Пластидтер түзуші ұлпалар



бет6/7
Дата24.03.2022
өлшемі1,07 Mb.
#136597
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ботан лаб2с (5)
сабыржанова айзада ядро теор кіріспе, 628551.pptx, лекция Қаз қаз зам тарихы.2, Қазақстанның қазіргі заман тарихы емтихан тест 2, эссе, Ботаника тест сұрақтары (1), №3 лекция, Несіпбек Айтов — Уикипедия, Сөзжасам, м-гия оқытусиллабус, Тренингті ұйымдастыру принциптері, Жердің дамуына космостық процестердің әсері.Балауса

 Лабораторияда өсімдік сабағының бой конусын зерттеу үшін сужапырақ (Elodea canadensis) өсімдігін аламыз. Сужапырақ - су өсімдігі. Жыл бойы бөлме жағдайында аквариумдарда өсіріледі. Өсіп тұрған сужапырақ өсімдігі өркеннің бой конусынан уақытша препарат жасалады. Сужапырақ өркенінің ұшынан 5-6 мм-ден асырмай кесіп алып, оны таза зат әйнегінің үстіндегі бір тамшы суға салып, әйнекті микроскоптың үстелшесіне ыңғайлап орнатып, клеммамен қысып қояды. Одан соң сол қолға ине, оң қолға үшкір пинцет алады.


Инемен сужапырақтың бір шетінен басып тұрып, екінші жағынан пинцетпен жапырақтарды біртіндеп жұлады. Жапырақтары жұлынған сужапырақтың бой конусын су мен шайып, үстін жабық әйнекте ұстап, микроскоптың әуелі кіші объективімен, сонан кейін үлкен объективімен қарайды. Егер сужапырақ жөнді көрінбесе, оны хлоралгидрат ерітіндісіне немесе щавель суының тамшысына салу керек. Сол кезде күңгірттеніп тұрған бөліктері еріп кетеді. Бұдан соң әлгі реактивті жабық шынының бір шетінен сорғызып алып, оның орнына су жіберіп, қайта қараған кезде жақсы көрінеді.
Элодея өсімдігінің бой конусы. А - ұзындығы бойынша кесіндісі; Б -бой конусы (сыртқы бейнесі және кесіндісі); В - алғашқы меристеманың жасушасы; Г - қалыптасқан жапырақтың жасушасы: 1 - бой конусы, 2 –алғашқы жапырақ; 3 — жаңадан пайда болып келе жатқан жас бүршік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет