Психологиялық қызметтің мақсаты: Білім беру процесіне қатысушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуы мен әл-ауқатына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру; тез дамып келе жатқан ақпараттық қоғамда білім алушылардың қалыпты әлеуметтенуіне көмек көрсету; психологиялық қызмет негізінде әр білім алушыға жеке-дара қолдау көрсету.
1 орта мектебінің психологиялық қызметінің 2021-2022 оқу жылындағы талдау негізінде 2022-2023 төмендегідей міндеттерді анықталды:
Міндеттері:
1.Баланың тұлғасының дамып, қалыптасуына ықпал ету, жанын жаралаушы факторларды, әлеуметтік ортаның жағымсыз ықпалдарын анықтау және зерттеу.
2. Оқу және дамуында қиындық сезінетін білім алушыларға психологиялық-педагогикалық көмек ұйымдастыру.
3. Жүргізілген диагностиканың қорытындысы бойынша, білім алушының даму деңгейіне байланысты, түзету-дамыту жұмыстарын жалғастыру.
4. Балалар ұжымында қабылдау, адамгершілік, мейірімділік, ашықтық және өзара түсінушілік, психологиялық қауіпсіздік, сенімділік, қарым – қатынас және дүниені танып білуде қуаныштылық ауа – райын ұйымдастыру.
5. Психология қызметіндегі әдістемелік психологиялық-педагогикалық іс-әрекетін жетілдіру
а) .білім алушылардың танымдық қабілеттерін дамыту тапсырмаларын өңдеу;
б). психолог бұрышы мен сенім телефонын безендіру
6. Мазасыздану деңгейі жоғары білім алушылардың деңгейін жақсартуға жағдай жасау,
7. Психологиялық-педагогикалық құзіреттілігін көтеру мақсатында педагогтардың диагностикалық дағдысын жетілдіру жұмыстарын жалғастыру;
8. №1 орта мектеп білім алушыларына, педагогтарына, ата – аналарына психологиялық қолдау жұмыстарын жалғастыру;
9. Жеке топтарда ата – аналар мен педагогтарға ұсыныстар жасау. (Келесі топтарда: тәуекел психологиялық дезадаптация бар топтар; жүйкелік ауытқулары бар және мінез акцентуациясына сәйкес топтар.)
Достарыңызбен бөлісу: |