Тұқымды өсімдіктердің ұрық тамыршасының меристемалық клеткалары өсу барысында әр түрлі ұлпаларға жіктеледі. Тамырдың бой конусы меристемалық құрылысын сақтап, тамырдың оң геотропизм бағытында тереңдеп өсуін қамтамасыз етеді. өсу барысында тамыр топырақтың қатты бөлшектерімен жанасады. Тамырдың бой конусын механикалық зақымданудан сақтайтын ерекше паренхимиялық ұлпа клеткаларынан тұратын тамыр оймақшасы жауып тұрады. Тамыр оймақшасы борпылдақ орналасқан тірі паренхимиялық клеткалардан тұрады.
Қорытынды бөлім
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің фотосинтез үрдісі хлоропластарында жүреді. Хлоропластар тек қана жарық бар жерде жетіледі. Хлоропласттарда хлорофилл және каротиноид пигменттері кездеседі.
Крахмалдың маңызды қасиеті – қышқыл әсерінен гидролизденуі.
Түзуші ұлпаның атқаратын қызметі жасушалары жас, ұдайы бөлінетіндіктен өсімдік өседі, жапырақтары, бүршіктері, гүлшанақтары ашылады. Тұқымнан жас өскін өсіп шығады. Сабағы мен тамыры ұзарып өседі. Ағаш діңі жуандайды. Басқа ұлпалар осы ұлпадан түзіледі.