.2022
өлшемі27,75 Kb.
#157454
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мадияр.docx

ІІ бөлім. Шарттық құқықтар мен өзгерістер
2.1. Шартты өзгерту
Шарттардың кейбір түрлері үшін заңнамада, кейбір жағдайларда - тараптардың келісімімен өзге мерзімдер белгіленуі мүмкін. Сонымен қатар, офертаның қайтарып алынбайтындығы туралы ереже диспозитивтік болып табылады. Егер ондай мүмкіндік офертаның өзінде айтылса не ұсыныстың мәнінен немесе ол жасалған жағдайдан ондай мүмкіндік туындаса офертаны қайтарып алуға болады. Азаматтық құқық кодексының 395-бабының 4-тармағында оферта емес, тек офертаға шақыру болып табылатын жарнама мен жария оферта арасындағы айырмашылық көрсетілген. Жалпыламай жасалған ұсыныс пен барлығына және әркімге арнап жасалған ұсынысты айыра білу керек. Шарт жасасатын жер.Егер шартта оны жасасатын жер көрсетілмесе, шарт азаматтың тұрғылықты жерінде немесе оферта жіберген заңды тұлғаның орналасқан жерінде жасалған болып танылы. Шарт жасасқан жерді анықтаудың сыртқы экономикалық шарттр жасасқанда маңызы зор. Тауар жаймада жоқ болса, сатушы оны витринадан алып сатуға міндетті. Ұсынысты жария оферта деп тану үшін мынадай белгілер болуға тиіс:

  • Тұлғаның шарттық қатынастарға баруға ерікті екендігі сезілуі тиіс;

  • Шарттың барлық елеулі ережелерін қамтуы тиіс:

  • Тұлғаның шарттық қатынастарға еркімен баруы бұл ұсынысқа үн қатқандардың барлығына қатысты болады.

Шарт ережелерінен бас тарту немесе өз ережелерін ұсыну, ережелерді өзгерту немесе оларға толықтыру енгізу, келісімнің анықталмағандығы акцепт болып табылмайды, одан шарт тумайды және ол не шарт жасасудан бас тарту немесе жаңа оферта ұсынғаңдық болады. Бұрынғы заңнамада үндемейтін акцепт арқылы шарт жасасуға жол берілген еді, яғни, егер белгілі бір мерзім өткенше басқа тарап шарт жасасудан бас тартатынын хабарламаса, шарт жасалды деп саналатын. 396-баптың 2-тармағы кері жүреді: үндемей қою акцепт емес. Бірақ бұл норма диспозитивтік болып табылады. Мысалы, банктердің корреспонденттік есепшоттары бойынша есеп-қисап операцияларын электрондық хабарламалар түрінде жүргізуді белгілейтін банкаралық келісімдерде егер ондай хабарлама келіп түскеннен кейін белгілі бір мерзім өткенше корреспондент ол хабарламаға келіспейтінін білдірмесе, ұсыныс қабылданған болып саналады. мүлікті сақтандыру шартын жасауға міндетті болған кезде, ол сақтандыру шарты жасалатын сақтандырушыны таңдау еркіндігін сақтайды. Келісім-шарттың көмегімен азаматтар мен заңды тұлғалар олардың кәсіпкерлік қызметі барлық қажетті материалдық алғышарттармен қамтамасыз етілетініне, ал кәсіпкерлік қызмет нәтижелері тұтынушылар тарапынан мойындалып, жүзеге асырылатынына сенімді. Шартты бұзудың және өзгертудің салдарларыәртүрлі: егер шарт бұзылғанда тараптардың міндеттемелері тоқтаса, ал шарт өзгергенде олар өзгерген түрде сақталады. Шарт жасау ұсынысы сол жерде бар контрагентке тез жауап беруге болатын жағдайлар. Ол жерде жоқ контрагенткежауап алу үшін қалайда уақыт қажет болатын жағдайда жасалады. Мерзімі көрсетілген ұсыныс ауызша да, жазбаша да жасалуы мүмкін. Жауап күтетін мерзімін ұсынушының өзі анықтағандықтан, ол сол мерзіммен байланып қалады, және өз ұсынысынан бас тарта немесе оның мазмұнын өзгерте алмайды. Мерзім өткенге дейін ұсынысынан бас тартса оферентке екінші тарапқа келген шығынды өтеу түрінде теріс салдар келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет