Пленарлық баяндамалар



Pdf көрінісі
бет56/433
Дата16.05.2024
өлшемі9,68 Mb.
#202366
түріСборник
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   433
Байланысты:
Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)

[
5
]
.
«Икемді дағдылар» зерттеулерде «XXI ғасырдың дағдылары» атауымен белгілі 
дағдылар топтамасының құраушы элементі ретінде қарастырылады. «Икемді дағдылар (
soft 
skills)» тұжырымдамасы соңғы 20 жылда экономика мен қоғамдағы еңбек нарығының түрлі 
аймақтарының ажырамас құраушы бөлігіне айналды. Дегенмен, ғылыми зерттеулерде 
икемді дағдылар зерттеушілердің контекстік зерттеу тәсілдеріне орай «жұмысқа тұру 
дағдылары (employability skills)», «адамдармен қарым
-
қатынас дағдысы (people skills)», 
«кәсіби емес дағдылар (non
-
professional skills)», «негізгі дағдылар (key skills)», «өмірлік 
дағдылар (life skills)» баламалары мағынасында зерттелуде.
Болашақ техника саласы мамандарының икемді дағдыларын дамыту олардың кәсіби 
бәсекеге қабілеттілігін қамсыздандыруға бағдарланған іс
-
шаралардың маңызды болады. 
Осы орайда, болашақ техника саласы мамандарында тиімді бизнес идеяларды 
қалыптастыру, іс
-
әрекетті жоспарлаудың ұйымдастырушылық, ғылыми
-
әдістемелік 
негіздері туралы білім кешенін қалыптастыру арқылы заманауи технологияларды аясында 
Startup жоба құру, өнімдерді әзірлеу, бизнес
-
модель құру мен технологиялық кәсіпкерлікті 
іске асыруға қажетті икемді дағдыларды дамытуға бағытталған «Болашақ ақпараттық
-
коммуникациялық технологиялар мамандарының икемді дағдыларын дамытудың 
әдістемелік жүйесін әзірлеу» атты ғылыми жоба бойынша зерттеу жұмыстарын іске асыру 
маңызды. 
Бұл жоба цифрлық индустриясын құруға бағдарланған адами капиталды дамыту 
деңгейін көтеру, инновациялық даму алаңдарын қолдану қажеттілігімен және жоғары 
тиімді, табысты Startup
-
жобаны іске асыруға талпынушы ақпараттық коммуникациялық 
технологиялар саласында білім алушы жастар санының өсуімен өзектіленетін келесі 
проблемаларды шешуге бағдарланған: 
1. Болашақ техника саласы мамандарының икемді дағдыларының мәні мен 
ерекшеліктері туралы шетелдік және отандық тәжірибелерді жүйелі зерттеу мен оны 
болашақ ақпараттық
-
коммуникациялық технологиялар саласы мамандарында дамытудың 
құрылымдық
-
мазмұндық моделін құру қажеттілігі; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет