Планирование необходимо для того, чтобы


Қаржы менеджментінің функциялары



бет4/4
Дата14.12.2021
өлшемі114,32 Kb.
#100551
1   2   3   4
Байланысты:
TEMA 1 FM kaz раздаток

Қаржы менеджментінің функциялары

1. Активтерді басқару.

2. Капиталды басқару.

3. Инвестицияларды басқару.

4. Ақша ағымдарын басқару.

5. Қаржылық тәуекелдерді басқару және банкроттықтан сақтап қалу.

Қаржы менеджментінің негiзгi тұжырымдамалары

1. Ақша ағымының тұжырымдамасы;

2. Ақшаның уақытша құны;

3. Тәуекел мен табыстылық арасындағы ымыра;

4. Операциялық және қаржылық тәуекелдер;

5. Капиталдың құны;

6. Капитал нарығының тиiмдiлiгі;

7. Ақпараттың асимметриялығы;

8. Агенттiк қатынастар;

9. Баламалы шығындар;

10. ШЖС қызмет етуінің уақытша шектеусіздігі.

1. Ақша ағымының тұжырымдамасы

Ақшалай ағынның теңестiрiлуін, оның ұзақтығын және түрін; ақшалай ағынның элементтерiнiң шамасын анықтайтын факторларды бағалауды; ағынның әр түрлi уақыттағы шығарылатын элементтерiн салыстыруға мүмкiндiк беретiн дисконттау коэффициентiн таңдауды; ағынмен және оны есепке алу әдiсіне қатысты тәуекелдi бағалауды жорамалдайды.

2. Ақшаның уақытша құны тұжырымдамасы

  • Пайда нормасын есепке алумен қаржы нарығында уақыт өткенде ақша құны өзгереді, әдетте ол несиелiк пайыз нормасы ретiнде болады. Сөйтіп келгенде, әртүрлi уақыт аралықтарында бірдей ақша сомаларының әртүрлi құны болады. Оған қарамастан қазiргі ақша құны кез келген келешек мерзiмге қарағанда әрдайым жоғары. Бұл баға теңсіздігі үш негiзгi факторлардың әсерiмен анықталады: инфляциямен, капиталды салған кезде табыс алмау тәуекелi және айналым активтерінің бір түрі ретінде қаралатын ақшаның ерекшелiгi.

3. Тәуекел мен табыстылық арасындағы тұжырымдамасы

бизнестегi кез келген табысты алу кезінде жиiрек тәуекелмен кездесетінінде, және де бұл өзара байланысты мiнездемелердiң арасындағы байланыс тура пропорционал: тиiстi, талап етілетін немесе күтiлетiн табыстылық (яғни салынған капиталға қайтарым) жоғары болған сайын, тәуекел дәрежесi де жоғары және бұл табыстылықтың алынбауымен сабақтас болуы мүмкiн.

4. Операциялық және қаржылық тәуекелдер тұжырымдамасы

  • Операциялық тәуекел кең және тар мағыналарда ұғылады. Кең мағынада кәсiпкерлiктiң салалық ерекшелiктерi, активтердiң алдын ала құрылымдары туралы айтылады. Тар мағынада шығын құрылымымен байланысты, техникалық деңгейдiң жоғарылатуы ұғылады.
  • Қаржылық тәуекел капитал құрылымымен байланысты.

5. Капиталдың құны тұжырымдамасы

әрбiр қаржыландыру көздеріне қызмет көрсету фирма үшiн бірдей болмайды, демек, капитал бағасы шығынға батпауға мүмкiндiк беретiн әрбiр көздiң шығындарын жабу бойынша ең төмен табыс деңгейiн көрсетедi. Капитал құнының сандық бағасы инвестициялық жобаларды талдауда және кәсіпорын қызметiн қаржыландыруының балама нұсқаларының таңдауда басты мағынасы болады.


3. Қаржы менеджментiнің негiзгi тұжырымдамалары және көрсеткiштерi.

Үй жұмысы:

«Қаржы Менежментінің негізгі тұжырымдамалары» тақырыбына эссе



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет